Силлабус пән: Практикалық психология Курс


-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы



бет14/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#1325
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының

өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.



3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:

1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;

3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;

4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;

5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;

6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;

7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;

8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;

9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;

10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.



2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

  • << Арт+++++

  • в



ГЛОССАРИИ

Практикалық психология- психологияның пәні психологиялық көмек, яғни психологтардың нақты адамға, оның проблемаларына, сұраныстарына, қажеттіліктеріне және т.с.с бағытталған пратикалық іс әрекеті болып табылатын саласы.

Психологиялық проблема- Тұлғаныңтұлғаның психологиялық қиыншылықтарының жиынтығы, тұлғаның дамуындағы нақты қарама қайшылықтардан туындаған үйлесімсіз күйі

Тұлғалық проблемалар- адамдардың тұлғаылық дамуына кедергі келтіретін, олардың адамгершілікті және психикалық денсаулығын, ахуалын және жалпы өнімділігін нашарлататын қиындықтар

Ұжымдық топтық проблемалар- Топтағы қатынас процестерінің бұзылуы, ұжымның әлеуметтік психикалық ахуалының нашарлауы және топ дамуының баяулауы

Іс әрекеттегі проблемалар- Адамдардың қасиеттері мен күйлерінің мамандықтарының талаптарына сәйкес келмеуінен кәсіби іс әрекетінде пайда болатын қиындықтар

Дау - дамай- әртүрлі адамдардың қарама қарсы әрекеттерінің, көзқарастарының, қызығушылықтарының, ұмтылыстарының, жопарларының немесе бір адам пікірлерінің, мотивтерінің, қажеттіліктерінің қақтығысындағы психикалық құбылыс

Әлеуметтеік психология- Ғылымның тұлға психикасының, топтар психологиясы мен адамдардың басқа да қоғамдастықтарының дамуындағы әлеуметтік себептелген құбылыстарын зерттейтін саласы

Дифференциялды психология- Психологияның индивидтер мен топтардың арасындағы психикалық айырмашылықтарды, олардың даралық ерекшеліктерін зерттейтін саласы

Клиент- Психологтан психологиялық көмекті алатын адам

Психологиялық қызмет- Практикалық психологияның құралдарымен және әдістерімен адамдарға психологиялық көмек көрсететін мекемелердің жүйесі

Психологиялық ақиқат- Шынымен орын алған психикалық, субьективті бейнелеу; психика, сана құбылыстары

Психодиагностика- Психологияның адамның даралық психологиялық ерекшеліктерін экспериментті анықтау, сандық сипаттау және интерпретациялау проблемарын зерттейтін, сондай ақ клиенттің проблемасын түсініп, шешуге қажет психологиялық ақпаратты жинаумен айналысатын саласы

Психотерапия- адамның психикасына тигізетін ықпалдар мен іс шаралар жүйесі, психологиялық көмектің бір түрі, сондай ақ медициналық және практикалық психологияның сәйкес проблемаларын зерттейтін саласы

Психокорекция- Психиканың дамуы мен қызмет етуіндегі нормадан қайсібір жағымсыз ауытқуды не болмаса адамға психологиялық проблемаларды тудыратын мінез құлықтық, эмоциялы, когнитивті көріністерді әлсіретуді немесе жоюды мақсат ететін адамның психикасына белсенді ықпал ету

Психопрофилактика- а) жүйке психикалық және психологиялық соматикалық денсаулық бұзылыстары, әлеусметтік психологиялық дау дамайларды, тұлғаның үйлесімсіз дамуы, оқудағы, қарым қатынастағы, тәрбиедегі психологиялық алғышарттары бар қиындықтар сияқты әртекті проблемалардың алдын алуға ықпал ететін іс шаралардың жүйесі. ә)дәрігерлік және практикалық психологияның нұсқалған проблемалар мен заңдылықтарды зерттейтін саласы

Психогигиена- Адамдардың жүйке –психикалық және психосоматикалық денсаулығын сақтауға, еңбектің (әсіре интеллектілі) дені сау жағдайларын, оқытуды, сондай–ақ тәрбиені қалыптастыруға бағытталған іс шаралардың жүйесі

Психологиялық тапсырыс- Клиенттің кеңсшіге психологиялық көмектің нақты түрін ұсынудың қайсібір үліде ынталандырылған сұранысы

Норма- а) обьекті едәуір тұрақты, әрі қызмет етудің нақты жағдайлары мен міндеттеріне жоғары дәрежеде сәйкес келетін тіршілігін болжайтын оптималды күйі; ә)мәліметтердің салыстырудың (бағлаудың) бастақы басы; б)ауытқуларды болмауы (кері қиысынды криетий); в) норма баяндаушы сипаттама (жағымды қисынды криетий) ретінде

Психологиялық басқару- Кәсіби мамандардың обектінің (индивидттің, топтың) психологиялық сипаттамаларын практикалық психологияның құралдарымен және әдістерімен өзгерту мақсатында оған ықпал ету

Психикалық денсаулық- психофизикалық күйдің, ахуалдың, бағдардың және мінез –құлықтың ағзаның даму деңгейіне, психофизиологиялық әрекеттеріне және шығындарына, адамның қажеттіліктеріне және тұлғалық даму мақсаттарына, ондай –ақ психикасының бар бейімдеуші –компенсаторлвқ мүмкіндіктеріне сәйкестігін анықтайтын тіршілік әрекеттің кешенді көп деңгейл спасы

Психикалық норма- Қоғамның тарихи дамуының нақты кезеңінде қаьылданған адамның психикалық белсенділігі көріністерінің әрқилы өлшемдеріне орай қабылданған нақты ережелер ен талаптар

Психологиялық көмек- Психологиялық қиындықтарды жеңілдетуге немесе жеңуге бағытталған іс щаралардың жүйесі, практикалық психологияның құралдарымен адамда немесе адамдар тобында пайда болған психологиялық проблемаларды шешу

Анамнез- Тексерілуші және оның ауруының дамуы жайлы мәліметтердің жиынтығы

Психодиагностикалқ міндет- іс –әрекеттің немесе психикалық күйдің нақты өлшемдерін міндеттейтін психологиялықсебептерді анықтауда практикалық пихологтың алдында туындайтын міндет, сондай –ақ сыналушының басқа адамдардың арасында бағаланатын күйі бойынша орнын анықтау

Психологиялық қорытынды- Клиенттің психологиялық проблемаларының сипаттамасы, олардың туындауына себепші болған жағдайларды, әрі олады шешудің ықтималды бағыттарын анықтау

Әдіс- Нақты мінедтті шешуге бағынышты, ақиқатты тәжірибеде немесе теориялық меңгеру операцияларының, салыстырмалы түрде бір текті тәсілдердің жиынтығы

Бақылау- Зерттелінген құбылыстыЗерттелінген құбылыстың ерекшеліктерін сипаттайтын таңдамалы бірліктердің (көрсеткіштердің, белгілердің) тіркеудің негізінде зерттелінген обьектіні мақсатты, жүйелі қабылдау

Әңгімелесу- Сыналушымен серіктескен қарым –қатынастың негізінде психологтың сыналушының тұлғасы жайлы диагностикалық маңызды ақпаратты алатын тұлғаны психологиялық зерттеу әдісі

Клиникалық сұхбаттасу- Психологиялық көмек көрсету барысында терапевттік әңгімелесу әдісі

Эмпатиялық тыңдау әдісі- Практикалық писхологияның психологтың әңгімелесуші серігін бойлаған эмоциялы күйлерге ену, оның сөз және одан басқа құралдармен хабарлағандарының барлығын бағасыз қабылдау жолымен бірге күйзелу қабілетіне негізделгенәдісі

Психологиялық кеңес беру- Клиенттің жеке өміріндеғ кәсіби іс –әрекетінде, оқуында және басқа да жағдайларда кездескен психологиялық проблемаларын түсіндірудегі психологиялық көмектің бір түрі

Кеңес беруші психология- Практикалық психологияның психотерапияға мұқтаж емес клиентке психологиялық көмектесу тәсілдерін құрастыратын саласы

Рефлексия- Адамның дербес әрекеттері мен күйлерін ойластыруға, рухани дүниесін өзіндік тануға бағытталған ішкі психикалық іс –әрекеті

Рационалды терапия- Психотерапияның клиентке көзқарастарындағы қисынды ойлауын көрсету арқылы ойлауын түзетуге бағытталған әдісі

Логотерапия- Психотерапияның клиент тұлғасының құндылығын, оның қадыптасқан жағдайда жаңа мағынаны іздеу қабілетін мойындау, қарым –қатынастағы ерекше эмоциялы ахуал есебінен адамның ішкі әлемін өңдеуге бағытталған әдісі

Гештальттерапия- Психотерапияның клиенттің қажеттіліктерін неғұрлым анық сезінуіне бағытталған, оларды біртүтас бейнеге жеткізу және аяқау әдісі

Ребефинг - әуеннің арнайы ықпалымен үйлесімдікте холотропты дем алу арқылы сананың өзгерген күйні жету, нәтижесінде адам қайғы қасіретін жеңіп, қоршаған әлеммен қатынастарының тұтастылығына ие болады

Музыкатерапия - психологиялық көмектің арнайы таңдалған әуеннің көмегімен клиенттің психикасына ықпал етуді болжайтын әдісі

Арттерапия - Психотерапияның өнер туындыларымен және дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі

Нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) - Адамның сөз арқылы өзін бағдарламалауға және кейіннен сол бағдарламаларды өзгертуге мүмкіндік беретін әдістемелік әдістердің жүйесі

Әлеуметтік–психологиялық тренинг- қарым–қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағдарланған практикалық психология әдісі

Психолог қызметінің тиімділігі - Психологтың клиентпен және тапсырыс берушімен өзара әрекеттестігін ұйымдстыру мақсаттарының алынған нәтижеге сәйкес келу дәрежесі

Өзара әрекеттестік - Адамдардың қарым–қатынас процесінде бір–біріне өзара ықпал ету үрдісі; әртүрлі субьектілердің іс–әрекеттернің обьектісіне өзара ықпал ету процесі

Кәсіби–әдептік нормалар - бұл психологтың кәсіби біліктілігінің деңгейіне, оның іс –әрекетінде қызметтестерімен, ғылыми қоғаммне, ондай –ақ клиенттермен және сыналушылармен өзара қатынастарында жүзеге асырылуына ұсынылған ортақ талаптар

Кәсіби құпия - нақты ақпарат мамандардың тек аздаған шеңберіне ғана жарияланатын ережені ұстану

Зиян келтірмеу ұстанымы - психологтың клиентпен өзара әрекеттестікте алған нәтижелері қандай жағдайда да оған зиян келтірмеуі тиіс екендігн болжайтын практикалық психологтардың негізгі принциптерінің бірі

Мінез –құлыққа ағдарланған терапия - Психотерапияның релаксациялық процедураларымен үйлесімдікте топтық жұмыстың модельденген жағдайларында мінез –құлықың қажет компонентін өңдеуге бағытталған әдісі

Лонгитюдтік әдіс- ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге көптеген зерттеулер жүргізу.

Тест – белгілі мәндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық әдісі.

Проективті әдіс – адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.

Тренинг – қарым-қатынас дағдыларын, өзін-өзі реттеуді, кәсіби іскерлікті дамытуға бағытталған топтық жұмыстар формасы.

Гипноз – жасанды жолмен пайда болатын сананың күйі, сендіру формасы.

Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.

Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні.

Психологиялық қызмет – әртүрлі іс-әрекет түрлерінде психологиялық экспертиза , диагностика , кеңес беруде кешенді міндеттерді шешуде психологияны қолданудың практикалық жүйесі.

Психологиялық көмек- адамға, топқа, ұйымға психологиялық көмек көрсетуде адамдардың әлеуметтік-психологиялық компетенттілігін арттыруға бағдарланған психологияны практикалық қолданудың саласы.

Психодиагностика – тұлғаның индивидуалдық- психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.

Зерттеу әдістері – тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Анкета әдісі – вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік- психологиялық ақпарат алу әдісі.

Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.

Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.

Бейімделу - қоршаған орта жағдайына организмнің қызметі мен құрылысының және оның органдарымен жасушаларының бейімделуі.

Кәсіби кеңес - мамандық таңдауда практикалық көмек мақсатында жастарға сол мамандық туралы ұйымдасқан ақпарат беру.

Темперамент – адамның жалпы сипаты. Анық сипат адамның барлық әрекетінен көрініп тұрады.

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.

1-аралық бақылау материалдары.

  1. Практикалық психологияның негізгі міндетттері

  2. Практикалық психология қызметінің негізгі бағыттары

  3. Қазіргі уақыттағы практикалық психологияның ғылымдағы орны.

  4. Практикалық психологиядағы диагностиканың орны.

  5. Практикалық психология қызметінің мазмұны

  6. Психологиялық кеңес беру қызметінің ерекшелігі.

  7. Психологиялық түзету және дамыту жұмысы.

  8. Психотерапевттік әсер ету әдістері.

  9. Психологиялық кеңес беру әдістері.

  10. Психологиялық көмек беру мазмұны.

  11. Әлеуметтік – психологиялық тренинг.

  12. Практикалық психологияның практикадағы орны.

  13. Жекелей кеңес беру жұмысының мазмұны

  14. Топтық кеңес беру жұмысының ерекшелігі

  15. Практикалық қызметте психодиагностиканы қолдану ерекшелігі.

  16. Практикалық психологияның негізгі міндетттері

  17. Практикалық психология қызметінің негізгі бағыттары

  18. Қазіргі уақыттағы практикалық психологияның ғылымдағы орны.

  19. Практикалық психологиядағы диагностиканың орны.

  20. Практикалық психология қызметінің мазмұны

  21. Психологиялық кеңес беру қызметінің ерекшелігі.

  22. Психологиялық түзету және дамыту жұмысы.

  23. Психотерапевттік әсер ету әдістері.

  24. Психологиялық кеңес беру әдістері.

  25. Психологиялық көмек беру мазмұны.

  26. Әлеуметтік – психологиялық тренинг. мақсаты, міндеті және әдістері

  27. Психологиялық тәжірибенің тарихы психологиялық мәдениеттің ерекше формасы ретінде.

  28. Психологиялық тәжірибенің тарихы психологиялық мәдениетінің ерекше формасы. Психологиялық тәжірибенің тарихы психологиялық мәдениетінің ерекше формасы.

  29. Батыс және Шығыс психологиялық тәжірибенің салыстырмалы талдамы.

  30. Психологиялық кеңес берудің мақсаттары. Кеңесшінің маман МЕН-бейнесі

  31. Кеңешінің «кәсіби жану» ( профисиональное сгорание) мәселесі

  32. Роджерстің терапиясының негізгі түсінікте

  33. Нейролингвистикалық бағдарламалау

  34. Кеңес берудегі экзистенцмоналды тәсілдің процедуралары мен басты ұғымдары. психологиялық кеңес берудегі гешталть-тәсіл.

  35. .Бихевиоралдық психотерапия.

  36. Клиентпен трансты, медитативті әдістер жұмысы.

  37. Арт- терепия.

  38. Психологиялық кеңес берудегі транзактілі талдау.

  39. Клиентпен жұмыс істеудегі топтып формалар.

  40. Басшылық және онымен әртүрлі терапевтік топта жұмыс.



2-аралық бақылау материалдары

    1. Әлеуметтік – психологиялық тренинг.

    2. Практикалық психологияның практикадағы орны.

    3. Жекелей кеңес беру жұмысының мазмұны

    4. Топтық кеңес беру жұмысының ерекшелігі

    5. Практикалық қызметте психодиагностиканы қолдану ерекшелігі.

    6. Топтық психотерапия қызметінің мазмұны.

    7. Психотерапевттік жұмыстың мақсаты мен міндеттері

    8. Психологиялық кеңес берудің мақсаты мен негізгі міндеттері.

    9. Практикалық психологиядағы психологиядағы психологиялық жаңалықтар.

    10. Психотерапевттік әсер етудің негізгі әдістері.

    11. Жеке тұлғалық өсудегі тренингтің орны.

    12. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.

    13. Қазіргі кездегі практикалық психологияның жетістіктері.

    14. Психологиялық қызметтегі психологтың кәсіби сапалары.

    15. Жеке тұлғалық өсудегі тренингтің орны.

    16. Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.

    17. Қазіргі кездегі практикалық психологияның жетістіктері.

    18. Психологиялық қызметтегі психологтың кәсіби сапалары.

    19. Бағдарлы психотерапияның мақсаты, міндеттері және әдістері

    20. Би-қозғалыс терапиясының мәні, дамуы, мақсаты мен міндеттері

    21. Арт-терапияның негізгі бағыттары

    22. Денелік-бағдарлы психотерапияның мақсаты, міндеттері және әдістері

    23. Я.Л. Морено – психотерапияда психодрамалық көзқарасты ұсынушы ретінде

    24. Жүелі және стратегиялық отбасылық трапия.

    25. Психологиялық кеңес берудегі интгративті тенденциялар.

    26. Пиходрама: негізгі принциптер мен процедурулары.

    27. Арт- терепия.

    28. Психологиялық кеңес берудегі транзактілі талдау.

    29. .Клиентпен жұмыс істеудегі топтып формалар.

    30. Басшылық және онымен әртүрлі терапевтік топта жұмыс.

    31. Жүелі және стратегиялық отбасылық трапия.

    32. Психологиялық кеңес берудегі интгративті тенденциялар.

    33. Пиходрама: негізгі принциптер мен процедурулары.


Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

Гуманитарлық факультет

Педагогика және психология кафедрасы

«Практикалық психология»

пәні бойынша лабараториялық сабақтары бойынша

әдістемелік нұсқау

Семей 2015 ж.

«Практикалық психология» пәні бойынша лабараториялық сабақтардың әдістемелік нұсқауы «Психология» 5В050300 2-ші курс студенттеріне құрастырылған.

Құрастырушы: «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жолдыбекова А.Т.



Лабараториялық сабақтар №1

Тақырып: Индивидуалды және топтық психотерапия. Мақсаты және міндеттері. Топтың психокоррекциялық әсері

Мақсаты: Практикалық психологияның даму Адлердің индивидуалды психологиясы. мәселесі жөнінде білім беру.

Негізгі сұрақтар: Адлердің индивидуалды психологиясы. Практикалық психологиядағы жаңа психтехнологиялар және жаңа сарын: процессуалды психология, психобилдинг, коучинг, селф-коучинг, селф-серфинг, ассесмент и т.б.

Тапсырма: құрулы сұрақтарға жауап беру, ауызекі жауапқа деген әзірлік.



Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Лабараториялық сабақ сұрақ жауап түрінде өтеді. Студенттер алғашқы лабараториялық сабақ болғандықтан, сабақтың теориялық негізін білулері қажет, осымен қатар сабаққа дайындалу барысында олар көбінесе практикалық психология пәнінің даму кезеңдері ескерілуі қажет.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап

Лабараториялық сабақтар №2

Тақырып: Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы

Мақсаты: психотерапия әдістері жайлы білімдерін дамыту, және техниканың заманауи жүйелерін анықтау.

Негізгі сұрақтар: Клиентке бағытталған терапия. Гештальт-терапия. Логотерапия. Когнитивті психотерапия.

Тапсырма: құрулы сұрақтарға ауызекі жауап беруге деген әзірлік.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Лабараториялық сабаққа әрбір студент кесте жасап келулері қажет, яғни бірнеше студент бұл кестені бірігіп істеулеріне де болады. Бұл кестеде олар қазіргі шетел психологиясында клиентке бағытталған терапия, гештальттерапия, логотерапия, когнитивті психотерапия зерттеудің негізгі теориялық бағыттары туралы мәліметтермен тереңірек танысып оған жауап бере алатындай болады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап

Лабараториялық сабақтар №3

Тақырып: Денеге бағытталған терапия

Мақсаты: Денеге бағытталған терапия, өнер терапиясының топтары, бастан кешіру теориясы, танатотерапия жұмыстарын өткізу техникасын уйрену.

Негізгі сұрақтар: Денеге бағытталған терапия. Өнер терапиясының топтары. Бастан кешіру теориясы. Психотехникалық бірлік ұғымы. Танатотерапия.

Тапсырма: құрулы сұрақтарға жауап бер, ауызекі жауапқа әзірлену.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Бұл тақырыпқа байланысты студенттермен дөңгелек стөл өткізіледі, дөңгелек стөлде студенттер жоғарыда айтылған терапиялар жөнінде мәлімет алысып, жүргузі техникасын меңгергендерін көрсету мақсатында терапияларды ортаға шығып өткізеді. Лабаратория соңында студендің тарапынан өтілген терпиялар талқыланады.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап

Лабараториялық сабақтар №4

Тақырып: Арт-терапия

Мақсаты: студенттерге арт-терап жөнінде мәлімет беру және де қолдану техникаларын үйрену.

Негізгі сұрақтар:

Арт-терапиялық топ. Фольклорлық Арт-терапия. Құмдықолдануарқылы психотерапия. Ертегітерапиялық топ. Ертедегі тұлғалық диагностика. Ертегілермен жұмыс жасаудың жалпы заңдылықтары.



Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Бұл лабараториялық сабаққа студенттер карточкалар жасап келулері қажет, карточкада олар қарастырған терпия түрлері жазылғңан, карточкаларын алмастырып қосымша даярлаған слайдттары жайлы білімдерін дамытады.

Лабараториялық сабақтар №5

Тақырып: Трансперсоналды психотерапия

Мақсаты: студенттердіңя психосинтез, транзактілі талдау, позитивтң (жағымды) психотерапия жайлыы білімдерін дамыту.

Негізгі сұрақтар: Транзактілі талдау. Психосинтез. Позитивті (жағымды) психотерапия.

Тапсырма: қойылған сұрақтарға жауап берсiн, ауызша жауапқа дайындалу.

Тапсырманы орындаудағы әдістемелік нұсқау: Лабараториялық сабақ сұрақ жауап түрінде өтеді. Студенттер сабақтың теориялық негізін білулері қажет, осымен қатар сабаққа дайындалу барысында олар сабақ бойынша қарастырылып отырған сұрақтар толық ашылуыни ескеруі қажет.

Сабақтың өтілу формасы: сұрақ-жауап

Лабаратоиялық сабақтар №6

Тақырып: Психотерапиядағы шығыс техникалары: медитация, динамикалық медитация, релаксиялық әдістер, ароматерапия

Мақсаты: Психотерапиядағы шығыс техникалары: медитация, динамикалық медитация, релаксиялық әдістер, ароматерапия жұмыстардың негізгі әдістері, ерекшеліктері мен кезеңдері туралы түсініктерін жетілдіру.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет