Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама


Берел -Шығыс Қазақстанның ерте темiр дәуiрiнiң б.з.б. 5–4 ғасырлар



бет4/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)
darister1-15. geobotania (1), Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1)
Берел
-Шығыс Қазақстанның ерте темiр дәуiрiнiң б.з.б. 5–4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңiн Берел кезеңi деп атаймыз.
-Берел кезеңi деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты қойылған.
-Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған.
-Бұл обаға жерленген адам астау-саркофагқа салынған. Саркофаг -сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты.
-Берел мәдениетiнiң бiр ерекшелiгi – жайпақ түптi қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.
-1998–1999 жылдары археолог-ғалым З. Самашевтiң жүргiзген қазба жұмыстары кезiнде № 11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды:

  • Онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты;

  • Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен. Ғалымдар радиологиялық әдiспен мәйiттердiн б. з. б. 294 жылы жерленгенiн анықтады.

  • Обадан он үш жирен жылқы табылған. Сәйгүлiктердiң ат-әбзелдерi ғана емес, жылқылардың терiсi, жүнi мен етi тұтастай сол күйiнде сақталған.

  • Сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан Үржар ханшайымы, Орал аймағынан Тақсай ханшайымы табылды.

ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1.Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б.Ү-ҮІғ аралығын қамтитын кезеңі:
Жауабы: Берел кезеңі
2.Шығыс Қазақстан облысы Қатоңқарағай ауданының жерінде орналасқан темір дәуірінің қорғаны:
Жауабы: Берел
3.Берел қорымдарының орналасқан жері:
Жауабы: Қатонқарағай ауданы
4.Берел қорымынан табылған оболар саны:
Жауабы: 40-тан астам
5. 1998–1999 жылдары Берел кезеңінің № 11 обасын ашқан археолог:
Жауабы: З.Самашев
6.Берел қорымының №11обасына жерленген:
Жауабы: Ер және әйел адам
7.Берел қорымдарының орналасқан жері:
Жауабы: Шығыс Қазақстан
8.Берел мәдениетінің ерекшелігі:
Жауабы: жайпақ түпті қыш ыдыстары
9.Жайпақ түпті қыш ыдыстар тән мәдениет:
Жауабы: Берел
10.Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
Жауабы: Үлкен Берел
11.Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны:
Жауабы: Берел
12.Берелден табылған № 11 обаға тән белгіні анықтаңыз:
Жауабы: Балқарағайдан жасалған табыт, ер мен әйел адам жерленген, он үш жирен жылқы бұзылмай сақталған
13. Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты.
Жауабы: Саркофаг
14. Орал және Шығыс Қазақстан аймағынан табылған көне сақ мәдениетінің ғажайып туындылары:
Жауабы: Тақсай ханшайым, Үржар ханшайым
15.Көне сақ мәдениетінің ғажайып туындысы «Тақсай ханшайымының» орналасқан өңір:
Жауабы: Орал аймағы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет