Смк пп 3-88 Ғылыми жоба туралы Ереже/ Положение о научном проекте Издание /басылым 1/2017 Стр/бет из Бағыты



бет4/5
Дата29.04.2023
өлшемі0,73 Mb.
#175722
1   2   3   4   5
Байланысты:
Зейнеп Еркінбекова Зерде

ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 «Vyond», «Powtoon», «Animaker» қосымшалары және мүмкіндіктері

Анимациялық мультфильмдерді жасау ерекшеліктерін зерделей келе бүгінгі күні пайдалы қоысымшаларды ұсынамын:


«Vyond»-бұрын GoAnimate деген атпен белгілі болған, оқыту және маркетингтік мақсаттар үшін анимациялық бейнелерді жасаушы. Vyond корпоративті ұсыныстар жиынтығын ұсынады, соның ішінде қосымша деректерді қорғау және арнайы клиенттерге қызмет көрсету менеджері бар "ақ қолғап" қызметі және т. б.
Негізгі сипаттамалары:
-2D кейіпкерлерінің үш түрі: заманауи, бизнеске ыңғайлы және тақтадағы анимация;
-бейнемен көп ойыншы ынтымақтастық (үлкен жоспарлар үшін) кәсіпорын деңгейінде қолдау;
-деректерді қорғаудың қосымша мүмкіндіктері;
-құны: жылына 299 доллардан басталады;
-«Vyond»-да тегін жоспар жоқ.
«Animaker» - бұл жаңадан бастаушылар мен техниктерге арналған анимация және нақты уақыттағы бейне жасау бағдарламалық құралы. Қысқа анимациялық бейнелер саласында танымал құрал бола отырып, Animaker сіздің кішкентай анимациялық кейіпкерлеріңіз үшін ерінді автоматты түрде синхрондау сияқты кейбір жетілдірілген мүмкіндіктермен, сондай-ақ Сіздің компанияңыздың түстерін, аріптерін және логотиптерін сақтауға арналған қолтаңба жиынтығымен мақтана алады.
Негізгі сипаттамалары:
-4K бейнені сүйреп апару және кейіпкерлер құрастырушысы;
-100 миллионнан астам тегін бейнелер, суреттер, дыбыстық эффектілер және музыка;
-1000-нан астам шаблон;
-нақты әлеуметтік платформалар үшін өлшемді өзгерту;
-GIF жасаушы;
-анимациялық кейіпкерлерге арналған ерінді автоматты түрде синхрондау;
-субтитрлер;
-ресурстарды, қаріптерді және түстерді сақтауға арналған фирмалық жинақ;
-құны: айына 19 доллардан басталады;
-«Animaker» тегін жоспары бар.
«PowToon» – бұл анимациялық презентациялар мен видеолар жасауға мүмкіндік беретін онлайнды сервис. Оны 2013 жылы Илья Спитальник және Даниэль Затуранский жасап шықты және сол жылдың желтоқсан айында олар өздеріне 600 мың доллар көлемінде инвестиция тартты. Аталған сервис те «фримиум» әдісі бойынша жұмыс істейді. Сайтта тіркелгеннен соң, қолданушы фонға, дыбыс әсерлеріне (эффект), кейіпкерлерге арналған шаблондар коллекциясына рұқсат алады. PowToon қандай да бір өнім жайлы айтылатын ролик жасауға, стартап-презентацияға немесе сайттың басты бетін жасап шығуға әбден жарайды. Сервистің басты артықшылығы ретінде графиканың айтарлықтай стильді болып, кейіпкерлер санын және оларды өзара байланыстыра алу мүмкіндігін айтуға болады. Сонымен қатар, дайын болған видеоны YouTube-ке салуға немесе MP4 форматында сақтауға болады. Сервис мультипликаторларға қарапайым болғанымен, шағын бизнес иелеріне керектінің дәл өзі.
Мен анимациялық видео құттықтау жасауға «Animaker» қосымшасын қолдандым.
А

лғашында «animaker.com» сайтына кіріп, тіркелдім.

Тіркеліп болғаннан кейін «создать видео» батырмасын бастым.






Видеоны жасау барысында кейіпкерлерді «характер» тетігінен алсам, дауысты «записать закадровый голос» тетігі арқылы жаздым.


«Animaker» қосымшасы өзінің қарапайымдылығы мен үйренуге оңайлылығымен ерекшеленеді. Анимациялық видео жасау барысында бәрі қолжетімді, түсінікті болды. Бұл қосымшаның берер мүмкіндіктері мол екенің осыдан ақ байқауға болады. Әрбір тәрбиеші, студент осы қосымшалармен жұмыс жасау арқылы «z» ұрпақтарын тәрбиелену процестеріне үлкен үлес қоса алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет