Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет14/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Мықанның  бойы  мамырлай  қонған  қаздардай,  қатар-қатар 
тігілген кілең ақ үйлер. Ерсілі-қарсылы шаншыла шауып, табақ 
тартқан жігіттер. Маңғаздана будақ-будақ көтерілген көк түтін. 
Берекелі қазанның түтіні де жоқ. Ауыл жағалай қаңтарулы аттар. 
Ауыл  сыртында  тұсауымен  секіріп  жүрген  аттар.  Кимешектері 
шұбатылған  бәйбішелер,  шолпысы  сылдырлаған  келіншектер, 
үкілері  желкілдеген  бикештер.
Арқасын  асқар  тауға  тіреген  шалқақ  ауыл.  Уықтары 
шаңырақтарды  емес,  аспанның  өзін  тіреп  тұрғандай,  киіз 
үйлердің төбелері тәкаппарлана кекірейіп тұр. Жан-жағы жасыл 
масаты,  зүмірет  теңіз  ортасына  ақ  арал  орнай  қалғандай  екен.
Келген меймандарды күтіп алып, үйді-үйге бөліп, жөн сілтеп 
тұрған  жігіттер  қос  қара  жеккен  трашпеңкенің  егесі  құрметті 
қонақ екенін көріп, Семашко мырзаны жапсарлас тігілген, сырты 
ақ шәйімен тысталған ақшаңқан үйге қарай алып жүрді.
Өгіз  мініп,  жаяу-жалпы  келген  кем-кетіктерді  бұл  маңға 
жолатпай,  қызметші  жігіттер:
–  Аулақ,  аулақ!  –  деп  ауыл  шетіндегі  қараша  үйлерге  қарай 
айдап  жатыр.
Семашко түскен үйдің ішінде құдай емес, құдайдан былай да 
емес, кілең ығай мен сығайлар отыр екен. Тергеушінің танығаны 
Мерке участогінің приставы Сокольский мырза, бас құда Айбар 


мырза.  Шалдуар  болысы  Шабдан  мырза,  Қорағаты  болысы 
Қарабек  мырза...
Бектен болыстың өзі орнынан тұрып, тергеушіні приставтың 
жанына  қолтықтап  апарып  отырғызды.  Қасына  ерген  қара 
баланы елемеген болып, назар салмай, ту сыртын беріп босаға 
жақта  қал  дегендей  нышан  білдіріп  еді...  Ол  ишарасын  түсіне 
қойған Тұрар табалдырықта тұрып қалған. Бірақ Семашко мырза 
әдейі дауыстап: – Тұрар, кел мұнда, – деп өз қасына шақырды. 
Болыс кенет түсін жылытып: – Кел, кел, – деп жалпаңдай қалды. 
Тай  тегенеде  уыз  қымыз  сапырулы.  Семашко  келгенде  үзілген 
тамаша қайта жалғасты. Қырғыздан келген Солты ыршы ұшатын 
бүркіттей  жүресінен  қомдана  түсіп,  екіленіп  «Манасқа»  қайта 
басқан  кезі  екен.  Ыршыны  басынан  тыңдап  отырған  пристав, 
Семашкоға:
–  Буруттардың  эпосы.  Манас  батыр  жырын  айтып  отыр. 
Көкетай деген біреудің асы жайында қазіргі айтып отырғаны, – 
деп  түсіндірді.
–  Тұрар,  сен  маған  аударып  отыр,  –  деді  тергеуші  енді 
приставты  мазаламай-ақ  қояйын  деген  ниетпен.
Ыршы  Солты  екі  көзін  шарт  жұмып,  добалдай  екі  қолымен 
бүйірін таянып, бұл биік үйде биік дәрежелі адамдар отырғанын 
ұмытқандай, жан баласын елемей, баяғы ерлер заманының елесіне 
бар  ынты-шынтысымен,  беріле,  қырылдақтау  үні  қышқыра, 
ышқына шығып, Көкетай асының хикаясын төпей берді.
–... Кәуірдің ханы Жаңбыршы
Бүгінше тарту жедім деп
Бір қомпиып қалды дейді.
Ертегі күні болғанда
Жезден бұйда тақтырып
Қалыдан кілем жаптырып,
Тұмсығы бар астаудай
Мұсылман, кәуір алдына
Екі өркеші кісідей
Қараша қаймал, ту інген
Әкеліп бір сайды дейді
Дәмесі бар әйелге


Жалаңаш келіп аясын деп,
Шақырып ұран салды дейді
Көп ішінен бір қатын
Жалаңаштанып шықты дейді,
Ораңқы деген аты бар,
Орақа құла биесі бар
Енеден тума болдым деп,
Жалаңаштанып келді дейді.
Бөгелместен түйені,
Тісімен шешіп алды дейді.
– Вот, отчаянная баба! – деді Тұрардың тәржімасынан кейін 
тергеуші  өзін  тежей  күліп.  Ал  пристав  шыдай  алмай  дауысы 
барқыраңқырап:
– Чертова баба! – деп қалды.
Ыршы Солты оларды ілтифатқа алмай, дауысын жорта ащы 
шығарып,  екпіндеп  кетті.
– Қаймалы қара інгенді
Жетелеген қалпымен
Мұсылман мен кәуірдің
Ортасынан қақ жарып
Алшаң басып жүрді дейді.
Сонда мұсылман мен кәуірін
Келеке қылып қатынды
Қарқ-қарқ күлді дейді,
Сонда тұрып Ер Манас,
Еңсегей бойлы Ер Манас
Турасынан кірді дейді.
Қатынға келіп айтты дейді: –
Алда Ораңқы, оңбай қал!
Сен, Ораңқы, қатын болмай қал!
Сенің өңірің толы пұлың бар, долы-ай!
Өрісің толған малың бар, долы-ай!
Сен малдан өліп кеттің бе, долы-ай?!
Пұлдан өліп кеттің бе, долы-ай?!
Сенің бәтеңнің ішіне қарасам
Үш Меркенің жылғасындай,


Бөбешігіңе қарасам, долы-ай!
Асып қойған тұлғадай, долы-ай!
Сонда  қатын  Манасқа  жауап  береді,  –  деп  Солты  ыршы 
көзін ашып алып, алдында тұрған сырлы тостағанға қол созып, 
қымыздан бір жұтып қойды. Тұрар тергеушіге «бәтеңнің» деген 
сөзді  аудара  алмай  іркіліп,  сәлден  соң  «детеродный  член»  деп 
жеткізді.  Семашко  оның  бұл  тапқырлығына  риза  болды.
– Сонда қатын Манасқа жауап береді, – деп ыршы қымызға 
малынған  түрпі  мұртын  алақанымен  сүртті.
– Алда, Манас, не дейсің!
Білда, Манас не дейсің?
Сонда бәтесін шапалақтап,
Қатын-екең айтады:
– Ағыс пенен Қожасым,
Сені тапқан бұ бәтем,
Қосай менен Төстігім,
Сені де тапқан бұ бәтем.
Көкше менен Едіге
Сені де тапқан бұ бәтем,
Менің бұ бәтем болмаса
Қайдан шықтың, ерлерім?
Өңір толған пұлым бар,
Өріс толған малым бар,
Тәуба шүкір құдайға
Өлмегендей мүлкім бар.
Мен қарауыма келгенмін
Мен қайратыма қонғанмын.
Еркекте намыс болғанда
Ұрғашыда намыс жоқ па екен, Манас?!
–  Ой,  пәле-ай!  –  деп  сыйлы  меймандардың  біреуі  дауыстап 
жіберді.
– Рас-ақ қой, сорлынікі!
– Тауып кеткен екен, жәді.
– О, заманның адамдары сөзге жығылған ғой.
– Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады.


–  Мырзалар,  менде  бір  ұсыныс  бар,  –  деді  пристав 
тыныштық  тілеп.  –  Құрметті  ыршы  шаршаған  шығар.  Талмай 
тыңдағанымызға  үш-төрт  сағат  болды.  Әлі  үш-төрт  күнге 
созылатын түрі бар. Ыршы да тыныстасын, біз де бой жазайық. 
Қызық көрейік. Мысалы, сол Манас заманының қызығын қазір 
неге  қайталамасқа?  А?  Қалай,  ыршы  Солты?
–  Абден  болод,  мырза,  ықтияр  сізде,–  деп  ыршы  қайтадан 
қымызға  қол  созды.  Содан  соң  Айбар  мырза  мен  Бектен 
болысқа  кезек-кезек  қарап  алды:  –  Оуо,  мырзалар!  «Алысты 
жақын қылатын – қыз». Қыз беріп, қыз алып, ұлан той өткеріп 
жатасыңдар. Құтманду болсун тойыңыз. Биздики сиздиң майрам 
көнулду  болсун  деген  тилек,  туғандар.
Пристав  қоразданып  жан-жағына  қарады.  Қарны  жуан 
қадірменділер  ұлықтың  не  ұсынарын  аңдамаса  да,  бастарын 
шұлғи  бастады.
– Бізге қызық керек, түсінесіздер ме, қызық. Қымыз бен етке 
бөгіп болдық, – деді пристав.
–  Осы  ұлықтарға  баяғы  Сыпатайдың  асындағы  сияқты 
таздардың  сүзісін  көрсетсек  қайтеді?  –  деп  қалды  аңқау  біреу. 
Оны  көршісі  бүйірінен  нұқып  жіберіп,  құлағына  сыбырлады:
– Бектен мырзаны шығарайын деп пе ең сүзіске?
Анау жым болды. Бектен болыстың тақиясы басынан бір елі 
түспейтіні есіне сап ете қалды.
– Жоқ, мырзалар, сендер түсінбей отырсыңдар. Осы отырған 
игі  қауым  бір  түйе  таба  алады  ғой.  Бәйгеге  түйе  тігілсе,  соны 
жалаңаш әйел барып, тісімен шешіп алса, қалай, а? – деп пристав 
тұқшиыңқырап қалған би-болыстарға нықыра сөйледі.
–  Болады  ғой,  мырза.  Бірақ  басқа  бәйгелер  бар.  Ат  жарыс, 
жамбы ату, аударыспақ, күрес, көкпар... – деп Бектен сыпайылап 
еді. Айбар құдасы орнынан қопаң-қопаң қозғалып: 
– Сокольский мырза дұрыс айтады. Түйені мен тігем. Кәне, 
хабаршы  жар  салсын.  Талапкер  қатын  табыла  ма  екен?  –  деп 
омыраулап  шыға  келді.
–  Айеке,  той  менің  ауылымда  өтіп  жатыр.  Бір  ойсылқараны 
мен де таба аламын, – деп Бектен де намысқа тырысты.


Осылайша  кеу-кеу,  гу-гу,  ырду-дырду  әңгімемен  биік  үйдің 
қонақтары  ауырлап  қалған  орындарынан  ырғала-ырғала 
түрегеліп,  балпаң-балпаң  далаға  шыға  бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет