Семинар 15 сағ. ОжсөЖ 30 сағ. СӨЖ 30 сағ Барлығы 90 сағ. Орал, 2010 «Әлем әдебиетінің тарихы» пәні бойынша


Р1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші, Р2



бет8/8
Дата31.01.2018
өлшемі1,51 Mb.
#36565
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Р1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрсеткіші,

Р2 – 2-ші рейтингбағасының пайыздық көрсеткіші,

Э – емтихан бағасының пайыздық көрсеткіші (тест-емтихан)

Семестр барысында екі аралық бақылау 7-нші және 15-інші аптада өткізіледі.

Аралық бақылау бойынша студенттің ең үлкен үлгерім көрсеткіші 100% құрайды. Семестр соңында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіш - 100%).

Емтихан бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулардың ең үлкен көрсеткіші (max 60%) мен емтихан (max 40%) көрсеткішінің қосындысынан құралады, яғни 100 % құрайды.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).


«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттердің білімін бағалау межелері

Дәстүрлі баға

Әріптік жүйе

Сандық эквивалент

Пайыздық мәні (100 баллдық)

Қойылатын талаптар

Өте жақсы



А

4

95-100

  • Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық, жоғары білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата білу, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыру;

  • Тіл ғылымындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;

  • Ғылыми термин сөздерді нақты қолдану, стилистикалық сауатты, логикалық дұрыс, дәл жауап беру;

  • Анықтама, ұғымдарды түсініп, теориялық мәселелерді мысалдармен дәлелдей білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;  

  • Тілдік нормаларды сақтап, сенімді, қатесіз жауап беру, жауап беру барысында қосымша материалдарды орынды қолдана білу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы өте жоғары деңгейде орындау;

  • Іс қағаздары үлгілерін сауатты түрде толтыра білу.

А-

3,67

90-94

  • Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша жүйелі, толық білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды өз деңгейінде игеріп, қойылған сұрақтарға сауатты, дұрыс жауап беру;

  • Тіл ғылымындағы әр түрлі көзқарастар мен тұжырымдамаларға қатысты өзіндік пікірін айта білу;

  • Әдеби нормаға сай сөйлей білу, стилистикалық тұрғыдан сауатты жаза білу;

  • Теориялық заңдылықтарды нақты мысалдармен дәлелдеп көрсете білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;  

  • Қажетті тұста қосымша материалдарды орынды қолдана білу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындау;

  • Іс қағаздары үлгілерін сауатты түрде толтыра білу.

Жақсы

В+

3,33

85-89

  • Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;

  • Ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді меңгеру;  

  • Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға жүйелі қатысу, тапсырманы жақсы деңгейде орындау;

  • Іс қағаздары үлгілерін сауатты түрде толтыра білу.

В

3

80-84

  • Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер бойынша жақсы білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды дәлелдеуде мысалдарды орынды қолдана білу;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттермен таныс болу;  

  • Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында жауап беріп, тапсырмаларды орындап жүру;

  • Іс қағаздары үлгілерін сауатты түрде толтыра білу.

В-

2,67

75-79

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша ортадан жоғары білім деңгейін көрсету;

  • Теориялық материалды жақсы білгенмен, мысалдармен дәлелдей алмау;

  • Ұсынылған негізгі әдебиеттермен жалпылама таныс болу;

  • Берілген тапсырмаларды уақытылы орындап жүру;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарына қатысу, бірақ топтық талқылауда өзін көрсете алмау;

  • Іс қағаздарын толтыруда қателіктер жіберу;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

қанағаттанарлық

С+

2,33

70-74

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы негізгі ережелерді дұрыс түсінбей, мысалдар келтіруде қателіктер жіберу;

  • Пән бойынша ұсынылған әдебиеттерді толық қарастырмау;

  • Тапсырмаларды орындап жүргенмен, стильдік қателер жіберу;

  • Теориялық материалды мысалдармен дәлелдеуде қателіктер жіберу;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпей, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Іс қағаздарын сауатты толтыруда жүйелілікті сақтамау;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

С

2

65-69

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсіну;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттермен толық таныс болмау;  

  • Сабақты жібермегенімен, үй тапсырмаларын орындауда олқылықтар жіберу;

  • Ереже, заңдылықтарды толық білмеу және мысалдармен дәлелдей алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпеу, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Іс қағаздарын сауатты толтыруда жүйелілікті сақтамау;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

С-

1,67

60-64

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташа білім деңгейін көрсету;

  • Негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды толық білмеу, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу және таныс болмау;  

  • Оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау;

  • Іс қағаздарын сауатты толтыруда жүйелілікті сақтамау;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

D+

1,33

55-59

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша қанағаттанарлық білім деңгейін көрсету;

  • Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтармен толық таныс болмау, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттерді толық білмеу;

  • Үй тапсырмаларын орындауда қателіктер жіберу, оқыған пән бойынша теориялық ұғымдарға талдау жасай алмау;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік танытпау, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы қанағаттанарлық деңгейде орындау;

  • Іс қағаздарын сауатты толтыруда жүйелілікті сақтамау;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

D

1

50-54

  • Оқу бағдарламасы шеңберіндегі мәселелер бойынша орташадан төмен білім деңгейін көрсету;

  • Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды жаттанды тілмен айту, мысалмен дәлелдей алмау;

  • Ой-пікірлерді талдай алмау, сұраққа жауапты оқытушының көмегімен қайтару;

  • Практикалық, өзіндік жұмыс сабақтарында немқұрайлылық таныту, топтық талқылаудан тыс қалу, тапсырманы төмен деңгейде орындау;

  • Іс қағаздарын сауатты толтыруда жүйелілікті сақтамау;

  • Іс қағаздарын толтырудың тәртібін білгенмен, толық жауап бере алмау.

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-49

Білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмау, жаттанды сөйлеу, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбеу.

Егер де студенттің бағасы төмен деңгейде болатын болса, оған қосымша тапсырмаларды орындау арқылы баға көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда оқытушы студентке белсенді үлестірмелі материал ұсынылады.


КУРС САЯСАТЫ ЖӘНЕ ІС-ЖОСЫҒЫ (ПРОЦЕДУРАСЫ)

Курс саясаты оқу процесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті.



Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары бал алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүруі қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша).



Сабаққа қатысу:

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1-і себепсіз қалдырылса, курстан шығарылады.



Дәрісханадағы тәртіп:

Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:



  1. Ұялы телефонмен сөйлесуге;

  2. Сабақтан сұрануға;

  3. Бос әңгіме құруға;

  4. Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.

Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:

  1. Өз пікірін дәлелдесе;

  2. Сабаққа белсенді қатысса;

  3. Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.

Үй тапсырмасы:

Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгілеген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Сіздің өте жақсы орындаған бес үй жұмысыңыздан Сіздің жалпы бағаңызға әсер ететін баға шығарылады.



Жеке семестрлік тапсырмалар:

Жеке семестрлік тапсырмалар міндетті түрде орындалуы қажет. Семестрлік жұмыстар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) түрінде орындалып, қорғалады. Жұмыстан қателер табылған жағдайда ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.



Тест тапсырмаларының нұсқасы



1. «Антика» сөзі қай тілден енген сөз?

а) грек


ә) латын

б) орыс


в) араб
2. «антикус» сөзін қазақшалағанда қандай мағына білдіреді?

а) ескі, бұрынғы

ә) Греция, Рим

б) гүл, өсімдік

в) көне, ежелгі
3. Антикалық әдебиет неше кезеңнен тұрады?

а) 3


ә) 2

б)4


в)5
4. Антикалық әдебиеттің І кезеңі қалай аталады?

а) құл иеленуші

ә) классикалық

б) архаикалық

в) эллиндік
5. «Илиада» мен «Одиссей» атты ерлік эпостарының авторы кім?

а) Гете


ә) Гейне

б) Сократ

в) Гомер
6. Алғашқы комедиялар қай жерде пайда болды?

а) Сициллия

ә) Мегары

б) Аттика

в) Грекия
7. Сицилияда қойылған қойылмдар қалай аталады?

а) мим


ә) пьеса

б) мегар


в) драма
8. «Балықшы», «Шалдар», «Киім тігушілер» атты қойылымдардың авторы?

а) Ксенарх

ә) Софрон

б) Эпихарм

в) Аристофан
9. Жаңааттикалық кезеңнің комедист өкілі-

а) Софрон

ә) Ксенарх

б) Эпихарм

в) Менандр
10. Жапон әдебиеттінің өкілдері -

а) Исикова Тацудзо, Эдогава Ранпа

ә) Люи Цзань, Эдогава Ранпа

б) Цзо Сянь, Исикова Тацудзо

в) Люи Цзань, Цзо Сянь
11. «Гильгамеш туралы аңыз» қазақтың қай аңызына ұқсайды?

а) Қобыланды батыр

ә) Қорқыт туралы аңыз

б) Адам ата аңызы

в) Алпамыс батыр
12. «Гильгамеш туралы аңыз» қай әдебиетке жатады?

а) Ежелгі Грек әдебиеті

ә) Ежелгі Египет әдебиеті

б) Шумер мен Вавилон әдебиеті

в) Ежелгі Рим әдебиеті
13. «Кісі киік» комедиясының авторы?

а) Менандр

ә) Эпикур

б) Кратет

в) Магнет
14. Гете, Гейне қай әдебиеттің өкілдері?

а) ағылшын

ә) поляк

б) неміс

в) орыс
15. «Жаңа комедияның жұлдызы» атанған комедист?

а) Архилох

ә) Менандр

б) Демокрит

в) Евклид
16. Грек лирикасының алғашқы өкілі –

а) Менандр

ә) Архилох

б) Евклид

в) Абай
17. Лириканың ІҮ сатысы қай кезеңдерді қамтиды?

а) б.э.д. ІҮ ғ. ІІ жартысы мен ІІІ ғ. І жартысы

ә) б.э.д. ІІІ ғ. мен ІҮғ. І жартысы

б) б.э.д. Ү ғасыр

в) б.э.д. Ү ғ. ІІ жартысы мен ІҮ ғ. І жартысы
18. Мопассан қай әдебиеттің өкілі

а) ағылшын

ә) француз

б) неміс


в) грек
19. Антикалық әдебиеттің ІІІ кезеңінде пайда болған бірлестіктер?

а) «полистер»

ә) «тирандар»

б) «эллиндер»

в) «антикустер»
20. Лирикалық мәтіндер қандай аспаптарда ойналады?

а) домбыра мен қобыз

ә) баян мен пианино

б) лира мен кифара

в) гитара мен лира





  1. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік

қамтамасыздандыру (пәннің мазмұнына қарай). ПОӘК шығыс мәліметтерді және мекенжайы көрсетілу қажет – кітапхана, кафедра т.б.
Ғылыми кітапхандағы электронды оқулықтар:
1. Жетписбаева Б.А.Древнетюркская литература:Учебник.

2. Бітібаева Қ .Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы:Оқу құралы.-Алматы.-2003.

3. Қажығалиева А.М.,Қуанышқалиева Ш.Н.Орыс аудиториясына арналған мәтіндермен жұмыс. - О.: БҚМУ, 2006

4. Ахметова М.К. Мәтін лингвистикасы.-О.:БҚМУ, 2007

5. Батырлар жыры: электронды кітапхана.балалар әдебиеті.-2 дана.

Осы электронды оқулықтармен бірге әр тақырып бойынша құрастырылған, дайындалған слайд материалдары, видео сабақтар қоолданылады.

Арнаулы кабинеттер жоқ. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыздандыру пәнің мазмұнына қарай қарастырылған. Арнайы кабинеттер: ғылыми кітапхананың № 102 кабинеті – электронды оқулықтар залы, «Қазақ фимлологиясы» кафедрасына қарасты № 409 бөлме.




  1. Арнаулы аудитория, кабинет және лабораториялар тізімі.

Кесте бойынша

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет