Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет22/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
* * *
Былтыр. Бауыржан аяғын
апыл
-
ғұпыл басып жүрген. Бірде ертеңгілік ойынға шығайын деп 
киініп жатыр едім, апам:

Бекен, балаларды
ойнатып, үйде отыра тұршы. Біз картопты түптей салайық, жер боп кетіпті. 
Сонан кейін ойнасаң да жетер, —
деді.
-45- 


Төбемнен жай түскендей болды. Оң аяғыма бәтеңкемді сұққан
күйі сылқиып отыра кеттім. 
Бәтеңкемнің бауын байларымды да, қайта шешерімді де білмеймін. Қолым еріксіз жыбырлап
әлгіні умаждай бердім.

Не айттым саған? Шеш, бәтеңкеңді. Бала болып сенің
де бір пайдаңды көретін күн бар ма? 
Жоқ...
Аяғымның басына қараған күйі үнсіз мөлиіп отырып, енді ешқайда мойын бұра алмасымды 
білдім.
Үлкендердің
ашуланғанда өстіп артық кететіндері бар. Әйтпесе апам неге бұлай
дейді. 
Тіптен сол картопты түптеу керек деген мен емес пе едім. Әлімнің келгенінше тырбаңдап он 
шақты түбін түптедім де. Сонда өзі разы болып:

Айналайын, сен әлі жассың ғой. Сенің әлің келсе, біздің неміз бар? Қой, қабырғаңды 
қайыстырмай
-
ақ қойғын. Өзіміз
-
ақ бірдеңе қылармыз, —
деп еді.
Міне, ендігісі мынау. Аяғымды сілкіп
-
сілкіп, бәтеңкемді ытқытып жібердім.
Апам мұнымды мүлде елемей, Бауыржанды емізіп отыр. Бауыржан апамның бауырына 
тығыла түсіп, емшегін жабыса сорады. Бір кезде ол жалт бұрылып, маған қарады. Ашулы 
түрімнен қаймықты білем, аяғын тыпыр
-
тыпыр еткізіп, шешесінің бауырына қайта тығылды. 
Бірақ қайтып емген жоқ, ізінше басын қайта жұлып алып, маған қарап күлімсіреді. Оның осы бір 
шат жүзі жүрегіме нұр құйды. Еріксіз жымиып, менің де күлкім келіп барады. Бауыржан 
сықылықтап күлді.

Бауыржан, келе ғой, әуп етейін.
Бауыржан маған қарай талпынды. Апам қоя бере салды. Бауыржан тапырақтап келеді.

Ал, Бекен, балаларға ие бол.
Апам маған сенім артып барады. Мұндайда мен көл
-
көсірмін. Лып ете түстім.

Жарайды. Ойнап отырамыз.
Есік сарт жабылды. Бауыржан жан
-
жағына көз салды. Бетіндегі күлкі, қуаныш ізі тез арада 
ғайып болып, көздері адырайып, пәк жүзі лезде жабырқап, шешесін жоқтаған кейіп білдірді. 
Соны сезді де Алтын:

Бауыржан, зый
-
зый, —
деп
«Москвич» машинасын әрлі
-
бері жүгіртті.
Бауыржан Алтынның қуыршақтарының ішіне енді де кетті. Бара өзінен айнымайтын 
қорбиған ойыншық аюды
 
-46- 


құшақтап алды. Енді екеуі еш алаңсыз ойынға берілді. Менің оларға мүлде керегім жоқ сияқты. 
Өздерімен
-
өздері. Мен де өзіммен
-
өзім болып, суретті кітапшаларымды ақтаруға кірістім.
Бір уақытта аяқ астынан күтпеген жағдай болды.

Мишка —
баласы, мысық апасы болсын. Мишка жылайды, апасы емізеді. Міне, қазір. Ал, 
Мишка, жыла, —
деп Алтын мысықты Бауыржанға қарай
жақындатты.Сол сол
-
ақ екен, 
Бауыржан жылап қоя берді. Мен алғаш
ойындары екен дедім. Алтын да солай ойлапты.

Бауыржан, сен емес. Мишка жылайды, —
деп жатыр. 
Бауыржан шынымен жылапты. Бәрін тастады.

Апа, апа, —
деп есікке қарай еңбектеп барады.

Қайда барасың? Қайт, ей, қайт, қарағым!Мен кітап қызығын қимай самарқау сөйледім. 
Қайтпады.

Бауыржан, міне
-
міне. Мишка жыламайды. Өзің алшы, мә.
Мен енді Бауыржанды көтеріп әкеліп, қалың ойыншықтардың арасына қойдым. Сөйттім де, 
тып
-
тыныш отырған баланы жылатқан Алтынға ұрыстым.

Басқа ойын құрып қалғандай! Шешесін еске түсірген сен. Мишкаң құрығыр. Мишка
-
пишкамен қуып шығайын ба үйден?

Апама айтам.
Алтын да жылап есікке беттеді.

Қайт


деп қолынан тартып едім, тыртысып көнбеді.
«Апалап» жылап, еңбектеп 
Бауыржан келеді, шыңғырып, жұлқынып Алтын тұр. Ашуым келіп, еденді тарс дегізіп бір тептім. 
Бауыржан аңқайып
отырып қалды. Алтын қоймай жұлқынады. Өзімді
-
өзім ұстай алмай кеттім. 
Жағына шапалағым шарт ете түсті. Алтын шыңғырып отыра кетті.
Сол сәт
төрде ілулі түрған тобылғы сап, он екі таспа дырау қамшыға көзім түсті. Аяқ асты
қуанып кеттім. 
Жүгіріп барып жұлып алдым.

Үңдеріңді шығарыңдаршы, кәне! 
Екеуі де демдерін тартып үнсіз қалды.

Бар, бұрышқа. Ойнаңдар!
Ешқайсысы қозғалмады.
Бақырайып
-
бақырайып отыр.

Барыңдар деймін мен сендерге! 
Қамшымен
Алтынды жасқай бердім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет