Силлабус пән: Психология тарихы Курс


Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СОЖ, СӨЖ)



бет5/10
Дата08.11.2016
өлшемі1,77 Mb.
#1294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.3 Өзіндік оқуға ұсынылатын тақырыптар (СОЖ, СӨЖ)



СОЖ, СӨЖ тақырыптарының атауы

Мазмұны

Көлемі (сағаттар)

Бақылау формасы

1


Тәуелсіз Қазақстанда психологияның дамуы.

Психология тарихының мақсат, міндеттері.




Берілген тақырып негізінде студенттердің Қазақстанда психология ғылымының дамуы жайлы білімдерін толықтыру.

3 ұпай

Хабарлама әзірлеу

2

Ж.Пиаженің генетикалық психологиясы

Студенттердің, тақырып бойынша білімдерін кеңейту.

3 ұпай

әңгіме

3

Әлеуметтік когнетивтік психология.


Тақырып негізінде теориялық білімді игере отырып, оны тәжірибеде қолдана алу дағдысын қалыптастыру.

2 ұпай

Глоссари

4

Гераклиттің жан туралы оның табиғатының жалпы заңдары жайлы идеялары.

Аталмыш тақырып бойынша білімдерін кеңейту, түсініктерін қалыптастыру.

3 ұпай

конспект

5

Р.Декарттың жан мен тән туралы ілімі, дуализм.

Ұсынылған тақырып негізінде біліммен қаруландыру.

3 ұпай

реферат

6

Г.Лейбництің апперцепция туралы ілімі.


Г.Лейбництің апперцепция туралы ой пікірлерін кеңейту және түсініктерін қалыптастыру.

3 ұпай

Сызба құру

7

Д.Гартли негізгі психикалық элементтер мен олардың ассоцациясы туралы.

Ж.Ламетри. Адам мен оның психикасына ғылыми көзқарас



Студенттерге Д.Гартли, Ж.Ламетридің ғылыми көзқарастарымен таныстыру.

3 ұпай

Баяндама

8

Қазақ ағартушыларының шығармаларындағы психологиялық идеялары.

Қазақ ағартушыларының психологиялық көзқарастарымен танысу.

2,5 ұпай

Альбом жасау

9

Эббингауздің, Г.Э.Мюллердің есті зерттеуі.


Г.Эббингауздің, Г.Э.Мюллердің есті зерттеуілері туралы таныстыру.

2

Тест құру

10

О.К.Тихомиров, М.Мұқанов, Б.Ф.Зейгарниктің зерттеулері.


О.К.Тихомировтың, М.Мұқановтың, Б.Ф.Зейгериктің зерттеулері жайлы білімдерін толықтыру. туралы.

2



Ғылыми мақала

СӨЖ

1

Психологиядағы функционализм


Психологиядағы функционализмнің даму тарихымен таныстыру, білімдерін толықтыру.

10 ұпай

конспект

2

Ежелгі Қытай ойшылдарының психологиялық идеялары


Тақырып бойынша білімдерін толықтыру, өздік жұмыс жасай алу қабілетін меңгерту.

10 ұпай

Аннотация

3

Аристотель мен Әл – Фарабидің психологиялық көзқарастарын салыстырмалы талдау.

Аталмыш тақырып негізінде білімдерін кеңейту.

10 ұпай

Ауызша әңгімелесу

4

Мәскеу мен Ленинградтың психологиялық мектептерін салыстырмалы түрде талдау.

Берілген тақырып негізінде салыстырмалы талдау жасауға және әдебиеттермен жұмыс жасай алу дағдыларын қалыптастыру.

15 ұпай

Кесте құру, салыстыру

5

Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, М.Мұқановтың Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуындағы қосқан үлестері

Тақырып бойынша білімдерін толықтыру.

10 ұпай

Дәріс материалдарын әзірлеу

6

Гештальпсихология тарихы

Гештальт психология туралы білімдерін толықтыру, өздігмен жұмыс жасай алу қабілеттерін дамту.

12,5 ұпай

Конспект

3. Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: Негізгі:



  1. История психологии Морозов В.С. М.,2001.

  2. История психологии Ярошевский М.Г. М.,1998.

  3. История и теория психологии Петровский А.В., Ярошевский М.Г. М.,1996

  4. Ярошевский М. Г. Психология в 20 столетии. – М., 1974

  5. Марцинковская Т. Д. История психологии. – М.,2001

  6. Марцинковская Т. Д., Ярошевский Н. Г. Сто выдающихся психологов мира. – М., 1996

  7. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М, 1981

  8. Қазақ психологиясының тарихы.Жарықбаев Қ.Б.А., 1996

  9. Жарикбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане. – А-Ата, 1968

  10. Якунин В. А. История психологии. – СПб., 1998.


Қосымша:

  1. Басов М. Я. Избранные психологические произведения. – М, 1975

  2. Ждан А. Н. История психологии: от античности к современности. – М., 2002

  3. Колдуэлл М. Психология. Словарь – справочник. – М.,2002

  4. Леонтьев А. И. Избранные психологические произведения. – М.. 1983

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – М, 1981

  6. Степанов С. Психология в лицах. – М., 2001.

  7. Фрейд З. Психология бессознательного. – СПб, 2002

  8. Хегенхан Б., Олсон М. Теории научения. – СПб, 2004

  9. Шабельников В.К. Психология души. – М., 2003

  10. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии. – СПб, 1998

  11. Юнг К.Г. Проблемы души нашего времени. – СПб, 2002

  12. Юнг К.Г. Избранное. – М, 1998

  13. Степанов С. Психология в лицах. – М., 2001.

  14. Фрейд З. Психология бессознательного. – СПб, 2002


4. Пәннің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі



Дәріс, практикалық сабақтардың тақырыптары

Мультимедиялық презентация

Оқу фильмдері

Муляждар

Макропренараттар

Басқалары

1

Р.Декарт, Дж.Локк және Б.Спинозаның психологиялық ілімдері

-

-


-

-

сызба

2

Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері және Қазақстандағы психологияның бүгінгі жағдайы

-

-


-

-

кесте



ГЛОССАРИЙ

Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.

Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.

Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.

Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.

Буддизм-жанды жоққа шығарды.

Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.

Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.

Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.

Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.

Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.



Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе

Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.

Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.

Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.

Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.

Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.

Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.

Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.

Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.

Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.

Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.

Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.

Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.

Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/

Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.

Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.

Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.

Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.

Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.

Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.

Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.

Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.

Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.

Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.

Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.

Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.

Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.

Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.

Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.

Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.

Теория- ғылыми принциптер жүйесі.

Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.

Теория-ғылыми принциптер жүйесі.

Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.

Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.

Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.

Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.

Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.

Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.

Психология тарихы пәнінен дәрістер тезистері
1- тақырып: Кіріспе. Психология тарихына кіріспе

Жоспар:

1.Психология тарихының пәні және міндеттері. Оның қазіргі заманда алатын орны

2.Психология ғылымының функциялары және принциптері

3. Психология тарихының даму кезеңдері

4. Зерттеу әдістері

Қысқаша мазмұны: Психология тарихы, оның пәні, мақсаты мен міндеттері. Тарихи-психологиялық эерттеулердің әдіснамалық мәселелері. Психология тарихының дамуында жалпы ғылыми принциптерінің мәні. Психология дамуының факторлары мен заңдылықтары. Ғылым дамуының қоғам тарихымен, материалдық және рухани мәдениеттерімен, іргелес ғылымдармен байланысы. Психиканы түсінудегі негізгі әдіснамалық бағдарлар: анимизм, гиллозаизм, материализм мен идеанизм, гуманизм, рационализм мен иррационализм, элементализм мси холизм.

Әлемдік және отандық психология тарихын кезеңдерге бөлу. Психология тарихының Қазақстан және басқа елдерде зерттелуі.



Психология тарихының жалпы психологиялық ғылымдардың теориялық негіздерін жасаудағы, психолог-мамандардың кәсіби деңгейін көтерудегі психологгардың кәсіби қоғамдастыгының адамгершілігін сауықтырудағы мөні.

Әдебиеттер:

  1. Ждан А.Н. История психологии: от античности к современности.– М., 1999

  2. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. В 2-х том – Ростов- на-Дону, 1996

  3. Шульц Д.П., Шульц С.Э. История современной психологии – СПб., 1998

  4. Якунин В.Я. История психологии – М., 2001

  5. Ярошевский М.Г. История психология – М., 1985


2- тақырып. Ежелгі және орта ғасырдағы психологиялық білімдер.

Сұрақтары: Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой – пікір. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар. Күнге, отқа және атқа табынудың психологиялық мәні. Буддизм түсінігіндегі психика мәселесі.

Қабылдау және ұғым. Дербес мән ретіндегі «МЕН» - ге қарсы Локаята ілімі. Буддизм түсінігінде психика күйлердің ағыны ретінде. Лаоцззы УІ ғ.б.э.д. психиканың объектінің физикалық әсеріне тәуелділігі, адам табиғилығы туралы. Конфуций 551 – 479 б.э.д. адам табиғатының рухани – тәндік бір тұтастығы туралы. Практикалық медицина мен жаратылыстану шеңберіндегі психикалық туралы табиғи – ғылыми көзқарастар.



Мақсаты. Студенттердің ежелгі және орта ғасырдағы психологиялық білімдер дамуы туралы психологиялық түсініктерін қалыптастыру. Психологиялық терминдермен жұмыс.

Ондаған ғасырға созылған орта ғасыр дәуірі нақты кезеңі жоқ. Бұл дәуірдің басына Рим империясының (V ғасыр) құлауын жатқызады. Көптеген ғалымдар орта ғасыр идеологиясының элементтері ІІІ ғасырда ақ пайда бола бастады.

Орта ғасырлық кезеңнің аяқталуын XV ғасыр кеңестік ғылымның, өмірдің қайта өрлеу уақытымен байланыстырады. Жаңа идеологиялық алғашқы белгілері XIV ғасырдың соңында пайда болды.

Ортағасырлық ғылымның маңызды сипаттамаларының бірі, дінмен байланыста болуы.

Ондаған ғасыр бойы әлеуметтік жағдай қоғам да, оның идеологиясы мен құрылымы да өзгерді. Дін мен ғылымның өзара қарым-қатынасына байланысты жағымды және жағымсыз жақтары болады.

Психология дамуы жаңа кезеңінің басында пәннің өзгерістерімен байланыста болды.

Христиандықтың пайда болуына байланысты онымен жақын еместігін дәлелдеп, оны ығыстыруы қажет болды. Сондықтан көптеген психологиялық мектептер VI ғасыр да жабық болып, Кіші Азияға көшірілді. Онда жаңа мектептер ашылды.

Антикалық мәдениетке христиан шіркеу соққы берді. IV ғасырда Александриядағы ғылыми орталық жойылды. VI ғасырдың басында Афины мектептері жабылды. Феодалдық қоғам идеологиясына христиандар басқарды.

Болашақта ғылыми психология үшін бұл түсіндірмелі принцип маңызы зор болды.


  1. Адамдар арасныдағы айырмашылықтар бірнеше белгімен топтастыруға болады.

  2. Айырмашылықты Гиппократ ішкі организмнен іздеді.

Жан, ойлау, мәңгілік заңдар, жанның ішкі құрылымы туралы Сократ ашуғатырысты. Ол ойды адам ішкі жан дүниесіне, сеніміне бағыттады. Сократ ауызша қатынас жасауға шебер болды.

Сократтан кейін жан туралы, ақыл-ой әрекеті жаңа түсініктермен толықты. Ол Платон болды. Платон идеолистік бағытты ұстанды. Ол б.э.д. 387 жылдары Афиныда «Академия» деп аталатын «Ғылыми оқу орталығын» құрды. Ол жан мәңгілік деп санады. Ол жанды түрлі бөліктерге және функцияларға бөліп, шектеді.

Аристотель-грек философы.

Демокрит пен Платонда жан туралы арнайы еңбек жоқ. Бұл тек Аристотельде бар. Алғашқы трактаты «Жан туралы». Ол «Жан ойламайды, бірақ жан көмегімен тән ойлайды».

Ол организмді жүйе ретінде көрсеттік, іс-әрекетке деген қабілеттіліктің түрлі деңгейін көрсетеді. Аристотель енгізген қабілет түсінігі үлкен жаңалық боп енді.

Жан функцияларын:



  1. Вегетативті (жануар, өсімдікте, адамда бар).

  2. Сезімдік-қозғалысты (жануар мен адамдарда бар).

  3. Ақыл-ой (адамға тән).

Аристотель байланыстар, ассоциоция механизмі принципін ашты.

Біздің эрамызға дейін мыңдаған жылдар бұрын Шығыста ұлы Египет, Үнді, Қытай т.б. идеялардың қалыптасуы қазіргі ғылыми білімдердің тууына мүмкіндік туғызды. Бұл қозғалысқа өндірістік қызметтің, материалдық мәдениеттің аса жоғары деңгейі әсер етті. Өндірістік күштердің дамуы қоғамның таптарға бөлінуіне, құлиеленуші мемлекеттің тууына себеп болды. Онда діни идеология үстемдік жасады. Оның негізгі бөлшегі болып-жанның өлмейтіндігі, денеден ұшатындығы туралы (миф) ойлар болды.

Бұл білімнің алғы шарты болып, яғни жанды дене сыртқы табиғатқа тәуелді, ал жанның қызметі-организмге тәуелділікті көрсетті.

Шығыстың көптеген елдерінде (Ежелгі Грецияда) қан айналымға аса мән беріп, өмір сүрудің негізі қанның сұйықтығына және ауа деп саналды. Қытай медицинасында дененің негізгі органы болып –жүрек саналады. Яғни ой жүрекпен, сезім-бауырмен келеді дейді. Ежелгі Үнді дәрігерлерінің көзқарастары бойынша психикалық қызметтің басты органы-жүректе орналасқан. Дәрігерлердің темперамент туралы ойлар таралады.

Адам организмі туралы жаратылыстық білімдердің дамуы діни-моральдық тыйымдарға кез болса да, психофизиологиялық құбылыстар түсінік беруге жол тапты.

Жаңа әлеуметтік сұраныстар философиялық мектептердің пайда болуына алғы шарт жасады. Философиялық бағыттар б.э.д. алғашқы мыңдаған жылдар бұрын Үнді, Қытай да қалыптасты.

Жан мәселесі этикалық мінез-құлық ретінде талқыланып, тұлғаны жетілдіру көзқарасын жақтайды. Жанның денеден көшіп, қонуын туралы көзқарас жақталды.

Осы бағытта б.э.д. VІ ғасырда пайда болған діни джайнизм және буддизм ілімінің негізгі мазмұны қалыптасты. Этникалық мәселелерді шеше отырып, екі бағыт жан құбылыстарына белгілі бір көзқарастарын білдірді.



Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.

Буддизм-жанды жоққа шығарды.

Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.

Мимонс мектебінің бірқатар өкілдері буддистерді сынға алып, қабылдаудың екі аспектісі бар. Олар-тума және спецификалық.

Тума белгілері көптеген жеке объектілерге, спецификалық-нақты объектіге тән.

Үнділердің психологиялық ілімінде қабылдаудағы иллюзия, галююцинация, түс көру туралы мәселелер қаралады.
Студенттердің білімін бақылауға арналған сұрақтар.

Төмендегі берілген сұрақтарға психологиялық талдау жасаңдар.

Ежелгі Шығыста психологиялық ой-пікір.

Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар.
3- тақырып. Антикалықпсихология.

Сұрақтары. Платонның 427 – 347 б.э.д. жан мен таным туралы ілімі. Платон ілімінің кейінгі дәуірмен күні бүгінге дейінгі психологиялық ой – пікірлерге әсері. Гераклиттің УІ – У ғ. б.э.д. жан туралы, табиғаттың жалпы заңдарына тәуелділігі жайлы идеялар. Атомистер: Левкипп, Демокрит 460- 347 б.э.д. Эпикурдың материалистік көзқарастары. Демокрит пен өзге атомистердің психологиялық танымның кейінгі дамуына ықпалы. Аристотельдің 384 – 322 б.э.д. жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Аристотельдің психологиялық көзқарастарының биологиялық бағдары. Грек және Рим дәргерлерінің сезім мүшелері: ми, қабылдау, темпераментті зерттеудегі ғылыми жетістіктері.(Гален, Гиппократ). Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет