Сен ќалай игіліктіѕ кілті бола аласыѕ немесеКаким образом ты можешь стать ключом к добру или как добиться успеха


اللّهُـمَّ أَعِـنِّي عَلـى ذِكْـرِكَ وَشُكْـرِك وَحُسْـنِ عِبـادَتِـكعبادتك



бет14/16
Дата09.06.2020
өлшемі204,5 Kb.
#63237
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
اللّهُـمَّ أَعِـنِّي عَلـى ذِكْـرِكَ وَشُكْـرِك وَحُسْـنِ عِبـادَتِـكعبادتك

«Уа, Аллаһ, маған Өзіңді зікір етуге, шүкір етуге және жақсы ғибадат етуге көмектес».

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жас жігітке қалайша сөйлегені мен әлде біреудің: «Әй, бала!», «Әй, надан!» деп айтуының, немесе сол сияқты дөрекі сөздерінің арасындағы айырмашылыққа қараңыздар.

Сондықтан да кім ізгіліктің кілті және жамандықтың құлпы болуды қаласа, өзін игі мінезбен көркемдесін.

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, мен көркем мінезді кемелдікке жеткізу үшін жіберілгенмін», - деп айтқанындай.



9. Тоғызыншысы: адамның өзі ізгілікке ұмтылмайынша, ізгілік жолында жарыспайынша, белгілі мақсатқа жете алмайды. Шуғайб (оған Аллаһтың сәлемі болсын) не деп айтқанына қараңыздаршы: «Өйткені Аллаһты көп есіне алған күйінде Аллаһтан және Қиямет күнінен үміт етуші (адам) сендер үшін ең жақсы өнеге болған еді ғой».

Және адамның өзіне қатысты осалдық танытып, тек тілімен ғана шақыруы жеткіліксіз. Оның өзі басқалар үшін өнеге болуы қажет.

Себебі адамның өзі жақсылыққа шақырса, ал оның амалдары адамдар үшін жамандықтың өнегесі болса, бұл – өте жаман нәрсе. Ибн Қайим былай деп айтқанындай: «Жаман ғалымдар Жәннаттың қақпаларының алдында отырып, өздерінің сөздерімен оған шақырады және сол мезетте өздерінің амалдарымен Тозаққа да шақырады, әрі олардың сөздері: «Асығыңдар!» - деп айтқан сайын, олардың амалдары: «Оларды тыңдамаңдар, өйткені олардың шақырып жатқан нәрселері ақиқат болғанда, олардың өздері ең бірінші болып өздерінің шақыруына жауап беретін еді», - деп айтады».

10. Оныншысы: Қиямет күні мен Аллаһпен кездесуді, адамдардың амалдарына сәйкес есеп алынатынын, Жәннат пен Тозақты, есеп беру болатынын және не істесең де және не айтсаң да, сол үшін Қиямет күні Аллаһтың алдында есепке тартылатының туралы ойлану.

Жәннаттың қақпалары сегіз, ал Тозақтың қақпалары жетеу екенін есіңе ал. Аллаһ Тағала былай деді ғой:



وَسِيقَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِلَى جَهَنَّمَ زُمَراً حَتَّى إِذَا جَاؤُوهَا فُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا أَلَمْ يَأْتِكُمْ رُسُلٌ مِّنكُمْ يَتْلُونَ عَلَيْكُمْ آيَاتِ رَبِّكُمْ وَيُنذِرُونَكُمْ لِقَاء يَوْمِكُمْ هَذَا قَالُوا بَلَى وَلَكِنْ حَقَّتْ كَلِمَةُ الْعَذَابِ عَلَى الْكَافِرِينَقِيلَ ادْخُلُوا أَبْوَابَ جَهَنَّمَ خَالِدِينَ فِيهَا فَبِئْسَ مَثْوَى الْمُتَكَبِّرِينَ وَسِيقَ الَّذِينَ اتَّقَوْا رَبَّهُمْ إِلَى الْجَنَّةِ زُمَراً حَتَّى إِذَا جَاؤُوهَا وَفُتِحَتْ أَبْوَابُهَا وَقَالَ لَهُمْ خَزَنَتُهَا سَلَامٌ عَلَيْكُمْ طِبْتُمْ فَادْخُلُوهَا خَالِدِينَ. وَقَالُوا الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي صَدَقَنَا وَعْدَهُ وَأَوْرَثَنَا الْأَرْضَ نَتَبَوَّأُ مِنَ الْجَنَّةِ حَيْثُ نَشَاء فَنِعْمَ أَجْرُ الْعَامِلِينَ

«Иман келтірмегендер топ-топ Тозаққа айдалады. Сондай-ақ оған барғандарында оның есіктері ашылады. Оларға оның күзетшілері: "Сендерге іштеріңнен өздеріңе Раббыларыңның аяттарын оқитын және осы күнге жолығатындықтарыңды ескертетін елшілер келмеді ме?" - дейді. Олар: "Әрине келді. Бірақ азап үкімі қарсы болушыларға шындыққа айналды", - дейді. Оларға: 'Ішінде мәңгі қалатын Тозақтың есіктерінен кіріңдер!" - делінеді. Тәкаппарлардың орны нендей жаман! Ал Раббыларына қарсы келуден сақсынғандар, топ-топ Жәннатқа жолданады. Сондай-ақ олар оған барғанда, оның есіктері ашылады. Оларға оның сақшылары: "Сендерге сәлем. Қош келдіңдер, Жаннәтқа мәңгі қалатын түрде кіріңдер!" - дейді. Олар: "Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді Жәннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаһқа барлық мақтау лайық. Жәннаттан қалағанымызша орын аламыз. Ғамал қылушылардың сыйлығы қандай жақсы!" – дейді» («Зүмәр» сүресі, 71-74).

Жәннаттың сегіз және Тозақтың жеті есіктері бар, ал әр есіктің кілттері болады. Жәннат пен Тозақтың кілттері мәңгі дүниеде (бақида) емес, бұл дүниеде (фәниде), ал мәңгі дүниеде (бақи) есеп айырысу ғана болады. Жәннаттың бұл дүниедегі кілттеріне келер болсақ, олар: бірқұдайшылық, намаз, ораза және басқа да көптеген игі амалдар. Ал Тозақтың бұл дүниедегі кілттері – бұл көпқұдайшылық, бидғаттар, күнәлар.

Көпқұдайшылық пен күпірлікке келер болсақ, кім бұларды ұстанған күйде жан тапсырса, ол үшін Тозақтың есіктері мәңгілікке ашылады, ал егер адам ширктен таза, бірақ күнәлары болса, ол Тозаққа кіреді, азапталады, бірақ ол жерде мәңгі қалмайды.

Екі сахих жинақта, Абу Хурайрадан жеткен хадисте Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны баяндалады: «Кім Аллаһтың жолында біреуді қамтамасыз етсе, оны Жәннаттың есіген: «Уа, Аллаһтың құлы, бұл ізгілік», - деп шақырады. Ал егер ол намаз оқығандардан болса, оны намаздың есіктерінен шақырады, егер бұл адам көп ораза ұстаған болса, ол оразаның есіктерінен шақырылады, егер ол джихад жасаған болса, онда оны джихадтың есіктерінен шақырады, егер ол садақа бергендерден болса, садақа есіктерінен шақырылады. Сол кезде Абу Бакр: «Уа, Аллаһтың елшісі, Жәннаттың барлық есіктерінен бірдей шақырылатын адам болады ма?» - деп сұрайды. Ол: «Иә, және сен солардан боларсың деген үміттемін», - деп жауап береді.

Демек, намазды, оразаны тұрақты түрде орындау Жәннаттың кілтері екен, сол сияқты ізгілікке шақыру да, өйткені адамдарды ізгілікке шақырушы ізгілік жасаушы сияқты болады. Адамды ғибадатқа шақырдың, ол адам оны орындады, ал саған сол мезетте сауап жазылады, Жәннаттағы дәрежең жоғарылайды және сөйтіп сен ізгілікке нұсқаушы, Жәннаттың кілті болдың.

Сенің Жәннат пен Тозақты, Аллаһтың Алдында тұруды еске сақтап жүруің де өте маңызды болып табылады.




Каталог: books
books -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
books -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
books -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Ш. юлдошева, А. Нисанбаева
books -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
books -> Антон Первушин Астронавты Гитлера


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет