Синтаксисті оқыту


Тренинг Сөздердің байланысу түрлерінережесімен сәйкестендір



бет5/8
Дата04.02.2023
өлшемі2,22 Mb.
#167395
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:

Тренинг Сөздердің байланысу түрлерінережесімен сәйкестендір

  • Түрлері
  • Ережелері
  • 1. Қиысу
  • 2. Матасу
  • 3. Меңгеру
  • 4. Қабысу
  • 5. Жанасу
  • А. Сөздердің жіктік жалғау арқылы байланысуы;
  • Ә. Сөздердің бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы (үстеу мен етістік)
  • Б. Сөздердің ілік септіктен басқа септіктер арқылы байланысуы;
  • В. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғауындағы сөздердің баланысуы;
  • Г. ешбір жалғаусыз орын тәртәбә арқылы байланысуы;
  • Ғ. Ешбір жалғаусыз алшақ тұрып байланысу

Синтаксистік жаттығулар

  •  
  • Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады: 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет;
  • 5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Синтаксиске байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

  • Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр:
  • 1. Көшіріп жазу жаттығулары.
  • 2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
  • 3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
  • 4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
  • 5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау.
  • 6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
  • 7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу.
  • 8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
  • 9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру.
  • 10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
  • 11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою.
  • 12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату.
  • 13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану.
  • 14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау.
  • 15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу.
  • 16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.
  •  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет