Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет2/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
ҚОС
 
ТЕНТЕК
 
БІР РЕНІШ, БІР ҚУАНЫШ
 
Марат балалармен ұзақ ойнап, түсте үйіне келсе, мама
ағашта атасының аты 
байлаулы тұр. Мараттың атасы Әшір Төменсазда кеңшардың қойын бағады. Ол кісі тек 
айлық ақшасын аларда болмаса, келмейді. Үнемі аға шопан Қуаттардың үйінде жүреді.
 
Марат атты көрген бойда қуанып кетті. Атасы келді дегенше, құт
-
береке келді 
демейсің бе?
«Атам үйде қазір шай ішіп отырған шығар. Шай ішіп болған соң, Шолпан екеуімізді 
ертіп дүкенге барады. Кәмпиттің қандай түрін алдырсам екен, ә?»
Марат осы оймен желпініп үйге асығып
-
аптығып кіріп келіп еді, атасы жоқ болып 
шықты. Қазандағы
сүр иісі мұрынды жарып, бүлкілдеп буы шығып, қайнап жатыр. Апасы 
нан илеп отыр. Қимылы ширақ, асығатын сияқты.

Апа, атам қайда?

Атаң кеңсе жаққа кетті, қазір келеді. Асығыс екен. Тамағы ертерек дайын болсын. 
Даладан шапшаң отын әкеліп, отқа сала қойшы, қазан қаттырақ қайнасын. Нанын илеп боп 
қалдым


деді апасы дөл Мараттың
келуін күтіп отырғандай.
Шолпан да:
-
Атам бүгін қонбайды. Олардың қойлары қоздағалы жатыр, —
деді.
Марат атасын үйден таппағанына бір түрлі
жасып қалды. «Апамдікі не, Шолпан 
тұрып, мені жұмсағаны?»
Бірақ
атасы үшін жасалып жатыр ғой бұл тамақ. Ол, мүмкін, жолай дүкеннен кәмпит, 
печенье құшақтап ке

-6- 


лер. Оның ар жағында қазір атасы келіп, Шолпан екеуі мойнына секіріп еркелей бастағанда, 
Шолпан бірдеңеден дау шығарып: «Жаңа атамның тамағы жылдам дайын босын, даладан 
отын әкеле ғой дегенде, тіл алмай қойғаның қайда?» —
десе, не бетін айтпақ.
Марат сыртқы есікті ашып, далаға шыға беріп еді, жанында бір бейтаныс жас жігіт 
бар атасы кақпадан кіріп келеді екен. Мараттың бұрын
-
соңды көрмеген адамы. Жан
-
жақтағы туыс
-
жекжаттарын есіне алды. Ешқайсысына ұқсамайды. Марат аңтарылып, 
қалшиып табалдырықта тұрып қалды.
Бейтаныс жігіт таңырқап, Маратқа қарап:

Ақсақал, мынау сіздің жігіт пе? Аты кім? —
деді.

Ие. Марат. Балам, ағаңа сәлем бермейсің бе? 

деді атасы күлімсіреп.
Атасының бейтаныс кісінің көзінше ескерту жасағанына Марат қатты қысылып
қалды. Жерге қараған күйі қораның бұрышында үюлі жатқан отынға қарай жүгіріп кетті.
Ол даладан отын қүшақтап үйге кірсе, апасы:

Жатам десең, жата ғой. Төргі үй бос тұр, оңаша, тыныш. Мына бір қос тентегіміз 
болмаса, шу жоқ. Бұларды өзің бойыңа үйір қылмасаң болғаны, —
деп жатыр екен.

Жарайды, жатайын, апа. Бала деген қайта жақсы емес пе?..

Атың кім, шырағым?

Әбіл


Қаңдай практика еді оның, қарағым?
Мараттың атасы бұл жайға әбден қанығып 
алған екен,
Әбілден
бұрын:

Қандай
дерің бар ма, мектепке келгеннен кейін бала оқытады да. Мұғалім
болуды 
үйренеді екен, —
деді.

Марат тым сотанақ
еді, жақсы болды ғой. Енді қайтер екен? Мұғалімнің көзінше 
бұзақылық жасар ма екен?
Апасының мына
сөзі Маратқа жығылған үстіне
жұдырық болды. Екі бетінің ұшы 
қызарып кетті. «Нұрғайша апай айтқан студент
-
практиканттар осылар екен ғой. Білмей 
қалдым ғой, білгенде жаңа бас киімімді алғаңда, соның өзі
-
ақ жетіп жатыр еді
-
ау! Әттеген
-
ай!» деп іштей өкініп қалды.
Пешке отын салып жатып көзінің астымен Шолпанға қарап еді, жүзінде түк те 
қысылғандық жоқ, «Үйімізге
-7-


мұғалім жататын болды. Қандай тамаша» дегендей қуанышты күлімсіреп отыр екен.
Маратқа осы сәтте бүкіл Қаракемерде Шолпаннан бақытты
адам жоқ тәрізді боп көрінді.
Мараттың мүшкіл халін сезді білем, Әбіл:

Марат жақсы жігіт сияқты ғой
өзі. Сотанақтығы қай жағында мұның? Апасына көмектесіп, 
от жағып жатыр, —
деп жылы ұшырады.

Бұл сөз Мараттың көңіліне демеу боп, аз да болса жадырап қалды. «Жаңа тіл ала қойғаным 
мұндай жақсы болар ма. Әйтпесе, нағыз
масқара болатын екем» деп ойлады. Қуанғаны сонша, 
қазірдің өзінде
далаға шығып, маңайдағы
балаларға түгел осыларды жариялап шыққысы келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет