Смк пп 3-88 Ғылыми жоба туралы Ереже/ Положение о научном проекте Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из Бағыты


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында



бет2/5
Дата29.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#175722
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зейнеп Еркінбекова Зерде

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу міндеті қойылған [1].
Ал бүгінде біздің бүлдіршіндер шетелдік мультфильмдерді қарауға әуес. Себебі теледидардағы отандық телеарналарда, радио толқынында, ғаламтор желісінде де барлығы жат елдің мульттоптамалары. Тіпті еліміздегі ірі ойыншық дүкендерін де өзге елдің мульткейіпкерлерінің кескіндері. Оған қоса олар түрлі жарнама арқылы өздеріне ғана емес, бүкіл әлемге танылып үлгеруде. Демек өскелең ұрпақтың бойына сырт елдің идеологиясын сіңірудеміз.
«Әр елдің салты басқа» демекші, олардың ұлттық ұстанымдары бөлек болғандықтан, мультфильмдерінің негізгі мазмұны біз үшін жат болуы әбден мүмкін. Осы мәселені шешуде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына [2] сәйкес анимациялық мультфильмдерді жасайтын қосымшалардың мүмкіндігін пайдаланып, өзіміз мульфильмдер жасауға болады. Бүгінгі күні «Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшаларының мүмкіндіктері өте зор.
Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың 14 қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет. Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі – бала тұлғаның табысты дамуының кепілі [3].
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ



    1. Анимация және балаларға арналған танымдық мультфильмдер


Анимация термині – латынның “anima” жан сөзінен шыққан, яғни жандану, тірілу деген мағынаны білдіреді.
Анимация – суреттердің қозғалысы немесе өзгеруі. Анимацияны құрудың екі жолы бар: бірінші дайын суретті қолдану арқылы суреттер жасау, бұл классикалық әдіс деп аталады. Классикалық әдіс “gif”арқылы жасалады. Екінші жолы компьютерлік ойындарды жасағанда кадрлық анимациялар ұсынылады, мұнда кадрлар экранның кез-келген жерінен шығу жолымен іске асады.
Ресей арналарының зерттеуі бойынша кішкентайларға арналған 20 ең жақсы танымдық мультфильмдер тізімі берілді, қазіргі кезде бұл мультфильмдар Қазақстан арналарында да кеңінен таралған. Бұл мультфильмдерді 1-6 жас аралығындағы балаларға көруге болады.
«Малышарики»
«Фиксики»
«Даша-путешественница»
«Нуки и друзья»
«Уроки тетушки Совы»
«Три кота»
«Смешарики»
«Лунтик»
«Деревяшки»
«Синий трактор»
«Жила-была царевна»
«Дракоша Тоша»
«Бумажки»
«Дружба-это чудо»
«Аркадий Паровозов»
«Три котенка»
«Котики, вперед!»
«Тима и Тома»
«Вспыш»
«Пингвиненок Пороро»

Қазақстанда «Білім кидс» платформасында, «Баланапан» телеарнасында қазақша мульфильмдер ұсынылған. Мысалы, «Алдар көсе», «Сиқырлы кітаптар», «Айдар Батыр» және т.б. Дегенмен, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін анимациялық мультфильмдер әлі де аз.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет