Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет11/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
* * *
Мектеп-интернат – бұрын Айбар байдың ғимараты болатын. 
Өзі көк түңкелі жаңа жай салдырып, соған көшті де, мына ескі 
үйін үкіметке пайдасына сатты. Үкімет қазына қалтасынан тиын 
шығарған жоқ. Жеті болыс Меркенің әр түтінінен бес тиыннан 
жиналған  қаржы  тағы  да  сол  Айбардың  шанашына  түсті. 
Айналасын  ересек  адам  қолын  созса  жетпейтін  биік  домбаз 
дуалмен  қоршап  тастаған.  Интернат  жағына  кіріп-шығатын 
жалғыз  ауыр  қақпаны  күркілдек  орыс  шалы  күзетеді.
Ол  қоритын  байлық  шамалы.  Айбар  байдан  қалған  үйдің 
алдында әр жерінен ағаш тіреу қойған бастырмасы бар. Сол тіреу 
бөренелерді қағып әкетпесе, басқа ұрлайтын зат жоқ. Айтпақшы, 
ең шеткі бөлмеде азық-түлік, азын-аулақ мүлік сақталады. Оның 
кілтін Әліпбектің өзі ұстайды. Азық-түлік болғанда, интернаттың 
балаларына көже пісіретін бірер қап қызыл бидайдың ұны, бірер 
қойдың  еті,  бір  қап  қант,  шикідей  ақтаған  ботқалықтары...  Бір 
бума ақ жайма, моншадан кейін балалар ауыстырып киетін бір 
десте таза жейде-дамбал, тағысын тағылар.
Демалыс  күндері  интернатта  жалғыз  қалатын  Тұрарға  бола 
мұнда  қазан  асылмас.  Аспаз  әйел  де  демалады.  Әліпбектің 


айтуымен  аспаз  әйел  Тұрарға  бір  күндік  тамақ  тастап  кетеді. 
Жарты бөлке нан, үш-төрт түйір қант, бір кесек ащы ірімшік...
Қабылбек екеуі құрғақ тамақты бөліп жеп, қалайы тостағанмен 
суық  суды  сіміріп-сіміріп,  білтелі  шамның  жарығымен  кітап 
оқуға  кіріскен.  Әлгіде  ғана  тақыл-тұқыл  тамақты  қомсынып, 
Ойталдағы  апасы  асқан  еттен  құр  қалғанына  іштей  өкініп 
отырған  Қабылбек  енді  Тұрар  Лермонтовты  дауыстап  оқыған 
кезде  Ойталды  да,  дәмді  етті  де  лезде  ұмытты.
Өлеңді  оқып  болып,  Тұрар  кітаптың  бетін  тарс  жапты  да, 
білте шамның әлсіз сәулесімен көмескі көрінген терезеге көзін 
қадап, мелшиді де қалды. Оң көзінің алдына жалғыз тамшы жас 
сынаптай үйіріліп келіп, сол қалпы бір түйір гауһарға айналып 
қалған  сияқты  еді.
Қабылбек  Тұрардың  жаңа  ғана  жарқылдап  отырып,  кенет 
жауар бұлттай түнергеніне таң қалса да, үндеген жоқ. Сыныпта 
екеуі екі жылдан бері бір партада отырып, әбден бір-біріне иісі 
сіңісіп  кеткен.  Оқтын-оқтын  Тұрардың  кенет  бұлт  бүркеніп 
қалатынын  Қабылбек  бұрыннан  білетін.
Терезенің  ар  жағы  қап-қараңғы.  Мына  тыныштықта  күздің 
жаңбыры  тырс-тырс  тамшылап  тұрғаны  естіледі.  Терезе 
сырты  қап-қараңғы  болғанмен  Тұрар  сол  түнектен  өз  әкесін 
көреді.  «Қапастың  қақпасын  ашыңдар!  Жарық  күннің  сәулесін 
көсетіңдер! Қаракөз ару мен қара жал арғымақ қайда? Қаракөз 
ару  алыста.  Қаражал  айғыр  –  көкорай  шалғын  жайлауда.  Ер-
тоқымсыз, жүгенсіз бұлғаңдауын қарашы. Әттең, дүние, дәрмен 
жоқ.  Тас  абақты  тарс  жабық,  елегізген  шырағдан  ғана  тілсіз 
жолдас.  Темір  есіктің  ар  жағында  етігінің  тақасы  тақылдап 
қарауыл ғана жүр. Жападан-жалғыз Рысқұл. Елің қайда? Арқасын 
азап тескен Тау-Шілмембет қайда? Бор болған боздақтар, қаракөз 
Ізбайша  қайда?  Қарлығаштың  аузын  ашқан  балапандарындай 
Тұрар  мен  Түйметай  қайда?».
Көкесі дәл қазір дәп осылай деп айтқандай Тұрардың құлағына 
алыстан талып Рысқұлдың үні келді. Сол үн естілмей қалмасын 
дегендей  бала  тыныштық  тілеп,  дем  алмай  отырған  тәрізді. 
Алыстағы  әкесімен  үнсіз  сөйлесуге  Тұрар  осылай  әдеттеніп 
алып  еді.


Тілсіз тығырыққа тіреліп отырған екі баланы даладан естілген 
салдыр-сұлдыр  дыбыс  селт  еткізді.  Екеуі  де  терезеге  жабыса 
қарап  қалып  еді,  қараңғы  ауладан  ештеңе  көрінбеді.  Тұрар 
әлденеге  сезіктенгендей  босағада  жатқан  темір  шыбықты  ала 
сала  далаға  атып  шықты.  Қабылбек  қарап  отырсын  ба,  ол  да 
жүгірді.  Қойманың  алдынан  әлдекімдер  қараң-құраң  еткендей 
болды.
– Бұл қайсың-ей! – деді Тұрар.
Әлгілер  ауланың  арғы  шетіне  апыр-топыр  қаша  жөнелді. 
Бойшаң  біреуі  дуалдың  ернеуіне  қол  артып  үлгірді.  Аласасы 
дуалдың биігіне қолы жетпей қайта құлап түсті. Биіктен аунап, 
ары  домалап  бара  жатқанын  Тұрар  темір  шыбықпен  май 
құйрықтан  бір  осып  үлгірді.  Аласа  бойлысын  Қабылбек  ұстап 
алды.
–  Өй,  мынау...  Серікпісің?  –  деді  Қабылбек  дауысы  оқыс 
шығып кетіп. Қолға түскен «тұтқын» бетін жеңімен бүркемелей 
беріп  еді,  Тұрар  оның  қолын  қағып  жіберді.
– Серік!
– Әй, қайдан адасып жүрсің?
Серікте үн жоқ. Ана екеуі оны сүйреп, қойманың алдына алып 
барды, баланың басындай қара құлып орнында екен. Тұрардың 
аяғы жерде жатқан ауыр затқа тірелгендей болды. Еңкейіп қарап 
еді – сом темір екен.
Қоя беріңдер мені, әкем ұрсады, – деді Серік жалынып.
– Жәй, қыдырып жүр едік, сендерге келе жатыр едік...
– Е, бізге келе жатсаң, біздің есік анау, қоймада нелерің бар? 
Қасыңдағы  кім?
– Жәй, біздің көршінің баласы.
Жаңбыр үдеп бара жатқан соң арық қойдай тыртысқан Серікті 
сүйреп, бөлмеге кірді. Тұрардың таң қалғаны күркілдек қарауыл 
шал мына у-шуға селт етпейді. Қабылбекке:
–  Байқа,  қашып  кетпесін,  –  деп  өзі  қарауыл  шалға  шығып 
кетті. Күркілдек қарауыл тұлыпқа оранып, ұйқыны соғып жатыр. 
Самогонға тойып құлаған болар, ары-бері тартқылап көріп еді, 
шыбын  шаққан  құрлы  болмады.
Тұрар қайтып келіп, Серікті алқымынан алды.


–  Айт  шыныңды  жаның  барда.  Шыныңды  айтсаң,  біз  сені 
Әліпбек  ағайға  ұстап  бермей-ақ  қояйық.  Айтпайды  екенсің, 
өз  обалың  –  өзіңе.  Қойманы  тонамақ  болғандарыңды  жасыра 
алмайсыңдар. Міне, құлып бұзар сом темір. Айт, қасыңдағы кім?
– Атамырза...
– Ал сонда екеуіңе не жетпеді? Ашсыңдар ма?
– Жоқ ә?..
–  Ендеше  интернаттың  қоймасында  нелерің  бар?  Ұрлық 
қылғың келсе, Атамырзаның өзінің әкесінің дүкені дүние-мүлікке 
сіресіп  тұрған  жоқ  па?  Соған  неге  түспейсіңдер?
– Атамырза...
Неменеге, Атамырза?
– Мені ұстап бермейсіңдер ме? Шынымды айтайын.
–  Олда-білда,  шынымды  айтамын  де!  –  деп  Қабылбек  те 
шүйілді.
–  Олда-білда,  шынымды  айтамын,  –  деп  Серіктің  қалқан 
құлағы  күнбатыстың  суық  соққан  жапырағындай  бүрісіп  бара 
жатты.
– Күндіз Атамырза сені базардан көріпті, – деді Серік шіңкілдек 
дауысымен неғұрлым жағымпаздана сөйлеп. – Саған Ақкөз деген 
кісінің  көйлек  алып  бергенін  де  көріпті.  Мен  үйде  отыр  едім, 
ысқырып шақырып алды. – Шаруа бар деді. – Ол не? – деп едім, 
– Тұрарды қатырамыз, – деді. – Қайтіп? – деп едім, интернаттың 
қоймасынан ақжайма ұрлаймыз. Ертең Әліпбек келіп, қойманы 
көріп, кім ұрлады дегенде, интернатта жалғыз қалған Тұрардан 
көрмей ме. Сен ұрламасаң, жаңа көйлекті қайдан алдың демей 
ме оған. Енді түсіндің бе? – деді. Түсіндім дедім. Атамырзаны 
өздерің  білесіңдер  ғой,  айтқанын  істемесең,  қыр  соңыңа  түсіп 
алады. Әкесіне айтып, менің әкемді сорлатады. Білесіңдер ғой...
Серіктің мүсәпір түрін көріп, оның айтқанының бәрі рас екеніне 
көздері жетіп, Тұрар мен Қабылбек оны аяп кетті. Атамырзаның 
айтағында  жүргені  болмаса,  бұл  байғұс  қалбалақтап  қалған 
ақкөңіл, қағілез бала.
–  Жарайды,  Серік,  сен  бізді  көрген  жоқсың,  біз  сені  көрген 
жоқпыз.  Тек  Атамырзадан  іргеңді  аулақ  сал.  Әйтпесе,  ол  сені 
бәрібір бір күні омақастырады. Ойлан, – деді Тұрар. – Ал енді 


үйіңе  қайт.  Бізбен  бірге  болсаң,  өлмейсің.  Әкеңді  де  құдай 
алмайды. Айбар болмаса, аштан қырылатын ба едіңдер? Біз сені 
жамандыққа  қимаймыз.  Осыны  түсін.
Серік алғысын қайтып айтарын білмей, аузы ыржиып, басын 
изей  берді.  Аш  бидайдай  бетіндегі  күлкі  ізі  қолдан  жапсырып 
қойған  тыртық  сияқты.  Серік  шын  қорқыныш  пен  шын  риза 
сезімді  басынан  бірінші  рет  бүгін  өткерді.
Тұрардың  есіне  күндіз  соқыр  балшының  көк  қағазындағы 
жазу түсті. «Шайқас» деген бар еді. Мүмкін, шайқас осы шығар. 
Атамырза  маған  бәле  ойлап,  қиянат  жасамақ  болды.  Әйтеуір, 
абырой  болғанда,  өзі  масқараланды.  Ал  оның  арам  ойы  іске 
асқанда  ше?  Мен  ұрлаған  жоқпын  деп  қалай  дәлелдер  едім? 
Дәл басып, қолымнан ұстап алмаса да Иван Владимирович пен 
Әліпбек  ағайдың  көңілінде  күдік  қалар  еді.  Сұмдық-ай».
Тұрар  шайқастың  мәнін  енді-енді  түсіне  бастағандай  еді. 
Шайқас – тек жұдырықтасып төбелесу емес, ұрмай жаралайтын 
зымиян  соққы  да  болады  екен.  Осының  бәрі  күрес  екен.  Ал, 
«бүкіл  өмірдің  бәрі  шайқас  болатыны  қалай?».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет