Семинар №7 Тексерген: Уайсова Г. Орындаған: Джомартова А



бет2/5
Дата06.10.2022
өлшемі175,38 Kb.
#151916
түріСеминар
1   2   3   4   5
Байланысты:
7-семинар Ақбота
1603813808, sravnitelnyy-analiz-paradigm-traditsionnoy-i-personifitsirovannoy-modeli-povysheniya-kvalifikatsii-rabotnikov-obrazovaniya
Дұрыс оқу
Оқушы мәтінді дұрыс оқуға дағдыланбайынша, білімді жете меңгере алмайды. Сондықтан тексті оқығанда оқушының әрбір сөзді дұрыс айтуын, дұрыс оқуын мұғалім қадағалап отыруы керек. Ал дұрыс оқу дегеніміздің өзіне келетін болмсақ, ол:

1. Оқушының оқып тұрғанда сөз ішінен әріпті, және буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей немесе қате оқымауы;


2. Кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқуы.


3. Кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы.


4. Орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы;


5. Текстегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтап оқуы,


Егер тақырыпты оқуда бұл талаптар орындалмаса, онда бала тақырыптағы сөзін дұрыс қабылдай алмайды.Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастырған кезде дұрыс оқудың жоғарыда қойылған талаптарын үнемі іске асырыла бермейді, Бұған мына бір жайтттар себепші болады:


1 Тақырыпты оқуда баланың оны дұрыс қабылдауына жете көңіл бөлінбей, жалпы ұққанын айтқызуға үйрету:


2 Тақырыпты оқу кезінде мұғалім тарапынан көңіл бөлінбейтіндігі:


3 Баланың жеке тұлға екені оның қаншалықты оқи алатындығы ескерілмей, жөнсіз асықтырып оқытуы:


Оқушы жіберген қатесін түзету баланы дұрыс оқуға дағдыландыру үшін, оның жіберген қатесін елеусіз қалдырмау керек,қателерді түзетудің дұрыс жолын білуі керек. Оқып тұрған оқушының кейде көп буынды сөздерді қайта –қайта оқи беруі жиі кездеседі. Бұл көп жағдайда 1-сыныпта болып,2-сыныпта сирек ұшырасады. Мұның себебі бұл кезде,оқу дағдысын меңгерудің алғашқы сатысында, оқушының қабылдау процесі мен оны ұғуы бірдей болмайды. Бала бір буынды немесе көп буынды әлденеше қайталап оқығаннан кейін ғана мәнін ұға бастайды Мысалы: осылай өлең құрастырды.


Мен ақылды баламын
Айтқан сөзді ұғамын
Әкем мен анама
Көмектесіп тұрамын
Отбасым менің бар
Олар ата- аналар
Асыл тасқа бағалар
Біз бақытты балалар
Сабақ кезінде ролдерге бөліп оқу,диалог, саханалау, мәнерлеп оқу, тыныс белгісіне байланысты ырғақпен оқу әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың алға қарай ұмтылуы мен оқуға қызығушылығы арта түседі .Оқушының кітапқа ынтасы бастауыш сыныптан басталып, білімі мен дағдысы жетілген сайын арта түседі. Сыныптан тыс берілген тапсырмалар жүйелі түрде жүзеге асқан жағдайда ғана баланың оқу дағдысы қалыптасып,сол арқылы ой өрісі сана-сезімі арта түседі. Оқушы үнемі ізденіс үстінде білуге құлшынысы мен қызығушылығы аса басым болады.


2. Мектептегі оқу үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі.Саут ашу жұмысының мақсаты-балаға хат таныту,яғни оған оқумен жазуды үйрету.Сауат ашу –аса жауапты да күрделі жұмыс.Қазіргі таңда мұғалім оқушыға бәрін алдын-ала өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі қажет.Ал мұғалім оқушының оқуын,ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы,оған басшылық жасауы қажет.Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселелердің бірі –білім беру,ғылымды дамыту,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуАл бұл істің қайнар көзі-білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны-мұғалім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет