Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет13/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

Азияға саяхаты


Генуяда дүниеге келген. 1461 жылы оның отбасы Венецияға көшеді. Венециандық сауда компаниясына қызмет еткенде Кабот Таяу Шығыстан үндіс тауарларын əкелуге барады. Меккедеболады. Арабтардың түсіндіруінен Кабото дəмдеуіштердің Үндістанның солтүстік-шығысындағы елдерде жасалатынын білді. Жерді шар тəріздес деп есептейтіндерді қолдаған Кабото үндістердің солтүстік-шығысындағы мемлекеттер итальяндықтардың солтүстік-батысында деген қорытындыға келді.

Ньюфаундлендті ашуы


1494 жылы Кабот Англияға көшеді. Дəл осы жерде оның есімі ағылшынша айтылып, Джон Каботқа айналады. Бристольдық көпестер Колумбтың жаңалығы жайлы естігеннен кейін экспедиция жасақтап, оның басшылығына Джон Каботты тағайындайды. Ағылшын королі, VII Генрих Кабот пен оның ұлдарына жазбаша түрде барлық аймақтарда, орындарда жəне Шығыс, Батыс, Солтүстік теңіздерінде жүзуге рұқсат берді.

Қорыққан бристольдік көпестер оған «Мэтью» атты тек бір кемені жасақтап беріп, 18 адамды экипажға қалдырды. 1497 жылдың мамыр айының 2 немесе 20 жұлдызында Кабот Бристольдан батысқа қарай жүзіп шықты. 24 мамырдыңтаңында Кабот Ньюфаундленд аралының ұшына жетіп, бұл жерді Терранова деп атады. Жағалаулардың бірінде ол кемеден түсіп, жерді ағылшын патшасының меншігі деп жариялады. Одан кейін Кабот оңтүстік-шығысқа жүзіп, теңізденбалықтың үлкен қорын байқайды. Осылайша, Үлкен Ньюфаундлендтік банка, əлемдегі балық шаруашылығы ең жақсы дамыған аймақтардың бірі ашылды. 20 шілдеде Кабот Англияға жол тартып, 1497 жылдың 6-тамызында Бристольге жетті.

Кабот өзі тапқан балық қорларын дұрыс бағалаған болатын, Бристольда ол енді ағылшындықтардың Исландияға барып балық ауламауына болатындығын жариялады. Ал Англия азаматтары Кабот «Үлкен балықтар елін» тапты деп есептеді (Қытайды Батыста солай атайтын).



Америкаға екінші саяхат


1498 жылдың мамыр айының басында Бристольден Кабот бастаған екінші экспедиция, 5 кемеден тұратын флотилия шықты. Тарихшылардың болжамы бойынша, Кабот жолда дүниеден өтіп, кемелерді басқару оның ұлы Себастьян Каботқа өткен.

Екінші экспедиция жайлы білетініміз бірінші экспедициядан да аз. Айқын болған тек бір факт - 1498 жылы кемелер Солтүстік Америка құрлығына жетіп, оның шығыс жағалауы арқылы өтіп, оңтүстік-шығысқа бет алғандығы. Себастьян Кабот кері бұрылып, дəл сол 1498 жылы Англияға оралған.



Екінші Кабот экспедициясының географиялық жетістіктері жайлы бізге ағылшын емес, испандық дереккөздер мəлімет береді. Хуан Ла Коса салған картада Эспаньола мен Кубаның солтүстігі мен солтүстік-шығысында ұзақ жағалаулықбойлық өтеді. Бұл бойлық бойындағы өзендер мен географиялық орындардың атауы, «ағылшындар ашқан теңіз» деп аталған бұғаз бен бірнеше ағылшындық тулар да осы картада бейнеленген.

15 – тақырып.

П.П. Семенов – Тянь Шаньский

Семенов-Тян-Шанский (1906 жылға дейін Семенов) Петр Петрович [2.(14). 1.1827, қазіргі РФЛипецк облысы Чаплыгин ауданы Урусово с. маңындағы иелік — 26.2. (11.3.)1914, Санкт-Петербург] — Ресей географы, статист, қоғам және мемлекет қайраткері, Санкт-Петербург ғылым академиясының құрметті мүшесі (1873). Орыс География қоғамының вице-төрағасы (1873 — 1914).



Санкт-Петербург университетінің жаратылыстану бөлімін бітірген (1848). 1851 ж. Дон бойының флорасын зерттеп, магистрлік диссертация қорғады. 1853 — 55 ж. Германия, Швейцария, Италия, Францияның географиясын, геологиясы мен экономикасын зерттеді. С. 1856 — 1857 ж. Тянь-Шаньға саяхат жасап, бұл орасан зор тау жүйесінің жанартаудан пайда болғанын дәлелдеп, оның орографиясын және биіктік белдемдігін анықтады, ірі мұздықтарды ашты. Сырдарияның бастауын зерттеп, Шу өзеннің Ыстықкөлден ағып шықпайтынын дәлелдеді. 50 тау шыңының биіктігін өлшеп, 23 асуды зерттеді, 1500-ге тарта тау жыныстарының коллекциялары мен өсімдік гербарийлерін жинады. Семенов Тян-Шанский география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Іле жазығы деген атаулар енгізді. Семенов Тян-Шанскийдің көмегімен Орыс География қоғамының әйгілі Орта Азиялық экспед-лары (Ш.Уәлиханов, Н.М. Пржевальский, М.Б. Певцов, Г.Н. Потанин, т.б. қатысқан) ұйымдастырылды. Семенов Тян-Шанский шет елдік және ресейлік 53 ғыл. мекеменің құрметті мүшесі, 20 ғыл. қоғамның мүшесі болып сайланды. Семенов Тян-Шанский саяхаты кезінде қазақтардың тұрмыс-салтымен терең танысты. Уәлихановты Орыс География қоғамының мүшелігіне ұсынды. Шоқан мезгілсіз қайтыс болған соң ғалымның еңбектерін жинақтап, жариялауға атсалысты. Семенов Тян-Шанский есімімен ондаған тау шыңдары мен мұздықтар, 30-ға тарта өсімдік, көптеген жануарлар туыстары мен түрлері аталады.

Каталог: uploads -> doc -> 06a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a0 -> Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге мақтанышымыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет