«сызба геометриясы және инженерлік графика»



бет5/6
Дата11.04.2020
өлшемі1,91 Mb.
#62239
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Начертательная геометрия и инженерная графика каз 5В071300-1.doc
120380611482 №9 дәріс. Термод.2,3баст,нернст. (1)
l түзуін жүргізіп табылған /АВ/, / В С/, /АС/ кесінділерінін шамаларын өлшеп саламыз. АОВОСОАО.

3 сурет
Қима жазықтығы пирамиданың бүйір қырларына перпендикудяр болғандықтан, l түзуіне перпендикуляр АОКО, АОКІО, BOLo, BOL,O, СОМО және СОМІО кесінділерін саламыз. Табылған КО, LO, МО, КО және КІО, L,O, М,О, КІО нүктелерін түзу кесінділермен қосқанда призманың бүйір бетінін жазбасы шығады. Горизонталь проекциядан алынған табандарының нақты шамасын бүйір беттің жазбасына жапсарластыра салып, призманың толық бетінің жазбасын аламыз.

Цилиндр бетінің дәл жазбасы болғанмен, салған уақытта жуықтап орындалады. Себебі графикалық салу ерекшелігіне байланысты цилиндрді іштей салынған призмамен алмастырады. Сондықтан да цилиндр мен призма бетінің жазбаларын салудың айырмашылығы жоқ.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.4 (80-115)

Қосымша әдебиеттер 1.7.5 (141-156)

5 лекция тақырыбы: «Сызбаларды графикалық безен- діру. КҚБЖ-ның негізгі ережелері. Пішімдер. Масштабтар. Сызба сызықтары. Сызба қаріптері. Сызбаларға өлшем қою ережелері».

№ 5 лекция тезисі:

Әлемнің барлық елдерінде стандарттаудың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Стандарттау нысандарына ғылымда, техникада бірнеше мәрте қолданылатын нақтылы өнімдер, сонымен қатар нормалар, ережелер, әдістер, терминдер, шама бірліктері және т.б. жатады.

Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (КҚБЖ) конструкторлық құжаттарға тиісті кең мәселелерді қамтиды. Ол 10 жіктеу тобына – 0 ден 9 ға дейін (нүктеден кейінгі бірінші сан) бөлінген.

Сызба парақтарының пішімдері жіңішке сызықпен орындалған сыртқы жиектеу сызықтрының өлшемдерімен анықталады. МЕСТ 2.301-68* кесесідей негізгі сызба парақтарының пішімдері мен белгіленулерін тағайындайды: А0, А1, А2, А3, А4. Әрбір келесі кіші пішім алдыңғы пішімді дәл екіге бөлуден шығады.

Жиектеу сызығының ішіндегі сызба алаңының төменгі оң жақ бұрышында міндетті түрде негізгі жазба орналасуы қажет. Оның пішіні мен мазмұнын МЕСТ 2.104-68 тағайындайды.

Масштабтар. Кескінделуші бұйымның күрделілігі мен көлеміне байланысты кескіндердің масштабтарын МЕСТ 2.302-68* тағайындайды. Сызба масштабтарын таңдауда сызбаны пайдалану ыңғайлылығын басшылыққа алу қажет.

Негізгі жазбада көрсетілгеннен өзгеше масштабта орындалған кескіндердің масштабы тікелей сол кескінге тиісті жазбаның астына орналастырылады.



Сызықтар. Өндіріс пен құрылыстың барлық салаларындағы сызбаларда қолданылатын сызықтардың сызылуы мен қызметін МЕСТ 2.303—68* тағайындайды.

Негізгі тұтас сызықтың қалыңдығы кескіндердің шамалары мен күрделілігіне, сонымен қатар сызба пішіміне байланысты 0,5…1,4 мм аралығында болады. Бірдей масштабта және бір сызбадағы сызықтардың қалыңдықтары барлық кескіндер үшін бірдей болулары қажет.



Қаріп сызбаларды орындауда қолданылатын әліпбидің барлық әріптері мен сандарға бірдей сипатты түр беретіндей бірдей жазылуын қамтамасыз етеді. Сызба қаріптері оңай және бірмәнді оқылуы және жазуға ыңғайлы болуы қажет. Сызбаларда және басқа да конструкторлық құжаттарда МЕСТ 2.304-81 тағайындаған қаріптер пайдаланылады. МЕСТ қаріптердің келесідей өлшемдерін тағайындайды: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40.

Қаріптің өлшемі бас әріптің мм бойынша биіктігімен анықталады.

МЕСТ қаріптердің келесідей типтерін пайдалануды ұсынады: А типтес 75° көлбеу жене тік, Б типтес 75° көлбеу жене тік. Оқу мақсаттарындағы сызбаларда Б типтес 75° көлбеу қаріпті пайдалану ұсынылады.

Сызбаларға өлшемдер түсіру ережелерін МЕСТ 2.307-68 тағайындайды. Сызбада қойылатын өлшемдер саны аз, бірақ заттың пішіні мен өлшемдерін анықтауға жеткілікті болуы қажет. Сызбада әр өлшем тек бір рет қойылады.

Сызбадағы өлшемдер жебешемен тұйықталған өлшем сызықтарымен және өлшем сандарымен (мм немесе градустармен) көрсетіледі.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.4. (8-95)

Қосымша әдебиеттер 1.7.5. (9-26), 1.7.20


6 лекция тақырыбы: «Геометриялық тұрғызулар. Кесінді лерді, бұрыштарды және шеңберлерді тең бөліктерге бөлу. Түйіндесулер. Коробтық қисық сызықтар және лекальдық қисықтар».

№ 6 лекция тезисі:

Әр түрлі сызбаларды орындау кезінде, бөлшектерді жасау барысындағы белгілеулерде геометриялық тұрғызулар қолданылады.

Геометриялық тұрғызулар деп негізгі геометриялық қағидалар негізінде сызу құралдарымен жазықтықта графикалық кескіндерді орындауды айтады. Салу есебінің күрделілігіне, мазмұнына, атқаратын міндетіне байланысты графикалық тұрғызулардың дәлдігіне түрлі талаптар қойылады.

Графикалық тұрғызудың дәлдігі, кейбір салу есебінің шешімі көпшілік жағдайда сызу құрал жабдықтарының, аспаптардың сапссына тікелей байланысты. Кейбір сызбаларды орындағанда олардың дәлдігі жоғары болуы керек. Қарындашпен сызылған ең жіңішке сызықтың ені 0,1-0,2 мм шамасында болғаны жеткілікті.

Графикалық тұрғызуларды орындағанда жоғарғы дәлдікке жетіп, сапалы графикалық кескіндерді алу үшін аталған шарттарды білумен қоса ұқыптылық, ықтияттылық қажет.

Перпендикуляр түзулерді тұрғызу.



Берілген А нүктесі бойынша MN түзуіне перпендикуляр тұрғызу.



А нүктесін центр деп алып, кез – келген радиуспен R1 , MN түзуін қиып өтетін доға жүргізіп, О1 және О2 нүктелерін белгілейміз. О1, О2 нүктелерінен R2 радиусын R1-ден үлкен етіп алып доға жүргізіп, С және В нүктелерін табамыз. С және В нүктелерін қосқандағы түзу перпендикуляр болады.

Сызғыш пен бұрыштық сызғыштың көмегімен осы тапсырманы шешуге болады. Ол үшін MN түзуіне бұрыштық сызғыштың катетін (І жағдай), ал гипотенузасына сызғышты немесе басқа бұрыштық сызғышты қояды.Сол қолымен сызғышты ұстап тұрып, оң қолымен бұрыштықтың екінші катеті А нүктесімен беттескенше жүргізеді (ІІ жағдай), содан кейін берілген түзуге перпендикуляр жүргізеді.



Тысқары жатқан А нүктесінен MN түзуіне перпендикуляр түсіру

Берілген А нүктесінен кез келген радиуспен (R) MN түзуін қиып өтетін доға жүргіземіз. О1 және О2 нүктелерін белгілейміз. Сол радиуспен (R) О1 және О2 нүктелерінен доға жүргізіп, D нүктесін белгілейміз. А және D нүктелері арқылы жүргізілген түзу берілген түзуге перпендикуляр болады.



Параллель түзулерді тұрғызу.

Тысқары жатқан А нүктесі арқылы берілген MN түзуіне параллель түзу жүргізу.



А нүктесі арқылы кез келген радиуспен (R) шеңбер жүргізіп, MN түзуімен қиылысқан В және С нүктелерін табамыз. Осы нүктелердің бірінен, мысалы, С нүктесінен MN түзуінің кез келген жағына радиусқа (R) тең кесінді салып, D нүктесін аламыз. D нүктесінен сол радиуспен (R) шеңбермен қиылысқанша доға жүргізіп, Е нүктесін белгілейміз. А және Е нүктелері арқылы өткен түзу MN түзуіне параллель болады. Бұл салуды бұрыштықты және сызғышты қолдана отырып шығаруға болады.

Түзу кесіндісін тең бөлікке бөлу. АВ кесіндісінің ұштарынан радиусы шамамен осы кесіндінің жартысынан артығырақ болатын доғалар жүргізіп, M және N нүктелерін анықтаймыз. M және N нүктелері арқылы өткен түзу АВ түзуін С нүктесінде тең екі бөлікке бөледі. Осылай етіп берілген кесіндіні әрі қарай 4,8,16 және т.с.с. тең бөліктерге бөлуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет