«сызба геометриясы және инженерлік графика»



бет6/6
Дата11.04.2020
өлшемі1,91 Mb.
#62239
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Начертательная геометрия и инженерная графика каз 5В071300-1.doc
120380611482 №9 дәріс. Термод.2,3баст,нернст. (1)

Кесіндіні кез келген тең бөліктерге бөлуге болады. АВ кесіндісінің кез келген ұшынан еркін түрде сүйір бұрыш жасайтын көмекші АС түзуін жүргіземіз. С нүктесінен бастап өлшемдік циркульмен өзара тең қажетті бөліктерді (мысалда 7 бөлік) көмекші АС түзуінің бойына саламыз. Соңғы 7-ші нүктені В нүктесімен қосамыз. Көмекші түзудегі белгіленген нүктелер арқылы В7 түзуіне параллель болатын түзулер жүргізіледі.

Бұрыштық сызғыштарды қолданып, берілген түзуге 150,300,450,600,750,



900 бұрыштар салу суретте көрсетілген. Транспортирдің көмегімен бұрыштар тұрғызу және өлшеу суретте көрсетілген.

Бұрышты тең екіге бөлу .

Берілген АВС бұрышының В төбесінен кез келген радиуспен (R1) доға жүргізіп, M және N нүктелерін белгілейміз.

Содан кейін M және N нүктелерінен шамамен MN қашықтығының жартысынан үлкен радиуспен доғалар жүргізіп, олардың қиылысу нүктесін (D) анықтаймыз. ВD түзуі берілген бұрышты тең екіге бөледі. Бұрышты 4, 8 және т.с.с. тең бөліктерге бөлу дәл осындай ретпен орындалады.


Доғаның ортасын табу және радиусын анықтау.

Шеңбер доғасы берілген, ортасы және радиусі бізге белгісіз. Ортасы мен радиусын анықтау үшін суретте көрсетілгендей доғаның кез-келген жерінен өз еркімізбен екі бір-біріне параллель емес хордалар жүргіземіз.

Содан кейін хордалардың ортасынан суреттегідей перпендикуляр тұрғызамыз. Осы перпендикулярлардың қиылысуынан доғаның О ортасын табамыз.

Шеңберді тең бөліктерге бөлу.

Бөлшек сызбаларын орындау кезінде шеңберлерді тең боліктерге бөлу жағдайлары көптеп кездеседі. Шеңберлерді тең бөліктерге циркуль, үшбұрыш сызғыштармен, коэффициенттері берілген кестелер арқылы жасауға болады.




Түйіндесу және циркульдік сызықтар.

Бір сызықтан екінші сызыққа біртіндеп өтетін сызықты түйіндесу деп атаймыз.


Түйіндесудің түрлері: сызықтар немесе бұрыш арасындағы түйіндесу; шеңбер мен түзу арасындағы түйіндесу; шеңбер мен шеңбер арасындағы түйіндесу.

Шеңбер мен шеңбер арасындағы түйіндесудің үш түрі бар. Сырттай, іштей және аралас түйіндесулер.

Шеңбер мен түзудің және доға мен түзудің арасындағы түйіндесуді суретте көрсетілген.

Түйіндесуді тұрғызу үшін біріншіден түйіндесудің центрін табады, екіншіден түйіндесу доғасын, үшіншіден түйіндесу нүктесін табамыз.

Біріншіден түзудің кез келген жерінен берілген түйіндесу радиусының өлшемі салынады да түзуге параллель түзулер жүргізіледі. Түзулердің қиылысуынан түйіндесудің центрі табылады. Центрі арқылы түйіндесу радиусын жүргіземіз.

Овалды және овоидты салу сызба арқылы жүргізіледі.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)


7 лекция тақырыбы: «Проекциялық сызба. Кескіндер – көріністер, тіліктер, қималар. МЕСТ 2.305-68***. Көріністер. Көріністің классификациясы (негізгі, жергілікті, қосымша)».

№ 7 лекция тезисі:

Заттардың сызбаларын орындағанда тікбұрышты проекциялау әдісі қолданылады. Оның екі ерекшеліктері бар:

1) бұрыштың бірінші әдісі (әдіс Е), яғни кескіндеуші дене бақылаушымен проекция жазықтықтарының арасында орналасады.Оның графикалық мағынасы сызбаның негізгі жазуына байланысты.

2) бұрыштың үшінші әдісі (А әдісі) – проекциялаушы жазықтық бақылаушы мен кескіндеуші дененің арасында орналасады.

Е әдісі негізгі болып табылады.

Алты бұрышты кубты негізгі проекция жазықтығы деп алып, сызбаның жазықтығымен байланыстырамыз.

МЕСТ 2.305-68*** сай заттың фронталь проекция жазықтығындағы кескіні басты көрініс ретінде қабылданады. Затты фронталь проекция жазықтығына оның пішіні мен өлшемдері туралы басты көріністе көбірек түсінік алатындай етіп орналастыру қажет.

Көрініс - зат бетінің бақылаушыға қараған жағының кескіні. Көріністер санын азайту үшін көріністерде заттың көрінбейтін қажетті бөліктерін үзік сызықтармен көрсетуге болады. Негізгі прекция жазықтарында алынған көріністерді негізгі көріністер деп атайды.

Егер заттың қандай да бір бөлігі енгізгі көріністерде бұрмаланусыз кескінделуі мүмкін болмаса, онда негізгі прекция жазықтықтарына параллель емес қосымша жазықтықтардан алынған қосымшар көріністер қолдануға болады. Қосымша көрініске жебешемен қарау бағыты және үстіне белгілеу қойылады.

Заттың бетінің шектелген бөлігінің негізгі проекция жазықтықтарындағы кескінін жергілікті көрініс деп атайды. Ол шектеу сызығымен шектелуі немесе шектелмеуі де мүмкін. Сызбада жергілікті көріністер қосымша көріністер сияқты белгіленеді.

Тілік – заттың бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиылған кескіні. Тілікте заттың қиюшы жазықтықта және одан әрі жатқан бөлігін көрсетеді. Егер заттың конструкциясын түсінуге қажеті болмаса, қиюшы жазықтықтан әрі жатқан зат бөлігін толық көрсетпеуге болады.

Тіліктердің түрлері: горизонтальдық – қиюшы жазықтық горизонталь, вертикальдық — қиюшы жазықтық вертикаль. Егер қиюшы жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса, онда вертикаль тілік фронталь тілік деп, егер профиль проекция жазықтығына параллель болса, профиль тілік деп аталады. Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына көлбеу бұрыш жасайтын болса онда көлбеу тілік деп аталады. Көлбеу тілікті бұрып орналастыруға болады.

Тіліктер егер қиюшы жазықтық біреу болса жай тілік, ал егер екі және одан көп болса күрделі тіліктер болып бөлінеді.

Бөлшектің жекелеген шектелген жерінің ішкі құрылысын көрсету үшін қолданылатын тілік жергілікті тілік деп аталады.

Жалпы жағдайда тіліктерді белгілеу үшін қию сызығымен (үзілген сызықпен) қиюшы жазықтықтың орынын, проекциялау бағытын (басындағы және соңындағы үзік сызыққа жебешелермен) және қиюшы жазықтық пен тілікті кирилицаның бірдей бас әріптерімен А-дан бастап белгілейді.

Қима – затты бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиғанда шыққан фигураның кескіні. Тілікте заттың қиюшы жазықтықта шыққан кескіні ғана көрсетіледі.

Тіліктің құрамына енбейтін қималарды оңашаланған және қабаттасқан деп бөледі. Қималарды оңашалап орындаған жөн. Оңашалаған қиманы көріністің үзілген жерінде де орналастыруға болады.

Оңашаланған және тіліктің құрамына енетін қималардың контурын негізгі тұтас сызықтармен, ал қабаттасқандардікін тұтас жіңішке сызықтармен сызады.

Жалпы жағдайда қималардағы қиюшы жазықтықтардың орыны мен қиманың үстіндегі жазбасы тіліктердегідей көрсетіледі.

Егер қиюшы жазықтық тесікті немесе ойықты шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесіктің немесе ойықтың контурын қимада толықтай көрсетеді. Егер қима жеке бөліктерге жіктеліп қалса, онда тілік қолдану қажет.

Шығарушы элемент - өте үлкен масштабта дененің кез – келген бөлігін , берілгендері кескіндеумен байланыспайтын, мазмұны нақты кескіндерді айтады. Ол мағынасы бойынша негізгі көріністен айырмашылығы бар. (мысалы, көрініс кескін болуы мүмкін, ал шығарушы элемент – тілік ).

Шарттылықтар мен ықшамдаулар. Егер кескін, тілік немесе қима – симметриялық фигура болса, көріністің жартысын сызуға рұқсат етіледі. Егер дене бір немесе бірнеше бірқалыпты элементтерден тұрса (тесіктер, тістер, және т.б.), онда бір – екі элементтердің көріністерін көрсетеді, ал басқасында - шарттылықтар мен ықшамдаулар қолданылады. Фланецтің домалақ кесіндісінің тілігін тек жазықтықтың қимасын түсірмегенде ғана көрсетеді. Болтты, винтті, шпильканы және басқа бөлшектердің тіліктерінің қимасын көрсетеді. Егер бөлшектердің элементтері т ерең болса, жергілікті тілікті қолданады. Ықшамдап кескіндеу техникалық жұмыстарды орындауда проект жұмыстарын жасағанда уақытты үнемдейді және сапасын жоғарылатады. Бірақ ықшамдау сызбасында анықтылықты жоймаған жөн. Керек және артықтарын сызу орындайтын адам анықтау қажет.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.4

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (69-73), 1.7.9. (194-200)
8лекция тақырыбы: «Аксонометриялық көрнекі кескін дер. Стандартты аксонометриялар – тікбұрышты изометрия және диметрия, қиғашбұрышты фронталь диметрия. Аксонометрияда жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу».

№ 8 лекция тезисі:

Аксонометриялық проекциялар деп, нысанды тікбұрышты координат осьтерімен қоса бір (картина) жазықтыққа параллель проекциялау арқылы алынған кескінді айтады.

Аксонометрияның негізгі теоремасы Польке-Шварц теоремасы.

Аксонометриялық проекциялардың сипаты проекциялау бағытының картина жазықтығына көлбеулік бұрышына байланысты.



  • қиғашбұрышты және тікбұрышты аксонометриялар;

  • кескінделуші геометриялық фигуралардың өлшемдерінің бұрмалану көрсеткіштері (коэффициенттері).

Стандартты аксонометриялық проекциялардың (қабылданған алты түрінің ішінен) келесі түрлері кең тараған:

  • тікбұрышты изометрия;

  • тікбұрышты диметрия;

  • қиғашбұрышты фронталь диметрия.

Аталғандардың ішінен тікбұрышты диметрия зат туралы аз бұрмаланған, көрнекілігі жоғары кескін береді, бірақ осьтер бойынша бұрмалану коэффициенттері әртүрлі. Сондықтан ондай кескінді салу қиындау. Ал тікбұрышты изометрияда аксонометриялық осьтер арасындағы бұрыш өзара тең және 1200 болады. Осьтер бойынша бұрмалану коэффициенттері де өзара тең.

Қиғашбұрышты фронталь диметрия (қолдануда көбінесе кабинеттік проекция деп атайды) орындау қарапайымдығына байланысты практикада жиі қолданылады. Аксонометриялық осьтер арасындағы бұрыштары – x ^z = 900, x ^y = 1350, y ^z = 1350; Осьтер бойынша бұрмалану коэффициенттері - ox,oz = 1,0, oy = 0,5.

Практикада көрнекі кескіндерді тұрғызу амалдарын игеруде келесідей геометриялық нысандардың аксонометриялық кескіндерін тұрғызуды меңгеру қажет:


  • нүкте;

  • сызықтар (оның ішінде кеңістіктік);

  • жазық фигура;

  • көлемді геометриялық дене.

Барлық жағдай үшбуынды координатттық тізбекті сынық сызықты тұрғызуға негізделген..

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (96-113)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (252-275
9 лекция тақырыбы: «Бөлшектің сызбасы. Сызбадағы шарттылықтар мен ықшамдаулар. Бөлшектің эскизі. Техникалық сурет. Бөлшектің жұмыс сызбасы және оған қойылатын талаптар».

№ 9 лекция тезисі:

Эскиздерге және жұмыс сызбаларына қойылатын талаптар.

Сызбалар толығымен ережелерге мемлекеттік стандарттқа байланысты орындалуы қажет. КҚБЖ – МЕСТ 2. 104 – 68 (СТ СЭВ 140-74, СТ СЭВ  365 – 76), МЕСТ 2. 301 – 68 (СТ СЭВ 1181 – 78)... МЕСТ 2. 316 – 68 ( СТ СЭВ 856 – 78) және т.б.

Сызуға негізгі талаптарды МЕСТ 2. 109 – 73 ( СТ СЭВ 858 -78; СТ СЭВ 1182 – 78 ).

Барлық сызбалар МЕСТ 2.301 – 68 (1181 -78 ) тұрғызылған жеке пішім беттерінде, негізгі жазумен басқада графаларды МЕСТ 2. 104 – 68 (СТ СЭВ 140-74, СТ СЭВ  365 – 76) байланыстырып орындайды.

Сызбаларда көріністердің саны аз болуы қажет ( көрініс, тілік, қима, шығарушы элементтер) , бірақ бөлшектің пішінін толығымен көрсету үшін, барлық конструктивті элементтер ( тесіктер, канавок, фаська және т.б.) жеткілікті болу керек.

Әрбір сызба әріптік – сандық көрсеткіштерден тұрады.

Сызбаның жазылуы қысқа терминологиямен байланысу керек. Негізгі жазуда және бұйымның атауларын спецификацияға толтырғанда, атау септігінің жекеше түрінде жазылады. Материалдардың маркасын стандартпен байланыстырып жазу керек.

Сызбада бөлшектердің өлшемдері беріледі.

Эскиз мазмұны жағынан сызбадан айырмашылығы жоқ, оны машина құрылысы сызбасында ережелерді сақтап орындайды.Бірақ бұл сызба бірақ рет қолданады, ооның безендіру ерекшеліктерін анықтайды.

Сызба құралдарымен, масштабпен, МЕСТ 2.302-68 бойынша геометриялық және проекциялық сызудың ережелерін сақтай отырып орындалатын сызбаны бөлшектің жұмыс сызбасы деп атаймыз.

Бөлшектің жұмыс сызбасында бөлшектің формасын толығымен ашатын кескін сандары жеткілікті болуы керек (көрініс, тілік, қима, шығару элементі). Шекті ауытқулары мен қажетті өлшемдер, кедір-бұдырлар, материал туралы, өңдеуі сонымен қатар техникалық талаптары болуы керек. Техникалық сурет.

Көрнекі кескіндерді орындау жұмысын оңайлату үшін техникалық суреттер пайдаланылады.

Аксонометрия ережелері бойынша, масштабты көз мөлшерімен сақтай отырып қолмен орындалатын кескінді техникалық сурет дейміз.



Заттың көлемділігін баса көрсету үшін техникалық суреттерде штрихтау сызықтарын жүргізеді. Мұнда жарық нәрсенің сол жақ үстінен түседі деп алады. Жарық түскен бетті ашық күйінде қалдырады, ал көлеңкеленген бет штрихталады, көлеңке түскен нәрсе беті неғұрлым қоңырлау болса, сызықтар соғұрлым жиі болады.

Штрихтаудың түрлері: штрихтау, шраффировка, нүктелер арқылы.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.4

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (69-73), 1.7.9. (194-200)


10 лекция тақырыбы: «Ажыратылатын және ажыратылмайтын біріктірулер. Берілістер. Цилиндірлі тісті беріліс».

№ 10 лекция тезисі:

Бөлшектерді ажыратылатын және ажыратылмайтын біріктірулерге бөледі. Ажырытылатын біріктірулер бөлшектерді бүлдірмей жинауға болатын бөлшектерді айтамыз.Оларға мысалы,болтпен гайканың көмегімен орындалатын біріктірулер жатады. Ажырамайтын біріктірулерге қатаң механикалық бацланыстағы бөлшектерді біріңтіруді айтады. Бұндай бөлшектердің элементтерін пісіру, тойтару,дәнекерлеу, престеу, желімдеу арқылы ажыратуға болады.

Ажыратылатын біріктірулер. Қазіргі уақытта машина құрылысында болттық біріктіру кеңінен қолданылуда: резьбалық, тісті (шлицті) , шпондық, штифті, шплинтті,клиндік біріктірулер жатады. Жаңа машиналарды жасауда резьба көмегімен көптеген жетістіктерге жетуде.

Резьба цилиндрлік және конустық беттердің винтттік қозғалыстарынан пайда болуды айтады.

Конструктивті кескіндеуде бұйымдардың өлшемдері және олардың элементтері стандартқа сәйкес келеді. Бұйымдарды біріктіру өлшемдері резьбаның диаметрмен байланысты және фаськалар, шлицтер, резьбалар және т.б. анықталады. Стерженъ бөлшегін біріктіруде 2мм және одан кіші шартты белгілерді қолданады.

Тісті беріліс екі тісті дөңгелектерден тұрады. Дөңгелектердің остерінің орналасуына қарай цилиндрлік, конустық және бұрандалы (червяк) болып бөлінеді. Егер остері бір-бірімен параллель орналасса, оны цилиндрлік беріліс, ал остері қиылысса онда конустық беріліс, егер остері айқасса, оны бұрандалы беріліс деп атайды. Тісті дөңгелектің кішісіг шестерня деп, ал үлкенін тісті дөңгелек деп атайды.



dw - бастапқы диаметр, d – бөлу диаметрі, ha – тістің басы, hf – тістің аяғы.



ha=m; hf =1,25m; d = mz; da = m(z+2); df = d-2,5m; db = 0,2da; dст = 1,6db; dоб = da- 8,5m; K = 0,3b; b = 6m; D = 0,5( dоб+ dст); dотв = 0,25( dоб – dст); lст =1,1b; aw = 05(dw1 + dw2).

Цилиндрлі тісті берілістің негізгі параметрлері:

m – ілу модулі, Z1 және Z2 екі дөңгелектің тісінің саны, u – беріліс саны, dw1 және dw2 – тісті дөңгелектің шеңберінің бастапқы диаметрі.

Тісті дөңгелектің бір тісінің бойымен өткен бөлу диаметрінің ұзындығын модуль деп атаймыз. m = d/z.




Конусты тісті берілістің параметрлері: me = dw /z; pt = meπ; δ1 =z1/z2; δ2 = z2/z1; d = dw =mez; da = me; df = 1,25me; b=6me; e1 = 1,2me; e2=1,5me ; M = 2me ; K = 2me; lст =1,5db; dст = 1,6db; n = 0,1db ; db = 0,2da.

Бұрандалы тісті дөңгелектің параметрлері: ha1 = m; hf1 = 1,2m; Червяк цилиндрінің бөлу диаметрі – d1 = mq; q - бөлу диаметріндегі модульдің саны. Червяктің жоғарғы және төменгі диаметрлері. da1 = d1+2m = m(q+2); df1 = d1-2,4m = m(q-2,4); Тісті дөңгелектің жоғарғы және төменгі диаметрлері.



da2 = d2+2m = m(z2+2); df 2 = d2 -2,4m = m(z2-2,4); Ra2 = 0,5d1-m; Rf2 = 0,5d1+1,2m; R = 0,5d1; c = 0,2m; aw= 0,5( dw2+dw1) = 0,5m( z2+q); db2=0,2da2; dст=1,6db2; eст=1,5db2; K=0,3b2 ; s =1,6m.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)
11 лекция тақырыбы: «Құрастыру бірліктерінің сызбасы. Құрастыру сызбасындағы шарттылықтар мен ықшамдаулар. Құрастыру сызбасын оқу және бөлшектеу».

№ 11 лекция тезисі:

Жалпы түсініктер. Құрастыру сызбаларын (ҚС) техникалық және эскиздік жобалау негізінде жұмыстық конструкторлық құжаттарды дайындау кезеңінде құрамдайды. Жалпы жағдайда олардың құрамы (МЕСТ 2.109-73*) төмендегідей:

а) құрастыру сызбасын осы сызба бойынша біріктірілетін оның құрамдас бөліктерінің орналасулары мен өзара байланысы туралы түсінік және оның құрастырылуы мен бақылануын іске асыруға мүмкіндік беретіндей етіп (көріністер , тіліктер және қималардың аз, бірақ жеткіліктердің санымен) кескіндеу;

б) өлшемдер - габариттік, орнату, жалғау және басқа да анықтамалық өлшемдер, мысалы, сыртқы байланыс элементері болып қызмет ететін бұрандалардың белгіленуі, тісті дөңгелектердің параметрлері;

в) позициялық номерлер.

Спецификация негізгі конструкторлық құжат болып табылады және ол құрастыру бірлігінің, кешеннің, комплектнің құрамын анықтайды. МЕСТ 2.108-68 сай оны А4 пішімінде орындайды. Жалпы жағдайда спецификация келесідей реттермен орналасқан тараулардан тұрады: құжаттама, кешендер, құрастыру бірліктері, бөлшектер, стандартты бұйымдар, басқа да бұйымдар, материалдар, комплектлер. Қандай тараудың болуы керектігі бұйымның құрамына байланысты анықталады. Әрбір тараудың атауын астын жіңішке сызықпен сызып «Аталуы» графасында көрсетеді. Әрбір тараудың атауының астынан бір бос жол қалдырады, ал әр тараудан кейін қосымша жазбалар үшін аз дегенде бір жол қалдыоады.Әрбір нақтылы жағдайда сызба белгілі талаптарға дәл және толықтай жауап беруі қажет. Әр жолдың ені 8 мм-ден кем болмауы қажет.

Құжат – негізгі комплект( құрастыру сызбасы және схема, құрылысы – бұйымдарды бөліктерге бөлу).

Құрастыру бірліктері – құрамдас бөліктері өзара дайындаушы кәсіпорында біріктіруге жататын бұйымдар.

Бөлшектер – бір маркалы материалдан құрастыру операциясын қолданбай дайындалған бұйым.

Стандартты бұйымдар – мемлекеттің, республиканың, стандарт салаларының және стандарт кәсіпорындарының бұйымдарында қолданады. Стандарттың әрбір категориясы бұйымның тобы бойынша функциональдық ерекшеліктеріне ( подшипниктер, біріктіру бұйымдары т.б.) байланысты жазылады.

Материалдар . Оларды келесідей жазып көрсетеді: қара металлдар, түсті металлдар, пластмассалар, және т.б. Материалдың әрбір түрін алфавитті тізіммен жазады, ал атауларын – негізгі параметр өлшемдерін , мысалы диаметр, ұзындығы көрсетіледі.Олардың сапаларын технолог анықтайды. Егер материалды жазғанда бір жлоға сыймаса, екінші жолды алады: бұл жағдайда спецификацияға алдыңғы атаумен жазылады .

«Формат»графасында құжатттың пішімі көрсетіледі, белгіленуі «Белгіленуі» графасында көрсетіледі. Егер құжат бірнеше парақта орындалса, «жұлдызшалар » графасына қондырады, ал «Ескерту » графасына барлық пішімдердің көлемі тізіледі. «Шекара» графасына бұйымның позициялық номерлерінің бөліктері жазылады.

«Поз.» графасында бұйымның бөліктерінің реттік номерін спецификацияға жазады. «Құжат» графасы толтырылмайды. «Белгілеу» графасында «Құжат » бөлімінде құжаттардың белгіленуі жазылады, «Құрастыру бірліктері » және «Бөлшектер» - негізгі белгілеулер. «Стандартты бұйымдар» және «Материалдар» графаларында «Формат» және «Белгіленуі» толтырылады.«Атауы» графасында «Құжат» бөлімінде ғана құжаттардың атаулары көрсетіледі. «Құрастыру бірліктері» және «Бөлшектер » бөлімдерінде құрастыру бірліктерімен бөлшектердің негізгі жазбалары көрсетіледі. «Стандартты бұйымдар» және «Материалдар» бөлімінде стандартпен байланысты атаулары мен белгіленулері жазылады. Мысалы, Гайка МЕСТ 5915 – 70. Атауларды атау септігнде жекеше түрінде жазады. Егер екі сөзден тұрса, бірінші зат есімді жазады.

Ескерту: 1. Спецификацияның жоғарғы бөлігін және негізгі жазуын 00 формада 2 немесе 2А көбінесе трафератпен жазылады.

2. МЕСТ 2.105 – 79 (СТ СЭВ 2667 – 80) бойынша спецификацияны қолмен толтырғанда әріптер мен сандарды қара тушьпен орындайды. Бірақ оқу спецификациясын қарындашпе норындайды.

Позициялық номерлерді түсіру. Құрастыру бірлігінің барлық құрамдас бөліктерін спецификацияда көрсетілген позициялық номерлерге сай номерлейді. Позициялық номерлерді құрамдас бөліктің кескінінен жүргізілген шығару сызығының сөресіне қояды.

Құрастыру сызбаларындағы ықшамдаулар. Фаскалар, дөңгелектеулер, ойықтар, дөңестер сияқты ұсақ элементтерді; стержень мен тесік арасындағы саңылауларды; бұйымның қақпақ, кожух, маховик т.б. құрамдас бөліктері жауып тұрған жердің әр жағында орналасқан басқа бөліктерді көрсету қажет болса, аталған бөлшектерді ҚС көрсетпеуге болады. Тіліктер мен қималарда көршілес жапсарласа орналасқан бөлшектерді бағыты мен жиілігі бойынша әртүрлі және әр бөлшек үшін барлық кескіндерде бірдей штрихтармен ерекшелейді. Егер ішкі қуыстары болмаса, бойлық тіліктерде, білік, ось, стержень, шарик, болт сияқты бөлшектерді және гайка мен шайбаларды қимайды және штрихтамайды. Мөлдір бөлшектердің артында орналасқан шкала, прибор нұсқама т.с.с. бұйымның құрамдас бөліктері мен элементтерін көрінетіндей етіп кескіндеуге болады

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)
12 лекция тақырыбы: «Схемалар. Кинематикалық схема туралы түсінік. Шартты графикалық кескіндер».

12 лекция тезисі:

Графикалық құжаттардың бұйымның бөліктерімен шартты белгілерінің көрсетілуін және олардың байәланысын МЕСТ


2.108-78 бойынша байланыстыру схема деп аталады.

Схемалардың түрлері мен типтері. Схемалар бұйымның құрылысын жеңілдетеді. Схемалар электрлік (Э), гидравликалық (Г), пневматикалық (FT), кинематикалық (К), оптикалық (Л) және т.б.

Негізгі белгілеулеріне байланысты схемаларды келесі типтерге бөледі: құрылысы, функциональдығы, принципі, бірігуі, қосылуы.

Құрылыстық схема бұйымның негізгі функциональдық бөліктерін, олардың белгіленуімен байланысын анықтайды.

Функциональдық схема процестерді анықтайды.

Біріктіру схемасы (монтаждық) бұйымның бөліктерінің құрамынйң біріктірілуін анықтайды.

Схема атауы түрімен типімен, ал схеманың шифрі әріптереден, сандардан және олардың типтерінен тұрады. Мысалы, электрлік схеманың шифрі Э3. Схемаларды масштаб сақтамай орындайды. Сызықтардың жуандығы 0,2...0,4 мм. Ал,көрші параллель сызықтардың арасы 3 мм болуы керек.

Схемада кіретін және шығатын тізбектерін көрсетеді: тоқ күші, жиілігі т.б.,сонымен қоса өлшеу параметрлері көрсетіледі.

Кинематикалық принциптік схемалар қозғағыштан беру механизміне жұмыс органдарына немесе құралдарға қозғалыстың бірқалыпты берілуін айтады. Кинематикалық схемалар МЕСТ 2.703 – 75 бойынша орындалады. Мұнда бұйымдардың кинематикалық элементтері , механикалық және механикалық емес типтердің әртүрлі элементтермен байланысы көрсетіледі. Мұнда бұйымның бөлшектері жазба түрінде сызылады. Өте қиын кинематикалық схемаларды орындағанда аксонометриялық проекцияда кескіндейді. Кинематикалық элементтерге біліктер, осьтер, подшипниктер, муфталар, тормоздар, және т.б.Әрбір кинематикалық элементтерге реттік номерді, қозғалтқыштан бастап номерлейді. Біліктерді рим сандарымен, ал қалғанын араб сандарымен номарлейді.

Гидравликалық және пневматикалық схемалар. Бұлар өндіріс құрылғыларында (металл кесетін станоктарда, пресстеу және т.б.) жағармай құрылысында, транспорт және ауылшаруашылық машиналары құрылғыларында қолданады . Ал гидравликалық және пневматикалық схемаларды МЕСТ2. 704 – 68 стандарты бойынша орындайды. Номерлер ретімен жазылады. Схемаларда техникалық деректер көрсетіледі ( маркалау, температура және т.б.).

Электрлік схема МЕСТ 2.702 – 75 бойынша орындалады. Схеманың барлық элементтері біртектес анықталады .Сондықтан олардың элементтері таблицаға жазылады. Ол құжаттар А4 пішімінде орындалады.

Әріптік белгілеулер: резистор - R конденсатор – С, амперметр – А, дроссель – Др, қозғалтқыш – М. трансформатор - Тр және т.б. Элементтердің бір типінің қайталануын «Поз.» графасына толтырамыз.

Негізгі әдебиеттер – 1.7..3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)


2.3 Лабораториялық сабақтар оқу жоспар бойынша қарастырылмаған
2.4 Практикалық сабақтардың жоспары

1 семинарлық сабақ


Сұрақнама:

  1. Нүктенің центрлік проекциясы қалай тұрғызылады?

  1. Параллель проекциялау тәсілі дегеніміз не?

  1. Монж әдісі дегеніміз не?

  2. Кеңістіктің ширектері мен октанталары дегеніміз не?

  3. Нүктенің горизонталь, фронталь және профиль проекциялары қандай координаталар бойынша анықталады.?

  4. Жалпы және дербес жағдайдағы түзулердің проекция жазықтықтарындағы қандай айырмашылықтарын атап өтуге болады?

  5. Деңгей жазықтықтары және проекциялаушы жазықтықтар дегеніміз не, олар Монж сызбасында қалай кескінделеді?

  6. Негізгі белгілі жазық және кеңістіктік қисықтарды, қисық сызықтардың қасиеттерін атаңдар

Тапсырма:

  1. Берілген координаталары бойынша нүктенің эпюрін (сызбасын ) тұрғызыңдар.




Нүкте

Координаттары (мм)

x

y

z

K

M

N



P

R

S



T

U


-20

+15


+20

-15


+15

+20


-15

0


+15

-15


+15

-10


-20

+15


0

-20


-18

-18


-20

-20


+25

+10


+18

-15





  1. А(70,20,50) және В(20,40,20) нүктелері арқылы өтетін түзудің проекцияларын тұрғызу.

  1. Келесідей түзулердің сызбасын тұрғызу:

а) Барлық нүктелері Н проекция жазықтығынан 30 мм, V прекция жазықтығынан 20 мм қашықтықта орналасқан;

б) Н проекция жазықтығына перпен,дикуляр және V проекция жазықтығынан 20мм қашқтықтағы;

в) Н проекция жазықтығына 300 бұрыш жасайтын профиль деңгей түзуін.


  1. Н проекция жазықтығына параллель және одан 30мм қашықтықтағы жазықтықтың (үшбұрыш түріндегі) сызбасын тұрғызу.

  2. Жалпы жағдайдағы жазықтықта жатқан шеңбердің сызбасын тұрғызу.


Әдістемелік нұсқаулар №1 лекция тезистерін қара.

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (5-28, 37-70);


Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (36-54)

2 семинарлық сабақ


Сұрақнама:


  1. Позициялық және метрикалық тапсырмалардың анықтамаларын беру.

  1. Тұрғызу алгоритмдері қандай кезеңдерден тұрады–

  • жазақтыққа тиісті нүктелер;

  • жазықтыққа тиісті түзулер.

  1. Түзудің жазықтықпен қилысу нүктелерін, екі жазықтықтың қилысу сызықтарын тұрғызуға арналған тапсырмаларды шешу алгоритмдерін (жоспарын) беріңдер.

  2. Түзу кесіндісінің нақты шамасын (ұзындығын) және түзудің проекция жазықтықтарына көлбеулік бұрышын анықтаудағы тікбұрышты үшбұрыш тәсілінің маңызы неде?

  3. Тік бұрыштың проекциялануы туралы теореманың мәні неде?

  4. Позициялық және метрикалық тапсырмаларды шешуде сызбаларды түрлендіру тәсілдерінің тиімділігі неде?

Тапсырма:

  1. А, В, С және Е, D, К үшбұрыштары арқылы берілген екі жазықтықтың қилысу сызықтарын тұрғызу. Сызбада үшбұрыш жақтарының көрінетіндігін көрсету.

  1. ABC үшбұрышының нақты шамасын тікбұрышты үшбұрыш тәсілі арқылы анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар № 2 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (28-37, 45-94);

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (55-89)
3 семинарлық сабақ

Сұрақнама:

Беттердің жасалуындағы кинематикалық тәсілдің мәні неде?

Беттердің үздіксіз және дискретті қаңқасы, беттің проекция жазықтықтарындағы очеркі дегеніміз не?

Екінші реттік айналу беттерін атаңдар.

Қандай сызықтық беттер Каталан беттері деп аталады?

Тапсырма:

1.Келесідей екінші реттік айналу беттерінің сызбаларын тұрғызыңдар –

- сфера;

- сығылған және созылған эллипсоид;

- параболоид;

- бірқуысты және екіқуысты гиперболоидтар;

- цилиндр;

- конус;


- призма және пирамида.

2.Нүктелердің екінші ретік айналу беттеріндегі және призма мен пирамиданың беттеріндегі берілген бір проекциялары бойынша жетіспейтін проекцияларын тұрғызу.



Әдістемелік нұсқаулар № 5 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (96-113)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (124-147)
4 семинарлық сабақ

Сұрақнама

1. Нүкте мен түзудің, жазықтық пен беттің, екі беттің өзара орналасуына арналған позициялық тапсырмалардың қандай түрлерін атауға болады?

2. Конустық қималардың, яғни конустың жазықтықпен қилысу жағдайларын атап беріңдер.

3. Егер жазықтық дербес жағдайда болса конустық қималарды тұрғызу тапсырмаларын шешудің алгоритмі қаншалықты жеңілдейді?

4. Екі қисық беттің қилысу сызықтарын тұрғызуға арналған тапсырмаларды шешудің жоспарының мәні неде?

5. Екі беттің қилысу сызығын көмекші қиюшы жазықтықтар тәсілі арқылы тұрғызу алгоритмінің мазмұны қандай?

6. Екі айналу бетінің қилысу сызығын концентрлік және эксцентрлік сфералар тәсілімен тұрғызу алгоритмінің мазмұны қандай?

7. Жазылатын беттерді атаңдар. Беттердің дәл, жуықталған және шартты жазбаларын тұрғызу тәсілдеріне сипаттама беріңдер.



Тапсырма:

1. Бетке тиісті сызықтың берілген бір проекциясы бойынша жетіспейтін проекцияларын тұрғызу.

2. Жалпы жағдайдағы жазықтықтың айналу конусымен қилысу сызығын тұрғызу.

3. Екі айналу бетінің қилысу сызығын тұрғызу (конус, цилиндр немесе сфера – таңдау бойынша).

4. Призманың, пирамиданың, цилиндрдің және конустың жазбаларын тұрғызу.

Әдістемелік нұсқаулар № 6 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (115-144)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (153-251)
5 семинарлық сабақ

Сұрақнама:

1.А2 пішімнің өлшемі қандай?

2.А4 пішімнің өлшемі қандай?

3.Масштабтың түрлерін атаңдар?

4.Сызбада қолданылатын сызық түрлерін атаңдар?

5.Сызба қаріптерінің өлшемін атаңдар?

6.Өлшем қою ережелерін айтыңдар?

Тапсырма:

1.Сызықтың түрлерін орындаңдар.

2.Сызба қаріптерін орындаңдар.

Әдістемелік нұсқаулар № 8 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (96-113)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (252-275)
6 семинарлық сабақ

Сұрақнама:

1.Түйіндесу дегеніміз не?

2.Түйіндесуді қалай тұрғызады?

3.Лекальді қисық сызықтарды ата?

4.Коробтық қисық сызықтарды ата?

Тапсырма:

1.Шеңберді тең бөліктерге бөліңдер.

2.Түйіндесуге, қисық сызықтарға берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Әдістемелік нұсқаулар № 9 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (76-93)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (152-175)
7 семинарлық сабақ

Сұрақнама:

1.Көрініс түрлерін атаңдар?

2.Тіліктердің түрлерін ата?

3.Қима, қиманың түрлері?

4.Тілік пен қиманың айырмашылығын ата?

Тапсырма:

1.Берілген көрнекі кескіні бойынша үш проекциясын орындаңдар. А3 пішім.

2.Екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызу. А3 пішім.Тілікті және көлбеу қиманы орындау.

Әдістемелік нұсқаулар № 10 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (79-99)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (159-170)
8 семинарлық сабақ

Сұрақнама:


  1. Аксонометриялық проекциялар дегеніміз не?

  1. Аксонометриядағы бұрмалану көрсеткіштері (коэффициенттері) дегеніміз не?

  1. Стандартты аксонометриялық проекцияларды атаңдар.

  2. Шеңбердің көрнекі аксонометриялық кескіндерінің проекцияларының аксонометрияның түріне (тікбұрышты изометрия, тікбұрышты диметрия, қиғашбұрышты фронталь изометрия) байланысты қандай ерекшеліктері бар?

  3. Нүктенің үшбуынды координаттық сынық аксонометриялық проекциясы қалай тұрғызылады?

Тапсырма:

1. Берілген ортогональдық проекциясы бойынша үшбұрыштың тікбұрышты изометриясын тұрғызу.

2. Берілген ортогональдық проекциясы бойынша көппбұрыштың тікбұрышты диметриясын тұрғызу.

3. Берілген ортогональдық проекциясы бойынша өзара қилысушы екі беттің қиғашбұрышты фронталь диметриясын тұрғызу.



Әдістемелік нұсқаулар № 11 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (96-113)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (252-275)
9,10 семинарлық сабақтар

Сұрақнама:

1.Бөлшектің эскизі, және оның мазмұны.

2.Бөлшектің жұмыс сызбасы деген не?

3.Эскиз бен сызбаларға жалпы талаптар.

4.Сызбадағы шарттылықтар мен ықшамдаулар.

5.Ажырайтын қосылыстарды атаңдар.

6Ажырамайтын қосылыстарды атаңдар.

Тапсырма:

1.А3 пішімдегі тор көз қағазға бөлшектің эскизін орындаңдар.

2.Болттық қосылыстың сызбасын орындаңдар.

Әдістемелік нұсқаулар № 12-13 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (14-146)
11,12 семинарлық сабақтар

Сұрақнама:

1.Берілістердің түрлерін атаңдар.

2.Берілістердің элементтерін атаңдар.

3.Тісті дөңгелектердің параметрлерін атаңдар.

4.Цилиндрлік тісті дөңгелектің параметрлері.

Тапсырма:

1.Цилиндрлік тісті дөңгелектің сызбасын орындаңдар.

2.Құрастыру сызбасын орындаңдар. А1 пішім.

Әдістемелік нұсқаулар № 13-14 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)

13,14,15 семинарлық сабақтар

Сұрақнама:

1.Схеманың түрлері.

2.Схемаларды сызбада қалай орындайды?

Тапсырма:

1. Кинематикалық схеманың сызбасын орындаңдар. А3 пішім.



Әдістемелік нұсқаулар № 15 лекция тезистерін қара

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1. (301-308).

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (49-53), 1.7.9. (194-100)

2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

1-10 сабақтар

Тақырып – Негізгі проекциялық модельдер және олардың қасиеттері. Түктенің, түзудің, қисық сызықтар мен жазықтықтардың сызбалары. Нүктеге, түзуге және жазықтыққа арналған позициялық және метрикалық тапсырмаларды шешу алгоритмдері.

Тапсырма

1. Берілген нұсқада көрсетілген геометриялық дененің (көпжақтың) берілген негізгі өлшемдері мен дене табанының параметрлері бойынша ортогональдық (тікбұрышты) проекциясын тұрғызу.

2. Дене бетінің көрсетілген жазықтықпен қилысу сызығын тұрғызып, қиманың нақты шамасын анықтау.

СОӨЖ өткізу түрі

- аудиториялық сабақтар;

- студенттердің оқу әдебиеттерімен жұмысы;

- оқытушымен сұхбат және консультациялар;

- студенттердің сызба қағазының тағайындалған пішімдерінде сызбаларын безендіру бойынша практикалық жұмыстар

Әдістемелік нұсқаулар №1,2,3,4 лекция тезистерін және төмендегілерді қара

Негізгі әдебиеттер 1.7.1 (101-143) 1.7..6 (4-23),

Қосымша әдебиеттер 1.7.7. (36-89)
11-20 сабақтар

Тақырып - Беттердің берілу және конструкциялау тәсілдері. Көпжақтар. Қаңқалық, сызықтық және сызықтық емес беттер. Айналу беттері. Екінші реттік беттер. Винттік беттер. Беттерге арналған позициялық есептер. Конустық қималар. Екі бетттің қилысу сызықтары

Тапсырма

1. Берілген нұсқалары бойынша екі беттің өзара қилысу сызығының ортогональ проекцияларын тұрғызу. Беттердің жазбаларын тұрғызу.



СОӨЖ өткізу түрі – Жоғарыда берілген №1-8 тапсырмаларды орындау талаптарын қара.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар - № 5-8 лекциялар тезистерін және төмендегілерді қара:

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1.(128-143), 1.7.6. (23-32)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7. (124-251)
21-30 сабақтар

Тақырып - Аксонометриялық көрнекі кескіндер. Стандартты аксонометриялар – тікбұрышты изометрия және диметрия, қиғашбұрышты фронталь диметрия. Аксонометрияда жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу

Тапсырма.
1. Берілген ортогональ проекциялары бойынша бөлшектің тікбұрышты диметриялық проекциясын тұрғызу. А3.

2. Берілген жазық беттердің тікбұрышты изометриялық проекциясын тұрғызу. А3.


СОӨЖ өткізу түрі – Жоғарыда берілген №1-8 тапсырмаларды орындау талаптарын қара.

Орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар - № 11 лекциялар тезистерін және төмендегілерді қара:
1) Негізгі әдебиеттер – 1.7.1.(151-163), 1.7.6. (32-44)

2) Қосымша әдебиеттер 1.7.7. (252-275)



2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
Тақырып – Негізгі проекциялық модельдер және олардың қасиеттері. Түктенің, түзудің, қисық сызықтар мен жазықтықтардың сызбалары. Нүктеге, түзуге және жазықтыққа арналған позициялық және метрикалық тапсырмаларды шешу алгоритмдері.

Тапсырма – Теориялық материалды оқу құралдары бойынша меңгеру. Геометриялық фигуралардың ортогональ проекцияларын тұрғызудың дағдылары мен іскерліктерін бекіту. Орындау ұзақтығы – 5 сағ.

Орындауға әдістемелік нұсқаулар - № 2-3 лекция тезисін қараңыз

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (5-28, 37-70);

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (36-54)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері.


Тақырып - Беттердің берілу және конструкциялау тәсілдері. Көпжақтар. Қаңқалық, сызықтық және сызықтық емес беттер. Айналу беттері. Екінші реттік беттер. Винттік беттер.

Тапсырма – Беттерді конструкциялау тәсілдері мен олардың ортогональдық проекцияларын тұрғыз тәсілдерін пысықтау.

Орындау ұзақтығы – 5 сағ.



Орындауға әдістемелік нұсқаулар - №7-8 лекция тезисін қараңыз

Негізгі әдебиеттер 1.7.1 (101-143) 1.7..6 (4-23),

Қосымша әдебиеттер 1.7.7. (36-89)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері



Тақырып – Беттерге арналған позициялық есептер. Конустық қималар. Екі бетттің қилысу сызықтары. Беттердің жазбаларын тұрғызу.

Тапсырма –Тапсырмаларды шешу (алгоритмдері) тәсілдерін меңгеру.

Орындау ұзақтығы –5 сағ.



Орындауға әдістемелік нұсқаулар - № 2-6-7 лекциялар тезистерін қараңыз

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (115-144)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (153-2251)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері



Тақырып - Аксонометриялық көрнекі кескіндер. Стандартты аксонометриялар – тікбұрышты изометрия және диметрия, қиғашбұрышты фронталь диметрия. Аксонометрияда жазық және кеңістіктік фигураларды кескіндеу

Тапсырма. – Геометриялық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын тұрғызу амалдарын меңгеру.

Орындау ұзақтығы – 5 сағ.



Орындаға әдістемелік нұсқаулар - №11 лекция тезисін қараңыз

Негізгі әдебиеттер – 1.7.1 (96-113)

Қосымша әдебиеттер 1.7.7 (252-275)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері.



ТақырыпҚұрастыру сызбалары. Спецификация.

Тапсырма – Құрастыру сызбасын орындау. А2 пішім.

Орындау ұзақтығы – 5 сағ.



Орындауға әдістемелік нұсқаулар - № 12-13лекция тезисін қараңыз

Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (14-146)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері.



Тақырып – Схемалар.Кинематикалық және гидравликалық схемалар.

Тапсырма –Кинематикалық схеманың сызбасын орындау. А3 пішім.

Орындау ұзақтығы – 5 сағ.



Орындауға әдістемелік нұсқаулар - № 15 лекция тезисін қараңыз.
Негізгі әдебиеттер – 1.7.3

Қосымша әдебиеттер 1.7.6 (79-93), 1.7.9. (194-200)

сонымен қатар тақырып бойынша лекция конспектлері мен практикалық сабақтардағы жұмыс дәптерлері.
2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары оқу жоспарында қарастырылмаған.
2.6.2 Курстық жұмыстар тақырыптары

Курстық жұмыстар тақырыптары оқу жоспарында қарастырылмаған.


2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе


ақырып

Сабақ түрі

Бағдарламалық өнім түрі

Қолайлы орын

Арнайы дәрісхана атауы

№ 1,2,3,4,5 (тақырыптық жоспарды қара)

Лекциялық, СОӨЖ,

СӨЖ



Оқу басылым

дарының


электрондық

нұсқалары

(13,14,15 қосымша

әдебиеттерді

қараңыз)


Электрондық

ресурстар залы. ҚарМУ-дың

бас ғимараты


Интерактивтік

тақтасы бар

аудитория (11 ғимарат,ауд.218)

ОТҚ кабинеті

(11 ғимарат,102 ауд.)



2.8 Курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары
Курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары берілген сұрақтарға әзірленген жауаптар түрінде студенттердің өзіндік жұмыстарының тапсырмаларынан құралады. Жазбаша жұмыстар СРСП сабақтарында қорғалып, тапсырылады.
2.9 Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Жазық көпбұрыштармен шектелген денелерді қалай атайды?

A) көп беттер.

B) бос денелер.

C) қисық беттер.

D) айналу беттері.

E) көпжақтар.


2. Екі қисық айналу беттерінің қиылысу сызықтарын тұрғызуда қай тәсілді қолдану тиімсіз болады?

A) қиюшы денгей жазықтықтары тәсілі

B) концентірлік сфералар тәсілі

C) эксцентірлік сфералар тәсілі

D) «тербелуші» жазықтықтар тәсілі

E) көмекші қиюшы цилиндрлер тәсілі


3. Барлық нүктесі бір жазықтықта жатпаса қисық сызық:

A) жазықтықты.

B) кеңістікті.

C) жазық сызық.

D) қисық сызық.

E) нүктелік.


4. Бүйір жақтары параллелограмм, ал табан жақтары өзара параллель болатын көпбұрыштан құралған көпжақты:

A) призма.

B) пирамида.

C) алты жақты призма.

D) призма мен пирамида.

E) қиғаш призма.

5. Сызба геометрияның негізін қалаушы:

A) И. П. Кулибин.

B) М. В. Ломоносов.

C) Гаспар Монж.

D) Петр Первый.

E) Архимед.


6. Жалпы жағдайдағы түзу сызықтың стандартты аксонометриясын тұрғызу.....негізделген.

A) оның бір нүктесінің үшбуынды координаттық сынық сызығын және түзудің горизонталь проекция жазықтығына көлбеулік бұрышын анықтауға

B) оның бір нүктесінің үшбуынды координаттық сынық сызығын және түзудің фронталь проекция жазықтығына көлбеулік бұрышын анықтауға

C) оның бір нүктесінің үшбуынды координаттық сынық сызығын және түзудің профиль проекция жазықтығына көлбеулік бұрышын анықтауға

D) оның екі нүктесінің үшбуынды координаттық сынық сызығын тұрғызуға

E) оның үш нүктесінің үшбуынды координаттық сынық сызығын тұрғызуға


7. Горизонталь деңгей сызығының аксонометриялық проекциясы.....

A) оның ХОУжазықтығындағы екінші реттік проекциясымен беттеседі

B) оның ХОУжазықтығындағы екінші реттік проекциясымен қиылысады

C) оның ХОУжазықтығындағы екінші реттік проекциясымен параллель

D) оның ХОУжазықтығындағы екінші реттік проекциясымен айқасады

E) оның ХОУжазықтығындағы екінші реттік проекциясына перпендикуляр


8. Призмалық денеге толығырақ көрнекілік беру үшін.....пайдаланылады.

A) қиғашбұрышты фронталь диметрия

B) тік бұрышты диметрия

C) тік бұрышты триметрия

D) тік бұрышты изометрия

E) горизонталь изометрия

ыс алтыбұрыш
9. Нүктенің горизонталь проекциясының орналасуы қай координатада анықталады:

A) X,Y


B) X,Y,Z

C) Y,Z


D) X,Z

E) Z,X,Y,Z


10. Нүктенің фронталь проекциясының орналасуы қай координатада анықталады:

A) X,Y


B) X,Y,Z

C) Y,Z


D) X,Z

E) Z,X,Y,Z


11. Нүктенің профиль проекциясының орналасуы қай координата да анықталады:

A) X,Y


B) X,Y,Z

C) Y,Z


D) X,Z

E) Z,X,Y
12. Қандай кескіндерде параллель проекциялау әдісі қолданылмайды.

A) перспектива

B) техникалық сурет

C) аксонометрия

D) екікартиналық комплекстік Монж сызбасы

E) үшкартиналық комплекстік Монж сызбасы
13. Монж сызбасы дегеніміз:

A) артынан бір жазықтыққа беттестірілетін өзара перпендикуляр екі немесе үш жазықтыққа тікбұрыштап проекциялау арқылы алынған кескін

B) бірнеше проекция жазықтығына қиғашбұрыштап проекциялау арқылы алынған кескін

C) бір проекция жазықтығына бірнеше бағыттағы проекциялаушы сәулелер арқылы алынған кескін

D) бір нүктеден шығатын сәулелер арқылы үш жазықтыққа проекциялау жолымен алынған кескін

E) бір жазықтыққа қиғаш бұрыштап проекциялау арқылы алынған кескін


14. Геометриялық фигураның өзара байланысқан екі немесе үш тікбұрышты проекцияларынан тұратын сызба қалай аталады.

A) эпюр


B) аксонометрия

C) перспектива

D) октанта

E) түрлендіру


15. Фронталь деңгей түзуі-ол .....

A) фронталь проекция жазықтығына параллель

B) горизонталь проекция жазықтығына параллель

C) профиль проекция жазықтығына параллель

D) ОХ осіне параллель

E) ОУ осіне параллель

16. Жазықтықтардың проекция жазықтықтарымен қиылысу нүктелері қалай аталады.

A) түзудің іздері

B) жазықтықтың іздері

C) тоғысу нүктелері

D) жазықтықтың ең үлкен көлбеу сызығы

E) проекциялаушы сәулелер


17. Проекциялаушы жазықтықтың неше проекция жазықтығында ізі болады.

A) 1


B) 1 немесе 2

C) 3


D) тек 2

E) ізі болмайды

18. Деңгей жазықтығының неше проекция жазықтығында ізі болады.

A) 1


B) 1 немесе 2

C) 3


D) 2

E) ізі болмайды

19. Жалпы жағдайдағы жазықтықтың неше проекция жазықтығында ізі болады.

A) 1


B) 1 немесе 2

C) 3


D) 2

E) ізі болмайды


20. Горизонталь деңгей түзуі-ол .....

A) фронталь проекция жазықтығына параллель

B) горизонталь проекция жазықтығына параллель

C) профиль проекция жазықтығына параллель

D) ОХ осіне параллель

E) ОУ осіне параллель


Дұрыс жауаптың кілті

Сұрақ номері

Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)




Сұрақ номері

Дұрыс жауабы (A,B,C,D,E)

1

E

11

C

2

E




12

A

3

B




13

A

4

A




14

A

5

C




15

A

6

D




16

B

7

C




17

C

8

D




18

D

9

A




19

С

10

D




20

В


Студенттердің блімін бағалау критериі

Дұрыс жауаптардың саны

Бағасы

19-20

Үздік

16-18

Жақсы

10-15

Қанағаттанарлық

10 балдан төмен

Қанағаттанарлықсыз


2.10 Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Центрлік проекциялау моделі және оның қасиеттері.

  1. Параллель проекциялау моделі және оның қасиеттері.

  1. Г. Монждың екікартиналы кешендік сызбасының жасалу схемасы.

  2. Г. Монждың үшкартиналы кешендік сызбасының жасалу схемасы..

  3. Нүктенің екі және үш проекция жазықтықтары жүйесіндегі сызбасы. Нүктенің проекцияларын тұрғызудың координаттық және проекциялық тәсілдері.

  4. Түзу сызықтың жасалынуы және сызбада берілу тәсілдері.

  5. Жалпы және дербес жағдайдағы түзулер, олардың сызбалары.

  6. Негізгі жазық және кеңістіктік сызықтар, олардың сызбалары. Қисық сызықтардың проекциялық қасиеттері.

  7. Екінші реттік қисық сызықтар – эллипс, парабола, гипербола. Екінші реттік қисықтардың сызбалары. Винттік сызықтар және олардың сызбалары.

  8. Жазықтықтың кеңістікте жасалу тәсілдері. Берілу тәсілдеріне сай жазықтықтардың сызбада кескінделуі.

  9. Жалпы және дербес жағдайдағы жазықтықтар және олардың сызбалары.

  10. Жазық геометриялық фигуралардың өзара тиістілігіне позициялық тапсырмалар, олардың енгізгі типтері.

  11. Тиістілікке арналған тапсырмалар:

  • нүкте мен түзу сызыққа;

  • сызық пен жазықтыққа;

  • нүкте мен жазақтаққа.

  1. Қилысуға арналған тапсырмалар:

  • екі түзу сызықтың қилысулары;

  • түзу мен жазықтықтың қилысулары;

  • екі жазықтықтың қилысуы.

  1. Сызбадағы нүктеге, түзуге және жазықтыққа арналған метрикалық тапсырмалар – негізгі түрлері.

  2. Базалақ метрикалық тапсырмалар – екі нүктенің ара қашықтығын анықтаудағы тікбұрышты үшбұрыш әдісі, тік бұрыштың проекциялануы туралы теорема.

  3. Арнайы метрикалық есептерді шешу жоспарлары–

  • жазықтықтағы түзу сызық пен нүктеге дейінгі қашықтық;

  • екі өзара айқасушы түзу арасындағы қашықтық;

  • жазықтық пен оған параллель жазықтық арасындағы қашықтық;

  • өзара параллель жазықтық арасындағы қашықтық.

  1. Сызбаларды түрлендіру тәсілдері. Сызбада позициялық және метрикалақ тапсырмаларды шешудегі проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілі және оның дәстүрлі тәсілдермен салыстырғандағы артықшылықтары.

  2. Беттерді конструкциялау тәсілдері. Беттердің анықтауыштары, қаңқасы, очерктері.

  3. Екінші реттік айналу беттері мен тордың қеңістікте жасалуы және сызбада кескінделулері.

  4. Қаңқалы сызықтық Каталан беттерінің қеңістікте жасалуы және сызбада кескінделулері.

  5. Негізгі винттік беттердің қеңістікте жасалуы және сызбада кескінделулері.

  6. Көпжақты беттердің призма мен пирамиданың қеңістікте жасалуы және сызбада кескінделулері.

  7. Беттерге тиісті нүктелер мен сызықтарды тұрғызу.

  8. Түзу мен беттің қилысу нүктесін тұрғызу тапсырмаларын шешу алгоритмі.

  9. Жазықтық пен беттің қилысу сызығын тұрғызу алгоритмі.

  10. Конустық қималар – эллипс, парабола және гипербола жазықтықтың конус бетімен қилысу нәтижесі ретінде.

  11. Екі беттің қилысу сызығын тұрғызу тапсырмаларын шешу алгоритмі.

  12. Екі айналу бетінің қилысу сызығын тұрғызудағы көмекші қиюшы жазықтықтар тәсілі.

  13. Екі айналу бетінің қилысу сызығын тұрғызу тапсырмаларын шешудегі көмекші концентрациялық сфералар тәсілі.

  14. Аксономертиялық көрнекі кескіндердің пайда болу схемасы.

  15. Беттердің жазбалары. Дәл, жуықталған және шартты жазбалар. Тұрғызу тәсілдері.

  16. Аксонометрияның негізгі теоремасы – Польке – Шварц теоремасы.

  17. Қиғашбұрышты және тікбұрышты аксонометриялар. Олардың жасалыну шарттары. Аксонометриядағы бұрмалану көрсеткіштері.

  18. Стандартты аксонометриялық проекциялар. Тікбұрышты изометрия мен диметрияның және қиғашбұрышты фронталь изометрияның сипаттамалары.

36. Стандарты аксонометрияларда нүктенің үшбуынды координаттық сынық аксонометриялық проекциясын тұрғызу.

37. Жалпы және дербес жағдайдағы түзулердің стандартты аксонометрияларын тұрғызу.

38 Үшбұрыш пен шеңберлердің стандартты аксонометрияларын тұрғызу.

39. Призма мен пирамиданың стандартты аксонометрияларын тұрғызу.

40. Цилиндр мен конустың стандартты аксонометрияларын тұрғызу..

42. Вертикаль жазықтықтағы сызықтық перспективаның жазықтықтар жүйесі. Картинанаң басты нүктесі, табаны және көкжиек сызығы.



Мазмұны








бет.

1.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ SYLLABUS

3

1.1

Оқытушы туралы мәліметтер

3

1.2

Пән туралы мәліметтер

3

1.3

Пререквизиттер

3

1.4

Постреквизиттер

3

1.5

Қысқаша сипаттама

4

1.6

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигі

5

1.7

Әдебиеттер тізімі

9

1.8

Баға бойынша ақпарат

10

1.9

Процедура және саясат

11

2.

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

13

2.1

Тақырыптық жоспары

13

2.2

Дәріс сабақтарының тезистері

16

2.3

Лабораториялық сабақтар оқу жоспар бойынша қарастырылмаған

56

2.4

Практикалық сабақтардын жоспары

56

2.5

Оқытушы бақылауымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары (СРСП)

63

2.6

Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сабақ-тардың жоспары

65

2.7


Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе

67

2.8

Курс бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары

68

2.9

Өзіндік бақылауға арналған тест тапсырмалары

68

2.10

Курс бойынша емтихан сұрақтары

73











ОӘК БӨ және КОӘ кафедрасының

мәжілісінде талқыланды

2013 ж. 06.03. № 10 хаттамасы
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың

ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды, бекітілді

2013 ж. 12.04 № 6 хаттамасы

«СЫЗБА ГЕОМЕТРИЯСЫ ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА»

пәні бойынша


5В071300 – Көлік, көліктік техника және технологиялары мамандығы үшін
ОҚУ–ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өтебаев Исатай Сейітұлы


Басуға___2010 ж. Қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы.

Көлемі____ес.-б.т. Таралымы_________ дана. Тапсырыс №_________



Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің баспасы

100012, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет