Смк пп 3-88 Ғылыми жоба туралы Ереже/ Положение о научном проекте Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из Бағыты



бет3/5
Дата29.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#175722
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зейнеп Еркінбекова Зерде

Анимациялық мультфильм тарихы

Анимациялық мультфильмннің шығу тарихы 1892 жылы 28 қазанда басталған болатын. Париж қаласында суретші Эмиль Рейно қозғалып тұратын суреттерді көрсететін "праксиноскоп" атты аппаратын таныстырады және осыдан кейін бұл қазіргі мультфильмдердің шығуына жол ашты.


Ең алғашқы толықметражды мультфильм туралы айта кетсек:1926 жылы неміс режиссері Лотте Рейнигердің «Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» атты мультфильмі жарық көрген еді. Бұл — ең алғашқы толықметражды анимациялық фильм. Сюжет желісі бойынша батыр өз әпкесін зұлым сиқыршыдан құтқаруға тырысады. «Ханзада Ахмедтің шытырман оқиғалары» силуэт анимация техникасын қолдана отырып түсірілген.
Ең алғашқы дыбыстық мультфильм:1928 жылы 1 қыркүйекте Пол Терридің «Түскі уақыт» атты алғашқы дыбыстық қысқа анимация фильмі жарыққа шықты. Сонымен қатар дәл сол жылдың 18 қарашасында Дисней студиясының «Уиллидің пароходы» атты мультфильмі көрерменге жол тартты. Нәтижесінде Пол Терридің мультфильмі Дисней анимациясының көлеңкесінде қалып қойды, сондықтан қазір «Уиллидің пароходы» ең алғашқы дыбыстық мультфильм саналады.
Ең алғашқы үздік қысқаметражды мультфильм:1932 жылы «Үздік анимациялық қысқаметражды фильм» номинациясы бойынша «Оскар» сыйлығы пайда болды. Бұл номинацияда Уолт Диснейдің «Гүлдер мен ағаштар» мультфильмі жеңімпаз атанды.
Мультфильмде жас үйеңкі мен кәрі емен ағашының сұлу көктеректің жүрегін жаулап алмақшы болып, оның сүйіспеншілігі үшін күрескені баяндалады.
1995 жылы Джон Лассеттердің «Ойыншықтар хикаясы» атты алғашқы толықметражды компьютерлік мультфильмі жарық көрді. Бұл сондай-ақ 1996 жылы «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша беделді Оскар сыйлығына ұсынылған алғашқы анимациялық фильм болып табылады.


1.3.Қазақстандағы алғашқы анимация өнері

Қазақ анимациясына биыл-56жыл болады. 1967 жылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш қазақ мультфильмі түсірілді. Оның авторы — Ұлттық өнер академиясының профессоры, режиссер-аниматор, қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Қайдаров.


Автор алғашқы мультипликациялық туындысын шығармас бұрын қазақ аңыз-ертегілері мен қиса-дастандарын оқып, қазақ ауыз әдебиетіне үлкен және ортаңғы . «Қарлығаш ұясын бұзуға болмайды» деген тыйым сөзді естіп өскен ол мен үшін бірінш халық халық ертегісін арқау еткен.
Мультфильм музыкасын белгілі сазгер Нұрғиса Тілендиев жазды. Қазақтың тұңғыш мультфильмі ұлттық музыкалық аспап домбыра әуенімен әзірленген еді. Ұзақтығы 10 минутқа жететін мультфильм жасауға бір жарым жыл уақыт кеткен екен. Туынды әлемнің 48 елінде көрсетілген болатын.
Мультфильм 1968 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербург) өткен ІІІ Бүкілодақтық кинофестивальде ІІІ жүлдені иеленсе, 1975 жылы Халықаралық Нью-Йорк мультфильмдер фестивалінде «Кола Праксиноскоп» жүлдесін жеңіп алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет