Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет19/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
 
 
-37- 


жұпар иісі мұрнымды қытықтайды. Төсектің ортасы сай. Қыбыр
етсем, Рахима соған домалып
маған тығыла түседі. Бұл ештеңе емес
-
ау, қозғалақтасам, Рахима оянып кетер деп қорқамын. Не 
керек, тырп етпей, сірестім де қалдым. Астыңғы жамбасым талып шаршадым, бірақ шыдадым. 
Өстіп жатып, сілем құрып, қатып ұйықтап кетіппін.
Таңертең оянсам, Рахима жанымда жатыр. Менен кейін
-
ақ оянды. Апамды жылап жоқтаған 
жоқ, қайта көзін күліп ашты. Төсекте ойнап, біраз жаттық. Осыдан былай Рахима күнде менімен 
бірге жататын болды.
* * * 
Рахиманың бір қылығынан бір қылығы асып, бәріміздің аузымыздан да, қолымыздан
да 
түспейтін болды. Тұрған бойы қызық. Күніге бір өнер шығарады.
Ертеңгілік жуынып жаттым. Бауыржан күндегі әдетінше шайнектен маған су құйып тұрған. 
Рахима келді де, шайнектің тұтқасына жармаса кетті. Бауыржан берсін бе? Рахима айрылар емес. 
Әрі
-
бері тартқылаған соң, Бауыржан ашуға көшейін деді:

Жібей, ұям!
Рахима көмек көрсетуімді өтінгендей өте аянышты түрмен маған қарады. Қалайда шайнекті 
алып бер деп тұр.
Бауыржанға қарасам, оның да көнетін түрі жоқ, ашулы. Қайтпек керек? Сәл ойланып қалдым. 
Дегенмен, ебін тауып, Бауыржанды көндірмесе болмайды.

Бауыржан, Рахима сенің де қарындасың ғой. Сен –
есің бар үлкен жігітсің. Сол
-
ақ құйсын, 
бер.

Беймеймін.
-
Рахима сенің қолыңа да құяды. Үйдегі ең кішіміз —
осы, соңдықтан ол бәріміздің қолымызға 
су құюы
керек.

Маған құйса, бейем.

Сөйтпейсің бе бағанадан бері. Ал, Рахима, құя ғой. 
Бауыржан шайнекті жібере салды. Рахиманың әлі
келмейді екен. Бар күшін
салып көтерген 
болады, шайнек ырқына көнбей, су қалай болса солай сорғалайды.
Мен Рахиманың көңілін
қалдырмайын деп, шала
-
шарпы жуыңдым.

Жарайсың, Рахима, —
дедім жорта.
Рахима мәз болып қалды. Еңді ол Бауыржанның қолына су құймақ болып еді, Бауыржан:
 
-38- 



Кейегі жоқ. Бұл құя
алмайды, —
деп ат
-
тонын ала қашты.
Рахиманың қуанышы су сепкендей басылып, аяқ астынан жабырқап қалды. Бауыржанның 
мына қылығына ашуым келіп бір тұрдым,
өзімді
-
өзім әрең тоқтаттым. Рахимамен бірге шайнек 
тұтқасын ұстадым да:
-
Жоқ, құя алады. Қарашы, нанбасаң, —
дедім. 
Даусым қатқылдау шықты. Рахима бетіме қарады.
-
Бауыржан қазір жуынады. Ал, —
дедім.
Рахима маған разы кейіппен қарап жымиды. 
Бауыржан менен сескенді де, бұртаңдауын қоя қойып, жуынуға кірісті. Болған соң ол:

О, о, Иахима дәу болыпты, —
деп қуланды. Рахима қуанды. Үшеуіміз де рақаттанып күлдік.
* * *
Мектептен келсем, аулада Алтын, Бауыржан, Рахима үшеуі ойнап жүр екен. Мені көре салып 
Рахима:

Аққа, аққа, —
деп тапырлап тұра жүгірді. Жаныма жеткенде қолына сөмкемді ұстата
салып 
едім, жерге сүйрете
-
мүйрете үйге қарай ала жүгірді.
Алтын


Құртты
мынау,
құртты! —
деп еді, елемеді де. 
Ертеңіне де Рахима маған аулада ұшырасты. Тағы да
арсалақтап жүгіріп келіп, сөмкеме 
жармасты.
Өсте
келе, Рахима менің жолымды тосып тұруды әдетке айналдырып алды. Түс
кезінде 
екеуіміз үнемі не аулада, не қақпа алдында
ұшырасамыз. Далада мейлі жел тұрсын, мейлі құйын 
болсын, Рахима оның бірін де елемейді. Апам рұқсат
етпесе, жылап берекесін алады екен. Сонан 
соң лажсыздан жылы киіндіріп жіберуге мәжбүр болыпты.
Көктемнің небір күңгірт, лайсаң күндерінде
де қалшылдап тоңып тұрып мені қарсы алды. 
Мұндайда ол да, мен де үлкен қуанышқа кенелеміз. Мен оған сөмкемді бермес бұрын көтеріп 
алып, аймалап құшақтаймын, екі бетінен алма
-
кезек сүйемін. Рахима тоңғанын мүлдем ұмытып, 
шат үнмен сақылдап күледі. Суық біткен ғайып болып, екі беті бал
-
бұл жанады. Дәл осы сәтте
ол 
ботақандай
сүйкімді, лақтай ойнақы болып кетеді.
 
-39- 


* * *
Бірде Рахиманы ауладан кездестіре алмадым. «Бұған не болды?» деп үйге асығып
-
аптығып 
кіріп келсем, төрде Іздән әпкем отыр. Рахима інісі Рахметті алдына алып алыпты. Ешкімді елейтін 
емес. Айналып
-
толғанып, асты
-
үстіне түсіп әлек. Бауыр деген қиын ғой, маған қарайтын түрі жоқ.
Рахиманы қызықтаймын деп әпкемді ұмытып кетіппін.

Әй, аман қайда? Батыр
-
ау, бізді ұмытқанбысың өзің, кел, —
деп әпкем қолын жайды.
Мен
тұра жүгірдім. Бара әпкемнің құшағына кіріп кеттім. Әпкем менің бетімнен сүйіп, 
шашымнан сипап біраз отырды да:

Бекен, апам сені Рахиманы жақсы көреді дейді. Балаға суық едің, Рахметті қолыңа алшы, 
көрейін, —
деді.
Рахима келгелі «балаға суық» деген пәледен құтылғандай
болып едім, тағы шыға келді 
алдымнан. Әпкеме бауырмалдығымды көрсетейін деп лып етіп, Рахметтің жанына барсам, Рахима 
жолатпады.

Апат, Апат, —
деп айналып, үйіріледі.

Ойпырмай, мынаны
-
ай, ей!

Бәсе, іші қу деп едім ғой мұның, —
десіп әжем мен апам күліп жатыр.
Рахима інісін қанша жақсы көріп, екі елі айрылмай қойғанымен, Іздән әпкеме көп жоламады. 
Біздің үйдің ішінен бір түрлі қаймығып қуыстанатын сияқты. Шешесіне әрі қызығып, әрі 
жабырқап қарап
-
қарап қояды
.
Шай ішіп бола бергенімізде, бір қызық болды. Рахима біреудің алдынан, біреудің артынан 
өтіп
дөңгелек үстелді жағалап ойнап жүрген, әпкемнің жанына барып қалыпты. Оған назар 
аударған ешкім жоқ еді. Мен:

Бара ғой, Рахима, шешең ғой. Бар, —
дедім. Сол сол
-
ақ екен, әжем мен апам іліп әкетлі.

Бүйрегің бүрып тұр ғой, ә. Бар еңді.

Әй, ана көкірек
-
ай, ұмытпапты
-
ау әлі!
Рахима бір үлкен ағаттық іс істеп қойғандай, не істерін білмей мөлиіп тұрды да қалды. Үстіңгі 
ерні дүрдиіп, мұрны кішірейіп, беті жыбыр
-
жыбыр етеді. Әрі де, бері де баспады.

Е, қойындаршы, қызымды сонша ұялтпай. Әкпемнің
мына сөзін естісімен, Рахима 
шыңғырып қоя
берді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет