Семинар сабағы 15 c ағат Оқытушының жетекшілігімен Студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат


Ас қорыту жүйесін тексеруге кіретіндері



бет5/13
Дата15.09.2017
өлшемі2,65 Mb.
#33062
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Ас қорыту жүйесін тексеруге кіретіндері:

  • шағымдарды талдау;

  • физикалық тексерулер;

  • параклиникалық тәсілдер.

Ас қорыту жүйесінің ауруларына тән:

  • асқазан-ішек жолдарының патологиясы (аурулары) –дисфагия(жұта алмаушылық), құсып тастау(қабылданған тамақтың ауыз қуысына қайтып келуі), қыжылдау(өңештің төменгі жағына асқазаннан келіп түскен ас қалдықтарынан төс сүйегінің артжағында күйдіре ауру сезімдері), ауыздан жағымсыз иістің шығуы, кекіру(ауыз арқылы ас қазан мен өңештен жиналған ауаның кейбірде дауысты шығуы), тәбеттің бұзылуы, құрсақтың әртүрлі бөлімдерінде шаншу, ас қазанның тамақтан толып кетуі, жүрек айну, құсу, іш қату немесе іш өту, қарын мен ішектерден қан кету.

  • бауыр мен өт жолдарының патологиясы: оң жақ қабырғалар асты аймағының ауруы, кейбірде-төс сүйегінің қанжар тұсы, кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу, сары ауру, тері қышымасы, құрсақтың кө-лемінің үлкеюі, дененің қызуының көтерілуі;

  • ұйқы безінің патологиясы: төс сүйегінің қанжар тұсының ауруы, оң және сол жақ қабырға асты аймақтары, айнала ауруы, диспепсия (ас қорытудың бұзылуы) құбылыстары, сары ауру, жалпы әлсіздік пен арықтау.

2.Физикалық тексеру тәсілдері арқылы құрсақ қуысындағы мүшелердің орналасуын, көлемін, түрін, құрсақ қабырғаларының қатаю дәрежесін, оның әржрдегі ауыратын жерлерін анықтау, тері мен тері асты клетчаткада құрылымдардың болуы, жарықшақтардың(грыжа) болуы, ішектердің перистальтикасы(қозғалуы).

Ас қорыту жүйесінің ауруларына диагноз қою үшін қолданылатын негізгі параклиникалық тәсілдер:



  • контрастылы(қарама-қарсы) рентгенография өңеш, қарын, ұлтабар, тоқ ішек, өт;

  • эндоскопия (өңеш, қарын, ұлтабар, тоқ ішек);

  • зертханалық тәсілдер: қарын сөлін зерттеу, ұлтабар іші мен нәжіс.


3.Ас қорыту жүйесі ауырғанда кейбір синдромдар:

  • диспепсиялық;

  • абдоминалгиялық (құрсақ тұсындағы ауратын жерлер);

  • іштің тесіп ауруы;

  • ішектердің толық сіңірмеуі.


Диспепсиялық синдром қарын-ішек жолының көптеген ауруларына тән және аурулардың жиынтығы (диспепсия-асқорытудың бұзылуы), бұнда өт пен бауырдың да аурулары кіреді. Оған жататындар кекіру, қыжылдау, жүрек айну, құсу, тамақтан кейін қарынның толып кету сезімі.

Абдоминалгиялық синдром-көптеген ішек-қарын аурулары кезінде құрсақ ауруларымен ілесе жүреді, олардың айқындалу дәрежесімен, орналасуымен, иррадиациясымен және басқа да белгілерімен.

Гастритке тән(қарынның шырышты қабатының қабынуы) тамақ ішкенде төс сүйегінің төменгі жағында сыздатып ауру, ауырлық сезім, қарынның толып кетуі, жүрек айну, кейде құсу, ішілген тамақтан кейін кекіру, ауызға келтіру, қышқыл, сасық ауа шығу, кейбірде қыжылдау.

Қарын мен ұлтабардың жараларына тән төс сүйегінің төменгі жағының ауруы тамақ ішкенде бірден (қарын жарасы) немесе 1,5-2 сағаттан кейін, ашқарақтық, түнге қарай ауруы (ұлтабардың жарасының ауруы) артқа қарай омыртқа жотасына қарай бағытталған, кейбірде оң жақ қабырға асты, жүрек аймағы. Аурудың бәсеңдеуі мүмкін, егер бүктеліп тізелерді құрсаққа қарай жақындатып, құрсаққа қысым жасаса. Құсу да жеңілдік әкелуі мүмкін.

Колит (тоқ ішектің қабынуы) кезінде құрсаққа қысым, ауырлық, іштен кернеу, тоқ ішек бойында ұстамалы және солқылдатып аурып, ақырында үлкен дәретке әкелуі мүмкін. Егер көлденең тоқ ішек ауруға шалдыққан болса, онда тамақ ішкеннен кейін бірден ауырсыну күшейе түседі.

Іштің тесіп ауруы-бұл шартты термин, құрсақ қуысындағы көптеген сырқаттар мен аурулардың және жақын арада жедел ота жасау мүмкіншілігінің болуын көрсетеді. Іштің тесіп ауруы шартты түрде үшке бөлінеді: І-перфорация(қуыс мүшені тесу) іші қуыс мүшелердің тесілуі. Соның салдарынан қарын мен ішектердің ішіндегі қалдықтар құрсақ қуысына шығады; құрсақтың тітіркенуінен іште кенеттен өте қатты «пышақтап жатқандай» аурулар пайда болып, коллапс жағдайына (өмірге қауіпті артериальды қысым түсіп кетеді) әкеліп, соңынан құрсақтың қабынуына алып келеді. ІІ-аурудың тез, жедел қабыну ауруларына әкелуі (соқыр ішектің тез, жедел қабынуы-аппендицитке, холециститке (өттің қабынуы), панкреатитке (ұйқы безінің қабынуы) ж.т.б. Егер үрдіс әрі қарай жалғаса берсе іріңдеу кеңейіп некрозға (мүшенің немесе қабырғаларының өлуіне), іріңнің құрсақ қуысына жарып шығуы, құрсақ қуысының тез, жедел қабынуына әкеліп соғады. ІІІ-ішектердің түйілуі (түйнелуі), ішкі және сыртқы жарықтардың қысылып қалуы. Барлық аталған жағдайларда ішектер қабырғаларының өлуі дамиды, құрсақ қуысы қабынуы мүмкін.

Ішектердің толық сіңірмеу синдромы-аш ішектің сіңіру үрдісінің бұзылуы, кешенді сиптомы. Ішектердің толық сіңірмеуі бірінші және екінші болып бөлінеді. Біріншісі-аш ішектің жұқа шырышты қабатының бұзылуы тұқым қуалау нәтижесінде және ферментердің дұрыс құрылмауынан дамиды, екіншісі-аш ішектің жұқа шырышты қабатының бұзылуы жүре бара құрылымдық өзгерістердің әсерінен болуы ықтимал (аш ішектің жедел және созылмалы қабынуынан, аш ішектің ішіндегі ас қалдықтарының тез жылжуы, аш ішектің бөлімінің кесіп алынып тасталуы).

Өт пен бауырдың аурулары кезінде, жоғарыда аталғандардан басқа синдромдардан сары ауру мен бауырдың жұмысының жеткіліксіздігі бауыр комасы да болуы мүмкін(ессіз күй).

Сары ауру (сарық)-тері мен шырышты қабаттарының сарғыш тартуы ұлпалар мен қанда билирубиннің көп болуына байланысты. Аурулар қанының сарысуында шынайы сары ауру кезінде сарғыш бояуы мол болады.

Сонымен бірге несептің түсі де күрең сары немесе қоңырқай да болуы ықтимал; нәжістің түсі біресе тым ақшыл немесе мөлдір тартуы мүмкін, ал кейбірде-қара қоңыр түс болады.



Бауырдың жұмысының жеткіліксіздік синдромы (ессіз күй) бауырдың ауыр жедел және созылмалы аурулары кезінде ашық дистрофия мен бауыр жасушаларының өлуі арқасында пайда болады. Бауыр өзінің қызметін тоқтатқанда ағзаның өзін-өзі улау ішек (бактериаларының) белок ыдырауының және сонымен бірге зат алмасу заттарының өнімдерімен улануы болады.
Тексеру сұрақтары: Ас қорыту жүйесін тексеруге қандай тәсілдер қолданылады? Ас қорыту жүйесінің негізгі шағымдары қандай? Ас қорыту жүйесінің қарын – ішек жолдарының қандай патологиялары бар? Бауыр мен өт жолдарының қандай патологиялары бар? Ұйқы безінің қандай патологиясын білесің? Физикалық тексеру әдістеріне жататын негізгі аппараттары. Ас қорыту жүйесі ауырғанда байқалатын бөлек синдромдары қандай?
Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
10.Тақырыптың аты: Клиникалық және параклиникалық тексеру әдістері
Мақсаты: Несеп бөліп – шығару жүйесін тексеретін негізгі әдістермен танысу. Несеп бөліп – шығару жүйесінің аурулары кезіндегі кейбір синдромдармен танысып білу. Физикалық және параклиникалық тәсілдермен студенттерге қысқаша ақпарат беру.
Тірек сөздер: Негізгі шағымдар, физикалық тексеру, несеп бөлу жұмысының бұзылуы, су жиналу (қабақтар мен бетте), бас ауру, бас айналу, демікпе, тәбеттің болмауы, құсу, жүрек айну, пальпация тәсілі, компьютерлік томография, радиоизотопты нефрография, уремия, созылмалы уремия.

Негізгі сұрақтар:

  • Несеп бөліп шығару ауруларының кейбір тексеру әдістері

  • Несеп бөліп шығару жүйесінің негізгі зерттеу әдістері


Қысқаша мазмұны:

1. Несеп бөлу жүйесіндегі аурулары кезіндегі кейбір синдромдары
Несеп бөлу жүйесін тексеруге кіретіндері:

  • шағымдарды талдау;

  • физикалық тексерулер;

  • параклиникалық тәсілдер.


Негізгі шағымдар:

  • бел тұсының ауруы;

  • бел аймағының тоңуы;

  • несеп бөлінудің бұзылуы;

  • ісіктер(қабақтар мен бетте);

  • бас ауру;

  • бас айналу;

  • жүрек тұсы ауруы мүмкін, демікпе, тәбеттің болмауы, жүрек айну, құсу, қызудың көтерілуі.

2.Физикалық тексеру тәсілдері:

  • сипалау тәсілі бөлек жағдайларда бүйректердің көлемін, оның сыртқы түрін, жазықтықтарын, қозғалғыштығын, орналасу орнын;

  • соғу тәсілі дені сау адамдарда перкуссия тәсілімен ауыратын жерін табу қиындау, сондықтан дәрігер сол қолын белдің бүйректер тұсына қойып оң қолдың саусақтарымен немесе қолдың қырымен қысқа және онша қатты емес соқылар арқылы ауыратын жерлерді айырады. Егерде соғу кезінде ауыратын болса, онда симптом оң деп бағаланады (Пастернацкий симптомы). Оң Пастернацкий симптомы кезінде несепте тастардың жинақталып қалуы ауруларын ж.т.б.анықтайды.

Параклиникалық тәсілдер арқылы диагноз қою:

  • кәдімгі және контрастылы рентгенография;

ультра дыбыспен зерттеу;

  • компьютерлік томография;

  • радиоизотопты нефрография;

  • лабораториялық тәсілдер: несепті тексеру.

Несеп бөлу жүйесінің аурулары кезінде келесі синдромдар көрінуі мүмкін:

  • ісікті;

  • бүйректердің артериальды гипертензиясы

  • несепті;

  • бүйректер жұмысының жеткіліксіздігі.

Ісікті синдром ең бірінші олар іркілдек клетчатка бар жерлерде пайда болады, қабақтар мен бетте. Олар тез пайда болып, ісініп, тез жойылып кетеді. Айқындалған жағдайларда бүкіл дене мен аяқ-қолдарда бірқалыпты орналасады. Оның себептері, капилляр қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлап, қан плазмасының қысымы азайып (белок пен бірге көп несеп бөлініп), натрий иондарының қан мен ұлпаларда кідіруінен.

Бүйректердің артериальдық гипертензиясының синдромы бүйректердің көптеген ауруларында байқалады, оның себебі артериальды қысымды реттеуде қатысатындығы. Ол барлық гипертензияның 10-12% құрайды. Әрбір бес жағдайда бүйректер гипертензиясы барынша тез және қатерлі ісік ауысып кетуі, соның нәтижесінде инсультке (мидың қан айналу шеңберінде тез бұзылуы және орталық нерв жүйесін зақымдауы) әкеліп соғуы мүмкін.

Несептік синдром- ол барлық бөлінген несептің, оның жеке меншікті тығыздығының және несеп тұнбасындағы түйіршікті элементтердің болуы. Дені сау ересек адамның тәуліктік несебі 1000-нан 2000 мл дейін болуы мүмкін. Күндізгі диурездің (несеп бөлу) түнгіге арақатысы-1/3 –немесе 1/4. Қалыпты несептің түсі оның концентрациясына байланысты және де сарғыш түсті сабаннан сарғыш тартқан қоңырға дейін болады. Иісі онша жағымсыз емес, арнайы иісі бар. Салыстырмалы тығыздығы 1,010-1,040. Дені сау адамдардың орташа РН көрсеткіші -6,0. Қалыпты несепте белок пен глюкоза болмауы керек. Эритроциттердің де несепте болмағаны жөн, лейкоциттер саны қалыпты жағдайда көзге көрінетіні-1-2 одан аспауы керек.

Несепте эритроциттердің пайда болуы ондағы әртүрлі аурулардың болуынан-бүйректер шумағының қан тамырларының ауруға шалдығуынан, туберкулезде және бүйректердің ісігі болғанда, тас жиналу ауруларынан ж.б. Несепте лейкоциттердің көбеюі несеп шығару жолдарында қабыну үрдістері бар уақытта блады.



Бүйректер жұмысының жеткіліксіздігі ағзадағы интоксикация кезінде (өзін-өзі улау) болады. Бүйректер жұмысының жеткіліксіздігі кезінде оның ауыр түрі-уремия. Бүйректер жұмысының жеткіліксіздігі мен уремия тез және жедел сонымен бірге созылмалы түрінде де байқалады. Жедел уремия улармен уланғанда, дұрыс қан құйылмағанда және эритроциттердің көптеп бұзылуынан, естен тану кездерінде болуы мүмкін. Созылмалы уремия бүйректердің созылмалы ауруларының соңғы стадиясында дамиды. Оны дұрыс дәрігерлік жәрдем бергенде емдеуге болады да.
Тексеру сұрақтары: Несеп бөліп – шығару жүйесінің негізгі тексеру әдістері қандай? Негізгі шағымдарға не жатады? Физикалық зерттеу тәсілдеріне нелер жатады? Пальпация тәсілі ол қандай тәсіл? Параклиникалық диагноз қою тәсілдері қандай? Несеп бөліп –шығару жүйесіндегі аурулар кезіндегі ерекше бөлек синдромдар қандай?

Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.


11. Тақырыптың аты:

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау
Мақсаты: Спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік қамтамасыз ету үшін тексерулер өткізіледі: бастапқы, жылдық терең, қосымша, кезеңдік, жедел. Осы аталған тексерулермен студент қауымды таныстыру. Спорттық медицина практикасында денсаулық жағдайын бағалау негіздерімен танысу.
Тірек сөздер: Дәрігерлік қамтамасыз ету, алғашқы және жыл сайындық терең тексерулер, кезеңдік, ағымдық және лездік; қосымша дәрігерлік тексеру, спорт медицинасының дәрігері, терапевт, хирург – травматолог, невропатолог, стоматолог, оториноларинголог, окулист, гинеколог (уролог), дерматолог.
Негізгі сұрақтар:

  • Алғашқы және жыл сайынғы терең медициналық тексерулер

  • Медициналық тексерулердің ұйымдастыру негіздері

  • Спортпен шұғылдануға жіберілуі үшін кедергі болатын аурулар мен патологиялық жағдайлар

А)Дене дамуының ерекшеліктері

Ә) Жүйке мен психикалық аурулар. Орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттары



Қысқаша мазмұны:

1.Машықтану үрдісін дәрігерлік қамтамасыз ету үшін келесі тексеру түрлері қолданылады:

  • алғашқы тексеру;

  • тереңдетілген жылдық тексеру;

  • қосымша тексерулер;

  • кезеңдік тексерулер;

  • ағымдық тексерулер;

  • жеделдік (қоса дәрігерлік-ұстаздық бақылаулар) тексерулер.

Алғашқы және тереңдетілген дәрігерлік тексерулердің ең басты мақсаты дене деңгейінің дамуын, жыныстық жетілуін(сөз жасөспірімдер мен балалар туралы болғанда), ағзаның басты жүйелерінің қызметтік мүмкіншіліктерін бағалау болып табылады.

2.Қосымша дәрігерлік тексерулер аурулар мен жарақаттардан кейінгі, жаттығулардың ұзақ уақыт үзілістерінен кейін бапкердің немесе спортшының сұрауымен белгіленеді. Олардың негізгі мақсаты-тексеру уақытына денсаулық жағдайын бағалау және де ағзаның басты жүйелерінің таңдап алынған спорт түрлеріне қызметтік мүмкіншіліктері.

Кезеңдік бақылаудың негізгі мақсаты кумулятивті (жинақталған) өзгерістерді анықтау, жылдық жаттығу цикілінің әрбір кезеңінің аяғында спортшы ағзасында пайда болатын.

Ағымдық бақылаудың негізгі мақсаты ағза жүйесінде және басты мүшелердің қызметтік жағдайындағы жүктемеден кейінгі жинақталып айқындалған дәрежесіне талдау жасау болып табылады.

Жеделдік (лездік) бақылаудың негізгі мақсаты ағзаның басты жүйелеріндегі жаттығу үрдісі кезінде және одан кейін екі сағатқа дейінгі өзгерістерді тез бағалау болып табылады.
3.Спортпен шұғылдануға жіберілуі үшін кедергі болатын аурулар мен патологиялық жағдайлар
І.Барлық жедел және созылмалы аурулардың асқынуы кезінде

ІІ.Дене дамуының ерекшеліктері

  1. Оқу жоспарларымен қарастырылған жаттығулар мен нормативтерді орындауға кедергі келтіретін дене дамуының кәдімгідей қалыс қалуы; қол-аяқпен тұлғаның арасындағы айқын диспропорция.

  2. Қол мен иық белдеуінің барлық түрлі деформациясы, әртүрлі спорт жаттығуларын жасауға мүлдем немесе қиындататын мүмкіншіліктері.

  3. Көкірек қуысының деформациясы, көкірек қуысындағы мүшелердің қызметінің қиындауы.

  4. Жамбастың деформацияға ұшырауы, дененің статикасына әсері мен жүру биомеханикасының бұзылуы

  5. Аяқтың біреуінің 3 см көбірек қысқа болуы, жүрісінің жақсы дамуына қарамастан; аяқтың ішке қарай қисық болуы (Х-тәрізді қисаюы) немесе сыртқа қарай (О-тәрізді қисаюы) сан сүйектерінің ішкі айдаршықтарының арасы мен сирақ сүйектерінің ішкі айдаршықтарының арақашықтығы 12 см көбірек болса.


ІІІ. Жүйке мен психикалық аурулар. Орталық және шеткері жүйке жүйесінің жарақаттары

1. Бас мидың органикалық зақымдануы психотикалық және психотикалық емес әсерлерінен жұмысының бұзылуы. Экзогенді этиологиядан симптоматикалық психоздар және басқа да психикалық шалдығулар. Қатты аурудан кейін жеңіл де қысқа уақыттық астеникалық жағдайда толық жазылғаннан кейін спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі.

2.Реактивті психоздар және невротикалық шалдығулар. Стресске тез реакциялары бар адамдарды толық емделгеннен кейін спортпен шұғылдануға жіберуге болады, егерде бейімделуі бұзылып және азғантай ғана айқындала бастаған невротикалық шалдығулардан негізінен сезім билеу-еріктілігімен вегетативті бұзылулармен сипатталса.

3.Ақыл-есінің қалыс қалуы.

4.Эпилепсия ауруы.

5.Орталық нерв жүйесінің аурулары және олардың салдары: жұқпалы, па-разитарлы, вирустық аурулар. Жалпы жұқпалы аурулар кезінде бас ми мен жұлынның зақымдары, лездік және созылмалы уланулар және солардың сал- дары.

6.Бас ми мен жұлынның жарақаттары және олардың салдары.

7.Бас ми мен жұлынның тамырларының аурулары және олардың салдары (субарахноидалды, ми ішілік және басқа да ми сауыты ішілік қан құйылу, ми инфарктісі, ми ишемиясы ж.б.). Әлсін-әлсін естен тану жағдайларында терең тексерумен емделуден өтуі тиіс. Оларды жекпе-жек, күрделі координациялық спорт түрлеріне және су спорттарымен шұғылдануға жіберуге болмайды.

8.Орталық нерв жүйесінің аурулары (дегенеративті, бас ми мен жұлын ісіктері, туа біткен аномалиялар және басқа да нерв-бұлшық ет аурулары).

9.Шеткері нерв жүйесінің аурулары.

10.Шеткері нервтердің жарақаттары және олардың салдары.

11.Бас сүйектерінің сыну кезінде болатын салдары (ми сауыты, бет сүйектері соның ішінде төменгі және жоғарғы жақ сүйектері, басқа да сүйектер) орталық нерв жүйесінің табиғи зақымдарының белгілерісіз, тек ми сауытының ішінде бөтен заттардың болуы ж.б.

12.Орталық және шеткері нерв жүйелерінің, сонымен бірге оларды хирургия жолымен емдегенде уақытша болатын қызметтік бұзылуы әсіресе өте қатты ауырып жарақаттар алған кездерде жұмысының бұзылуы.



Бас ми мен жұлынның жабық түрдегі жарақаттарын алған адамдар егерде аспаптар арқылы дәлелденген орталық нерв жүйесінің жарақатталған белгілері болмаса және толық емделгеннен кейін, спортпен шұғылдануға 12 айдан кейін жіберілулері мүмкін (жарақаты көп спорт түрлеріне жіберілмеуі мүмкін).
Тексеру сұрақтары: Алғашқы және жыл сайындық дәрігерлік тексеру тәсілдеріне нелер кіреді? Қосымша дәрігерлік тексерулерге қандай амалдар кіреді? Кезеңдік бақылау деген не? Ағымдық және жедел тексерулерге қандай тәсілдер кіреді? Параклиникалық минимальді тексеру кешеніне қандай тәсілдер кіреді? Денсаулықты бағалаудың қандай градациялары бар?

Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
12. Тақырыптың аты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау
Мақсаты: Кезеңдік дәрігерлік –ұстаздық бақылауды әртүрлі спорт мамандықтарына байланысты өткізуді үйреніп танысу. Кезеңдік бақылауды ұйымдастыру негіздерін үйрену. Орталық нерв жүйесіне байланысты рефлекстерді зерттеуді сынамалармен таныстыру.
Тірек сөздер: Кезеңдік бақылау, негізгі нерв жүйесінің күшін, салмақтылығын және қозғалғыштығын анықтау, рефлекстерді зерттеу, қимыл – қозғалыстың координациясын зерттеу, нерв – бұлшық ет аппаратын зерттеу, анализаторларды (талдауыштарды) зерттеу.
Негізгі сұрақтар:

  • Әтүрлі спорт мамандықтарын кезеңдік дәрігерлік – ұстаздық бақылау мен тексерулер

  • ОНЖ зерттеудің функционалдық мүмкіншіліктері


Қысқаша мазмұны:

1. Кезеңдік дәрігерлік - ұстаздық бақылау жылына төрт рет өткізіледі:

  • Бірінші тексеру – дайындық кезеңінің кіріспе бөлімінде;

  • Екінші және үшінші тексеру – дайындық кезеңінің ортасында және аяғында;

  • Төртінші тексеру – жарыс алдындағы кезеңнің аяғына қарай.

Тіркейді:

  • Таңдап алынған спорт түрлеріне байланысты жетекші ағза жүйелерінің қызметтік мүмкіншілігін;

  • Жалпы дене жұмыс қабілеттілігін;

  • Ағзаның қуаттық қабілеттілігін;

  • Арнайы жұмыс қабілеттілігін.

Айналымды максимальды қуаттылық жұмыс атқарғанда:

  • Орталық нерв жүйесі;

  • Нерв – бұлшық ет аппараты;

Циклдік (айналымдық) субмаксимальді және үлкен жұмыс атқарғанда:

  • Гомеостазды сақтау жүйелеріне жауапты;

  • Кардиореспираторлық жүйеге;

  • Орталық нерв жүйесіне;

  • Нерв – бұлшық ет аппаратына.

Циклдік (айналымдық) орташа қуатты жұмыс атқарғанда:

  • Кардиореспираторлық жүйе;

  • Ішкі секіреция бездерінің жүйесі (эндокринді);

  • Орталық нерв жүйесі.

Ациклдік жаттығулардың әртүрлі түрлерін орындаған кезде:

  • Орталық нерв жүйесі;

  • Нерв – бұлшық ет аппараты;

  • Сезімтал (сенсорлы) жүйелер.

2.Орталық нерв жүйесінің қызметтік мүмкіншілігін зерттеу негіздері:

  • Кезеңдік неврологиялық бақылау;

  • Негізгі нерв үрдістерінің күшін зерттеу;

  • Негізгі нерв үрдістерінің тепе- теңдік пен қозғалғыштығын зерттеу;

  • Рефлекстерді зерттеу;

  • Негізгі ми нервтерін зерттеу;

  • Қимыл- қозғалыстың координациясын зерттеу;

  • Терең сезімталдылықты зерттеу;

  • Проприорецептивті сезімталдылыққа сынама.

Көру талдауышының қызметтік мүмкіншілігін зерттеу негіздері:

  • Көздің өткірлігін (көргіштігін);

  • Көру аймағының шекарасын.


Тексеру сұрақтары: Кезеңдік бақылау дегендіт қалай түсінесіңдер? Оны жылына қанша рет өткізеді? Ол тексерулер кезінде қандай мүмкіншіліктерді тіркейді? Максимальді, субмаксимальді, үлкен және орташа қуатты жұмыс атқарғанда қандай жүйелерді тексереді? Кезеңдік неврологиялық бақылау кезінде нелдерді тексереді? Рефлекстердің қандай түрлері бар?

Әдебиеттер тізімі: А.Макарова. Спортивная медицина: Учебник. – Советский спорт, 2004. 2. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К. Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – А., 1993. 3. Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина. Оқу құралы. Алматы, 1993, 75 бет. 4. Мұстафина Т:Қ., Амангельдиева Р.Р., Дунаева З.Қ. Патологические состояния и заболевания у спортсменов. Учебное пособие. Алма – Ата, 1986.
13. Тақырыптың аты: Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарды дәрігерлік – ұстаздық бақылау

Мақсаты: Нерв – бұлшық ет аппаратының функциональді мүмкіншіліктерімен студенттерді таныстыру. Тепе – теңдік талдауышының қызметтік мүмкіншіліктерінің негіздерімен танысу және меңгеру. Көру талдауышының қызметтік мүмкіншілктерімен танысып оны меңгеру болып табылады.

Тірек сөздер: Кернеу тонусы, латентті уақыт, бұлшық еттердің босауы, электроқозғыштық, реобаза мен хронаксия, Воячек, Лозанов, Брянов ж.б. сынамалары.

Негізгі сұрақтар:

  • Нерв – бұлшық ет апаратының қызметтік мүмкіншіліктерін зерттеу негіздері

  • Тепе – теңдік анализаторының функционалды мүмкіншіліктерін зерттеу негіздері

  • Көру талдауышының қызметінің мүмкіншіліктерін зерттеу негіздері


Қысқаша мазмұны:

1.Спортшылардың нерв – бұлшық ет аппаратының қызметтік мүмкіншілігінің белгілері:

  • Бұлшық еттің кернеу мен босау тонусы;

  • Бұлшық еттің кернеу мен босаудың латентті уақыты;

  • Бұлшық еттің максимальді жиілікпен жиырылуы;

  • Бұлшық еттің максимальді қысқа уақытта жиырылуы;

  • Бұлшық еттің электрқозғыштығы (реобаза және хронаксия)


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет