СөЖ№2 Тақырыбы


Оқушылардың бірін-бірі бағалауы



бет10/10
Дата25.12.2021
өлшемі34,14 Kb.
#128674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5e3eb14b-3a4b-11e8-969e-bcaec5508c5bААйнур бағалау
1
5. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.

Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.

Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.

Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.


  • Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.

  • Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.

  • Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.

  • Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.

  • Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін ұстаз барынша сақ, абай болуы керек. Ол қатысушыларға өздері немесе тобы бағаланбайды, ал олардың жұмыстары тексерілетіндігі жайлы айтып кетуі тиіс.

  • Бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беру ұсынылмайды.


Қорытынды. Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Набуова Р. А. Оқыту үшін бағалау - сындарлы оқыту теориясының біртұтас кешені ретінде // Молодой ученый. — 2014. — №1.2.

2. ӘДІЛХАН ГУЛНАР Түркістан қаласы, № 22 жалпы орта мектептің математика пәнінің мұғалімінің мақаласы.



3. Р.Х.Шакиров, А.А.Буркитова, О.И.Дудкина Оқушы жетістіктерін бағалау\ Әдістемелік нұсқаулық – «Білім», 2012.

4. «12 жылдық білім беру» журнал. №1. 2016ж

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет