Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет4/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
Көз ұшында сағым бұлдырап өркеш-өркеш түйе керуен тоқтап 
тұрғандай  көрінеді.  Көңіл  селт  етіп,  әлденеден  үміттеніп 
қаласың.
– Дуадақ! – деп бір солдат бақырып қоя береді. Әлгі керуен тay 
теңселгендей  қорбаң-қорбаң  қозғалып,  аударылып-төңкеріліп 
кеткендей болады. Солдаттар патырлатып ата бастайды.
Паң  дуадақ  сонда  да  жанталаспай,  ордаң-ордаң  желіп 
барып,  баяу  көтеріліп,  дірілдек  ауаның  арасына  сіңіп  кетеді. 
Есірік солдаттар атты арбадан шығарып алып қумақ болады. 
Бастық  зекіп  тастаған  соң,  бастарын  шайқап,  таңдайларын 
тақылдата, дуадақ кеткен жаққа көпке дейін алаңдай береді.
Мылтық  дауысынан  шошып  оянғандай,  жол  жағасындағы 
қаратаспа  қараған  арасынан  тac  шегіртке  шырылдайды.  Бұл 
үн менің есіме Алматының көк қақпалы түрмесін түсіреді. Оның 
ауласындағы қара сораның арасынан осы шегіртке шырылдар 
еді.  Енді  ол  да  Сібір  жолына  бізбен  бірге  аттанған  сияқты, 
жылауық үн соңымыздан қалмай ілеседі де отырады.
Алыстан  мұнартып,  сәулетті  бір  сарай  сағым  арасынан 
армандай  асқақ  көрінді.  Тозақ  жолынан  соң,  пейішке  барып 
қойып  кететіндей  әлгі  асқақ  мұнарға  алқынып  асығамыз. 
Тұтам кісен адым аштырмайды. Ақыры өліп-талып жеттік-ау. 


Күнбатыс жағы үңірейген аласа ғана көне мазар екен. Жанында 
жылап ағып, жылымшы татыған бір қасық суы бар. Алдақашан 
бұл дүниеден көшкен атамның көз жасы әлі тыйылмай, соның 
сорасы  ағып  жатқандай.
Аттар доғарылып, жылы да болса су ішіп, таңдай жібітіп, 
жан шақырдық. Бізді арбалардың қасында қалдырып, қасымызға 
бір  қарауыл  қойып,  солдаттар  мазардың  көлеңкесіне  барып 
отырды. Мылтықтарын түйістіріп, бір жерге үйді. Алдарына 
қағаз  жайып,  тамақ  жеп,  шишаларын  шығарып  арақ  ішті. 
Мына  құдайдың  ыстығында  ішкен  арақ  басқа  шапшып  шыға 
келген  шығар,  барылдасып  карта  ойнай  бастады.
Ойын  қыза,  біздің  қасымыздағы  қарауыл  үйірінен  адасып, 
үркектеген жылқыдай тыпырши бастады. Мұның өзі өзгелерден 
шынжаулау, пәкене бойы мылтықтан сәл-ақ асатын секпіл бет, 
жирен  қастың  астынан  көзі  тақыр  құдықтай  шүңірейген, 
жалынсыз, жасық неме еді. Карташылардың қасына жақындап 
барайын десе, бастығынан қорқады. Бармайын десе, құмарлық 
қысады. Осыдан барып, бізге ыза болады.
Карта  соққандар  төртеу,  мұнымен  бесеу.  Біз  он  адамбыз. 
Алматыдан  шыққанда  алтау  едік,  Лепсіден  төртеу  қосылды.
Қарта ойнап отырған айдауылдардың бастығы бір уақытта 
біздің жанымызда тұрған сүмелек пәкенеге:
– Ей, Петя! Ыстық тамақ керек. Тез дайында, – деп ақырды.
Отын жоқ, поручик мырза, – деп шіңкілдеді пәкене.
–  Неге  отын  жоқ?  Маған  десең  сирағыңды  жақ!  А  на 
каторжниктерді жақ! Отын тaп! Айтпақшы, сол оңбағандарға 
отын  жинат.  Мына  бұталарды  жинасын!  –  деді  бастық.
Пәкенеде де билік бар. Ол бізге бұйырады:
– Айда! Бәрің тұр да қурай сындырыңдар! Бол, жылдам!
Кісендерімізді  сықырлатып,  булыға  тұрып,  қарағанның 
бұтасын  сындыруға  кірістік.  Менің  жанымдағы  еңгезердей 
сары  орыс  сыбыр  ете  қалды:
Қимылдайтын уақыт соқты, – деді. Сезе қойдым.
– Қайтіп? – дедім.
– Анау үюлі тұрған мылтықтарды қолға түсіру керек.
Солай қарай жылжи бер.


Сары орыстың аты Федор еді, жылжып жүріп, тағы бір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет