Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет15/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Мықанның төменгі жағында, жар басында жарбиып отырған 
Маңырақ ауылын ешкім арнап тойға шақырған жоқ. Мықанның 
осы бір тұсы биік қабақ болып кетеді. Жазда, күзде мамырлап 
жай аққанымен, жылда көктемде, су тасығанда, жараған бурадай 
қаршылдаған өзен жарларды сүзгілеп, мүжи береді, мүжи береді. 
Шеткі  тоқал  тамдардың  бір-екеуін  ана  жылы  жармен  бірге 
жапырып та кеткен.
Асау су алтынкүрек ескенде бір-екі күн арсылдайды да, лезде 
сабасына  түсіп,  жаралы  жарқабақ  жалаңаштанып,  ырсиып-
ырсиып  қалады.  Кеберсіген  қияға  біраз  күннен  соң  қайтадан 
сән  кіріп,  жан  кіріп,  түк  көрмегендей  болады.  Жардың  беті 
жыбырлаған шұрқ тесікке айналады: құрқылтай дейтін құс қияға 
ұя  салады.
Қанаты бар құс біткеннің ішінде жер басып жүруге жаралмағаны 
осы құрқылтай жарықтық. Аяқ оған жарға жабысуға ғана керек, 
тегіс жермен жүре алмайды. Тіршілігінің көбі көзге ілінбес зау 
биікте. Топ-топ болып шиқылдап жүрген құрқылтайды көп адам 
сезбейді де. Оған тамақ та аспаннан бұйырған. Шыбын-шіркейді 
әуеден қармап, соны қанағат тұтады.
Маңырақ ауылының да тырбың тіршілігі осы құрқылтайдың 
күнкөрісі  сияқты  еді.  Екінші  Николай  патшаның  премьер-
министрі  Столыпиннің  аграрлық  реформасынан  кейін  ішкі 
Ресейден  келген  переселендерге  пристав  Маңырақтың  бұлақ 
бойындағы бұрынғы қонысын тартып әперді де, азын-аулақ мал 
ұстап, жоңышқа, жүгері егіп күн көрген ауыл Мықан бойындағы 
су  шықпайтын  қырқа  жар  басына  ысырылды.
Бұл өзі іргелі Ботбай руының ішіндегі аз ата еді. Бұрынғылар 
айтады,  Бәйдібек  батыр  қайтқанда  оның  жесірі  Домалақ  Ана 
жарықтық  қайнысы  Байтуға:
– Әмеңгерім сенсің, мені ал, – дейді. Байту момындау екен, 
көнбей  қойыпты.  Сонда  Домалақ  Ана  айтты  дейді:


–  Е,  жазған,  мені  алғанда  ұрпағың  күннің  шығысы  мен 
батысын жайлайтын еді, қайтейін. Ендеше, күзге жетсең жүзге 
жетпессің,  –  деп.
Әулие  ана  солай  айтты  ма,  жоқ  па,  өз  құлағымен  кім  естіп 
тұрған  дейсің.  Бірақ  Байтудың,  ұрпағы  аз  болып  қалғаны 
рас.  Содан  қалған  аз  ата  осы  Маңырақ.  Бәйдібек  батырдан 
тараған  Ботбайдың  ішінде  отырады.  Сол  аздығынан  шығар, 
переселендерге  жер  беру  туралы  үкім  шыққанда,  алдымен 
қонысынан айырылған да осы Маңырақ болды. Оның бұрынғы 
шұрайлы қонысы енді Кузьминка деп аталады. Переселендерге 
Маңырақ  жұрты  алғашында  екі-үш  тараптан  тең  бөлінгенмен 
біраз жылдан кейін олардың да арасынан жалмауыт шортандар 
шығып, көлігі, құралы жоқ майда шабақтарын жұтып жіберді. Аз 
шортанға  көп  шабақ  батырақ  малай  болып  қала  берді.
Бірақ жерінен айрылған сорлы Маңырақ үшін «сары орыстың 
– бәрі орыс» еді.
Сол Маңырақтың бірі – Тайлақ дегеннің жаман тамы ауылдың 
ең  шетінде,  жардың  дәл  ернеуінде  қалып  тұрған.  Биылғы 
көктемнен шықпа жаным шықпа деп әрең құтылды да, ендігі су 
тасқында сау қалмайтынына көзі жетіп, күн жылыда жарқабақтан 
әрірек  жылжып,  басына  пана  тұрғызып  алудың  әрекетінде  еді. 
Күн жылт еткеннен Тайлақ шиеттей бала-шағасымен жабылып, 
шелекпен су тасып, балшық илеп, қыш құйды. Балшық илеуге 
жалғыз  сиырын  салайын  деп  еді,  абысындары  Тайтақай  атап 
кеткен  қатыны  Талбүбінің  талқаны  шықты:
–  О,  сорлы,  мына  жамырап  отырған  жалмауыздарыңның 
таңдайы аққа енді тиейін дегенде жалғыз сиырға бұзау тастатпақ 
екенсің,  ә!  Балшыққа  ала  сиырды  салғанша,  мына  мені  сал,  – 
Құлағы  ауыр  адамға  тән  әдетпен  айқайлай  сөйлеп,  жуа-жуа, 
жамай-жамай ала-құла болып кеткен көйлегінің етегін ышқырына 
қыстырып алып, жалаңаяқтанып, топан араластырған лайға күмп 
беріп түсті де кетті.
Пісуі жетпесе лай жарықтық ылжырап, қыш құюға келмейді. 
Суға енесі түскен үйректің балапандары құсап, шеше соңынан 
лайға Тайлақтың балалары да қойып-қойып кетті.


Талбүбі – жалғанда күшті әйел еді. Ірі мал омбылап қалатын 
қалың батпақты қара санына дейін батып тұрып илегенде борша-
борша болды.
Жоғары ауылда той болатыны бұларға да мәлім еді. Қазақ той 
дегенде  қу  бас  домалар  деп  шақырылмаса  да  бара  береді.  Той 
иелері қалай ма, қаламай ма – онда шаруасы шамалы. Оларды 
ешкім көкірегінен итермес. Бірақ игі жақсылардың кебісі жатқан 
жерге де жақындай алмас.
Талбүбі  болыстың  тойына  барамын  деп  бой  бермеді.  Байы 
айтты: бармайсың деді. Той сенің неңді алған, одан да төменнен 
барып  қамыс  орып  келейік  деді.  Ақыры  жанжалмен,  бірін-
бірі  тілдесумен  тынды.  Тайлақ  ала  сиырды  жетектеп  қамысқа 
кетті. Талбүбі мұрынбоқ бір баласын жетектеп, жоғары ауылға 
жөнелді.  Бойжетіңкіреп  қалған  қызы  «мен  де  барамын»  деп 
қыңқылдап  еді,  «тәйт»  деп  тастады.  Менің  қайыршылығымды 
көрмей-ақ  қой,  мен  желіккеннен  бара  жатыр  деймісің  сорлы. 
Тойдан қалған-құтқан қамыр, сорпа-су болса, ала келемін, отыр 
үйде, – деп қалдырып кетті. Былай шыға бере тағы айқайлады: – 
Барғызбасың,  барғызбас,  Күләй!  –  деді.
Есті  қыз  сонда  бойындағы  тұлдыры  –  қызылала  көйлекті 
қолымен  сипалап  еді,  жамауы  көп  екен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет