Смарт(smart)-мақсат пен свот(swot)-талдау деген не?



бет1/2
Дата11.12.2021
өлшемі80,5 Kb.
#99003
  1   2
Байланысты:
SMART SWOT
Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, Жұбан Молдағалиев қмж, SMART SWOT

СМАРТ(SMART)-мақсат пен СВОТ(SWOT)-талдау деген не?

Smart сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді. Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Жалпы айтқанда мақсат дегеніміз ұмтылатын, қол жеткізуді жоспарлап отырған мәселенің ақырғы нәтижесінің сипаттамасы. Алға мақсат қою барысында «Осы мақсат орындалғанда мен неге ие боламын?» деген мәселенің маңызы аса зор. Сол сияқты, ие болатын нәрсе неғұрлым көп, үлкен болған сайын мақсаттың маңызы да арта түседі. Мақсат қою барысында әлемді, ортаны тыңдап, естіп, сезіп, байқай алу керек. Ол алға жылжу барысында пайда болатын кедергілер мен олардан өту жолдарын алдын ала анықтауға үлкен септігі тиеді.

СМАРТ жетуді көздейтін мақсатты жүйелейтін әдістемелердің жиынтығы. Демек, мұндай әдістемелер біреу немесе екеу емес. Дейтұрғанмен, мен бұл мақалада аталған мәселені тегі австриялық американ экономисі, педагогы, публицисі, жиырмасыншы ғасырдағы ірі менеджмент теоретигі Питер Фердинанд Друкер(19 қараша 1909 жыл-11 қараша 2005 жыл) енгізген тұрғыда қарастыруды көздеп отырмын. Ал, ол бойынша мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бес параметр бар. Олардың ағылшын және қазақ тіліндегі баламаларын қатар қарастырып көрелік: Specific- Нақты; Measurable- Өлшенетін(Өлшеуге болатын); Achievable- Қолдан келерлік; Realistic- Шынайы; Timed- Мерзімі анықталған. Демек, алға қойылған мақсат нақты, өлшенетін, қолдан келерлік, шынайы, орындалу мерзімі анықталған болу керек.

1. Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша уақыт(сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.

2.Мақсат өлшенетін болу керек деген мақсаттың іске асқаны немесе аспағаныны байқалатындай, көрінетіндей болу керек дегенді білдіреді. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.

3.Мақсат қолдан келерлік болу керек деген алға қойған мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар болу керек дегенді білдіреді.Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат қолдан келмейтін нәрсе.

4.Мақсат шынайы болу керек деген алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болу керек дегенді білдіреді. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат ол бұл жаста қол жетпейтін жағдай.

5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек деген мақсатты жүзеге асырудың нақты мерзімін анықтау керек дегенді білдіреді.

Мақсатқа қойылатын осы параметрлерді мұғалімдердің үш айлық біліктілігін арттыру курстарының «Мектептегі тәжірибе» атты екінші кезеңіне байланысты талқылап көрейік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет