Синтаксисті оқыту



бет1/8
Дата04.02.2023
өлшемі2,22 Mb.
#167395
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:

  • Синтаксисті оқыту
  • әдістемесі
  • Синтаксисті оқытқанда, оқушыларға сөйлем, сөйлемнің мағыналары мен құрылысы, сөздердің сөйлемге тіркесу жолдары түсіндіріледі. Синтаксисті оқыту жұмысы түрліше әдіс, жаттығу арқылы іске асырылады. Сабақтың құрылысына, материалдық ерекшелігіне қарай кей мағлұмат мұғалімнің түсінік сөзі арқылы, кейбірі оқулықпен жұмыс жасау жолымен меңгертіледі. Оқушының алған білімін жатығулар орындату және өз бетінше жұмыс істеуге ерекше ықылас қойған жөн.

Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясынан оқушыларға теориялық білім берудегі басты ортақ заңдылықтар: -Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінен және пунктуациядан теориялық білім негізінен мұғалімнің түсіндіруі әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдерімен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері арқылы беріледі; -Әрбір жаңа материалды өтілген материалдарға байланыстыра, соларға сүйене, соларды тірек ете түсіндіру; -Морфология мен синтаксисті, синтаксис пен пунктуацияны, синтаксис пен стилистиканы мүмкіндігінше бір-бірімен тығыз байланыстыру; -Оқушылырға синтаксис пен пунктуациядан дағды жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау әдістерін қолдана отырып, ауызша, жазбаша жаттығулар орындату арқылы беріледі т.б

  • А.Байтұрсынұлының синтаксисті оқыту логикасын 2 кезеңмен беруге болады: 1-кезең – нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүру жолы, яғни білім берудің эмпирикалық кезеңі (кіріспе сөз, тілдік фактілер келтіру, синтаксистік бірліктің сыртқы белгілерін таныту, ереже шығару), ал 2-кезең – абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту жолы, яғни білім берудің теориялық кезеңі (ереже, сұрақ-жауаппен нақтылау, жекелеген белгілерін топтастыру, тәжірибе: сынау, дағдыландыру).

С.Жиенбаевтың 1941 жылы жарық көрген «Синтаксис мәселелері» деп. аталатын кітапшасында сөйлем мүшелерін жіктеу, олардың арасында болатын синтаксистік қатынастар туралы айтылғанымен, еңбек құрмалас сөйлемге арналған.

  • С.Жиенбаевтың 1941 жылы жарық көрген «Синтаксис мәселелері» деп. аталатын кітапшасында сөйлем мүшелерін жіктеу, олардың арасында болатын синтаксистік қатынастар туралы айтылғанымен, еңбек құрмалас сөйлемге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет