Семинар Тақырып атауы: Инклюзивті білім берудің ерекшелігі



Дата20.10.2022
өлшемі15,29 Kb.
#154086
түріСеминар
Байланысты:
Семинар,СОӨЖ-1
ҒПЗ 30.10, pdf 20211122 075111 0000, ЖОҒАРҒЫ ГЕОМЕТРИЯ СИЛЛАБУС (1), Презентация Microsoft PowerPoint (копия), Мысал, Документ (1), Документ (21), Практика 14, тесты 9 класс

1 семинар 
Тақырып атауы: Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі инклюзивті оқытудың ерекшеліктері туралы ақпарат беру. Ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісіне енгізу мақсатындағы инклюзивті оқытудың мәнін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар:
1.Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
2.Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисыны.
Тапсырмалар: Инклюзивті білім берудің тарихын кестеге толтыру.Оның мазмұны мен құрылымы бойынша талдау.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Бұл арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала, мүмкіндігінше қажетті деңгейде білім алуы тиісті.Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету.
Өткізу формасы: ауызша, кесте толтыру
Әдебиеттер :
1. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011, №7, 60-61 б.
2. К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі психология, 2010, №5,18-20 б.
1 СОӨЖ мазмұны:
Инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру пәні және міндеттері
Әдістемелік нұсқаулық: «Аквариум» – студенттерге мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогты жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен ролін атқарады. Сондықтан да мұны аквариум деп атайды.
Өткізілу формасы: «Аквариум»
Ерекше білімді қажет ететін студенттерге әдістемелік нұсқаулық: тақырып бойынша кесте құру/ ауызша баяндау
Бағалау критерийлері: Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
Мерзімі: Екі аптада 1 рет.
Әдебиеттер:
[2;4;7;10;11]

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет