Шерхан Мұртаза Қызыл жебе екінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет5/64
Дата13.12.2021
өлшемі1,48 Mb.
#125910
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
4кл Презентациядағы анимация, 4кл Презентациядағы анимация, 00178533-2638c567, 2-sabak-57867617be58f (1), 2-sabak-57867617be58f (1), Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер, Қызыл Жебе 2 Ересек және студенттер
екі тұтқынға сыбырлап өтті. Қарағанды ынты-шынтымызбен 
жинаған  болып  жүрміз.  Үш-төртеуміз  тұс-тұстан  мылтық 
шөмелесіне таянып келеміз. Зәре жоқ. Байқаймыз, карташылар 
сезер емес. Олар у-да шу. Сол шуға шыдай алмай біздің қарауыл 
жандарына  жүгіріп  барды.  Бір  сәтке  біз  бақылаусыз  қалдық. 
Федорға қарап едім, басын шұлғып қалды.
Адым жаздырмас қара темірді қақырата үзіп жіберер күш-
қуат бітіп кеткендей алға ұмтылдық. Бірақ қара темір үзілген 
жоқ.  Әйтеуір  бір  ғаламат  қайрат  бізге  қанат  бітіргендей, 
қос  аяқтап  қарғып,  үш-төртеуміз  мылтық  үймесіне  жете 
жығылдық-ау,  атасына  нәлет...
Сақыр-сұқыр дыбысқа жалт бұрылған пәкене қарауыл:
– Құрыдық! – деп жан дауысы шыға шыңғырып жіберді.
Карташылар  жай  түскендей  состиысып  қалды.  Мылтық 
қолға түскен соң біздің әруағымыз асып, қару кезеніп, шүріппеге 
қол салсақ, тек шық-шық етеді.
Айдауылдардың  бастығы  жалпақ  даланы  жаңғырықтыра 
қарқ-қарқ  күледі.  Бізге  саусағын  шошайтып,  шалқалап  тұрып 
қарқылдайды.
Дүниеде  бұдан  өткен  қорлық  жоқ,  Тұрар.  Құдай  басыңа 
мұндай қорлықты еш заманда бермесін, құлыным. Менің шашым 
сол сәтте түгел ағарып кетті білем. Қазір көрсең танымассың. 
Шаш, шіркін, сонда аяз қарып, қырау тұрғандай болды. Айдауға 
кетсем  де,  әйтеуір  бір  оралармын.  Тұрар  сынды  құлынымды 
бір  көрермін  деген  үміт  жанға  сеп  еді.  Енді  сол  үміт  біздің 
Бесағаштағы білте шамдай жалп етіп сөнді де қалды, құлыным. 
Есіңде ме, Бесағаштағы жеркепенің есігін біреу ашса, шырағдан 
жалп етіп сөніп қалушы еді ғой. Үйге кіріп келген кім екенін біле 
алмай, соқыр адамдай:
– Бұ қайсың-ай? – дейтінбіз.
– Мен ғой, – деуші еді кейде Ахат атаң.
– Мен ғой, – деуші еді кейде Молдабек көкең.
– Е, бізбіз, – деуші еді кейде Шыныбек атаң.
Кейде  Қорған,  кейде  Үсіп,  кейде  сенің  құрдастарың  Арман 
мен Оразбақ келер еді. Олар келгенде, шамның сөніп қалғанына 


ренжімей, қайтадан шырпы тұтатар едік. Оттық қайтадан 
жанғаны  қандай  жақсы.
Ал бұл жалы сол от соңғы рет сөнгендей еді.
Айдауылдар бастығы пәкене Петяға:
– Aт! – деп ақырды.
От  алмайтын  мылтық  шоқпар  орнына    немесе  найза 
орнына  ғана  жүреді.  Бізді  бастаған  сары  дәу  орыс  Федор 
патронсыз мылтықты кезене алға ұмтылған. Біз де далбасалап, 
жанталасып, тұсаулы аттай қосаяқтап секіріп, алға ұмтылдық. 
Мылтықтардың  бәрі  патронсыз  болып  шықты.  Арамдар  оқ-
дәрісін  алып  тастаған  екен.
Пәкене Петяның мылтығы гүрс етті. Федор шалқалап барып, 
арқасынан біреу итеріп жібергендей, алға қарап тізесі бүгілмей, 
кескен теректей етбетінен гүрс етіп құлады.
– Енді тоқтат! – деді айдауылдар бастығы.
Біздің қашпақ болған әрекетіміз осылайша қайғылы аяқталды. 
Он  тұтқынның  бірі  құрбан  болды.  Қалған  тоғызымызды 
қосақтап,  қолымызға  да  кісен  салды.
Қашуға әрекет жасағаным үшін, қаруға жармасқаным үшін, 
маған тағы он жыл жамады, атасына нәлет!
Жиырма жылдан кейін мен тірі болсам, алпыс алтыға келеді 
екем. Сен ғой отыздан асып қаласың. Ахат атаң енді жиырма 
жыл  жүре  қоймас.  Екеуміз  әлі  де  көрісетін  күн  туар  алдан. 
Жиырма  жылдың  қанша  күн  болатынын  есептеп  көрейін  деп 
едім,  есебіне  жетпедім,  атасына  нәлет!
Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл Жебені 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет