Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар


«АҒА, МЕН СІЗДІ ІЗДЕП БАРАМ»



Pdf көрінісі
бет12/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
«АҒА, МЕН СІЗДІ ІЗДЕП БАРАМ»
 
 
Мамыр мейрамы жақындап, елдің көңілі алып
-
ұша бастаған кезде Әбілдің тәжірибе жұмысы 
аяқталды. Мектептегі шаруасын бітіріп келсе, Жібек апай, Марат, Шолпан үшеуі түскі асты 
алдарына енді алыпты.
Жібек апай қуанып қалды:

Тамақ суымай жақсы
келдің ғой, қарағым. Мақтап жүреді екенсің. Кел, отыра қал.
Әбіл
қолын шайып, асқа отырды. Тәжірибе жұмысының біткенін, ертең Алматыға қайтатынын 
дастарқан жиналған соң айтпақ болды. Сөйтсе, Жібек апай да бұлар тамақты тыныш ішсін деп отыр 
екен, Әбілге, Маратқа, Шолпанға бір
-
бір кеседен сорпа құйып берді де, әңгімесін бастап кетті.

Әбіл
қарағым, бізге бір ақыл қоспасаң болмайды. Мына екеуі Мамыр мейрамында өйтеміз
-
бүйтеміз, бізге ананы
-
мынаны әпересің деп миымды жеп бітті. Мұғалімсің
ғой, айтшы, балалар 
қалай мейрамдаушы еді?

Мектепте мейрамға көп дайындық жүріп жатыр. Маратқа сол жетеді. Ал Шолпанды өзіңіз 
орталыққа ертіп барып, серуеңдетіп, балмұздаққа тойғызып қайтасыз да.

Осы екеуін бердім өзіңе мейрам күні. Ертесің бе, серуендетесің бе, өзің біл.

О
-
о, аға, сөйтіңізші, а? Сіздің айтқаныңызды орындап, тыныш жүреміз. Балмұздақты біреуден 
артық жемейміз.
-25



Марат қитыға қалды:

Иә, саған. Жесең, өзің же біреуін. Мен онын жеймін балмұздақтың.
Жібек апай күйіп
-
пісті.

Сенде тойым жоқ, Марат. Онын жеген соң, тамағыңнан
не қалады, ойбай
-
ау! Шолпан күліп 
жіберді.

Апа, онын жемейді. Әшейін айтады.
Бір қасарысса, кайтатын Марат па, өршелене түсті:

Онын, он бесін, жоқ, жиырмасын жеймін. Түк те болмайды. Талай жегем.

Жоқ, бұл жолы біреуден артық жемейсің. Мен ағаларыңа мықтап тапсырып жіберем. 
Ағаларың да, сеңдер де айтқан тілімді алмай көріңдер, түге...
Ойына келгеңді бүкпентайлап не керініпті Маратқа? Сөздің тоқ етерін бір
-
ақ айтты:

Мен тілін алмаймын оның. Ол біздің мұғаліміміз
емес, практикант.

Не деп отыр мына қағынғыр? Піректикең не, ей? Ағаң —
ол. Аласың тілін.

Мен біреудің емес, өзімнің тілімді алам. Балмұздақты көп же деп отырмын мен өзіме. 
Ендеше, көп жеймін.
Жібек апай шарасыз кейіппен Әбілге қарады.

Не дейсің бұған
енді? Дені дұрыс па өзінің?

Не дейін? Марат мөймөңкелеуді
білмейді. Дұрыс. Мұнысы —
қиқарлығы емес, шындықты 
айтқаны. Ешкімнің қақпалауына көнбейтін бітбеткей жігіт болады балаңыз.

Соңда да енді былай, үлкеннен қаймықпай ма екен?

Қаймықпайды
Марат.

Үлкенді
сыйлауы, тіл алуы керек.

Оныңыз жөн. Марат, меніңше, оңдай әдептілікті білуі тиіс.

Әй, қайдам, білмей ме деп қорқам. Мұғалімсің
ғой, соның бәрін білдірші бұған

тәрбиелеп 
беріп кетші маған мұны.
Марат өзі де әдемі жігіт болып өседі. Ал мен бүгін жүрем Алматыға. 
Практикам бітті.

Қалайша
тез біте қалды? Қап, мына екеуі әбден бауыр басып қалып еді, қоңылтақситын 
болды
-
ау!
Шолпанның көзі жәудіреп барады.
-
Аға, кетпеңізші. Мұғалім
болып жүре беріңіз өстіп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет