Шұбарши орта мектебі «Материктер мен мұхиттарды зерттеуші географ – саяхатшылар»



бет10/38
Дата16.11.2016
өлшемі5,1 Mb.
#1834
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

Шығу тегі. Отбасы


Амундсендер тегінің генеалогиясы XVII ғасырдан бастау алады: оның ата-бабалары Асмалёй аралынан шыққан шаруалар болған. Руальдің үлкен атасы Шебергтен жер сатып алуға мүмкіндігі жеткен. Руальдің атасы Амундсен тегін алған алғашқы адам болған, ал әкесі — Йенс Амундсен (1820—1886) — 12 баланың 4-шісі болған. Аға-інілі Амундсендер теңіз саудасымен айналысқан және Боргедегі жалпы жеке қонысқа ие кеткен. 1880-ші жылға қарай отбасы иелігі 20 кемелер мен қайықтарға және жеке кеме шығаратын жайға дейін жетеді.

Йенс Амундсен Қырым соғысы арқасында байіды. Ол соғыс кезінде ағылшын және француз әскерлеріне бидай мен сабан тасыған; оның «Феникс» кемесі Севастопольді қоршау кезінде ағылшын офицерлерін орналастыруға пайдаланылған[4]. 1866 жылы Қытайдан Кубаға қарай қант плантацияларына 300 қытайлық кулилерді тасыған[5].

1863 жылы,43 жасында атқамінер Ханн Хенрик Густав Салквисттің қызын әйел ретінде алған. Оның отбасында 4 ер-бала туылған—олар:

  1. Йенс Уле Антони (лақап аты «Тони»), 1866 жылдың қаңтар айында теңізде қытайлық кулилерінің бунты кезінде туылған. Кәсіпкерлікпен айналысқан және маргарин мен құрғақ сүттішығару жаңа технологиясын ойлап тапқан.

  2. Густав Салквист, 1868 жылдың 7 маусымында туылған. Әскери білім алған,1902 жылы лейтенант званиясына дейін көтерілген.

  3. Леон, 1870 жылдың 4 қыркүйегінде туылған. Коммерциялық гимназиясын бітірген, 1892 жылдан бастап Францияда тұрған. Францияда шарап саудасымен айналысқан.

  4. Руаль, 1872 жылдың 16 шілдесінде туылған.

Саяхат барысы


Амундсен поляр сапарларының сәтсіздікке ұшырауының басты себебі - поляршылардың кемені дұрыс басқара алмағандығынан екендігін білді. Ол капитан шеніне емтихан тапсырды, кейіннен күрделі міндетті абыройлы атқарды: Атлант мұхитынан Тынық мұхитына және Канада Арктикалық аралдар шоғырына жүзіп өтті (1903-1906 жж.)

Келесі міндет - Солтүстік полюс, бірақ қосын әзір тұрған кезде американдықтардың полюсті бағындырғаны туралы хабар келді.

1911 ж. 14 желтоқсанында Амундсен ағылшын Роберт Скотты бір ай артқа тастап, Оңтүстік полюске жетті.

1918 ж. жазында батыл саяхатшы Сібір жағалауларын бойлай Солтүстік теңіз жолымен жүріп өтті және Солтүстік Атлантикадан Тынық мұхитқа апаратын екі жолды кемемен жүзген алғашқы адам болды.

1926 ж. төрт жылдық дайындықтан кейін ол Солтүстік полюс арқылы Шпицбергеннен Аляскаға дейін дирижабльде ұшып өтті. Бұл дирижабльді итальяндық конструктор және поляр саяхатшысы Умберто Нобиле құрастырып шығарды. Ұшудың жетекшілері – Нобиле мен Амундсенді қосқанда, 16 адам дирижабльге орналасты.

1928 ж. 18 маусымында Руаль Амундсен Нобиле қосынын іздеу үшін «Латам» гидроұшағымен жолға шықты. Нобиленің дирижаблі «Италия» Солтүстік Мұзды мұхитында апатқа ұшырады. Амундсен іздеу кезінде экипаждың бес мүшесімен бірге қаза тапты. Нобилені швед ұшқышы Лундборг құтқарып алды, итальяндық конструктордың сапарында аман қалған мүшелер «Красин» атты кеңістік мұзжарғыштың бортына жеткізілді.

Норвегияның ұлттық батыры, атақты саяхатшы Руаль Амундсеннің есімімен теңіз, шығанақ, тау, мұздық, Антарктидағы американдық ғылыми бекет («Амундсен-Скотт»), Солтүстік Мұзды мұхитындағы шығанақ пен шұңғыма аталады.



13 – тақырып.

Миклухо – Маклай

Миклухо-Маклай Николай Николаевич (1846-1888) – орыс саяхатшысы, антрополог, этнограф және биолог. 



  • Николай Николаевич Миклухо-Маклай 1846 жылы шілде айының 5-де Ресей империясы, Новгород губерниясы, Борович ауданы, Рождественское селосында туған.

  • 1863 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен. 6 айдан кейін студенттер қозғалысына қатысқаны үшін одан шығарылыпГейдельберг (1864),Лейпциг (1865) және Йен (1866 – 1868университеттерінде жаратылыстану мен медицинадан дәріс алған

1871- 1880 жылдары Оңтүстік-шығыс АзияАвстралия елдерінде және Тынық мұхит  аралдарында антропологиялық және этнографиялық зерттеулер жүргізіп, антропология мен этнография ғылымында үлкен із қалдырды. Ғылымда тұңғыш меланезия антропология типін сипаттап жазады, адамзат нәсілдерінің түр жағынан біртұтастығын және бір-бірімен туыстас екендігін, “төменгі” және “жоғарғы” нәсілге бөлудің ғылыми негізсіз екендігін дәлелдеген.



Маргарита Миклухо-Маклай балаларымен. Санкт-Петербург. 1888 ж.

Каталог: uploads -> doc -> 06a0
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06a0 -> Сыныбы: 5 сынып Сабақтың тақырыбы: § 58 Ұлттық теңге мақтанышымыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет