Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет9/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
БҰЛ ЖЕР –
 
БІЗДІКІ
 
 
Ертеңіне Маратқа Әбілмен бірге өтіп жүрген қызықты күндерінің бәрі түкке тұрғысыз боп 
көрінді. Балалармен ойнап келмекші боп, есікке беттей беріп еді:

Қайда
барасың? Құр жұлынғанша, қауын
-
қарбыз
себетін жерді неге аударып тастамайсың? 
Немене, саған
тамақ керегі жоқ па? Мен
аударып ексем, піскеңде ішінен шықпас едің, ә! —
деп 
апасы Маратқа бір міндет арта салғаны. Марат төбесінен суық су құйып жібергендей болды. Не 
ары, не бері жүрерін білмей, есіктің аддында тұрып қалды
.
Әбіл
Жібек апайдың мына сөзі өзіне де қатысты екенін түсіне қойды, денесін ширататын 
жұмыс табылғанына қуанып та кетті.
Әнеугүннен
бері неғып айтпадыңыз? Әлдеқашан аударып тастайтын ек қой, үйде артық 
күрек бар ма? Марат екеуіміз екі жақтап аударайық.

Марат, бар, Әли атаңдардың күрегін әкел.

Сөйт, Марат, әкеле ғой.
Мараттың өзіне салса, бүгін Әбілге жолағысы жоқ еді. Кешегіге қатты жауығып алған. Әбіл 
түк білмейтін кісі сияқты, ойыңда ештеңе
жоқ. «Марат, Марат» деп құрақ ұшып жүр. Онысы 
несі екен? Марат түкке түсінбей, Әли атасының үйіне қарай аяғын ыңдынсыз басып бара жатты.
Марат күрек әкелгенше, Әбіл қауын себетін тақта жерді әжептәуір қып еңсеріп тастапты. 
Марат қарбыз егетін жерге
-20- 


түсті. Әлінің келгенінше тырбындап, мұрнының ұшына дейін терлеп, қара суға түсті. Сонда да 
ештеңе өндіре алмайды. Әбілдің күрегі ұңғысына
дейін жер қауып, қара топырақты жентек
-
жентек етіп, тіліп түсіп жатыр, ортасынан ауып қалды. Маратқа бұл жұмыс ауыр соғады екен, 
бар аударғаны тоқымдай
-
ақ, Әбіл тағы біраз еңсеріп барып, күрегін жерге шаншыды да:

Марат, жер аударуға әлің келіңкіремейді екен. Одан да әуре болмай
-
ақ қой. Мен 
аударайын, сен тырмала. Қазір кішкене дем алайық, отыр, —
деді.

Сіз аударған жерді тырмаламаймын.

Неге?

Мен сізге өкпелеп қалдым. 
Әбіл
арық ернеуіне отыра кетті.

Кешегіні айтасың ба? Өзің ғой енді...

Мен емес, сіз кінәлісіз. Сіздің тепкен добыңыз Шолпанды жалпасынан түсіре жаздады. 
Шолпан —
менің қарындасым. Мен оны ешкімге ренжіткізбеймін.

Мұның дұрыс, ешкімге ренжіткізбе. Бірақ мен допты әдейілеп емес, абайламай тигізіп 
алдым ғой Шолпанға.

Шолпанға біреу тисе, мен қарап тұра алмаймын. Сіз болған соң шыдадым, басқа балалар 
болсыншы...

Не істейсің сонда?
-
Төбелесем.

Әй

Марат, Марат! Қызықсың, ей сен! Сөйтуге бола ма екен? Мейлі, сен —
бәрібір жақсы 
баласың. Шыныңды айтасың. Адамға ең қажеттісі —
шыңдық.
Марат Әбілдің сөзін қалай түсінерін білмей дал болып тұрған, жандарына Шолпан келе 
қалды

Шолпан Әбілдің күрегі
шаншулы тұрған жерді аяғымен шұқып:

Аға, былтыр мына жерге дәу қауын шыққан, биыл тағы шығады. Піскенде келіңіз, сақтап 
қоямыз, —
деді.

Иә, саған, сақтармын. Өзім жеймін.

Сақтап қоямыз. Апам екеуіміз піскен күні үзіп ап, саған көрсетпей тығып қоямыз.

Өйтіп
ерегіссеңдер, оны көктей жұлып тастаймын.

Мейлі, оны құртқаныңмен, басқа біреуін алып
қоямыз


Сенің қауында нең бар әуелім? Бір сүйем жер аударған
жоқсың.
 
-21- 



Сенің аударғаның сол
-
ақ па? Бәрін Әбіл ағам аударып жатыр.

Мейлі. Бұл жер —
біздікі. Оның қауын
-
қарбызын өзіміз жейміз.
Мараттың бет бақтыратын түрі жоқ. Шолпан не айтарын білмей тосылып қалды. Жабырқап, 
жыларманға келді. Әбіл Шолпанды аяп кетті.

Шолпан, Марат жай ойнап тұр. Немене, бір қауын
сақтап қоюға Мараттың мырзалығы
жетпей ме? Біреу түгіл, онын алып қояр Маратың, айта берсең. Солай емес пе? Марат, өзің айтшы

Шолпан сенің ойнағаныңа сеніп қалыпты

Марат —
тегінде, артында зілі жоқ, аңқылдақ, ақ көңіл бала. Аңғалдықпен бірдеңені бүлдіріп 
алғанымен, ізінше соны түзетуге асығатын.
Оңдайда орайы келіп қалса, тартынып қалған жері жоқ. 
Қазір шүу дегенде ерегісерін ерегісіп қап, енді не істерін білмей, дал боп тұрған.

Мен өзім аударған жердің қарбыздарының дәу
-
дәулерін түгелдей Әбіл ағама тығып қоям, —
деді.

Қазір Әбіл аға қарбыз егетін жерді де аударады. Сол жердің қарбызынан мен де қарбыз 
сақтап қоям, —
деді Шолпан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет