Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет11/521
Дата07.02.2023
өлшемі3,76 Mb.
#167853
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   521
Байланысты:
Серік Мырзалы Философия

ақыл-
ойға негізделген
сұрақтары мен жауаптарының дүниеге келуіне себеп 
болды.
Осы тұрғыдан алғанда, «Философия – ақыл-оймен ұсталып қалған 
тарихи дәуір» деген Гегельдің берген анықтамасында терең сыр жатса 
керек.
Әрине, дін де, философия сияқты, шынайы ең биік рухани құнды-
лықтарды, адамның өмір жолының адалдығын уағыздайды, бірақ 


15
олардың қайнар көзін «о дүниеден» табады. Философияны алсақ, сонау 
Көне Грекиядағы алғашқы пайда болған «Милет мектебі» өкілдерінің 
қойған: «Дүниенің негізінде не жатыр?» – деген сұрағынан бастап, 
осы күнгі ойшылдардың: «Адамзаттың болашағы бар ма, ия болмаса 
ол өзін-өзі экологиялық апатқа, дүниежүзілік ядролық соғысқа әкеліп 
өлтіре ме?» – деген сұрағына дейін, бұлардың бәрі де ақыл-ой таразы-
сына салынып, парасат шеңберінде талданады.
Философияның
басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашы-
лығы – оның 
рационалдығында
(ratіo – латын сөзі, ақыл-ой). 
Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының 
шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің 
категориялық (categorіa – грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл 
ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден 
алған тәлім-тәжірибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады.
Сонымен қатар философияны басқа жаратылыстану және әлеу-
меттік-гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін 
де байқауға болады (humanus – латын сөзі, адамдық, адамгершілік).
Біріншіден, философиялық 
категориялардың
(ұғымдардың) 
шегіне жеткенше жалпылығын
атап өтуге болар еді. Олар бол-
мыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен 
қатынастарын көрсетеді. 
Жеке ғылымдар
тек қана дүниенің 
белгілі 
бір бөлігін
ерекше нысан (objectum – латын сөзі, зат) ретінде қарап
соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді.
Екіншіден, философия, басқа ғылымдар сияқты, ғылыми деректерді 
пайдаланады. Бірақ философиялық деректердің айырмашылығы – ол 
жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   521




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет