Силлабус пән: Практикалық психология Курс


Дәрістің мақсаты: Студенттерге психопрофилактика жайлы мағлұмат беру



бет10/15
Дата09.11.2016
өлшемі2,91 Mb.
#1325
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Дәрістің мақсаты: Студенттерге психопрофилактика жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

1. Психологиялық ағарту жұмыстарының міндеттері.

2 . Психологиялық ағарту жұмыстарының маңыздылығы.

Мекемедегі психологиялық ағарту жұмыстарын практикалық психологтың бір өзі ғана атқаруы шарт емес. Ол психологиялық ағарту жұмыстарын басқа мамандармен мектеп басшысымен, пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен ) бірлесе жоспар құрып, ұйымдастырып, жүргізе алады.

Психологиялық ағарту жұмыстары абстрактілі –теориялық сипатта болмауы керек. Психологиялық ағарту жұмыстары нақты жағдайларға қатысты мәселелердің шешіміне қатысты болғаны жөн. Психологиялық ағарту жұмыстарын көрнекілікпен барынша оптимальды әрлеп, аудио- видеоаппаратуралар мен басқа да құралдарды пайдаланған тиімді болады.Білім беру жүйесінде оқушыларды психологиялық дамыту, педагогтардың психологиялық білімін арттыру мақсатында психолог іс-әрекет етеді. Бұл салада психологтың қызметін И.В. Дубровинаға сүйіне отырып тікелей және жанама әсер ету деп қарастыруға болады [1, б. 15]. Тікелей әсер ету деп психологтың оқушылармен тікелей қатынас жасауын айтамыз. Жанамалы психологиялық қызметте психолог мұғалім арқылы оқушы-ларға, ата-аналарға әсер етеді. Сөйтіп, психолог педагогтармен бірлесіп іс-әрекет етеді, олай болса бұл жерде психологтың ең бірінші мақсаты – педагогтармен тіл табысу, өзара бірлесе әрекет ету. Бұл өте күрделі әрі қиын үрдіс, ол үшін өзара қарым-қатынастың тең құқылы әріптестік формасын құру қажет. Психолог пен педагог оқушылар туралы ақпараттармен алмасып, оқыту және тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін қарастырады.

Әдістемелік семинарларда психолог оқыту мен тәрбиелеу аймағындағы психология ғылымының жетістіктері туралы айтып, педагогтарды әдебиеттермен таныстырып, мектеп өмірінен нақты жағдайларды мысалға алып психологиялық әсер ету арқылы оларды түзетуге мүмкіндігіне жеткізуі керек.

Психолог білім беру мекемесіндегі тәрбиешілер мен педагогтарға «Жедел жәрдем», балаларға «күтуші» ретінде емес, кәсіби маман ретінде келеді [2, б. 17]. Психолог педагогикалық ұйымның бір мүшесі және ол балалардың психикалық дамуын, психологиялық денсаулығын қамтамасыз етеді. Психолог өз жұмысында кәсіптік біліміне, индивидуалды психи-калық дамуына, психологиялық іс-әрекет пен адамның мінез-құлық мотивтеріне, тұлғаның онтогенез кезіндегі дамуына сүйенеді.

Практик психолог балалар бақшасында, мектепте, интернатта жұмыс істей отырып, әр-түрлі жас аралығындағы оқушылармен жұмыс жүргізді. Өзіндік жағдайды анықтауда психологиялық даярлық біртіндеп, баланың туғаннан бастап – үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынасы кіреді [2, 11, б. 49].

Психолог баланың психикалық даму шарттарының жолдарын анықтайды. Енді бұл жерде туындайтын сұрақ – білім беру мекемесіндегі психолог кімге бағынады және кіммен жұмыс істейді? Бұл сұраққа былай жауап беріп көрейік: Психолог екі жақты бағынушылықта болады. Ұйым-дастырушылық басқару бойынша мектеп директорына, ал кәсіптік жағынан - әдістемелермен қамтамасыз ететін, кәсіптік қарым-қатынас жасайтын психологиялық орталықтың маман психологтарына бағы-нады.

Мұндағы психикалық даму заңдылықтарының зерттеу нәтижелері психикалық үрдіс ерекшеліктерімен, соны-мен қатар оқу іс-әрекет ерекшіліктерін нығайтудағы психологиялық әдістердің негізінде жатыр.

Үрдістердің сенсорлы - перцептивті зерттелінуі, жадының, ойлаудың, қызығушылық қызметтің құрылулары және оның дамуы ерекшіліктері заңдылық аймақтар және психомоторлық мінез-демелер кіші оқушылардың ерекшеліктерінің аймақтарын айқындауға мүмкіндік береді. Бастауыш сынып жастағы оқушылардың мотивациялық аймағы, сана-сезімнің және өзін-өзі бағалаулары, мінез-құлық, әлеуметтік хабардар болулардың және т.б даму ерекшеліктері көрсетілген [6, 7, 9].

Бұл күнде осы сөздің авторы чехиялық Ян Амос Коменскийді көпшілік қолдайды. Бірақ бұндағы дауыл мәселе – білім беру, білім алу қандай түрде болуы керек? Болып жатқан өзгерістер әсері қандай? Ал өзгерістер деп отырғанымыз:

- толық он бір жылдық білімді енгізу және он екі жылдық оқуды талқылау;

- жаңа оқу дисциплиналарын (пәндерінің) пайда болуы;

- мемлекеттік және жеке меншік мектептердің құрылуы т.б.

Өкінішке орай, барлық жаңа ашылымдар жеткілікті түрде ойлас-тырылып, негізделмеген. Бірінші сыныпқа алынған оқушылардың ата-аналары оның оқу біліктілігі, санай алу, әріптерін жаза алуын тексергенде, бұның барлығы мектеп мойнында емес пе деп ойлайтындар да баршылық. Бұдан: қандай бағдарламамен оқушылар оқу керек деген сұрақ туындайды. Осы сияқты сұрақтар жауап-сыз қала беруі де білім берушілерге деген сенімсіздік тудырады. А.Г. Асмолова айтуы бойынша білім - қоғамды дамытады [8, б. 9].

Білім беруде екі басты іс-әрекет жасаушы – мұғалім және оқушы. Бірақ педагог пен балаға психологиялық кеңес беруді қажет етеді. Неге мектепте балалар пән мағлұматтарын меңгеріп үлгермейді, неге қарым-қатынаста қиыншылықтарға кездеседі, неге кейде агрессивті, жалқау. Осы және тағы басқа сұрақтар ата-аналар мен педагогтарды ойландырады. Осындай мәселелермен олар психологқа жүгінуге даяр. Ал психолог бұл мәселелерді шешу үшін келесі талаптарды орындауы қажет.

Психологиялық кәсіптілік – бұл психологиялық мәселелерді шеше алу және оларды көріп қорытынды жасау болып табылады.

Л.С. Выготский педагогикалық және әдістемелік айырмашылықтарды көріп, оны психологиялық жағынан қарастырды. Педагогикалық анализдің, педагогикалық үрдістің міндеті – оқыту актісінің дамуы емес, мектептегі оқытудың ішкі даму үрдісіне әсері [14, б. 312].

Ресейлік психологияда нені қалай оқыту керек туралы сұрақтарды Л.С. Выготский, П.П. Блонский, В.В. Давыдов, Д.Б. Эльконин, П.Я. Гальперин тағы басқалар қорытып шығарды. Н.Ф. Талызина [21, б. 87], П.Я. Гальпериннің [5, б. 89], ал Қазақстанда С. Елеусізова, Р. Қарамұратова зеттеулеріне сүйене отырып, оқыту мазмұнына байланысты үрдістік бірнеше жағдайларды бөліп көрсетті.

1) Оқытудың негізін базалық білім құрауы қажет;

2) Оқытудың мазмұнына базалық біліммен жұмыс істеу тәсілі жатуы қажет;

3) Білімді меңгеру, оқыту тапсыр-маларын шешу формасында орындалып, бұл оқытуды ешқандай жаттаусыз-ақ қамтамасыз етіліп, есте сақтау қорытынды негізінде қалыптасуы керек;

Мектеп жағдайына қатысты, идиалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты енгізу болып табылады.

Н.Р. Талызинаның оқытуында ұстанған психологиялық мазмұны үшінші типті оқуға жатады. П.Я. Гальпериннің пікірінше бірінші және басты үшінші типті оқыту-бұл танымдық іс-әрекеттерді тітір-кендіріп, өзінің танымдық қызығу-шылығын нығайтады.

Қазіргі кездегі мектептердегі психологтордың алдында мектеп әкімшілігі жағынан танымдықтары мотивтенген балаларды іздестіру тапсырмасы тұрады. Біздің пікірімізше бұл тапсырманы басқалай құрастыру жөн: іздеу емес, танымдық мотивацияны құру. Себебі, танымдық мотивацияны құру арқылы оқушылардың мотивацияларын дамыту дұрыс.

Білім беру жүйесінің мәселесінің мазмұны баланың танымдық ерекшеліктері мен тұлғалық эмоционалды сферасын диагностау мәселесімен тікелей байла-нысты. Бірақта көпшілік мектептің бетке ұстар мұғалімдері «психолог тестер ғана өткізеді» деп ескертеді. Бұл әрине өкінішті.

В.П. Зинченко «Диагностау тек тестерге негізделмейді, оның интерпритациясының өңделуіне негізде-леді» дейді [4, б. 89]. Яғни бұл жағдайда біріншіден қажет ерекшелікті анықтау, екіншіден нені түзету керек соны іздеу. Егер психолог тек сандармен сызбанұсқаларды сызумен ғана шектелсе шындығында бұл психолог психолог емес.

Мектепке қатысты идеалды нұсқа болып әр бір баланың психологиялық мәселесіне психологты кірістіру, алайда бұнда бұл әрекетті қолдану мүмкіндігі аз. Біздің ойымызша, ең мүмкін болар шешім: психологтың мұғалімдермен жұмысы. Осылайша мектептегі психологиялық қызмет туралы ғана емес, психологиялық -–педагогикалық бірлескен іс-әрекет туралы сөз ету орынды.

А.А. Реан психологиялық және педагогикалық күштердің интеграциясы туралы айта келіп, психологиялық қызметті психологиялық-педагогикалық жүйенің бірлескен элементі ретінде қарастыруды ұсынды [3, б. 105].

Психолог жұмысы білім беру жүйесінің түрлеріне (шығармашылық және математикалық мектептер, гимназия, лицейлер) байланысты қызмет міндеттері анықталады.

Психолог өз жұмысын жүргізу үшін ыңғайлы орын қажет. Кабинет – бұл қажетті психологиялық қызметтердің компоненті. Психолог кез-келген мекемеде жұмыс істей отырып, негізгі тапсырмаларды шешеді. Кейбір неғұрлым қажетті іс-әрекеттерге көңіл бөлейік: практикалық психолог ең бірінші психология – педагогикалық шарттарды бақылауға міндетті. Ол балалардың даму ерекшеліктері баланың негізгі даму барысында қалыптасқанын ескеру керек.

Баланың дамуындағы шарттарды талқылау барысында Л.С. Выготскийдің «дамудың жақын аймағы» принципін қолдану дұрыс [2, б. 156]. Бұл принципті қолдау арқылы психология-педагогикалық бағдар дамудың сол деңгейінде бала жақын арадағы уақытта неге жете алатындығын бейнелейді. Педагогикалық тәжірбиеде бұл принциптің негізгі қиындығы «дамудың жақын аймағы». Дамудың жақын аймағы жасөспірімдерде және жоғарғы сынып оқушыларында ересек адамдармен өзін тану, интелектуалды және тұлғалық рефлекция, өзіндік ұйымдастыру мәселесі аумағында құрылады. Дәл осы кезеңде өмірлік көрінісі, өзін-өзі тануы, өз мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызы-ғушылықтарын сынап көруі қалыптасады.

Педагогикалық ұйымда, сол сияқты жанұяда үнемі әр түрлі қақтығыстар болады, көбінде ересек адамдардың психологиялық хабарсыздығынан, бірін-бірі тыңдай алмауынан, тыңдағысы келмегеннен, түсінбеуден, кешірмеуден болады.

Сондықтан да, тәжірбиелі психологқа балалармен жұмыс істейтін адамдардың психологиялық мәдениетін көтеру қажет.

Психологиялық ағарту – бұл үлкендердің және балалардың психоло-гиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:

1) Баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді, тәрбиеш-ілерді, ата-аналарды таныстыру;

2) Жаңа психологиялық зерттеулерді талқылап көпшілікке таныту;

3) Психологиялық білімдер қажет-тілігін құрып, оны жұмыс кезінде баланың немесе өзіндік тұлғалық дамуда қолдану;

4) Оқушыларды өзіндік таным және өзіндік тәрбие туралы түсініктердің негіздерімен таныстыру;

5) Практик психологтың сол меке-меде керек екендігін түсінуге қол жеткізу.

Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуы мүмкін: дәріс, практикалық сабақтар, семинар, әңгімелеу, көрме, әдебиеттерді талқылау тағы басқа. Бұл жұмыстарды барлығын психолог өзі жүр-гізбей-ақ басқа мамандарды шақы-руына болады. Барлық жұмыстардың мазмұнын психолог өзі қамтамасыз етуі, тиіс, және өтетін жұмыс түрлерінің нақты жұмысқа байланысты мәселелері қаралған жөн.

Психологиялық ағартудың ең бір көп тараған түрі психологиялық консультация (кеңес беру). Яғни, психолог консуль-тациялық іс-әрекетті бағдар беру, ағартуды, сабақтарда жүзеге асыру. Бұл маманның клиентке кеңесі, нақты бір мәселеге қатысты жиналыс, нақты бір жағдайдағы адамның мінез-құлқы бойынша пікірін білдіру деп түсіндіріледі [9, б. 7].

Егер психолог осындай ұжымда баланың позициясын қорғайтын болса әріптестерінің таң қалулары әбден мүмкін. Төмен дәрежелі тәрбиелеу мен оқыту мекемелерінде психологқа педагогикалық іс-әрекетті атқаруды жүк етіп артады. Көптеген жаңадан істеп жүрген психологтар педагогикалық кеңес өткізіп, жалпы мектеп оқушыларын ата-аналар жиналысында сөз сөйлеп, сынып жетекшілердің орнына сынып сағатын өткізіп, кейде тіпті ұстаздың орнына сабақ өткізеді. Бірақ та ешқандай психолог нашар оқытатын ұстазға, ұжымды басқара алмайтын директорға көмек бере алмайды. Сондай-ақ тағы да психологқа деген таңқалушылықтарын білдіреді. Қалай айтқанмен қай маман иесі болса да өз қателіктерінен үйренеді. Біздің көзқарасымызша психологтың субъек-тивтік статусқа келесі талаптар арқылы қол жеткізуге болады:

- психологтың құқықтарымен толық танысуы арқылы, негізгі психологтың жұмыс формалары, психологиялық қызметтің стратегиясы арқылы педаго-гикалық ұжымның адекватты нәти-желерінің құрылымы;

- эмпатиялы бағасыз қарым-қатынасты, жеке тұлғаның мінез-құлықты іскерлестік позициясымен жеке адамдарға сенім арта білу жағдайларын болжайтын психологтың барлық категориялардағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер ара-сындағы қарым-қатынас.

- ортақ позицияны мектеп жоспары мен бағдарламасын, олардың жүзеге асырылуын, іс-әркетінің нәтижелерінің талдауын анықтаудағы педагогтармен бірлескен әрекеттері.

Психолог үшін – психологиялық қызметтің субъектісін, өзінің жеке даралық ерекшеліктерін, қабілеттілігін, мүмкін-діктерін, әлсіз және күшті жақтарын білу маңызды. Ол өзінің эмоционалдық деңгейін реттеп, өзінің психологиялық функцияларын (ес, зейін, ой) жеделдете білу қажет. Аяғында іс-әрекет субъектісі сияқты өзінің кәсіптік негізгі сапаларын дамытуы керек. Бұл интеллектуальдылық (қызығушылық, логикалық ой, прак-тикалық ақылы), әлеуметтілігі (эмпатия, әлеуметтік контакт жасаудағы талаптары, коммуникативтілігі). Біз үшін ең маңыздысы болып «мен» күші мен өзіндік сын көзбен қарауы, эмоциялық тұрақтылығының жемістілігі.



Психолог балалармен жұмыс істей отырып, ол балалардың типологиялық ерекшеліктері мен жасын білу қажет және онтогенездегі жеке тұлғаның динамикалық дамуы туралы мағлұматтары болуы керек. Оған жұмыс үстінде әртүрлі даму деңгейдегі мінез-құлықтарының, ақыл-ойының, оқушылармен қарым-қаты-насының ауытқуларымен кездеседі және ол оның шығу себептерінің психологиясымен таныс болуы өте маңызды. Баланың дамуы көбінесе жанұясының тәрбиесіне байланысты болғандықтан, психологқа жанұясының тәрбиесін білуі қажет. Балаға көмектесу үшін біріншіден баланың жөнделем деген пиғылы болуы керек, яғни өзінің танымдылығын, өзіндік оқуын, тәрбиесін түзеткісі келу.Ғалымдар психологтың біліктілігін анықтайтын сегіз негізгі қасиетін бөліп көрсетеді. Психологиялық көмек көрсетудің мақсаты. Квалификациялы психолог педа-гогтың мақсаттарына бағыт-бағдар жасай-ды, адамға мінез-құлықтың максималды болар варианттарын табуға мүмкіндік береді, жаңа мүмкіндіктерін қарастырады.Кәсіптік іс-әрекет жағдайларындағы психологтың реакциясы. Квалификациялы психолог кең спекторлы жағдайлар мен мәліметтерден вербальды, вербальды емес реакцияларын тауып алады.Психологтың дүниетанымдылығы. Квалификациялы психолог өзінің зерттеуінің қиындығы және оның жеке адамға әсерін түсінеді. Мұндай мәселелерді бір ғана концепция арқылы шешеуге болмайтындығын түсініп, ол жұмыста әртүрлі тәсілдерді қолданады:1) Психологтың мәдениеттілігінің деңгейі. Квалификациялы психолог клиентінің өміріне еніп, онымен бірге мәселенің шешімін табуға бір жолға түседі, көптеген ойларды, сөздерді және мінез-құлықтарды жасауға бейімді;2) Құпиялылық (конфиден-циалдылық). Квалификациясы бар психо-логта құпиялылық (конфиден-циалдылық) болады. Ол үнемі клиенттің сұранысын нақты қабылдап, психоло-гиялық ақпа-раттарды қандай ауқымда болмасын дәл қолданады;3). Іс-әрекет шектілігі. Квалифи-кациялы психолог өзінің кәсіптік іс-әрекетінің мазмұнына үнемі қайта оралып, рефлекцияға түсіріп отырады және өзінің мүмкіндіктерін реальды түрде шектеп бағалайды;4) Тұлға аралық әсер. Квалификациясы бар психолог өзінің реакциясын педагогқа немесе клиентке әсер ететінін түсіндіреді;5) Абыройлылық. Квалификациялы психологта бұл өзінің психологиялық көмек беретін концепцияларын шығару негізінде қызмет атқарады. Психологиялық ағарту – педагог, тәрбиеші, ата-аналардың және оқушы-лардың психологиялық біліммен сусын-дауы. Психологиялық ағартудың негізгі мағынасы:- тәрбиеші, мұғалім, ата-аналарды баланың психикалық даму шарттарымен және заңдылықтарымен таныстыру;- жаңа психологиялық зерттеулер нәтижелерін түсіндіру;- психологиялық білімге деген қызығушылықтарын ояту;- оқушыларды өзіндік тәрбиелеуге үйрету. Психологиялық ағартудың формалары әр түрлі болады: лекция, сұхбат, семинар. Психологиялық ағартуды психологиялық білімді, өмірлік мәсе-лелерді шешу мәселелеріне қатысты беретін болса, жұмыс эффективті болады.Е.А. Климов бойынша, психоло-гиялық білімді көтеру – психологиялық ғылым ретінде өсуінің шарты.Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет. Педагогикалық ұжымда, отбасында көбіне әр түрлі кикілжіңдер орын алып отырады. Бұның бәрі ересек адамдардың психологиялық сауатсыздығынан, бір-бірін тыңдау, түсіну, кешіру, мойынсұну, секілді қасиеттердің жүзеге аспау негізінен туындайды. Сондықтан да практик психологқа баламен жұмыс істейтін барлық адамдардың психологиялық мәдіниетін көтеру өте маңызды. Психологиялық ағартушылық – бұл үлкендер (тәрбиешілер, мұғалімдер, ата-аналар) мен балаларға психологиялық білім беру. Бұндай психологиялық ағартушылықтың негізгі мәні мынада:1. Тәрбиешілер, мұғалімдер мен ата-аналарды балалардың психикасының дамуының негізгі заңдылықтары мен жағдайларымен таныстыру;2. Жаңашыл психологиялық зерттеулердің нәтижесін анықтау.3. Психологиялық білімге сұранысты, оларды балалармен жұмыс істеу кезінде немесе тұлғаның өзінің дамуына деген қызығушылығында қолдануға ынта-ықыласты қалыптастыру;4. Практикалық психологияның және балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарында психолг жұмысының қажет екендігін түсіндіру; Психологиялық ағартушылықтың формалары әр түрлі болады: дәріс, әңгіме, семинарлар, көрме, т.б. Бұндай жағдайда психолог жұмыс істеу кезінде барлық іс-әрекетті бір өзі ғана атқара бермей басқа да мамандарды шақыруға болады. Алайда, жұмыстың бұл формалары тек бірсарынды теориялық түрде өтпеуі керек. Яғни, бұл жұмыстар психологиялық білімнің бала білімі мен тәрбиесіне қатысты нақты мәселелерді шешуге бей-жай қарамайтындығын көрсету қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М.,1997

2.Карвасарский Б.Д. Психотерапия. М.,1985

3.Бурлучак Л.Ф., Грабская И.А., Кочарян А.С. Основы психотерапии. Киев, 1999.

11 дәріс. Психотерапия

Дәрістің мақсаты: Студенттерге психотерапия жайлы мағлұмат беру.

Жоспары:

1.Психотерапия ұғымы.

2.Рефлексия.Логотерапия.Гештальттерапия

3. Әлеуметтік- психологиялық тренинг.

Әлеуметтік тәжірибеде «психотерапия» термині көп жағдайларда медициналық тұрғыдан қабылданады. Медициналық және медицинамен байланысты әдебиеттерде психотерапия психикаға әсер ететін емдеу жүйесі ретінде болады, одан, психикадан науқастың ағзасына әсер етеді. Сонымен, психотерапия емдеудің әдісі болып қарастырылады, сондықтан дәстүрлі түрде ол медицинаның қызметіне кіреді.

Психотерапевтік болып топтсатырылатын әсер ету әдісінің маңыздылығы қазіргі педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, психология және басқа да ғылымдардың мәліметтеріне негізделеді. Психотерапия клиника қабырғасының аймығын тастап, емханадан тыс орын алуда.

Медициналық- клиникалық мекеме саласында жұмысын бастаған психотерапевтердің көбісі басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес (отбасына әлеуметтік- психикалық көмек, сенім телефоны және т.б.) құрылымдарда өз күштерін қолдануда.

Психологиялық көмек көрсетудің тәжірибесі психотерапия саласындағы білімнен асып түсуде. Бұндай нәрсе ғылымда бірнеше рет болған. Психотерапияның осы қалпының бар болуын көптеген ғалымдар – Б.Д. Карвасарский, М.С. Лебединский, В.Н. Мясищев және т.б. атап өткен.

Психолог- психотерапевт медциналық және медецинадан тыс мекемелерде жұмыс атқара алады. Психотерапевтік мамандыққа сай диплом немесе сертификат арқылы жұмысқа жіберіледі.

Қазіргі таңда практик психологтың пайда болу мәселесі тұр, өйткені ол психологтан тек оның қызметі ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік тапсырысты да қажет етеді. Ол өз кезегінде психотерапевт- психолог кәсібінің пайда болуына үлкен жауапкершілікті артып отыр.

Бұл жауапкершілік тереңдей түседі, өйткені психолог- психотерапевт психикалық денсаулық категориясы мен психикалық даму ережесі категориясымен жұмыс істейді, жеке тұлға үшін маңызды болып табылады. Психотерапевт клиенттің жеке қайта құруымен айналыса отырып, өзіне клиенттің психикалық денсаулығының көрсеткішінің бір бөлігін жауапкершілікке алады. Басқа сөзбен айтқанда, психотерапевт өзіне басқа адамның жеке элементтерін жасаушы ролін атқарады, оның ішкі дүниесіндегі өзгерістерге жауапкершілік атқарады.

Демек, психотерапевт өз қызметінде психикалық дамудың индивидуалды қалпы туралы ұғымды индивидуалданған, жекеленген түрде іске асырады, ол өзінде имплициттік және психикалық даму мен психикалық денсаулық сипатын құрайды. Міне, осында психолог- консультанттан психотерапевтің нағыз кәсіби айырмашылығы көрініс береді. Қысқаша түрде бұл айырмашылықтарды былай көрсетуге болады: психотерапевт ауру адаммен жұмыс істейді және оның сауығып кетуіне жауап береді, ал психолог- кеңес беруші сау адаммен жұмыс істейді және оның жеке қасиеттерінің өсуіне жағдай туғызады, ал осы өсуге жауапкершілікті клиент атқарады.

Сонымен, неге психотерапияны психологиялық кәсіпке жатқызуға болады? Біздің пікірімізше, психологтың күш салуындағы ең басты аргумент ол объектінің қасиеттеріне бағытталады. Ол адамның ішкі дүниесінің көрінісі, ол ішкі дүниесінің модалдығына: ойлар, сезімдер, қалаулар, мүмкіндікте, «Мен» бейнесінің интегралды қасиеттері және т.б.

Адамның ішкі дүниесінің параметрлеріне әсер ететін әдістер мен байланысты аргументтер. Ондағы ортақ нәрсе, олар психолог пен клиент арасындағы коммуникациядағы вербалды және вербалды емес әдістен басқа құралдарды қажет етпейді. Психотерапевт пен клиенттің арасындағы өзара әрекет психологпен бейнеленген клиенттің ішкі дүниесінің модалдығы болып табылады деуге болады.

Психолог заттың өзара әрекетінің құрылуында ең негізгі рөлді атқарады, ол осы бүкіл ситуацияны қозғалысқа келтіреді, оның уақыты мен кеңістігін құрастырады.

Психотерапияның нәтижесін келесідей бейнелеуге болады: клиенттің ішкі дүниесінің мазмұны психологпен кездеспей тұрып бір бөлек, ал кездесуден кейін оның мазмұны қайта құрастырылады.

Психотерапия жағдайында өзгерістер тек клиентте ғана емес, психологта да болады. Адамның ішкі дүниесінің қандай сипатын өзараәрекеттесу көрініс беретін психотерапияның 4 негізгі моделін бөлуге болады.



  1. психотерапияның медициналық моделі.

  2. психологиялық модель.

  3. әлеуметтік модель.

  4. философиялық модель.

Психотерапевт ауру адаммен жұыс істейді. Психотерапевт терапевтпен және басқа да мамандармен бірлесе жұмыс атқарады.

Науқасқа қандай ауруларда психотерапия қажет? Қандай кезде психолог клиницист- дәрігермен бірге жұмыс істейді? Бұл сұраққа жауапты медициналық әдебиеттердегі талдау бойынша, келесідей психотерапияның тиімді алғышарттары қолданылады:



  • эпилотегенез ауруына емдік әрекеттерді қолдану оның психикалық факторына жүйке немесе шектен тыс қалпы жатады.

  • Емдік-сақтандырудың маңызы – науқастың соматикалық ауруларына психоәлеуметтік реакцияларын қолдану.

Сонымен, психотерапевт көбіне жүйке ауруларымен, шекаралық күймен және психосоматикалық аурулармен жұмыс істейді.

Клиентпен өзара әрекеттестік орнату үшін психологқа арнайы нақты білім қажет, клиенттің ішкі дүниесіндегі қандай өзгерістер оның субъективтік модалдық аурулардан пайда болады. Ол үшін психолог жинақталған клиникалық теория немесе нақты клиникалық білімдер мен қарулану керек. Бұдан психолог- психотерапевтің психолог- психодиагностан дайындығының мазмұны ерекше екндігін көрсетеді. Аурудың клиникалық сипатының мазмұны мен психикалық дамудың ережесі психотерапевтің кәсіби ойлауының мазмұны болып табылады, міне, сондықтан ол көбіне клиентпен өзара әрекеттесу пәнінің құрылуына ықпал етеді.

Оны біз психологтың жүйке ауруымен айналысқан моделінің мысалын қарастырамыз. А. Кемпински атап өткендей: невротикалық симптомдарды анықтау қиын емес: мазасыздық және психикалық күштеулер науқастың түрінен көрініп, сыртқы ортаны қамтиды, ал онымен қоса әдеттегі шағымдар тек дәрігерге ғана емес, қарапайым адамның өзінеде клиенттің «күйгелеңдігіне» баға беру мен жүйке ауруының күйін анықтау қиынға түспейді.

А. Кемпинскидің пікірі бойынша неврозды тек адам эмоционалды конфликт жағдайында ғана диагностикалауға болады. Невроз ауруымен ауырған науқаспен, яғни, клиент пен психолг арасындағы байланыс көзі соматикалық және психикалық аурулар емес, ал эмоционалды конфликтболып табылады. Психолог конфликтті жеке тұлға дамуының құрылымына қарай шешумен айналысады.

Неврозды топтастыру өте қиын, өйткені әрбір тексеруші өзінің невротикалық көріністермен олардың индивидуалды ерекшеліктері әр алуан және соған орай тексерушіліер өздерінің жинақтаған симптомдарына қарай диагноз қояды. Невроздың осы немесе басқа түріне диагноз қою клиницист- дәрігер мен психиатрдың міндеті. Психолог диагноз қоймайды, ол тек неврозды топтастырған кездегі белгіленген симптомдардың мазмұнымен ғана жұмыс істейді. Доминантты симптомдар невроздың түрін анықтайды, ал топтастыру кезінің қиындығында невроздың аралас атулары келтіріледі, мыс., депрессиялық- ипохондро, невростенді-астеникалық және т.б. Негізінен психиатрияда невроздың 5 түрін атап көрсетеді: невростения, истерика (қояншық), ипохондрия (дел- сал), анокастикалық (жалықтырғыш) невроз және депрессиялық невроз.

Психолог неврозбен жұмыс істегенде клиент күйін анықтайтын жеке конфликттерді тудырған себептеріне аладау жасайды.

«Невростения» диагнозында психотерапевт клиенттің шаршаған күйімен жұмыс істейді. Оның барлық нәрсеге деген қызығушылығының болмауы, рухының түскен сезімі, асығыстық пен зерігушлігі мұндайда психикалық шаршау мен физикалық шаршауды ажырату қиынға түседі. Психикалық шаршағыштық ең алдымен зейіннің жоқтығынан көрінеді, есте сақтаудың нашарлығы, жаңғалақтық сезімі, клиентті барлық нәрсе жалықтыратын болып келеді, оны бәрі – жұмысы ғана емес демалыста ауыр күйге түсіретін, жалықтыратын болады. Клиент оянғаннан кейін шаршағыш сезімі болады, ал тек кешке қарай ғана кішкене тіріледі.

Сыртқы ортадағы факторларға жоғарғы ашуланшақтық клиенттің барлық нәрсені бұзғыштығына алып келеді, ол адам жақсы бір әлемге түсуі үшін барлығынан қашып кеткісі келеді. Асығыстық пен зерігушілік адамның невротизациялығына алып келеді, оны қазіргі өркениеттің белгісі деп санайды.

«Истерикалық невроз». Оның симптомдары 3- бөлінеді: қимылдатқыш, сенсорлық, псиикалық. Олардың нақты көріністері көп және алуан түрлі, сондықтан психологқа медициналық және клиникалық диагнозға сүйену қажет. Мысалы, қимылдатқыш бұзылғанда әр түрлі гиперкинез (арбаң-тарбаң қимыл) және басқа да зақымдар, ол сенсорлық бұзылғанда- перцепцияның қызметі төмендейді (қояншық естімеушілік, соқырлық пен ауырғанды сезбеуі немесе керісінше, перцепция қызметінің жоғарылауы (кетпейтін ауыру, көру мен естудің шамадан тыс сезімталдығының болуы және т.б.).

Ал писхикалық бұзылушылықта адам жоғарғы қызу мен көңілсіздік қалпында болады және естің қабілеті тым жоғары (гипермнезия) немесе оның есте сақтау қаблетінің жоғалтуы (амнезия).

Бұл невроздың клиникалық бейнесінің күрделілігі соншалықты оған тек психолог емес, сонымен қоса клиницист- дәрігердің тарапынан кешенді әсер ету қажет.

А.Кемпинский атап өткендей: истерикалық конверсияның барлық симптомдары- сенсорлық, қимылдатқыш, психикалықты – гипноздың транстағы суггестия арқылы шақыруға болады.

Сонымен, психолог клиникалық, медициналық диагнозы бар клиентпен жұмыс істейді. Мұндай жағдайда ол ғылыми материалдың ең негізгі екі категорияны – «психикалық даму ережесі» категориясы мен «психикалық денсаулық» категориясын пайдаланады.

Психолог- психотерапевт – «адам- алдам» типіндегі кәісп өкілі, адам қарым-қатынасының құжаттарымен жұмыс істей отыра оған тікелей қатысады және оны түзеді.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет