Смарт(smart)-мақсат пен свот(swot)-талдау деген не?



бет2/2
Дата11.12.2021
өлшемі80,5 Kb.
#99003
1   2
Байланысты:
SMART SWOT
Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, SMART SWOT
1. Мақсаттың нақтылығы: мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курсының бірінші айында үйренген, меңгерген теориялық материалдарды, әр түрлі стратегияларды мектеп практикасына қолданады.

2.Мақсаттың өлшенетіндігі: мұғалімдер өз мектептерінде зерттеуші, коуч, тәлімгер ретінде жұмыстар жүргізеді, портфолиоға қажетті материалдар, дәлелдемелер жинастырады.

3. Мақсаттың қолжетімділігі: бұл мақсат қолжетімді себебі, тыңдаушылар қажетті құзырлылықтарды игерді.

4. Мақсаттың шынайылылығы: бұл мақсат шынайы себебі, мұғалімдерге өз мектептерінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік туғызылады, жағдай жасалады.

5. Мақсаттың уақытпен шектелгендігі: бес апта.

Жалпы, 45 минуттық сабақтың мақсатын анықтағанда да осы параметрлер ескеріліну керек.



СВОТ (SWOT)- талдау дегеніміз қандайда іс әрекетті жоспарлау әдісі. Сол сияқты, SWOT ол бір сөз емес. Ол 1963 жылы бизнес, саясат мәселелері бойынша Гарвард университетінде өткен конференцияда американ ғалымы Кеннет Эндрюс айналымға енгізген аббревиатура. Ол ағылшын тіліндегі төрт сөздің алғашқы әріптерінен құралған. Олардың ағылшын және қазақ тіліндегі баламаларын қатар қарастырып көрелік: Strengths-Мықты жағы; Weaknesses- Әлсіз жағы; Opportunities- Мүмкіндіктер; Threats- Қауіп- қатерлер.

Жалпы, СВОТ талдау мәселесі экономиканың қандайда саласына, компанияға, фирмаға, бөлімге, жеке адамға байланысты қолданылынуы мүмкін.

Демек, мұндағы мықты жағы және әлсіз жағы ұғымдары ол экономиканың қандайда саласының, компанияның, фирманың, бөлімнің, жеке адамның қандайда бір жоспарлаған жұмысын іске асыруына әсер ететін өзінің (экономиканың қандайда саласының, компанияның, фирманың, бөлімнің, жеке адамның) мықты және әлсіз жақтары. Сондықтан бұларды ішкі факторлар деп атайды. Ішкі факторлар мекеменің, ұжымның немесе жеке адамның құзырындағы, олардың билігіндегі мәселелер. Демек, ішкі факторларды дамытуға, түзетуге, жөндеуге және т.б болады.

Ал, мүмкіндіктер мен қауіп қатерлер деген экономиканың қандайда саласының, компанияның, фирманың, бөлімнің, жеке адамның қандайда бір жоспарлаған жұмысын іске асыруына әсер ететін саясат, ауа райы, географиялық орналасу, нарық, әкімшілік, жеке адамдар және т.б жағдайлар. Сондықтан бұларды сыртқы факторлар деп атайды. Сыртқы факторлар мекеменің, ұжымның немесе жеке адамның құзырындағы, олардың билігіндегі мәселелер емес. Демек, сыртқы факторларды тікелей, ашық дамытуға, түзетуге, жөндеуге және т.б мекеменің, ұжымның немесе жеке адамның құқы жоқ. Алайда, оларды ескермесе тағы да болмайды.

СВОТ(SWOT)- талдау мәселесін мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курстарының «Мектептегі тәжірибе» атты екінші кезеңіндегі мұғалімге байланысты талқылап көрейік.

SWOT - талдау



Ішкі факторлар

Мықты жағы

Әлсіз жағы






Сыртқы факторлар

Мүмкіндіктер




Қауіп-қатерлер

Әлсіз жақтарын қалай жөндеуге болады?






Кестеден көрініп тұрғандай, ішкі факторлардың мықты жағы мен сыртқы фактордың мүмкіндіктер деп аталатын салалары іс әрекеттің бүгінгі жағдайы мен дамуына жағымды әсер етсе, ішкі факторлардың әлсіз жағы мен сыртқы фактордың қауіп қатерлер деп аталатын салалары іс әрекеттің бүгінгі жағдайы мен дамуына жағымсыз әсер етеді. Сол себепті, дәл осы жағдай барлық кезде назарда болу керек және ол бойынша жұмыстар жүргізілінуі тиіс.

Мұндай талдаудың PEST- талдау, SNW- талдау, GAP- талдау, Портердің бес күш талдауы және т.б деп аталатын көптеген түрлері бар.



Пайдаланған еңбектер

1. ru.wikipedia.org/wiki/SMART;



2.kremnev.info/inf/blog/smart/ ;

3. ru.wikipedia.org/wiki/SWOT-анализ;



4. b2bzona.org/b2bzona-2/swot-analysys...;

5. http://ru.wikipedia.org/wiki/S.M.A.R.T.;

6. http://ru.wikipedia.org/wiki/SMART;

7.Үлестірме материалдар. Үшінші апта( Екінші күн). Екінші басылым. Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектебі». 2013 жыл;



8.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (орта) деңгей. Екінші басылым. Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектебі». 2013 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет