Шағымдары құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Ауру анамнезі



бет6/8
Дата21.11.2023
өлшемі115,17 Kb.
#192705
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сахиев Қамбар 414Б
Сөздің буыннан тұратын...D1� буын санын анықтайды, ОСӨЖ курмалас (копия)
Түскен кездегі шағымдары:
Құрғақ жөтелге, ентігуге, баланың әлсіздігіне, көп жылап мазасыздануына, ұйқысының бұзылуына шағымданады.


Ауру анамнезі: Анасының айтуынша 4 күннен бері ауырады. Ауру баланың мұрынның бітелуімен, құрғақ жөтелдің болуымен, мазасызданып жылауымен, баланың әлсіреуімен басталған. Мұрынмен дем алуы қиындап, ентігуі мен тез дем алуын байқаған. Ентігуі ему және жылау барысында күшейеді
Анасы дәрігерге жүгінбеген. Өздігінен үй жағдайында емдеген. Тек кеудесіне, арқасына қыздыратын жақпа майлармен дренажды массаж ғана жасаған.
Сонғы жағдайының нашарлауы 17-қараша күні таңертең баланың әлсіреуі мен мазасыздығы күшейген. Мұрын бітелуі осы кезге дейін сақталған, ентігуінің күшеюін байқаған. Соған байланысты жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдеммен «Беродуал» препаратымен ингаляция жасалынған. Шұғыл түрде «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» жеткізілген.
Анасы баласының ауырып қалуын үйдегі үлкен баласынынын ауруымен байланыстырады.


Өмір анамнезі: Бала 2-ші жүктілітен туылған. Жүктілік патологиясыз өткен, ем-шаралар жүргізілмеген, жүктілік кезіндегі денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Жүктіліктің 16-аптасында токсикоз орташа айқын болған. Жүктілік кезіндегі тамақтануы рационалды, тұрақты, көкөністер мен жемістерді көп тұтынған. Босануы қалыпты, ұзақтығы 8 сағат шамасында, өзі босанған.
Бала жетіліп 39 аптада туылған, массасы 2960 г, бойы 52 см. Туылғанда бірден жылаған. Апгар бойынша 7 балл қойылған. Туылғанда бірден бауырына басқан. Д тіркеуінде жоқ. Перзентханадан 3-күні шығарылған.
Кіндігі 3 күннен кейін түскен. Кіндік жарасы 6 күн ішінде іріңсіз, жараларсыз жазылып кеткен. Сарғаюы 10-күні жоғалған.
Бала бірінші рет ауырған. Аллергиялық анамнезі ауырпалықсыз. Профилактикалық егулеріді алған, егулерге жағымсыз реакциялар болмаған. Баланың тамақтарға және дәрілік препараттарға реакциясы жоқ.
Гемотрансфузия болмаған. Туберкулез, қызылшамен контактты жоққа шығарады. 3 апта ішінде инфекциялық аурулармен контакт: үлкен баласы үйде ауырған. Анасының айтуынша тыныс жолдарының механикалық обструкциясы белгілерін жоққа шығарады.
Отбасылық анамнезі: Анасы-27 жаста, сау. Әкесі-30 жаста, сау. Ата-анасы созылмалы, инфекциялық, тұқымқуалайтын, кәсіптік ауруларын жоққа шығарады. Отбасыда дені сау бала бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет