Сыныбы: 6 сынып Тақырыбы: Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру. Мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі171,74 Kb.
#17814
Күні: 13. 04. 2016 ж

Пән: Информатика

Сыныбы: 6 сынып  

Тақырыбы: Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру.

Мақсаты: Оқушыларды тұсаукесер слайдтарында қолдануға болатын нысандар типімен таныстыру. Кестелер, диаграммалар,  аудио және мультимедия-клиптерді кірістіру туралы білімдерін қайталау, жалпылау.

Оқыту нәтижесі: Оқушылар компьютерлік тұсаукесерге суреттер, фигура және видео қоя алады.

Көрнекілік: Оқулық, компьютер,  стикер, слайдтар, семантикалық карта.

Ұйымдастыру:  Сәлемдесу, оқушылар стол үстіндегі суреттерді таңдай отырып, топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы: (7 мин)

Сәйкестендіру тесті.
Тұсаукесер жаңа, жақында пайда болған, жарияланған,

жасалған әлденені көпшілікке таныстыру.
Слайд аймағы терезенің жұмысшы бөлігі
Әдеттегі режим әр слайдпен жеке жұмыс жасау

үшін қолданылады.
Шаблоннан тұсаукесер тұсаукесерді орнатылған немесе ғаламтор

құру желісінен сұраныс арқылы алынған қалып

бойынша құру
Басты→Макет слайдтың макетін өзгертеді
Түстер сызбасы слайдтарға, ескертпелер беттеріне немесе үлестіру

материалдарына қолданылатын сегіз үйлесімді

түстерден таңдап алынған жиын
Безендіру шаблоны тұсаукесердің маркерлері мен фонды безендіру

параметрлерін, түстер сызбасы, фондық суреттері

мен слайд үлгілерінен тұратын файл.
Дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін дайын тақырыптарды

пайдалануға мүмкіндік береді.

Сөзжұмбақ.
1. Жолақтың қай тіркеме бетінде қарау режимдерін ауыстыруды орындайды? (түр)

2. Тұсаукесердің барлық слайдтарын кішкене парақшалар - эскиздер түрінде көрсететін режим? (сұрыптағыш)

3. Бірнеше іргелес емес слайдтарды қандай пернемен ерекшелейді? (Ctrl)

4. Тұсаукесер слайдтарының жалпы безендіруін нені түзетіп, өзгерте аламыз? (тақырыбын)

5. Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет? (титул)

6. Power Point-ты құру идеясы жаңа туған графикалық интерфейстердің ғасыры дизайн мен тұсаукесер материалдарын құруға төңкеріс жасауы мүмкін деп шешкен Беркли университетінің студенті? (Гаскинс)

7.Тұсаукесерді көрсетуді әзірлеуге арналған режим? (көрсету)

8. Тұсаукесерге жаңа слайд қосу үшін қандай бұйрық орындалады? (Слайд құру)

9. Ағымдағы слайдты жоятын перне? (Del)

10. Слайд аймағының сол жағында орналасқан аймақ?(құрылым)









Т
















Ұ




























С



















А





































У
















К

























Е













С








































Е



















Р














Жаңа сабақ: (10 мин)
Power Point тұсаукесеріне мәтінді, суреттерді немесе фигураларды, видеоны кірістіруге болады.

Тұсаукесермен жұмыс істегенде мәтінді теру, жою немесе өзгерту қажеттілігі жиі туындайды. Слайд бетіндегі мәтін оның слайдтағы орналасуын өзгерту ыңғайлы болу үшін бетіне жазу ішіне орналастырылады. Бетіне жазуды слайдқа қосымша Кірістіру→Фигуралар бұйрығын пайдаланып, қосуға болады.
Тұсаукесердің слайдына сурет кірістіру.
Тұсаукесердің слайдына суретті екі тәсілмен кірістіруге болады: жолақтың Кірістіру тіркеме парағын пайдаланып немесе суреттің файлын тұсаукесердің слайдына жай сүйреп әкеліп, орналастыру арқылы. Суретті слайдқа орналастырғаннан кейін оны жолақтың Пішім тіркеме парағының бұйрықтарын пайдаланып пішімдеу керек.

Одан кейін, егер қажет болса, шекараның түрі мен ашықтығын, түстердің қарама - қайшылығы мен мәнерін өзгертіп, өздеріңе ұнайтын әсерлер мен басқа пішімдеу параметрлерін таңдай аласыңдар. Бұл параметрлердің бәрі Microsoft Word процессорындағы суреттің параметрлерін пішімдегендей етіп бапталады.
Видео кірістіру
Видеоны КірістіруФильмФайлдан алынатын фильм бұйрығымен қосуға болады.
1-деңгейлік тапсырма: 6-бетті тұсаукесер құрыңдар. 1-2 бетіне фигураларды пайдалана отырып, ғарышкерлер күніне байланысты мәліметтер жазыңдар.

2-деңгейлік тапсырма: 3,4,5 беттерге ғарышқа ұшқан ағаларымыздың суреттері мен өмірі, қызметтері туралы жазыңдар.

3-деңгейлік тапсырма: 6-бетке ғарышкерлерге байланысты видеоны орналастырыңдар. (15 мин)

Сергіту сәті:(2 мин) Оқушылардың қолдарына ақ қағаз беріледі, одан ұшақ жасап, бір қанатына сабаққа қатысты сұрақ жазып, ұшырады.Ұшақ кімнің қасына қонады, сол оқушы ұшақты алып, сұраққа жауап жазады. Болғасын ұшақты кері қайтарып жібереді. Бірінші ұшырған оқушы жауабын қарайды. Дұрыс болмаса өзі жауап береді.
Сабақты бекіту: (5 мин)
Постер қорғау: Оқушылар Фигураларды кірістіру, суретті кірістіру, видеоны кірістіру тақырыптарында постер қорғайды.
Кері байланыс:(5 мин)


Не білдім?


Не үйрендім?


Не үйренгім келеді?













Бағалау:

Үйге тапсырма:

"Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені" КММ-сі


Ашық сабақ

Тақырыбы:" Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру"

( 6-сынып)



2016 жыл


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет