Семинар сабағы 15 c ағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат



бет4/13
Дата15.09.2017
өлшемі2,65 Mb.
#33062
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сезімдік ортаны тексеру үсті (тактильді, ауырсыну және температуралық) және терең сезімталдылық (кинестетикалық, проприоцептивті және дірілді), сонымен бірге стереогностикалық сезім) таныс заттарды қармалап тану мүмкіншілігі).
Ми нервтерін зерттеу- кестеде берілген.


Нөмірі

Аты

Негізгі қызметі

І

Иіс сезу

Иістерді сезу

ІІ

Көру

Көздің көргіштігі

ІІІ

Көзді қозғаушы

Көз алмасының қозғалысы және қарашықтың тарылуы

-вегетативтіІҮ

Шығырлы

Көз алмасының төмен және сыртқа қарай қозғалуы

Ү

Үшкірлі

Бастың бет бөлімінің сезгіштігі және шайнау

ҮІ

Алшақтату

Көз алмасының сыртқа қарай қозғалысы

ҮІІ

Бет

Мимика, жас ағу, дәм және сілекей бөліну

ҮІІІ

Кіреберіс-ұлу

Тепе-теңдік пен есту

ІХ

Тіл-жұтқыншақ

Дәм, сілекей бөліну және жұту, каротидті шумақ және синусты иннервациялау

Х

Кезеген

Дәм, жұтыну, көкірек және құрсақ бөлімдерінің қозғаушы және сезуші иннервациясы, фонациясы

ХІ

Қосымша

Басты бұру және иықты үрпиту

ХІІ

Тіл асты

Тілді қозғау


2.Вегетативті нерв жүйесін зерттеу клиникада пайдаланылады:

  • жүрек қан тамырлар жүйесін;

  • тері- вегетативті рефлекстерді;

  • вегетативті сынамаларды.


Жүрек қан тамырлар рефлекстерінде Данини-Ашнер көз-жүрек рефлексі жиі қолданылады. Сыналушының көз алмасын алдынан және бүйір жағынан 20-30 сек саусақтармен басады. Қалыпты жағдайда лүпіл соғуы 4-12 соқ/мин азаяды; вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің тонусының жоғарлауынан лүпіл 12 соқ/мин дейін азаяды; симпатикалық бөлімнің тонусының жоғарлауынан өзгеріссіз қалуы немесе жиілеуі мүмкін.
Тері вегетативті рефлекстерінде дермографизммен бағаланады, теріге штрихтік (өткір болмауы керек) тітіркендіру беріледі. Ақ дермографизм- вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің тонусының жоғарлағанын көрсетеді, қызыл дермографизм- парасимпатикалық бөлімнің тонусы жоғарлайды.
Вегетативті сынамаларда орто- және клиностатикалық сынамалар қолданылады.Ортостатикалық сынамада лүпіл мен артериальды қысымның көлденең жағдайдан тік жағдайға көшкенде көрсеткіштерінің өзгеруін тексереді. Қалыпты жағдайда лүпілдің өсуі 16 соқ/мин аспайды, ал артериальды қысымның иық белдеуінде құбылуы 5-10 мм с.б. құрайды. Лүпілдің соғуы 22 соқ/мин көп болса, онда симпатикалық бөлімнің тонусының жоғарлағаны. Оның төмендеуі кезінде лүпілдің жиілеуі байқалмайды. Клиностатикалық сынамада лүпілдің өзгерістерін тіркеу тік жағдайдан көлденең жағдайға ауысқанда жүреді. Бұнда қалыпты алғашқы 15-20 секундта лүпілдің соғуы 6-12 соқ/мин жәйләй бастайды. Симпатикалық бөлімнің тонусы жоғарлаған кезде лүпілдің жәй соғуы байқалмайды.
3.Нерв жүйесінің ауруларының кейбір синдромдары(белгілері)
Нерв жүйесінің аурулары кезінде келесі синдромдар жиі байқалады:

  • ми қабықтарының тітіркенуі;

  • ми сауытының ішіндегі қысымның өсуі;

  • ми сауытының ішіндегі қысымның төмендеуі;

  • ми ішіне қан құйылу;

  • жұлынның зақымдануы.


Тексеру сұрақтары: Неврологиялық зерттеулерге не жатады? Шағымды талдау деген не? Негізгі шағымдарға нелер жатады? Психикалық статус деген не? Дәлдік пен координацияны қандай сынамамен тексеруге болады? Парез деген қандай мағына береді? Толық сал неден болады? Вегетативті нерв жүйесінде клиникалық практикада қолданылатын рефлекстер қандай?

Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
7.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістерімен студентерді таныстыру. Олардың бөлек тәсілдеріне тоқтап жеке – жеке түсіндіру. Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеу тәсілдерімен таныстыру. Спортшылардың дене жаттығуларында жіберілетін қателіктерге аса назар аудару. Аса шаршау мен аса машықтанудан сақтандыру.
Тірек сөздер: Негізгі шағымдар, физикалық тәсілдер, параклиникалық тәсілдер, жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік сынамалары, синдромдары, гипотензия жіктеуі.
Негізгі сұрақтар:

  • Жүрек қан тамырлар жүйесін зерттеудің негізгі амалдары

  • Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік жағдайының ең қолайлы өлшемдерін алу:

  • Қан аурулары кезіндегі кейбір бір синдромдары


Қысқаша мазмұны:

1.Жүрек қан тамырлар жүйесіне кіретін тексерулер: шағымға талдау жасау; физикалық тексерулер (қарау, перкуссия, пальпация, аускультация және басқа да жеңіл өлшенетін қызметтік жағдайлары); параклиникалық тәсілдер; қызметтік тестілеу; қанның биохимиялық құрамының арнайы көрсеткіштерін зерттеу (трансминазалар, миоглобин, миозин және кардиотропониндер).

Негізгі шағымдар:



  • Жүрек тұсының ауырсынуы;

  • Жүрек соғуы (жүрек жиырылуының қатты және жиі соғуын сезу);

  • Жүрек соғу ырғағының бұзылуы;

  • Демікпе;

  • Жөтел (кіші қан айналу шеңберінде қанның кідіріп қалуы, тоқырауы);

  • Ісініп кету (әсіресе аяқ жақ жағы), жүректің ауыр жарақатының көрінісі болып табылады, үлкен қан айналу шеңберіндегі венозды қанның кідіруі, тоқырауы.

Физикалық тәсілдермен жүректің шекарасын, жиілігін, лүпілдің сипатын, артериальды қысымды, дыбысы мен тондарын (сазын), және де басқа бөтен дыбыстардың бар екенін анықтау.

2. Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік жағдайының ең қолайлы өлшемдерін алу:

  • Жүрек соғу жиілігін ЖСЖ) тыныштықта алу;

  • Артериальды қысымды (АҚ) тыныштықта алу;

  • Миокардтың оттегіне қажеттілігін жанама анықтайтын «қос көбейтіндісінің» көрсеткіші.

Ересек адамдарда жүрек соғу жиілігінің бөлінуі:

    • 60-80 соқ/мин – ЖСЖ қалыпты;

    • 80-100 соқ/мин – ЖСЖ тездетілген;

    • 100 соқ/мин – тахикардия;

    • 59-50 – cоқ/мин – баяулатылған ЖСЖ;

    • > 50 – брадикардия.


Ересек адамдардың қан қысымының жіктелуі

Градациялары

Систолалық АҚ;

мм с.б.

Диастолалық АҚ;

мм с.б.

Қолайлы АҚ

< 120

<80

Қалыпты АҚ

< 130

< 85

Қалыптыдан жоғары АҚ

130 - 139

85-89

Параклиникалық тәсілдерге жататындары:


Электрокардиография (ЭКГ) – жүректің жұмысы кезінде электр құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі. ЭКГ-ні жазу дәстүрлі үш стандартты, үш күшейтілген аяқ-қолдардан және алты көкірек қуысынан алынады.

Фонокардиография (ФКГ)- жүрек жұмысы кезінде пайда болатын, дыбыс құбылыстарын тіркеудің графикалық тәсілі.

Поликардиография (ПКГ)- ұйқы артериясының сфигмограммасын және бір

уақытта ЭКГ, ФКГ тіркеу тәсілі. Сфигмография-тамырлар арқылы қысымның көтерілген толқындарының тарауын артериальды қабырға тербелістерін графикалық тіркеу тәсілі.



  • телерентгенография-1,5-2 м қашықтықтан рентгенографиясын жасау;


Эхокардиография – жүректе құрылымдық өзгерістерді анықтау, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының қалыңдығын, қарыншааралық қабырғаны, жүрек қуыстарының көлемін, аортаның жүректен шығатын жерін, қақпақшалардың жұмысы мен жағдайларын, жүректің жиырылу қызметін анықтауға мүмкіншілік береді. Жүрек қан тамырлар жүйесінің ауру кездерінде айқындалатын белгілері:

    • кардиалгиялық синдром – жүрек тұсының ауруы (оның себептері жүректің өзінің ақаулары және жүректен тыс (экстракардиальды), басқа мүшелердің, мүшелер жүйесінің аурулары;

    • аритмиялық синдром – жүрек соғу ырғағының бұзылуы (көбінесе жүректің жиі соғуы). Оның түрлері: синустық тахикардия; синустық брадикардия; экстрасистолия; пароксизмальді тахикардия; қарыншалардың жыбырлауы (фибрилляция); қарыншаллалардың асистолиясы.

    • Гипертоникалық синдром – артериальды қысымның ұлғаюы, бір мүшелік немесе тамырлық патологиялармен байланысты. Симптоматикалық гипертензия - әртүрлі мүшелердің немесе мүшелер жүйесінің ауруларының айқындалуы сипкатталады.

    • Гипотоникалық синдром – артериальды қысымның төмендеуімен сипатталады

    • Жүрек қызметінің жеткіліксіздік синдромы – миокардтың жиырылу мүмкіншілігінің азаюынан пайда болады.

3.Қан аурулары кезіндегі кейбір бір синдромдары

Қан жүйесін тексеруге кіретіндері:

  • шағымдарды талдау;

  • қанның морфологиялық құрамын зерттеу;

  • қанды ұйыту жүйесі;

  • сүйек майының морфологиялық құрамы.

Негізгі шағымдар:

  • әлсіздік;

  • жеңіл шаршағандық;

  • бас айналу;

  • дене жүктемесі кезінде демікпе;

  • жүрек соғу;

  • жұмыс қабілеттілікті жоғалту;

  • безгек;

  • тәбеттің төмендеуі;

  • терінің қышуы;

  • жүдеу;

  • қанағыштықтың жоғарлауы;

  • сол мен оң жақ қабырға астында аурлық пен ауру сезімдері.


Дені сау адамның қанының морфологиялық құрамы


Қан элементтері

Саны

Эритроциттер:

әйелдер

ерлер
Гемоглобин:

әйелдер

ерлер
Түс көрсеткіші

Гематокрит (эритроциттер көлемі-

нің жалпы қан көлеміне арақаты-сы):

әйелдер

ерлер
Лейкоциттер:

таяқтыядролы нейтрофильдер

сегментядролы нейтрофильдер

эозинофильдер

базофильдер

моноциттер

лимфоциттер

ЭТТЖ(эритроциттердің тұнбаға тү-cу жылдамдығы):

әйелдер

ерлер

тромбоциттер

ретикулоциттер (жетілмеген эри-троциттер)

эритроциттердің орташа диаметрі




3,8-4,5. 1012

4.5-5.0. 1012

120,0-140,0 г/л

130.0-160,0 г/л
0,36-0,42 л/л

0,40-0,52 л/л

1-6%

47-72%

0,5-5,0%

0-1%

3-11%

19-37%

2-15 мм/сағ

1-10 мм/сағ

180,0-320,0 . 109/л
0,80-1,00%

7,2-7,5 мкм


Қан жүйесі ауруы кезінде: анемиялық және лейкемиялық болып екіге синдромға бөлінеді.

Анемиялық синдром- айналып жүрген қандағы гемоглобиннің жалпы санының төмендеуімен эритроциттердің құрылуындағы бұзылулар мен олардың өте көп жұмсалуын сипаттайтын жағдай. Көптеген жағдайда гемоглобиннің деңгейінің төмендеуі эритроциттердің санының азаюымен бірге жүреді.

«Қан аздылық» деген термин бұл жағдайды әлдеқайда толық көрсетеді. Көптеген анемия қызыл қан түйіршіктерінің санының өзгеруімен сипатталып қана қоймайды, сонымен бірге эритроциттердің сапалық өзгерістермен де және гемоглобин молекуласының құрылысында да.

Анемияға ұшырағандарда мүшелер мен ұлпаларда оттегінің жетіспеу-гипоксия байқалып, дистрофияға ұласып кетуі мүмкін. Қандағы гемоглобиннің құрамы 70-80 г/л төмендегенде жүрек бұлшық етінде алғашқы дистрофиялық құбылыстар байқалады.

Қазіргі уақытта анемияның елуден аса түрі бар. Олар пайда болуына байланысты келесі топтармен берілген:



  • қан кету салдарынан (жедел және созылмалы);

  • қан құрылудың бұзылу салдарынан болатын анемия (ағзада темірдің жетіспеуі, гемоглобин мен эритроциттердің құрылысына, В12 дәруменіне, эритропоэздың дұрыс қалыптасуына;

  • қан түйіршіктерінің тым аса бұзылуынан болатын анемия (гемолитикалық анемия).

Темірдің жетіспеушілігінен болатын анемия әсіресе әйелдерде ішкі аурулар клиникасында жиі кездеседі.

Әлсіздік, бас айналу, демікпе, әсіресе дене жүктемесі кезінде, тез шаршау, құлақтағы шулар кейбірде естен танушылық тән. Көптеген ауруларда диспепсиялық құбылыстар байқалады-тәбеттің төмендеуі, дәм кетуі(аурулар бор, топырақ, жер, көмір жей бастайды, эфирдің, бензиннің және басқа да заттардың буларына рахаттанады), жүрек айну, кекіру, тез тойыну, тамақтан кейін эпигастральді аймақта аурлық сезім, кейде іш өту, тесіп немесе теріде жәндіктердің жыбырлап жүрген сезімдері және басқалары.



Лейкемиялық синдром-қатерлі ісіктердің пайда болу синдромы.

Қан жүйесіндегі қатерлі ісіктер ауруларын-гемобластоздар деп атайды. Олардың екі тобын айырады: лейкоздар және гематосаркомалар (ісікті лимфомалар).



Лейкоздар-сүйек майында жинақталып қан түзетін жасушалардағы ісіктер; сүйек майынан қанға лейкозды (ісікті) жасушалар келіп лейкемия ауру симптомын тудырады. Оларды жедел және созылмалы лейкоздар деп айырады.

Жедел (тез) лейкоз. Өте жоғары қызумен басталып, мол тер шығып, тоңазытып, кенеттен әлсіздік, делсалдық, сүйектер ауырып және басқа да симптомдармен айқындалады. Кейбірде ең бірінші шағым кезінде жұтыну кезінде тамақ ауырып,жұтқыншақтың шырышты қабаты өлі жасушалармен толып кетеді. Басқа жағдайларда бір сарынмен әрең байқалатын симптомдармен басталып, әлсіздік, делсалдық, тез шаршаумен, азғантай ғана дене қызуымен; соңынан аурудың жағдайы нашарлап аурудың толық клиникалық белгілері айқындала түседі.

Лимфогранулематоз-ісікті лимфомалар тобына жататын жүйелі аурулар, лимфа түйіндері, талақ және басқа да мүшелер зақымдалып арнайы сипат алады.Тері қышуы ерте басталады, аурулар оны әлсін-әлсін қаси береді.Қызу көтеріледі, тершеңдік пайда болады.

Тексеру сұрақтары: Жүрек қан тамырлар жүйесін тексеруге қандай тәсілдер кіреді? Параклиникалық тәсілдермен нені зерттейді? Қызметтік тестілеуге қандай амалдар кіреді? Негізгі шағымдар деген не? Оған қандай тексерулер кіреді? Денені зерттеу тәсілеріне қандай өлшемдер кіреді? Жүректің жиырылу жиілік градациясын неше бөліктерге бөледі? Параклиникалық тәсілдерге қандай тексерулер кіреді? Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары қандай синдромдардан тұрады? Кардиалгиялық синдром деген не? Аритмиялық пен гипертоникалық синдромдар қандай аурулардың белгісі бола алады? Гипотоникалық синдром нені тексереді?

Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.

8.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Сыртқы тыныс алу жүйесімен студенттерді таныстыру. Сыртқы тыныс алу жүйесінің негізгі тексеру тәсілдері. Тыныс алу жолдарының аурулары кезіндегі кейбір синдромдарымен таныстыру.
Тірек сөздер: Безгек, өкпенің көлемін тексеру, тыныс алу жолдарын рентген және эндоскопиялық тәсілдермен тексеру, өкпені желдету, тыныс алу көлемі, тыныс шығару көлемі, тыныс алу мен тыныс шығару қор көлемі, өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС), шынайы ӨТС, тиісті мәндері, қор мүмкіншіліктерінің коэффициенті.
Негізгі сұрақтар:

  • Сыртқы тыныс алу жүйесі. Негізгі зерттеу әдістері

  • Сыртқы тыныс алу жүйесін тексеру

  • Тыныс алу мүшелерінің ауру кезіндегі кейбір белгілері


Қысқаша мазмұны:

1.2 .Сырттай тыныс алу жүйесін тексеру

Сырттай тыныс алу жүйесін тексеруге кіретіндері:

  • шағымдарды талдау;

  • физикалық тексерулер;

  • параклиникалық тәсілдер;

  • функциональды (қызметтік) сынамалар.


Негізгі шағымдар:

  • демікпе (ауаның жетіспеушілігінен қиналу);

  • жөтел;

  • көкірек қуысындағы ауырсынулар;

  • қан қақыру;

  • әлсін-әлсін безгек ( дене қызуының жоғарлауы);

  • әлсіздік, сырқаттану, тәбеттің төмендеуі.


Физикалық зерттеу тәсілдері тыныс алудың жиілігін анықтау, өкпенің шекарасын, қозғалу деңгейін, өкпе шуларының перкуссия арқылы болатын сипаты, құрғақ және ылғалды өкпе сырылдары, сыртылдау, плевраның үйкеліс шулары.
3.Тыныс алу жүйесінің ауруларына негізгі параклиникалық диагностика тәсілдеріне жататындары:

  • өкпенің көлемін зерттеу, өкпенің желдеткіш қарқыныны мен тыныс актісінің механикасы;

  • рентгенологиялық зерттеу тәсілдері;

  • бронхыларды (бронхоскопия) эндоскопиялық зерттеу тәсілдері;

  • зертханалық тәсілдер: қақырықты зерттеу.


Өкпе көлеміне жататындар:

  • тыныс алу көлемі (ТАК)- тыныштықта бір тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның көлемі (орташа 500 мл құрайды, 300-ден 900 мл-ге дейін

оның ішінде шамамен 150 мл өлі кеңістіктегі көмекейдегі, трахеядағы, бронхыдағы, газалмасуға қатыспайтын, бірақ ауамен араласып, ылғалдандырып және оны жылытады);

  • тыныс шығарғандағы ауаның қор көлемі (АҚКшығ) – адамның тыныштықта шығаратын максимальді ауа көлемі (1500-2000 мл);

  • тыныс алғандағы ауаның қор көлемі (АҚКалғ)- адамның тыныштықта жұтатын максимальді ауа көлемі (1500-2000 мл);

  • өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС)-максимальды тыныс алғаннан кейін максимальды тыныс шығарғандағы ауаның көлемі. ӨТС ол тыныс алғандағы ауаның қор көлемдеріне, тыныс шығарғандағы және тыныс алу көлемінің қосындысына. Оның көлемі жынысына, жасына, дененің бойына және салмағына, көкірек қуысының көлеміне.

  • қалдық көлем (ҚК)- өкпедегі ауаның шыққан максимальды қалдық көлемі (1000-1500 мл);

  • өкпенің жалпы максимальді сиымдылығы (ӨЖС)-максимальды тыныс алғанда өкпедегі ауаның көлемі (5000-6000 мл).

Өкпені желдетудің қарқынды көрсеткішіне жататыны:

  • тыныс алудың минуттық көлемі (ТМК)- тыныс алу көлемінің минуттық тыныс алу жиілігіне көбейтіндісі (3500-5000 мл);

  • өкпені максимальді желдету (ӨМЖ) –«тыныс алу шегі» тыныс алу жүйесінің максимальді кернеуі кезінде өкпенің желдетілетін ауаның саны (80-нен 200 л/мин);

  • тыныс алу қоры (ТАҚ)- формула бойынша табылатын көрсеткіш: ТАҚ= ӨМЖ-ТМК. Тыныс алу қоры қалыпты жағдайда өкпені максимальді желдетудің 85% құрайды;

  • тыныс алудың мүмкіншілік қор коэффициенті (ТАҚК)- сыртқы тыныс алу жүйесінің қор мүмкіншіліктерін қамтитын көрсеткіш; келесі формуламен есептеледі:

(ӨМЖ- ТМҚ) х 100

ТАҚК = ______________________________.

ӨМЖ


ТАҚК 70% төмен болса, тыныс жүйесінің қызмет мүмкіншіліктерінің өте маңызды дәрежеге дейін төмендегенін көрсетеді.
Тексеру сұрақтары: Сыртқы тыныс алу жүйесін тексеру әдіс – амалдары қандай? Параклиникалық тәсілдер ол қандай тәсілдер? Қызметтік тестілеу деген не? Физикалық тексеру тәсілдері қандай тәсілдер? Өкпенің көлемін қалай анықтауға болады? Өкпені желдету деген не? Оны қалай істеуге болады? Тыныс шығару қорын қалай түсінесіңдер? Өкпенің тіршілік сиымдылығы деген түсінікке жауап беру керек. Өкпенің тіршілік сиымдылығын қалай өлшейді және оны қалай дамытуға болады?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
9.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру тәсілдері
Мақсаты: Ас қорыту жүйесімен таныстыру. Ас қорыту жүйесін тексеру тәсілдерімен таныстыру. Ас қорыту жүйесі ауырғанда кейбір белгілері. Негізгі шағымдармен таныстыру.Ас қорыту жүйесінің негізгі сиптомдарымен таныстыру.
Тірек сөздер: Асқазан – ішек жолдарының патологиясы, бауыр мен өттің жұмысы, ұйқы безінің қызметі, айқындау (түстеу) рентгенографиясы, эндоскопия, ультрадыбыс, зертханалық тәсілдер, диспепсиялық синдром, гастрит, асқазан жарасы.
Негізгі сұрақтар:

  • Ас қорыту жүйесі. Негізгі зерттеу әдістері

  • Ас қорыту жүйесін тексеру

  • Ас қорыту мүшелерінің кейбір аурулар белгілері

Қысқаша мазмұны:

1.Ас қорыту жүйесін тексеру

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет