Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар


-17-  НЕГЕ ӘБІЛ КІНӘЛІ БОЛМАЙ



Pdf көрінісі
бет8/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
-17- 


НЕГЕ ӘБІЛ КІНӘЛІ БОЛМАЙ,
 
 
МАРАТТЫ КІНӘЛАЙДЫ?
 
 
Қаракемердің
күнбатыс
жағында Түрген өзенінің ескі арнасы бар. Бұл арнаның толып 
аққанын көрген адам жоқ. Өзі сондай терең, ені де әудемжер. Екі ернеуі —
құлама жар. Үлкен сай 
іспеттес, көктемде болмаса, су ағар табан арнаның өзі де ала жаздай аппақ боп қаңсып жатады. 
Арнаның екі жағы ернеу жарға дейін қалың шым, көк майса.
Балалар көктемгі
каникулға шыққалы бері Әбіл Мараттармен бірге осы көкке жиі шығып 
жүрді. Бір күні Әбіл денешынықтыру пәнінің
мұғалімі
Жанғали ағайдан доп сұрап әкелді. Доп 
ойнауға Нүскен де ере шықты. Нүскен —
алтыншы сыныпта оқитын ересек бала. Кәдімгі Мараттың 
шашын ауыртып алатын Әли атайдың немересі. Шолпан келе жаңадан бүрін жарған майда сары 
гүлдерді теріп кетті. Әбіл, Нүскен, Марат иіріліп тұрып доп қағуға кірісті. Бірақ Марат бұл ойыннан 
ештеңе шығара алмады. Қолының әлі келмей ме, жоқ, әдісін білмей ме, екі
-
үш рет әуелеп келе 
жатқан допты аламын деп, саусақтары қайрылып қала жаздады. Сосын жан
-
жаққа қашқан допты 
қуамын деп, ала өкпе болды. Әбден шаршады.
-
Аға, қақпа ойнайықшы, —
деді ақыры.
Әбіл көне кетті. Көнбегенде қайтсін, Марат бұлар үшін бостан
-
бос қара тер болды.
Ойынның шарты пәлендей қиын еместі. Арасын әжептәуір етіп екі жерге тас үйсең, қақпа 
болады да шығады. Кезек
-
кезек біреу кақпашы болады. Қалған екеуі екі жағында тұрып алып 
қақпаға доп тебеді. Төрешінің түкке керегі жоқ. Доптың өткен
-
өтпегенін барлық ойыншы өзі көріп 
тұрғанда, ол не қызмет атқарады.
Бірінші Әбіл қақпашы болды. Әбіл Маратты көңілдендіру үшін:

Марат нағыз футболшы екен ғой, —
деп әлденеше
рет ұстай алмаған
болып, допты өткізіп 
жіберді.
Марат бұған
масаттанып жүр. Ойын қыза түсті. Енді қақпаға Нүскен тұрды.
Шолпан гүл теруін 
қойып, қақпаның бір бұрышына таман тұрып, ойынды қызықтай бастады. Бір уақытта Әбілдің 
тепкен добы ауа жайылып барып 
Шолпанның бетіне сарт ете түсті. Бейқам тұрған
-18- 


Шолпан ұшып кете жаздады. Шалқалап барып, әрең қалды. Шолпан бетін қолымен басып, 
еңіреп жылап қоя берді.

Қоя
қой, Шолпан. Байқамай тиіп кетті. Ештеңе етпейді. Ойнап жүріп жыламас болар, —
деп Әбіл Шолпанды жұбатып жатты.

Неге ұрасыз? Апама айтам. Үйден шығарып жібереміз, —
деді Марат қызараңдап.

Қой
әрі! Ұрған кім! Абайсызда тиіп кетті ғой, —
деді Әбіл.
Марат тағы бірдеңе дегісі келіп еді, Әбіл ағай сұрланып кетіпті, содан қаймықты. Марат 
сонда да: «Бәрібір апама айтып барам» деп іштей өшіге түсті.
Маратқа енді ойынның қызығы 
болмай қалды. Кеткісі келді. Жан
-
жағына қарап еді, Шолпанға тиген бойда домалап барып 
анадай жерде жатқан допқа көзі түсті. «Ақыры өзім ойнамаймын. Бұлар да ойнамасын» деген ой 
келді
де, допты ала қашты.

Қайда
апарасың? Тастап кет.
Марат артына бір қарады да:

Ойнамайсыңдар, —
деп айқайлаған күйі құлама жарлауытты өрлеп кете барды.
Сайдағылар Мараттың іштарлығына қатты наразы боп қалды.
Марат келе апасына:

Әбіл
аға Шолпанды
ұрды. Шолпан жылап қалды, —
деді ентігіп.

Неге ұрсын? Қой әрі! —
деді апасы самарқау ғана.

Бетіне доппен періп жіберді. Шолпан шалқасынан түсті. Беті күп боп ісіп кетті, —
деп 
Марат өтірікті судай сапырды.

Мына құрымағыр шын айтып тұр ма? Даладан бірдеңе көрсең, екі есе қып өсіріп келетінің 
бар еді, соның ұстап тұрған шығар. Шолпан қайда енді? —
деп апасы шын күдіктеніп, 
әбігерленіңкіреп қалғандай болды.
Бірақ үйге Шолпан келгенде, Мараттың өтірігі тағы ашылып қалды.

Иә, абайсызда тиіп кетті ғой. Жығылғам жоқ. Еш жерім де ауырмайды. Өтірік, —
деп тұр 
Шолпан.

Марат, сен өзі өтірікші екенсің ғой. Көзбе
-
көз жала жапқаның не? —
деп Әбіл де 
Шолпанды қостап қойды.
-19- 



Бұл ма, бұл оңбайды. Даладан бірдеңе көрсе болды, «пәлен бүйтіп қойды, түген сүйтіп 
қойды» дейді де жүреді. Онысы несі, сайтан құсап допты ала қашқаны? Мұның әдеті, балаларға 
маза бермейді, тыныштық көрсетпейді, —
деп апасы Мараттың өзін кінәлай жөнелді.
Марат 
апасына ренжіп қалды. Бүған ренжімегенде кімге ренжиді? Ренжігендегі ойы мынау: «Апамның 
мұнысы несі екен? Одан да «допты неге Шолпанға қарай
тебесің?» деп Әбіл ағаға ұрыспай ма? 
Доп ауа ұшты деген де сөз бе екен? Әйтеуір, сол тепкен доп тиді ғой. Бұдан артық көк ала 
қойдай ғып сабамақ па? Сүйте тұра неге Әбіл кінәлі болмай, мені кінәлайды? Апам қызық өзі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет