Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет13/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
– Тұрар, жүр кеттік,– деді Семашко есіктен кіре бере. Тұрар 
алдындағы  қағаздарын  жинастыра,  орнынан  тұра  беріп:
– Сұрауға рұқсат етіңіз, Андрей Павлович, қайда барамыз? – 
деді.
–  Тойға  барамыз,  Тұрар,  тойға.  Киргиздардың  қызығын 
көреміз. Айбар мырзаның қызын Бектен мырзаның баласы алып 
жатыр. Аспарада үлкен той. Киргиздардың тойы қызық болады 
ғой.  Экзотика.  Ат  жарыс,  тағы  не  деуші  еді  әлгі...  –  тергеуші 
маңдайын  ұстап  ойланып  қалды.  –  Әлгі  ешкінің  еркегіне 
таласатын  ойын.
– Көкпар, – деді Тұрар күліп.
– Иә, көкпар. Өте қызық ойын.
Кеңсенің  алдында  сүліктей  қара  қос  ат  жегілген  трашпеңке 
тосып  тұр  екен.  Ат  айдаушы  Семашко  мен  Тұрарға  картузын 
басынан  алып  сәлемдесті.  Жолға  шыққанда  Семашко  мырза 
Тұрарды  қасынан  қалдырмайды.  Соған  қарап  ат  айдаушы 
Тұрарды  бала  да  болса  сыйлауға  әдеттенген.
Қос қара жегілген жеңіл трашпеңке былқ-былқ етіп, Меркенің 
көшесінен өткенде, жолдағы адамдар тұра қалып, үйдегі адамдар 
жүгіріп  есіктің  алдына  шығып  қарап  қалар  еді.  Былқылдақ 
трашпеңкеде  Семашко  сынды  мырзамен  қатар  отыру  кімге  де 
болса  дәреже.  Тұрардың  орнында  қазір,  айталық,  Атамырза 
болса, мұндай  жағдайда шылымын күннің  көзінен  тұтатар еді. 
Ал Тұрар болса, осы отырысына ыңғайсызданады. Жаяу-жалпы 


халыққа опасыздық істегендей хал кешеді. Кейбіреулердің солай 
ойлайтыны да рас еді. Шәкірттерді былай қойғанда, Александра 
Сергеевнаның, өзі кейде күйме мініп кетіп бара жатқан Тұрарды 
көріп  қалып:
– Қарай гөр, шікірейе қалуын, құйтақандай чиновник, – деп 
жақтырмай  теріс  айналатын. 
Сонда күйеуі:
–  Эх,  Сашенька,  сен-ақ  сол  баланы  түсінбей  қойдың. 
Селтеңбайың ол емес,  мен білсем, одан бірдеңе шығады. Ал заң 
мекемесінде қызмет істеп, сот жұмысын білуі оған әбден керек-
ақ. Егер сен білсең ғой, оның Пушкинді, Лермонтовты, Гогольді, 
Чеховты, Горькийді қалай сүйіп оқитынын. Басқа балалар құсап 
жаттап алып, судыратып тақпақтап қана қоймайды, шығарманың 
қат-қат  астарын  да  аңғарып,  мән-мақсатын  сұңғыла  діттейді. 
Оның  пианинода  ойнағанын  көрген  жоқсың  ғой  сен.  Бір  күні 
сен  үйде  жоқта  менен  бір  кітап  алуға  үйге  келген  екен.  Біздің 
пианиноны  көріп:
Рұқсат па екен, Иван Владимирович – деді.
– Байқап көр, – дедім. «Маньчжурия қыраттарын» ойнағанда 
аузымды аштым да қалдым.
– Мұны қайда үйреніп жүрсің? – деп едім.
– Наташа деген қыздан, – деп күрсінді. Ол сенің сабақтарыңнан 
да үздік үлгеріп жүр ғой. Үлгермесе бір сәрі. Түсінбеймін, неге 
ұнатпайтыныңды.  Рас,  мінезі  тіктеу,  қызбалығы  да  бар.  Бірақ 
ретсіз, себепсіз қызбаланбайды.
–  Жә,  жарайды.  Тірі  болсақ,  көрерміз.  Мектепті  алтын 
медальмен  бітіргендердің  өзі  кейде  қызметте  дарынсыз  болып 
қалады.  Ал  орташа  деген  өмір  сынында  озып  кетеді,  –  деп 
Александра Сергеевна илікпей қалды. – Сенің Киргизбаевың да 
әзір «вундеркинд» болғанмен, кейін жәй көптің бірі болып қалып 
жүрмесін.
* * *


Қос  қара  жеккен  трашпеңке  заулатып  отырып,  Меркенің 
шығыс  жағындағы  Аспара  болысының  кіндігі  –  Бектен  болыс 
ауылына  тартты.  Май  топырағы  бұрқылдаған  қара  жолдың 
түстік  жағы  төбеден-төбеге  өрмелеп,  Аспара  тауына  ұласады. 
Терістікте  жасыл  майдан  онан  ары  сарғыш  белдер,  одан  да 
ары  бұлдыр  сағым.  Қос  қапталда  есіріп  өскен  сиыр  жоңышқа, 
құрақ  қамыс.  Көк  мойын  сарыала  шымшықтар  шырылдайды. 
Махаббат  маусымына  мас  болған  бөденелер  бытпылдықтап 
тыным  таппайды.
Көк  майсаны  теңіздей  кешіп,  әр-әр  жерден  асауларын 
ойқастатып  салт  аттылар  болыс  ауылына  жолсызбен  жортып 
барады.  Бектен  ауылы  дәл  қазір  алып  айдаһар  сияқты:  жан-
жақтан аттылы, жаяуларды өзіне қарай лебімен тартып жатыр. 
Аспандағы  ақ  желең  бұлттар  да  тойлы  ауылға  асыққандай, 
көк  тәңірі  теңізінің  кеудесінде  жүзген  ақ  желкенді  кемелер 
салтанатпен  лек-лек  ауып  келеді.
Қанның иісін жердің түкпірінен сезгіш қара қарғалар да топ-
тобымен ұшып барады. Иә, бұл тойда мал аз сойылмайды.
Адыр-адыр  қырлардан,  бұдыр-бұдыр  белдерден  түсіп, 
жоғарыдан  ақ  күндіктері  шарадай-шарадай  болып,  мама  бие 
мінген  бәйбішелер  де  теңселіп  келеді.  Сірә,  қырғыз  құдағилар 
шығар.
Мұрнын тесіп, өгіз мінгендер де өңкеңдеп кетіп барады. Олар 
сірә, көкпар тартпас, бәйгеге ат қоспас. Ақ орда сынды үйлерге 
еңкеймей кіріп, төрге де шықпас. Кедейдің бір тойғаны – шала 
байығаны,  мына  ағыл-тегіл  молшылықтың  сорпа-суына  бір 
тойсам деген үміт жетелеп келеді оларды.
Семашко мырза желпілдек, жеңіл мінез кісі емес. Той дегенде 
алып-ұшып, атқа жайдақ міне шабатын әдет мұнда жоқ. Бірақ бұл 
да  пенде.  Кеңсенің  қағазбасты  жұлын  құрттай  жұмысынан  бір 
мезгіл бұл да қол үзіп тыныстағысы келеді. Әрі десе Бектен болыс 
тойына арнайы шақырды. Сыйлы болыстың меселін қайтармас 
болар. Жазға шығып, жаны жадырап, көңілі көтерілген тергеуші 
Тұрарды бүйірінен түртіп қалып:


– Енді сен де жігіт болдың. Үйлендіреміз-ау осы, – деп әзілге 
басты.– Қалай, көз салып жүрген қызың бар ма? Бектен сияқты 
той жасаймыз, ә? – деді.
Қалжың  да  болса,  бұл  жайында  Тұрарға  қойылған  тұңғыш 
сұрақ  еді.  Он  төртке  жасы  жаңа  ілінген  баланың  қиялына 
қыз  сиқыр  әл-әзір  қона  да  қоймас.  Бірақ  Тұрар  қазір  сыйлы 
иесінің  тосын  сауалынан  сасып  қалып,  құлағына  дейін  күрең 
қошқылданып  шыға  келді.  Ол  жәй  жымиып,  басын  шайқады.
Сол-сол  екен,  көкірегінде  бір  ызың  тұрып  алды.  Әуелі  мән 
берген жоқ. Әлгі ызың күн суықта үйге кіріп кетіп, енді қайтып 
шығуға жол таба алмай аласұрған арадай мазаны алды. Әлден 
уақыттан кейін барып Тұрар оның әуен екенін аңғарды.
Баппен желген сүлік қаралар тербелткен трашпеңкенің ырғағы 
ма,  жоқ  әлде  көкпеңбек  аспанда  жарыса  жүзген  ақша  бұлттар 
ма немесе айнала масатыдай түрленген жасыл, қызыл желек пе 
–  ненің  әсері  екені  белгісіз.  Тұрар  әлгі  әуенді  ыңылдап  салып 
отырғанын өзі де сезбей қалды.
–  Оһо,  сен  бунтарь  поляктың  мелодиясын  білесің  бе?  –  деп 
Семашко  таңдай  қаққанда  ғана,  кеудеде  шырылдап  тұрған 
сиқырлы шымшық кенет ұша жөнелгендей, Тұрар әлгі ызыңнан 
айрылып  абдырап  қалды.
«Полонезді» баяғыда Наташа пианинода ойнаушы еді. Бірақ 
оның «Полонез» екенін, оны «бунтарь поляк» жазғанын Тұрар 
білген  емес.  Әйтеуір  жүрегіне  ұялап  қалған.  Музыка  ызыңы 
жалтыраған қара пианиноны, оның ақықтай аппақ пернелерінде 
ойнаған қыздың жіп-жіңішке сүйрік саусақтарын, перуза аспан 
түстес  көкшіл  көздерін  Тұрардың  санасында  қоса  тірілтіп 
жібергендей.  Қыздың  жіңішке  саусақтары  баланың  жүрегінің 
қылын  шертіп,  әуен  содан  шығып  жатқандай.
–  Бұл  әуенді  мұғалім  ойнар  еді,  содан  санамда  жатталып 
қалыпты,– деді Тұрар Семашко мырзаға. – Бунтарь поляк деген 
кім?  Оны  білмеймін.
–  Білмегенің  өте  жақсы.  Ондай  адамдардың  шығармасын 
ғана сүйіп, өзін білмей-ақ қоюға болады. Дегенмен, сен болашақ 
заң  қызметкері,  ұлы  империяның  киргиздан  шыққан  талантты 
тіректерінің  бірі  боларсың  деп  ойлаймын.  Сондықтан  бәрін 


білгенің  жөн.  Бунтарь  поляк  –  Огинский  деген  кісі.  Патшаға 
қарсы Костюшко бастаған поляк көтерілісіне қатысқан. Әрекеті 
бүлік  болғанмен,  музыкасы  ғажап,  «Полонезді»  мен  де  жақсы 
көремін.
«Сонда қалай? – деді Тұрар ішінен түйіліп. – Адамның жазған 
шығармасы жақсы, өзі жаман. Патшаға қарсы болғандығына бола 
жаман. Менің әкем де патшаға қарсы шықты. Демек, ол да жаман 
болғаны  ма?  Жоқ,  тергеуші  мырза,  мұныңыз  қате  сияқты.  Сіз 
«Полонезді» тыңдап, әуенді сүйіп отырасыз. Ал оның иесі сонда 
қалай есіңізге түспейді? Оны қалай жек көруге болады? Мен осы 
уақытқа  дейін  бұл  музыканың  иесі  Наташа  деп  ойлаушы  едім. 
Огинский. Поляк, бунтарь».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет