Семинар сабағы 15 c ағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ



бет2/13
Дата15.09.2017
өлшемі2,65 Mb.
#33062
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


4.ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ

Кафедра: Дене тәрбиесін теория мен әдістемеге оқыту

Пән: Әскери дәрігерлік дайындық

Кредит саны 2





Әдебиет атауы

Барлығы




кітапханада

кафедрада

Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1

Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар). Алматы, 1994, 65 бет.


1


1


13


0





2

Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Алматы, 1996, 360 бет

1


1


13


0





5.ДӘРІС КЕШЕНІ
1.Тақырыптың аты:Кіріспе. Дененің дамуы туралы ілім.
Мақсаты: Спорттық жаттығулардың, дене тәрбиесі мен сауықтыру жұмыстарының арқасында дене дамуының өзгерістерге ұшырауы туралы мәліметтерді студент қауымға толық деңгейде жеткізу міндеті тұр.
Тірек сөздер: Спорттық жаттығу, дене тәрбиесі, сауықтыру – дене шынықтыру жұмыстары, бапкер мен педагог.
Негізгі сұрақтар: 1.Дененің дамуы мен денсаулық. 2.Cпорттық медицинаның анықтамасы, зерттеу объектілері оның құрамдас бөліктері. 3.Спорттық медицинаның мақсаттары мен міндеттері. 4.Кешенді дәрігерлік тексеру тәсілі.

Қысқаша мазмұны:

1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) қортындылары бойынша-тұрғындар денсаулығының 49-53 % шамасында, өмір сүру салтына байланысты, немесе өз денсаулығына деген көзқарасына байланысты, 17 – 20 % қоршаған ортаға (экологиялық жағдайсыздықтың асқынуы), 18 – 22% тұқым қуалайтын себептерге (ген қорына), тек 8 – 10% денсаулық сақтау жүйелерінің қызмет жұмысына байланысты.

ДДСҰ анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз ағзада аурудың не болмаса дене кемістігінің жоқтығы ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік толық аман – есендік. В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы – денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психологиялық әрекеттері мен жұмыс қабілеттілігінің, белсенділігінің, сондай – ақ жас ерекшеліктеріне сай, дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы.



2.Спорттық медицина – бұл кәсіптік медицинаның аумағына кіретін және денсаулықты нығайту мен сақтауға бағытталған барлық қызметтердің түрі, ауруларды емдеу мен алдын алу сонымен бірге дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың жаттығу тиімділігін жоғарлату болып табылады.

Сонымен спорттық медицинаның зерттеу объектілеріне барлық спортшылар мен қатар дене шынықтыру жаттығуларымен айналысатын, емдік және сауықтыру дене шынықтыруларымен шұғылданатындардың бәрін түгел қамтиды.



3. Спорттық медицинаның негізгі мақсаты – адамдардың денсаулығын нығайту мен сақтау, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың, аурулар мен патологиялық жағдайлардың алдын алу, дене шынықтыру мен спорттың тәсілдері мен амалдарын тиімді пайдалану, жүктемеден кейінгі қайта қалпына келу үрдістерін қолайландыру және жұмыс қабілеттілігін жоғарлату, өмірінің шығармашылық және белсенділігін арттыру.

Спорттық медицинаның негізгі міндеттері:



  • Дене шынықтыру мен спортқа қатысуын қамтамасыз ету (дәрігерлік көрсеткіштерге байланысты);

  • Спорттық бағдар мен іріктеу сұрақтарына қатысу;

  • Спортпен және дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылданатындардың қызметтік жағдайын жүйелі түрде бақылап тұру;

  • Ауруларды, жарақаттарды талдау, барынша ерте диагноз қою, емдеу және алдын алу үшін тәсілдер пайдалану;

  • Сабақтар мен жаттығулардың тиімді кестелерін әсіресе әртүрлі контингенттерге байланысты;

  • Практикаға дәрігерлік – биологиялық амалдар мен тәсілдерді апробациядан өткізіп ендіру.

Құрамдас бөліктеріне кіретін кабинеттер мен диспансерлер.

Дәрігердің бақылау кабинеті – дәрігерлік – дене шынықтыру қызметінің ең төменгі сатысы. Бұлар емханаларда, оқу орындарында, денешынықтыру ұжымдарында, спорттық ғимараттарда, мекемелердің санитарлық бөлімдерінде ж.б. құрылады.

Дәрігерлік – денешынықтыру диспансерлерінде бұнда жоғары деңгейде ұйымдастырылған, дәрігерлік қамтамасыз етілген, тұрақты және белсенді тексерулер, алдын ала ауруларды айқындау және оның алдын алу, әсіресе жаттығу кезінде, жоғары жетістікке жету үшін қызмет атқарады.

4. Дене дамуын бағалаудың дәстүрлі негіздері. Дене дамуының негізгі белгілеріне жататындар:


  • дененің ұзындығы;

  • дененің салмағы (массасы);

  • көкірек қуысының көлемі;

  • өкпенің тіршілік сиымдылығы.

Оларды бағалау үшін жиі қолданатын тәсілдер:

  • стандарттар мен антропометриялық кескіндер;

  • корреляциялар;

  • индекстер, немесе көрсеткіштер;

  • персентильдер.

Антропометриялық стандарттар-алынған белгілердің орташа көрсеткіштері, көп адамдарды тексеруден өткізгеннен кейін алнған және жынысына, жасына мамандығына, ұлтына ж.т.б. байланысты біртекті белгілер. Стандарттар жалпы немесе топтық орташа көрсеткіштер болып сипатталады.

Әрбір белгіге сол сәйкес кестеде орташа арифметикалық көрсеткішінің мәні және М (σ) орташа шаршы ауытқу (немесе стандартты).

...Корреляция тәсілі. Дене дамуының антропометриялық көрсеткіштері: бойдың ұзындығы, дене салмағы, көкірек қуысының көлемі өзара байланыста болады. Бұл өзара байланысты (корреляция) белгілі бір ұжымда жүргізілген өлшемдер нәтижесінде алынуы мүмкін. Белгілер арасындағы тәуелді байланыс дәрежесі корреляция коэффициенті (r) ± 1. +1 коэффицинеті ол зерттеліп жатқан белгілердің тікелей өзара байланысы бар екенін көрсетеді (бір белгінің өсуі екінші белгіге әсер етеді). Ал -1 коэффицинеті кері байланысты көрсетеді (бір белгі өсетін болса, екіншісі азаяды және керісінше).

... Индекстер тәсілі. Бұл тәсілді антропометриялық көрсеткіштерді тек жәй ғана бағдарлау үшін пайдаланылады, дәрігерлік бақылауларда қолданбайды.

Жиі пайдаланылатын индекстерге жататындары:



  • салмақбой (Кетле);

  • тіршілік;

  • Эрисманн;

  • Пирке;

  • Пинье.

Кетле индексін бағалау негіздері

Дененің бір сантиметр ұзындығына келетін дене массасының салмағы (гр)


Қоңдылық көрсеткіші

>540

Семіздік

451 – 540

Ер адамдар үшін бұл аса салмақ

416 – 450

Әйелдер үшін аса көп салмақ

401 – 415

Дене салмағы жақсы деңгейде

400

Ер адамдар үшін ең қолайлы салмақ

390

Әйелдер үшін ең қолайлы салмақ

360 – 389

Орташа салмақ

320 – 359

Нашар дене салмағы

300 – 319

Өте нашар дене салмағы

200 – 299

Жүдеу

Тіршілік индексі сыртқы тыныс алу қызметтік мүмкіншіліктерін анықтайды. Өкпенің тіршілік сиымдылығының ауа көлемі бір килограмм салмаққа шаққанда қаншадан келетінін есептейді. Ол үшін өкпенің тіршілік сиымдылығының көрсеткішін (мл) дене массасына бөледі.

Тіршілік индексінің тиісті мәндері: ер адамдарда – 65-70 мл/кг кем болмауы керек; әйелдерде – 55-60 мл/кг кем болмаған жөн; спортшыларда – 75-80 мл/кг; спортшы әйелдерде – 65-70 мл/кг
Көкірек қуысының пропорционалдық даму индексі

(Эрисман)

Бұл көрсеткіш көкірек қуысының көлемінің (см) тыныстар кезіндегі үзіліс арасы және дененің ұзындығының жартысының айырымы (см).

Эрисман бойынша индекстің орташа көрсеткіші: ерлерде - +5 см, әйелдер үшін - +3,8 см. Көкірек қуыстары кеңде бұл көрсеткіш жоғары, ал көкірек қуыстары тарларда – орташадан төмен болуы мүмкін.
Пирке (Пелидизи) индексін

келесі формуламен есептейді: 10* M / Do * 100, бұндағы М – дене массасы; Do – отырғандағы дене ұзындығы (бойы).


Пирке (Бедузи) индексін

келесі формуламен есептейді: D x Do / Do x 100, бұндағы D – тұрғандағы бой; Do – отырғандағы бой.

Бұл көрсеткіш арқылы аяқтың ұзындығында есептеуге болады: 87% - кем болса, онда аяқтың ұзындығы аздау; 87 – 92 % - дене дамуы пропорционалды; 92% - дан көп болса, онда аяқ салыстырмалы ұзын деп есептеледі.

Пинье индексі

келесі формуламен есептеледі: D – (M + O), бұндағы D – тұрғандағы бойдың ұзындығы; М – дене массасы; О – көкірек қуысының көлемі.

Неғұрлым Пинье көрсеткіші аз болған сайын көрсеткіш жақсы деп есептеледі (семіздік байқалмаса). Индекстің мәні 10 – нан аз болса, дене дамуы мығым (жақсы), 10 – нан 20 – ға дейін болса – жақсы, 21 – ден 25 – ке дейін орташа, 26 – дан 35 – ке дейін нашар, 36 – дан жоғары - өте нашар.
Персентиль тәсілі

Персентильдер қатарда орналасу жағдайына қарай орташа тип көрсеткіштеріне жатады. Оларды, әбден қатарда жоғардан төмен орналасып болғаннан кейін зерттеу белгілерінің мәнін айқындайды (50 – ші персентиль медиана атымен белгілі). Егерде деректер біркелкі топталған болса, бір-бірінен бірдей қашықтықта, онда оған мсәйкес персентиль алу үшін келесі формуланы пайдаланады: P1 = Lp1 + ( c * e) / f, бұндағы Lp1- қашықтықтың төменгі шекарасы немесе соған сәйкес персентильдің орналсатын жері; с –персентильдік жағдайға байланысты қатарлық санын алу үшін және кумулятивтік қатарларға дейінгі қосылатын жағдайлар саны; f – персентиль арақашықтығында кездескен жағдайлар саны.

Тәжірибелік жағдайларда кейбір қолданылатын персентильдер: Р3, P10, P25, P50, P75, P90, P97.

Егерде Р25 тен Р75 - ке дейін белгілері осы шекарада орналасса, онда қалыпты деп есептеледі (себебі, 50% барлық жағдайлар осы қалыпқа кіреді).

Егерде Р10 нан Р25 ке, және Р75 тен Р90 ға дейін шекараларда жатса, онда оның бағалау шкаласы орташадан жоғары немесе орташадан төмен болғандағысы (себебі, барлық жағдайлардың 15% орташадан төмен бағаланады және 15% орташадан жоғары бағаланады).

Егерде қарастырылып отырған белгінің мәні Р3 тен Р10 ға дейін және Р90 нан Р97 ге дейінгі шекараларында болса, онда бағасы не төмен немесе жоғары болады (себебі, төменгі бағаларды да жоғары бағаларды да тек, барлық жағдайлардың 7% - на ғана тиісті).

Егерде қарастырылып отырған белгілер Р3 ке дейін, немесе Р97 ден жоғары болса, онда бағасы «өте төмен» немесе «өте жоғары» болғаны
Дене дамуының персентильдік бағалауының жеке нормативтері (қалыптары) әртүрлі авторлардың деректері бойынша

Бағасы

Интервалдары, %

Christle

Martin

В.Штефко

Өте төмен

3

2,3

2,3

Төмен

7

13,6

13,6

Орташадан төмен

15

15




Орташа

50

38,2

68,2

Орташадан жоғары

15

15




Жоғары

7

13,6

13,6

Өте жоғары

3

2,3

2,3

(сондықтан, «өте төмен» барлық жағдайлардың 3% құраса, «өте жоғары» - 3% - ға тең болады).


Адамның соматотипі –кешендік түсінік, оған кіретін көрсеткіштер биологиялық жағынан және спорттық болжау маңыздылығы біртекті болмайды.

Соматотипті бағалау алты кезеңнен өтеді:

  1. стандартты антропометриялық өлшемдер –16 көрсеткіштер;

  2. габариттік деңгейінің өзгергіштік желісі бойынша алынған деректерді бағалау;

  3. құрамдық деңгейінің өзгергіштігін анықтау: майлылылық, бұлшық еттік және сүйек массасын есептеу;

  4. пропорционалдық деңгейінің өзгергіштігін анықтау: аяқтың салыстырмалы ұзындығын есептеу;

  5. биологиялық дамудың тоғыз соматикалық көрсеткіштерінің нұсқаларын анықтау;

  6. соматикалық типтің қорытындысын бағлау және белгілі бір спорт түрімен шұғылданудың перспективасы.

Тексеру сұрақтары: 1. Денені дұрыс қалыптастыру деген не? 2. Спорттық медицинаның атқаратын қызметі қандай? 3.Спорттық медицинаның зерттеу объектілеріне нелер кіреді? 4.Құрамдас бөліктері деген не, және олар қандай құрамдар? 5. Спорттық медицинаның көздеген мақсаттары қандай? 6.Ең басты міндеттері неде?
Әдебиеттер тізімі: 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.

2.Тақырыптың аты: Жалпы патология негіздері
Мақсаты: Денсаулық пен аурулар туралы түсінікті студенттерге жеткізу. Аурудың пайда болуы мен өтуі және аяқталуы туралы түсініктер беру.Терминалді жағдайлар деген не солар туралы түсініктері молайту.
Тірек сөздер: Денсаулық, қалыпты жағдай, патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық жағдай, преагония, агония, клиникалық және биологиялық өлім.

Негізгі сұрақтар:

  • Денсаулық пен ауру туралы түсініктер

  • Аурудың пайда болуы, өтуі және аяқталуының негізгі түрлері

  • Терминальды жағдайлар

Қысқаша мазмұны:

1.«Денсаулық» деген өмір сүрудің тұрақты түрі және де сыртқы ортаға бейімделудің үнемді оптимальді механизмдері, сонымен бірге қызметтік қордың кейбір өзгерстерге байланысты болуы.

Денсаулықтың негізгі белгілері:



  • Құрылысы мен қызметінің сәйкестігі (морфологиялық және қызметтік кемістіктердің жоқтығы);

  • Ағзаның ішкі ортаны тұрақты деңгейде сақтауы (гомеостаз);

  • Өте жоғары жұмыс қабілеттілік пен өзін жақсы сезіну.

Биология мен медицинада «денсаулық» деген түсінік қалыпты деген категориямен байланысты. Кең мағнада қалыпты – бұл ағзаның өмір сүру жағдайының оптимальды сол берілген ортаға бейімделуі.



2. Ауру – ағзаға белгілі бір немесе бірнеше зиянкестік себептердің әсері және соған байланысты метаболикалық пен құрылымдық өзгерістердің, сонымен бірге қызметімен бейімделудің бұзылуы, жұмыс қабілеттілігінің шектелуі мен әлеуметтік пайдалы қызметінің төмендеуі.

Патологиялық реакция – ағзаның адекватты емес және биологиялық жағынан лайықсыз қарапайым немесе төтенше тітіркендіргіштерге жауабы.

Патологиялық процесс – патогендік себептердің жарақаттау әсеріне ағзада заңды түрде пайда болатын дәйекті реакциялар.

Патологиялық жағдай – мүшенің қызметінің қалыпты жағдайдан тұрақты және аз өзгеретін белгілі бір уақыттағы ауытқулары, ағзаға биологиялық жағынан теріс маңызы бар. Патологиялық жағдайдың негізгі себептері патологиялық тұқымқуалаушылық және де әуелде болған патологиялық процесстер (жарақат салдары – жырықтар, аяқ – қолдарын жоғалтуы, буындардағы қозғалыстың шектелуі, ақсаңдау, жалған буындар) және аурулар (бүкірлік – омыртқа жотасының туберкулезі, қаңқаның деформацияға ұшырауы рахиттен кейін).

Табиғатта аурулардың пайда болуы, өтуі және аяқталуының алуан түрлері бар. Бұл алуан түрліліктің себептері келесі:



  • Себеп сипаты;

  • Патогендік себептердің әсер ету ұзақтығы;

  • Бұл әсерлердің жиынтықталуы;

  • ағзаның оған беретін жауабы.

Аурулардың өтуі мынадай болуы ықтимал:

  • қарапайым;

  • қарапайым емес (атиптік);

  • қайталануы (рецидиві);

  • латентті.

Қарапайымды (типическое) өтуі ол егер сол ауруға тән белгілері айқын болса.

Қарапайым емес (атиптік) өтуі белгілі ауытқулармен сипаталады және де онша айқын болмауы мүмкін, абортивті – аурудың тез уақытынан бұрын жазылып кетуі, немесе керісінше өте тез және ауыр өтуі мүмкін.

Рецидивті (қайталануы) өтуі бұл аурудың қайталануы және оның үстіне өрши түсуі, уақытша жоғалғаннан кейін немесе бәсеңсіңуі тіпті тоқтауы (ремиссия) байқалады.

Латентті - аурудың өтуі сырттай байқалмайды, бірақ басқа аурумен қосылған жағдайда асқынуы мүмкін.

Аурудың өту ұзақтығына байланысты аурулардың түрлерін айырады:


  • өте ауыр – екі жұмаға дейін;

  • ауыр – екі жұмадан алты жұмаға дейін;

  • созылмалы – 6-8 жұмадан жоғары.

Көпшілік аурулардың өтуі кезінде ол бірнеше кезеңнен өтеді:

    1. продромальді;

    2. нағыз қызған кезі (толық дамыған кезі);

    3. аурудың аяқталуы (соңы, ақыры).

Аурудың аяқталуы:



  • толық емделуімен;

  • жартылай емделуімен (тәуір болу – ремиссия);

  • патологиялық жағдайға ауысуы

  • өлімге әкеліп соғуы.


3.Терминальды жағдай – ағза қызметінің биологиялық өлімнен қайтуы

Преагония, агония және клиникалық өлім терминальды (аяқталуы) жағдайларға жатады. Бұнда ағзада келесі өзгерістер болады:



  1. тыныстың тоқтауы, қанда оксигенация тоқтайды, гипоксемия мен гиперкапния дамиды;

  2. асистолия (жүректің тоқтауы) немесе фибрилляция (миокардтың ретсіз соғуы, жыбырлауы);

  3. метаболизмнің бұзылуы, ұлпалар мен қанда толық тотықпаған өнімдердің жиналуы және көмірқышқылының газдық немес газдық емес ацидозы дамиды;

  4. орталық нерв жүйесінің қызметі тоқтайды, рефлекстер жойылады және мидың биоэлектрлік белсенділігі жойылады;

  5. барлық ішкі мүшелердің қызметі тоқтайды (сөнеді).


Тексеру сұрақтары: 1.Денсаулық пен аурудың айырмашылығы неде? 2. Денсаулықтың негізгі критерийлері қандай? 3. Ауру адам ол қандай адам? 4. Патологиялық реакция дегеніміз не? 5.Патологиялық процесс ол қандай процесс? 6. Патологиялық жағдай дегеніміз не? 7. Арудың пайда болу себептері неде? 8.Аурудың өту кезеңі деген ол қай кезең, неге байланысты? 9.Аурудың өту кезеңдері әртүрлі аурулар үшін қандай және қанша? 10.Аурудың аяқталу кезеңдері қандай және қанша? 11.Терминальды жағдайлар дегеніміз не? 12.Клиникалық өлімнің биологиялық өлімнен айырмашылығы неде? 13.Биологиялық өлімнің белгілерін атаңдар.
Әдебиеттер тізімі: 1. : А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
3.Тақырыптың аты: Жалпы патология негіздері
Мақсаты: Аурулардың пайда болуы мен дамуы жағдайындағы себептерді зерттейтін ғылымның бір саласы – этиология туралы түсініктер беру. Патологиялық жағдайлар мен патологиялық процесстер, аурулардың дамуымен өтуі және аяқталуының механизмдері туралы ілімді – патогенез деп атайды.

Патологиялық тұқымқуалаушылық туралы түсініктерін тереңдету.

Ағзаның реактивтігі дегеніміз ол сыртқы ішкі қоршаған ортаның өмір сүру өзгерістеріне жауап беру қабілетін айтады.
Тірек сөздер: Этиология, патогенез, экзогенді этиологиялық факторлар, Даун ауруы, гемофилия, подагра (буынның ісіп ауруы), экзема, мутациялар, нормергия, гиперергия, гипергия.
Негізгі сұрақтар:


  • Этиология және патогенез

  • Патологиялық тұқымқуалаушылық

  • Ағзаның реакциясы


Қысқаша мазмұны:

1.Этиология тар мағынада аурудың пайда болу себептері немесе патологиялық процестің шығу тегі. Этиология жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы патогенез, жалпы механизмдері мен заңдылықтарын сол патологиялық процесстердің негізінде жатқан аурулар немесе бөлек категориялық аурулар (тұқымқуалаушылық, онкологиялық, жұқпалы, эндокриндік (бездер), жүрек қан тамырлар ж.б.). Жеке (дара) патогенез бөлек патологиялық реакциялардың, процестердің, жағдайлардың және аурулардың механизмдерін зерттейді.

Сыртқы (экзогендік) этиологиялық себептерге жататындары:



  • Механикалық – құбылыстардың немесе денелердің әсерлері, олар өте үлкен кинетикалық қуат қоры бар, ағзамен жанасқанда сыну, созылу, опыру ж.б. туғызады;

  • Физикалық – әртүрлі қуаттың әсерлері: электрлік (күйю, электрошок), иондалған сәулелер (сәулелермен күйдіру, сәулелер аурулары), термикалық факторлар (жоғары және төмен температуралар – күйіктер, үсіп кету);

  • Химиялық – қышқылдар, сілтілер, органикалық және неорганикалық улар, ауыр металдар тұздары, гормондар ж.т.б.;

  • Биологиялық – вирустар, бактерийлер, саңырауқұлақтар, құрттар (гельминттер);

  • Псигогендік – бұл себептердің ми қыртысына күш түсіру болып табылады.

Ішкі (эндогенді) этиологиялық себептерге жататындары:

  • Патологиялық тұқымқуалаушылық;

  • Иммунитеттің алғашқы төмендеуі.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет