СөЖ№2 Тақырыбы


Топтық жұмыстың бағалануы



бет4/10
Дата25.12.2021
өлшемі34,14 Kb.
#128674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
5e3eb14b-3a4b-11e8-969e-bcaec5508c5bААйнур бағалау
1
2.Топтық жұмыстың бағалануы.

Мұғалім бақылаудың бір түрін құрастырып оны қатысушылармен бірге талқылайды және мақұлдайды. Топтық жұмысты бағалауды қандайда бір уақыт көлемінде, яғни тоқсандықта, жартыжылдықта пайдаланған жөн.



Топтық жұмысты бағалау

Кесте №1


Топ нөмірі

Топтағы бірлестік (орналастыру және міндеттердің орындалуы)

Тәртібі (басқа топтардағыларға кедергі жасамау, берілген тапсырмадан ауытқымау, айғайламау)

Тапсырманың, тақырыптың, материалдың ашылуы

Топтың басқа мүшелерінің презентацияларын тыңдай білу, сұрақтар қою, толықтыру жасау.

Барлық ұпайы

І

+

+

+++

+




ІІ

+

+










ІІІ

+

-

++

+




ІV

-

-

+

++++




V
















Мұғалім тапсырмаларды берген соң әрбір топ белсенділіктерін бақылап, кестені толтырып отырады. Оқушылар тапсырмаларды орындап жатқан кезде мұғалім кестедегі «Топтық бірлестік» пен «Тәртібі» деген қатарларды толтырады. Ал әр топ өз жұмыстарын баяндап жатқанда, келесі екі катарды толықтырып отырады. Осылайша процесс жалғаса береді. Ең соңында қорытындысын шығарып және нәтижелерді талқылайды. Бұл кезде ұстаз қатысушыларға төмендегідей сұрақтар қоюына болады.

  • Әр топтың жұмыстарының қандай жағымды жақтары болды?

  • Тапсырмаларды орындау барысында қандай кедергілер болды? Оларды қалай жеңуге болады?

Бірінші сұраққа жауап алу кезінде мұғалім қатысушылармен әрбір топтың жұмыстарындағы жетістіктерін айта кетіп ортақ нәтиже шығарады.

Ал екінші сұрақ оқушылардың зейінін пайда болған кедергілерге шоғырландырып, бірлесе шешуді қарастырады.

Топтық жұмыс орындағандағы нәтиже мұғалімнің қандайда бір шешім қабылдауына мүмкіншілік береді.


Бірқатар дағдыларды дамытып, бағалауда топтық жұмыс бірден-бір қолайлы тәсіл. Өзге формалардағыдай бұл жағдайда да оқушылар табыс критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім сынып ішінде жүріп, барлық топтарды тыңдап үлгеруі тиіс. Топтардағы кейбір оқушылар табыс критерийі талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы дәптеріне жазып алады. Әрі қарай мұғалім басқа оқушыларға назар аударуы тиіс. Оқушы ұяң немесе ұялшақ болған жағдайда мұғалім қосымша сұрақтар қойғаны дұрыс (Сен осы мәселе туралы не ойлайсың? Өз тобыңның осы мәселені қаншалықты дәрежеде талдағандығы туралы айтып бере аласың ба?). Кейде оқушы талдау тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн.

Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы керек. Барлық топтарды бір рет аралап, бағалап шыққаннан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан қол жеткізуіне мүмкіндік береді.



Кей жағдайда әдетте оқушыларға өз қабілеттерін бірнеше сабақтар барысында дамытуға мүмкіндік береді. Бұл әрекеттер оқушылардың бойында алуан түрлі дағдылардың қалыптасуына түрткі болады. Қалыптастырушы бағалаудың өзге түрлеріндегідей бұл жағдайда да оқушылар жетістік критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Оқушыларға жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырған да тиімді. Кей жағдайларда оқушылар жобаның соңына қарай белгілі бір оқу мақсаттары бойынша жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады.

Өзге оқу мақсаттары оқушылардың өздеріне берілген кері байланыстарға сәйкес жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай оқу мақсаттарын бір сабақ барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын екендігіне және өз мақсатын жете түсінгендігіне көз жеткізуі тиіс. Кейінгі сабақтарда мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақылап отырады. Әр оқу мақсатына негізделген жетістік критерийі мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-жақты ақпарат береді. Бұл көлемді әрекет түрлерінің оқу барысында маңызы өте жоғары. Сол әрекеттерді орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп отыруы міндетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет