Шағымдары құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Ауру анамнезі



бет4/8
Дата21.11.2023
өлшемі115,17 Kb.
#192705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сахиев Қамбар 414Б
Сөздің буыннан тұратын...D1� буын санын анықтайды, ОСӨЖ курмалас (копия)
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ
Күніне несеп мөлшері шамамен 400 мл. Дизуриялық бұзылулар жоқ. Несеп сабан-сары түсті.
Бүйрек пен қуық аймағы қарағанда өзгермеген, ісіну мен бұлтиып шығыңқы болуы байқалмайды. Бүйрек пальпацияланбайды, ауырсыну жоқ.
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУ
Дененің жекелеген бөліктерінің,бойының, дене бітімінің және пропорционалдылығының бұзылуы, акромегалия жоқ. Қалқанша безі қарағанда үлкеймеген. Ата-анасында қант диабеті аурулары болмаған. Себепсіз қалтырау, құрысулар жоқ.

ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ:
Дене бітімі дұрыс, дамуы пропорционалды.
Баланың туғандағы салмағы 2960 г, 1-айындағы 3600 г, қазіргі салмағы-4450 г, тиісті салмағы 4400г.
Баланың туғандағы бойының ұзындығы-52 см, 1-айындағы 54 см, қазіргі -56 см, тиісті бой ұзындығы 55 см.
Қазіргі бас шеңбері 36 см, тиісті бас шеңбері 37 см.
Қазіргі кеуде шеңбері 48 см, тиісті кеуде шеңбері 47 см.

НЕРВ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Нерв психикалық дамуы қалыпты, баланың қозғалмайтын заттарға көзі түседі, дыбыстарға реакция береді,үлкен кісінің оған арнаған сөзіне күлімсірейді, анасының дауысын таниды, басын тікесінен 1-2 минут ұстайды.

АЛҒАШҚЫ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ:
-шағымдары бойынша: Құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады.
-ауру анамнезі бойынша: Анасының айтуынша 4 күннен бері ауырады. Ауру баланың мұрынның бітелуімен, құрғақ жөтелдің болуымен, мазасызданып жылауымен, баланың әлсіреуімен басталған. Мұрынмен дем алуы қиындап, ентігуі мен тез дем алуын байқаған. Ентігуі ему және жылау барысында күшейеді. Анасы дәрігерге жүгінбеген. Өздігінен үй жағдайында емдеген. Тек кеудесіне, арқасына қыздыратын жақпа майлармен дренажды массаж ғана жасаған.
Сонғы жағдайының нашарлауы 17-қараша күні таңертең баланың әлсіреуі мен мазасыздығы, ентігуі күшейген. Соған байланысты жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдеммен «Беродуал» препаратымен ингаляция жасалынған. Шұғыл түрде «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» жеткізілген. Анасы баласының ауырып қалуын үйдегі үлкен баласынынын ауруымен байланыстырады.
-өмір анамнезі бойынша:. 3 апта ішінде инфекциялық аурулармен контакт: үлкен баласы үйде ауырған.
-обьективті қарау деректері бойынша: Баланың жалпы жағдайы ентігуге байланысты орташа ауырлықта. Стридор жоқ. Баланың санасы айқын. Бала мазасыз, көп жылайды. Тәбеті төмендеген.
- Тері бозғылт түсті, ылғалды, серпімді, жылы. Дене температурасы-37,5 С
-тыныс алу жүйесінін зерттеу деректері бойынша: Мұрын арқылы тыныс алу бітелуіне байланысты қиындаған. Тыныс алу беткей, ритмді, тыныс алу әрекетіне кеуде қуысының екі жартысы да қатысады. Құрғақ жөтел мазалайды. Экспираторлы сипаттағы ентігу байқалады. Бадамша бездердің, таңдай доғаларының, жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабаты сәл гиперемияланған. Жабындылар жоқ. ТЖ-46 /мин .
Аускультация: өкпенің үстінде пуэрильді қатқыл тыныс, екі өкпеде құрғақ сырылдар естіледі.ЖСЖ-128 соққы/мин.
Науқастың шағымдарына, ауру анамнезіне жәнеде объективті қарау деректерін негізге ала отырып,келесі алғашқы диагнозды негіздеймін: Жедел бронхит.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет