Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы



бет2/18
Дата21.04.2017
өлшемі11,09 Mb.
#14463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Астана 2010

Ж.Н.Аленов, И.Ф.Костиков, Г.Т.Сыздыкова, А.И.Габдулина.

Солтүстік Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығы: Оқу құралы. – Астана, 2010.

1502000- «Агрономия» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған.

© Ж.Н.Аленов, И.Ф.Костиков, Г.Т. Сыздыкова, А.И.Габдулина, 2010

© Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы. 2010.

Оқулықта агроном мамандықтары бойынша орта білім беретін оқу орындарының студенттеріне арналған ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылықтық технологиясы туралы керекті мағлұматтар бар.

Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген өндірістік маңызы бар негізгі дәнді, отамалы, көкөніс дақылдары және көпжылдық шөптердің тұқымдары туралы және жоғары деңгейде тұқым өнімдерін алуға көмектесетін технологиялардың негізгі ілімдері қарастырылған.



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ




1 Тарау. Өсімдікшаруашылығы саласының құрастырмалы

бөлімі есебінде, тұқым шаруашылығы туралы жалпы түсініктеме




1.1

Тұқым шаруашылығы және оның құрастырмалы бөлімдері

9

1.2

Элиталық тұқымдарды өндірудің әдістері және кескіндері

9

1.3

Бастапқы материалдарды сұрыптау

13

1.4

Екпе дақылдардың тұқым шаруашылығындағы сорттық және тұқымдық бақылау

16

1.5

Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

19

1.6

Тұқым шаруашылығын ұйымдастыру және шоғырландыру

20

1.7

Тұқым шаруашылығын жоспарлау

21

1.8

Тұқым өндіру технологиясының негіздері

23

2.
2.1

2.2
2.3



2 Тарау. Астық және астықбұршақ дақылдарының тұқым шаруашылығы

Бастапқылық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, кескіні, әдістемесі және техникасы.

Бастапқылық астық дақылдарының тұқым шаруашылығы.

Астық дақылдарының бастапқылық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, кескіні, әдістемесі және техникасы.

Астық дақылдары тұқымдарын өсіру технологиясы және

сорттардың морфологиялық ерекшеліктері

34

34

34



34

38


2.4

Астық дақылдары сорттарының ерекшеліктері

42

2.5

Арпаның сорттық белгілері

59

2.6

Егістік сұлының сорттық белгілері және ботаникалық ерекшеліктері

65

2.7

Тарының сорттық белгілері және ботаникалық ерекшеліктері

69

2.8

Астық дақылдары тұқымдарын өсіру технологиясы

73

2.9

Астық дақылдары тұқымдарын жинау және сақтау

77

2.10

Жүгері

79

2.11

Қарақұмық


90




3 Тарау. Астық бұршақ дақылдарының тұқымдарын өсіру технологиясы және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері




3.1

Егістік асбұршақ

95

3.2

Қытайбұршағы

100

3.3

Егістік ноғатық

103

3.4

Ноқат

105




4 Тарау. Картоп тұқымдарын өсіру технологиясы және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері

107




5 Тарау. Майлы дақылдар тұқымдарын өсіру технологиясы және сорттардың морфобиологиялық ерекшеліктері

118

5.1

Майлы дақылдардың биологиялық ерекшеліктері

119

5.2

Майлы дақылдар сорттарының ерекшеліктері

125

5.3

Майлы дақылдардың тұқымдарын өсіру технологиясы

127




6 Тарау. Көпжылдық мал азықтық шөптердің тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

133

6.1

Мал азықтық шөптер тұқымдарын өсіру технологиясы, әдістері

136

6.2

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер

139

6.3

Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер тұқымдарын өсіру технологиясы

139

6.4

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің морфологиялық ерекшеліктері

151

6.5

Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары

153

6.6

Көпжылдық астық тұқымдас шөптер тұқымдарын өсіру технологиясы

154

6.7

Біржылдық мал азықтық шөптер. Біржылдық шөптердің морфологиялық ерекшеліктері

156

6.8

Біржылдық шөптер тұқымдарын өсіру технологиясы

164

6.9

Мал азықтық шөптердің тұқымдарын жинау және сақтау

168

6.10

Мал азықтық шөптер тұқымдары сапасын бақылау

173




7 Тарау. Көкөніс дақылдарының сорттық тұқымдарын көбейтудің әдістері және кескіні

178

7.1

Суперэлита және элита тұқымдарын өндіру

178

7.2

Екіжылдық және көпжылдық көкөністік дақылдар

сорттары және тұқымдарды өсіру технологиясы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

180

7.3

Көпжылдық көкөністік дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, жіктеу.

193

7.4

Біржылдық көкөністік дақылдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, жіктеу.

198




8 Бөлім. Тұқым шаруашылығының қазіргі уақыттағы жағдайы және қалпына келтіру, өркендету.

210

8.1

Тұқым шаруашылығының қазіргі кездегі жағдайы

210

8.2

Тұқым шаруашылығын басқарудың дамуы. Басқару объектісі ретінде, тұқым шаруашылығының теориялық негіздері

213




9 Тарау. Жаздық жұмсақ бидай тұқым шаруашылығының қазіргі жағдайда жеке алынған шаруашылықта атқаратын орны.

217




1 Қосымша. Шаруа (фермер) қожалығы туралы

2 Қосымша. Ауылшаруашылығы дақылдарын экологиялық сынау және бастапқы тұқым шаруашылығы (фото-суреттерде)


227

239

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік Агроазықтүліктік жоспары бойынша (және жоспардың соңғы түзетулеріне сәйкес) өмірлік мәні бар ауылшаруашылықтық, азық-түліктілік дақылдардың егістік көлемі мен өнімділіктерін жоғарлатып қана қоймай, олардан алынған өнімдердің қоректілік, тағамдылық және нан пісірерлік құндылықтарын да арттыру жоспарланған.



Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Қазақстан халқына арналған жылсайынғы жолдауында айтылғандай, осы жоспарды қабылдағаннан бері ауылшаруашық өндірісінің жан басына шаққандағы өнімдері, 90 жылдармен салыстырғанда көп есе артылғандығы айқын. Сонымен қатар, осы жоспар мен міндеттің орындалуына керекті мәселелер, мәдени дақылдардың тұқым шаруашылығын жандандыру және ауылшаруашылықтық малдардың асыл тұқымдарын өсірусіз болмайтындығы да ашық айтылады.

Қазақстан Республикасының АШМ-гі департаментінің директоры А.Евниев Алматыда өткен, Agrica – 2004 халықаралық конференциясында атап өткендей, тұқым шаруашылығы индустриясының жоқтылығы, ауыл шаруашылын дамытуды бөгеп отырғандығына тоқтала келіп, бұдан әрі сорттық егістік материалдарды қолдануымыз ауылшаруашылық дақылдарының өнімділіктерін 30%-ға арттыратындығын атады. Мәдени дақылдардың тұқым шаруашылығын дамыту және ауылшаруашылығы малдарының асыл тұқымдарын өсіру, осы аталған екі өндірістің бір-бірімен тығыз байланыстылығынан, яғни 1гектар жердің өнімдерін жақсы дамыған тұқым шаруашылығының арқасында арттыру, мал шаруашылығы дақылдарының өнімдерінің өсуіне де апаратын нақтылы жол болып есептелінеді. Өсімдікшаруашылығы өнімдерінің саны мен сапасы сорттық-тұқымдық бақылауға да көп байланысты.

Дәйектеу:


  • жарамсыз тұқымдармен себу

  • әртүрлі мезгілде пісетін сорттар топтарын шаблонды түрде пайдалану

әрбір шаруа қожалықтарында сорт айырбастау және сортты алмастыруды жүргізбеу, қатыкезді ауа райы-климаттық жағдайларына, аурулар мен зиянкестерге төзімді ауылшаруашылық дақылдарының жөғары өнімді сорттарының жоғалуына, осыдан барып еліміздің халқын азықтық дақылдармен қамтамасыздандыру және экспорттық өнімдердің кемуіне әкеліп соғады. Сондықтан, сорттық және тұқымдық бақылауды

жүргізу, бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып есептелінеді, осыған байланысты мамандарды (апробаторларды) дайындау, ауылшаруашылығы өндірісінің қарқынды өсуіне керекті жоспар тізімінің біріншісі болуы керек.

Ауыл шаруашылық басқармасы, облыстық әкімшіліктердің берген мәліметтері бойынша 2010 жылы республикамызда себілетін барлық ауылшаруашылықтық дақылдардың егістік көлемі 22,1 млн га құрайды, бұл дегеніміз 2009 жылмен салыстырғанда 0,7 млн. га (3,1%) артық. Соның ішінде себілетін егістік аумақтардың өсуі төмендегідей болмақшы:


  • астық дақылдары – 142,4 мың.га (0,8%);

  • майлы – 210 мың.га (17,7%);

  • қант қызылшасы – 5,7 мың.га (29,7%);

  • картоп – 4,4 мың.га (2,5%);

  • көкөніс-бақшалықтар – 9,3 мың. га (5,6%);

  • мал азығындық дақылдар 301,0 мың.га (12%);

Барлық себілетін жаздық егістің көлемі 19,1 млн.га., яғни 2009 жылмен салыстырғанда 0,3 млн. га., немесе 1,6% артты деген сөз.

Себілетін егістік көлемдері:



  • астық дақылдары – 16,7 млн.га;

  • майлы – 1365,6 млн.га;

  • мақта – 134,9 мың. га;

  • қант қызылшасы – 24,6 мың.га;

  • көкөніс-бақшалық дақылдар және картоп – 351,4 мың.га;

  • мал азығындық дақылдар – 454,9 мың.га

Тұқым жағдайы.

Республика бойынша барлық ауылшаруашылықтық құрылымдарында

осы жылғы жоспарланған жаздық астық және астық бұршақтық дақылдардың көктемгі егістігі үшін 2205,3 тың.тонна тұқым құйылған, бұл жоспарланған мөлшердің 102,1% құрастырады. Осыдан басқа 22,5 мың. тонна майлы, 6,3 мың. тонна мал азығындық дақылдардың, 3,8 мың. тонна мақтаның тұқымдары да құйылған.

Соңғы жылдары монокультура есебінде, жаздық бидайдың өздік тиімділігінің кеміп кетуін де естен шығармауымыз керек. Осыған байланысты тауар өндірушілерге бұдан бастап барлық өндірілген өнімдерді, әсіресе бидайды іске асыру жолдарын қарастыру басты міндет болып табылады.

Осыған байланысты АҚШ ауылшаруашылық департаменті, дүние жүзіндегі ауылшаруашылықтық өнімдердің көп жылдық нарықтылық жағдайларын ескеріп, 2019 жылға дейінгі жасаған болжамдарын жария етті. Осы эксперттердің жасаған болжамдары бойынша, дүние жүзінде бұдан былай да бидайды сатудың, пайдаланудың, соның ішінде малазығы есебінде қолданудың одан әрі де қарқынды түрде өсетіндігі аталып көрсетілген.

Сондықтан, ауылшаруашылықтық мамандықтарды алу үшін оқып жатқан әрбір студент (оқушы), жоғары өнімділікті жетістіктерге жету, тек ғана тұқымның арқасында болатындыған білгені абзал.



1. БӨЛІМ. ӨСІМДІКШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БІР БӨЛІМІ РЕТІНДЕ, ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫЛАМА ТҮСІНІКТЕМЕ.

1.1 Тұқым шаруашылығы және оның құрастырмалық бөлімдері

Тұқым шаруашылығы – бұл ауылшаруашылығы өндірісінің мамандандырылған саласы, оның атқаратын міндеті сорттық тұқымдардың сорттық тазалығы, биологиялық және өнімділік қасиетін сақтай отырып жаппай көбейту. Бүгінгі таңдағы тұқым шаруашылығының өркендеуінің негізгі бағыты – қарқынды өсімдікшаруашылығының керекті бөлімі есебінде, оны негізгі өндіріске айналдыру болып табылады.

Тұқым шаруашылығы бір-бірімен өзара қатынасты екі міндетті шешеді. Оның біріншісі – аймақтық шаруашылықтардың сұраныстарына сәйкестіріп, өндіріске жанадан кірістірілген жоғары сапалы сорттық тұқымдарды керекті мөлшерде қамтамасыздандыру. Бірақ, жалпылама көбейту үдесінде және көп жылдар бойы өсіруге байланысты олардың сорттық және өнімділік қасиеттері нашарлайды. Осыдан екінші міндет туындайды – ол тұқымдардың сорттық және өнімділік қасиеттерін сақтау. Тұқым шаруашылығында сорт жаңарту және басқа да басты іс-шараларға сәйкес, олар туралы сәл кешірек, шаруашылық өзін-өзі элиталық тұқымдармен қамтамасыз етуі керек, сондықтан жоғары маманды жұмысшылар қажет. Элитаны жекелей және жалпылама сұрыптау үдерісінде алуға болады. Болашақ элитаның жоғары өнімділігін, ауруларға төзімділігін тек жүйелі және ұқыпты сұрыптаудың арқасында ғана алуға болады.


1.2 Элиталық тұқымды өндірудің әдістері мен схемалары

Дақылдардың ерекшеліктеріне, топырақ-климаттық жағдайларға және кейбір жеке даралық әдістерге сорттардың тәлімділігіне байланысты, элиталық тұқымдар өндірісінің әдістері мен кескіндері әртүрлі болып келеді. Ауылшаруашылық дақылдардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, элитаны жасаудың әдістері қарастырылған.

Басқа әдістерге қарағанда екі жылдық ұрпағын бағалау арқылы жекелей-туысқандық сұрыптау, жоғары дәрежелі сорттық тазалықты жақсы қамтамасыздандыратын және экономикалық тиімді болып табылды. Бұл әдістің тағы да бір ерекшелігі, жеке дақылдардың көпжылдық ұрпақтары мен ата-тектілігі ескеріледі және сорттың қасиеттері мен нышандарын сақтау үшін сұрыптаулар жүргізіледі.

Элиталық тұқымдарды өндіруде жекелей сұрыптау кескіні, әрқашан, келесідей сатылардан құрастырылады:



1) 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі;

2) 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі;

3) 1-4 жылдық көбейту питомнигі;

4) суперэлита

5) элита

Элита өндірісі үшін жоғары сапалы тұқымдарды өндірумен - 1 және 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі мен 2 жылғы көбейту питомнигі жататын тұқым шаруашылығының бастапқы бөлімі айналысады. Cондай-ақ, ластануды және биологиялық қайталама тозаңдануды болдырмау үшін керекті шаралар міндетті түрде қолданылады.

Нәтижелі материалдарды алу үшін ең жоғарғы өнімдер қалыптасқан (элита, суперэлита т.б.) егістіктер алынады. Солардан керекті сортың, сорттық тазалығы 100%-ды алғашқы өсімдіктері алынады. Таңдап алынған өсімдіктердің тұқымдары 1 жылғы сынақтау питомнигінде пайдалынылады. 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде өсімдіктер тобы немесе 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінен алынып себіледі. Сондай-ақ, 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінен немесе топтар мен тұқымдастардың нашарлары жарамсыз деп табылады, ал жақсыларын жинап алады, бастырылады және зертханалық бағалаудан кейін тұқымдарды біріктіріп көбейту питомнигінде пайдаланылады. Бірінші, екі питомниктерде осы аймаққа сәйкес селекциялық питомникке бейімделген әдістемелер мен агротехникалар пайдаланылады. Көбейту питомниктерде себу жұмыстары, кәдәмгі қатарлап себу әдісімен дәріленген тұқымдармен жүргізіледі, сондай-ақ түрлік, сорттық және қалпына келтірулік отаулар іске асырылынады. Жинау және бастырылғаннан кейін оларды іріліктеріне байланысты жақсы жіктелген тұқымдарды келесі буындар үшін қолдаланамыз.

Көбейту питомнигінен алынған тұқыммен себілген ұрпақтарды суперэлита деп атаймыз. Бұл дегеніміз өнімділігі, сорттық және егістік кондициясына сәйкес өте жақсы тұқымдар болып саналынады.

Ескерту, элита тұқымдарын көп мөлшерде өндірген жағдайда, көбейту питомниктеріне сол сорттың тұқымдарымен 2-4 жылдар бойы қайталап себуге болады. Мұндай жағдайда тұқымдарды құжаттандырады: 1-ші қайталап себілгендер – екінші жылдық көбейту тұқымдары, 2-ші қайталап себілгендер - үшінші жылдық көбейту тұқымдары және т.б. Бірақ, мұндай қайталап себілгендерден алынған тұқымдардың әлсіз болуларына жол берілмейді, өйткені мұндай тұқымдарда элиталық сапаның деңгейі төмендей бастайды.



Элита, суперэлита тұқымдарынан шығады, себу тәсілдері кәдімгідей, өйткені бұлар осы сорт өсімдіктерінің ерекшеліктері мен қасиеттерін толығымен жалғастыратындар. Сондықтан, тұқым шаруашылығының осы сатысында да керекті жұмыстар, шаралар мен әдістердің барлығы жасалынады.

Сонымен қатар, элита тұқымдары өндірісінде қосымша тұқым шаруашылықтық іс-шаралар да қолданамыз, олар айқас тозаңданушыларды қолмен тозаңдандыру, мұндай жағдайда гүлдердің түйін салулары жақсы өтеді және тұқымдардың өнімділігі артады.

Кейбір көбею еселіктері жеткілікті дақылдарда, элиталық тұқым өндірісінің толық кескінінде, көбейту питомниктерін қысқартуға болады, ал (тары, жүгері) де – суперэлита питомниктерін де қысқартамыз, яғни схемамыз қысқа түрде – үш сатыдан тұрады, олар: 1 мен 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі және элита.

Сонымен, элитаны жалпыламалап сұрыптап өсіру схемасы – көбейту питомниктері, суперэлита және элитадан тұратын болады. Бірақта, мән қоятын жағдай, жалпыламалап сұрыптаудың тиімділігі жекелей сұрыптаудан кемдеу болады, өйткені сұрыптау бірінші жағдайда жай (фенотиптік) сұрыптау ғана, ол генотиптік сұрыптаудай емес.

Тұқым шаруашылығында сорттардың шаруашылық-биологиялық қасиеттері мен өнімділік шамаларын толық пайдаланатын әдістер мен әдістемелер талданып және іске асырылады.

Тұқым шаруашылығын жүргізу, өсірілетін сорттардың биологиясын білгенде ғана дұрыс жолмен атқарылады.

Сорт өз егістігінде морфологиялық белгілері және шаруашылық- биологиялық қасиеттеріне сай біртекті өсімдіктерден тұрады. Сорттың (гетерозиготтылық будан) шектеулі біртекті өсімдіктерден болуы сұрыптауға байланысты және өздігінен тозаңданатын дақылдарды, өздігінен тозаңдануына көмектесіп және жыл сайын F1-де будандастыру қажет. Басқа сорттармен және дақылдармен айқас тозаңдандыру тең мөлшерде айқас тозаңданатын және өздігінен тозаңданатын сорттардың беріктігіне (біртектік) нұсқан келтіреді.

Осы жағдайларға байланысты, тұқым шаруашылығында айқас тозаңданатын дақылдар сорттарының арасында, арақашықтық оқшаулау қатаң түрде сақталынады. Иә, өздігімен тозаңданатын сорттардың да арақашықтылықтары аздап болса да сақталуы міндетті түрдегі қағида.

Айқас және өздігінен тозаңданатындардың өсуіне, өздігінен тозаңдану әртүрлі әсер етеді. Өздігінен тозаңданатын дақылдардың сорттары өздігінен тозаңданғанда көп жыл сақталынады, ал айқас тозаңданатын сорттар тез азғынданып (инцухт, инбридинг) кетеді.

Әрбір жақсы селекцияланған сорт өзінің ұрпақтық тұқым қуалаушылығын көптеген жылдар бойы сақтай алады. Бірақ кобею және өндірістік пайдалану барысында, сорттың өзіне тән шаруашылық-биологиялық қасиеттері аздап төмендей бастайды, мұндай жағдайлардың болу себептері:


  1. механикалық ластану және басқа сорттармен қайталама тозаңдану;

  2. бөлінуі; 3) өсімдіктер ауруының ұлғайуы; 4) мутацияның пайда болуы.

Белгілі кеңес үкіметінің ғалымы, академик Лисицын П.И. көрсеткендей, сорттың ластануы биологиялық, сол сияқты өндірістік тұрғыдан қарағанда оның өлуімен тең.

Тұқым шаруашылықтық питомниктерінде сорттардың жаңа ғана көбейе бергендегі ластануы, соңынан қатерлі қауіптерге әкеліп соқтырады.

Механикалық ластану – апробация кезінде сорттық егістерді жарамсыз деп анықтайтын басты себеп. Механикалық ластанудың себептері жақсы белгілі. Барлық ластанғыштар (басқа дақылдар, түршелер немесе сорттар, өсімдіктерден ерте тез пісетіндер, әрқашан олардың егістері ластандырады).

Ескеретін жағдай, танапта барлық өсімдіктер бірдей өсіп тұрғанда, әсіресе зиянды арамшөптердің өсу кезеңінің алғашқы сатысында, бидай, арпа, сұлы сияқты дақылдар өздері де олармен күресіп, жойып отырады, бірақ кейбір ластанғыштардың осы аталған дақылдармен өсіп-өну биологиясы бірдей болғандықтан, яғни бір мезгілде, бірдей тереңдікке, ылғалдылық жағдайлары да бірдей т.б., олар сондай өнімді болмаса да, қарсы тұрып күресудегі қауқары шамалы болады. Ал егер, ластанғыштар тым ерте пісетіндер, шығымдары өнімді және өсу биіктіктері басым болса, мұндай егістерде ластанғыштар билікті тездетіп қолға алып, өз дегендерін істейді (егістен егіске дейін).

Өндірістік егістердең тұқымдарында аса қауіптілер, біртүрлі және туыстық қоспалар: жұмсақ бидайдың қатты бидай мен, сұлының - қара сұлымен ластануы т.б., бұл қоспалардың өнімдіктері әрдайым жоғары, астықты сұрыптап тазалағанда қиын бөлінеді, міне осыдан барып олардың технологиялық сапаларын төмендетеді.

Биологиялық ластану сорттар бір-бірімен табиғи жағдайларда қайталама тозаңданғанда болады. Сондықтан, өздігінен тозаңданатындар және айқас тозаңдатындар үшін, әсіресе бидайға, белгіленген кеңістік алшақтықты сақтау керек. Бақылаудың нәтижесінде, бидайдың әртүрлі сорттары бір-бірімен 100 метр қашықтықтан алшақ болса да, өздері мен өздері, қайталама тозаңдана беретіні анықталды. Сол сияқты, есте болатын жағдай, негізгі сортқа кірген механикалық қоспа, артынан биологиялық ластанудың түпкі себепкері болады.

Бидай өсімдігінің бір масағынан бір миллионға дейін тозаң түйірі пайда болады екен, ендігі есеп бойынша оның тозаңы ашық гүлдеген болса, өзінің негізгі сортынан бәлен есе артық мөлшерде гүлдер береді екен!

Биологиялық ластану сол сияқты бөлінудің нәтижесінде де болады, пайда болған нысаналар өздігінен сорттық қоспаға жатады. Оларды өздерінің көбею деңгейінде, сорттық отамалау жұмыстары кезінде жойып отыру қажет.

Саңырауқұлақтық, бактериялық, вирустық аурулар өте көп еселік көбейетін қабылеттері бар, ал егер осы аурулар тұқым арқылы берілген болса, ауырған өсімдіктер саны әрбір қалыптастыру сайын тез тарайды, осыдан барып біраз уақыттар өткесін олардың сорттық тазалықтары өте жоғары, немесе 100%-дың деңгейінде болса да, сорттық егістер қатарынан шығарылып тасталады.

Тосын (спонтанные) мутациялар – сорттардың морфологиялық сияқты, оның шаруашылықты-биологиялық ерекшеліктеріне де әсерін тигізеді. Олардың сандары сонша көп болмаған мен, зияндылығы мол, сорттардың табиғи және қолдан жасалған биологиялық сұрыптау жүйесін бүлдіріп отырады. Тосын мутациялар өсімдіктердің негізгі сорттарында, механикалық қоспа есебінде өсіп көбейеді. Табиғи будандастыру мен түрөзгерістердің арқасында олар байқалылынады, бірақ мутацияларды әсіресе сандық жобадан қарағанда жою өте қиын. Қорыта келгенде сорттар келтірілген 4 себептерге байланысты, өндірістік жағдайларда өздерінің шаруашылықты-биологиялық қасиеттерін төмендетіп нашарлай бастайды. Мұндай жағдайлардың болашақта болдырмау үшін, жыл сайын таза сортты сау тұқымдарды өсіріп және сұрыптауларды ұқыпты түрде өткізіп, өндірістегі қалыптастыруды орындау қажет.

1.3 Бастапқы материалды сұрыптау

Қазақстанның тұқым шаруашылығың өз ерекшеліктері бар. Климаттық жағдайлары бойынша – бұл тұрақсыз егіншілік аймағы, топырақты-климаттық жағдайлары әртүрлілігімен ерекшеленіп, қысы қатты аязды, күзі жауын-шашынды, күздік төмендік температурасы ерте түсетін, сондықтан жыл сайын жақсы өнім алуға қол жетпейтін, өз ерекшеліктерімен әлпеттенетін алқап. Осындай қиындықтардың бәрі, шаруашылықтар үшін дақылдардың сапалы және керекті мөлшерде тұқымдарын жинап алу шараларына өте тосқауылдық әсерлерін тигізеді, сондықтан, басты міндет, әрбір ыңғайлы жағдайларды ұтымды пайдалана біліп, ауа райы жақсы жылдары тұқым қорларын молынан жинастыру абзал.

Тұқымның өсіп-өну ортасының жағдайлары, оның өнімділік сапасына келтірер әсері мол. Сондықтан бастапқы материалдарды өсіру үшін, жоғары сапалы тұқымдарды құрастыратын агротехникалық аймақтарды да таңдай білу керек.

Сібірлік АШҒЗИ-ның бастапқылық тұқым шаруашылық зертханасының деректері бойынша, ауа райы қолайлы жылдары жинап алынған тұқымдарды қайталап сепкен егістердің өнімділігі гектарына 2,2-тан 5,5-ық центнерге дейін артқан. Осындай ерекшеліктер әсіресе бірінші-екінші жылдары жақсы байқалылынады, яғни өсіп-жетуге жасалған жағдайлардың арқасында өнімділік артып, злиталық тұқымдарды шығару үдерістері тездетіледі.

Айтқандай, бастапқылық тұқым шаруашылығындағы жасалатын агротехника сорттың генотипі қолайлы жылдары жақсы жақтарымен көріне білуіне көмектесе отырып, қолайсыз жылдар үшін тұқымдардың сақтық қорын жасау үшін өсімдіктерді сұрыптауды қарқынды түрде өткізуіміз керек.

Бастапқылық тұқым өсірудің сатысында, сорттық тұқымдық агротехниканың негізгі элементтеріне қойылатын талаптар тізбегі, олар: аурулар мен зиянкестерден жат болуы, жоғары сорттық тазалық пен жақсы егістік сапалылығы және өнімді тұқым өміршеңдігін қалыптастыра білу.

Бастапқы өсімдіктерді сұрыптаудың басты иманшарттылығы, олардың негізгі морфобиологиялық және биологиялық нышандарымен тәнтілігі болып есептелінеді.

Бастапқы материал негізінде таза сорттық, жоғары өнімді, аурулар мен зиянкестерден жат, көбею питомниктерінің егістерінен алынады. Туысты өсімдіктердің әулетін сұрыптап алу үшін, арнайы сұрыптау питомниктерін өсіру керек, ол танаптарда бастапқы материалдардың барлығы да бірдей тепе-тең аумақтықтарда коректенуде болады. Көп жағдайда сұрыптау питомниктерінде, әрбір өсімдіктер өздерінің (түптену, масақ, шашақгүлдің дәндәлігі, 1000 дәннің салмағы және т.б.) жекелік ерекшеліктерін көрсете алады. Бұл питомниктер де (отау, қопсыту, ауруларын жою) сияқты егістерді күтіп бағу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі. Оларды зиянкестерден сақтау үшін нұсқаулар бойынша ядохимикаттармен екі-үш реттен өңдеулер жасалынады. Тұқым шаруашылығында олардың негізгі міндеттеріне байланысты, 2 негізгі үдеріс: сорт алмастыру, және сорт жаңартулар атқарылынады.

Сорт алмастыру - бұл дегеніміз, мемлекеттік сорт сынақтың берген мәліметтеріне сүйене отырып, өндірісте қолданылатын сорттарды, бұлардан да өнімді және сапалары жақсы жаңа сорттармен алмастыру. Сорт алмастырудың тез өтуі, екпе өсімдіктердің өнімділіктерін және жалпы түсімін арттырады. Сорт алмастыру дәлелденген, дұрыс танылған жаңа сорттарға және сорт сынаудың тез өтуіне де байланысты. Тәжірибе жұмыстарының мәліметтері бойынша, жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынау мен зерттеулер жақсы қойылған жерлерде, және келешегі бар сорттарды өндіріске кіргізбестен бұрын көбейте білген де ғана, сорттың тарауы тез болады, бірақ мұндай жағдайлар әрқашан болып тұрмайды. Аймақтың қуаңшылылықтарына байланысты Солтүстік Қазақстанның селекция-тәжірибелік мекемелері, жаңа сорттарды көбейту үшін, 3-5 қатарлы сурытпақтап себуді және себу мөлшері жобамен 30-40% азайтылған, қатарлап себуді ұсынады.

Ғылыми орталықтардың кенестері бойынша, негізгі астық дақылдарының сорт алмастыру мерзімі 3-4 жыл.

Өндірісте қолданылылатын барлық сорттар үшін жақсы ұйымшылдық және дер кезінде жүргізген сорт жаңарту – сорт алмастырудан кем түспейтін шаруа.

Сорт жаңарту – дегеніміз, өздерінің сорттық және биологиялық қасиеттерін төмендеткен тұқымдарды, сол сорттың жақсы тұқымдарымен айырбастау. Осыны дұрыс ұйымдастыру, сортты өндіру және ұдайы өндірістер – элита мен репродукция, сол сияқты тұқымдардың қайталап себу кезінде сорттық тазалықтарының өзгерістері туралы үдерістерін білуден басталады.

Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағананы білдіреді. Яғни, бұл дегеніміз – сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы. Сондықтан, элиталық тұқымдарға қойылатын талаптар өте жоғары.

Суперэлита – злитаның алдындағы көбею сатысы. Суперэлиталық тұқымдар жақсы өнімділік, сорттық және егістік сапаларға сәйкес болуы керек. Оларды көбею питомниктерінен элита өндірісінің үдерістерінде алынады.

Репродукция (қалыптастыру) – элиталық тұқымдардың көбею сатысындағы элитаны қайталап себудің нәтижесі. Элитаны 1-ші қайталап себуден, бірінші, 2-ші ден, екінші репродукция және т.б., репродукция деген ұғым – ұрпақ, ұрпақтану дегенмен тең келеді.

Тұқымдар сорттық сапасының тектік таза сорттылығының деңгейіне байланысты 3 категорияға бөлінеді – I-ші, II-ші, III-ші болып, оларды егістерді далалық апробациялау бойынша анықтайды.

Таза сорттылық дегеніміз, негізгі сорт сабақтары санының барлық өсіп тұрған өсімдіктердің жалпы санына қатанасын айтады, ол %-бен анықталылынады. Осыдан барып, сорттық тазалықтың (тектілік) пайыздық есебімен, тұқымдарды аталған үш категорияның біреуіне жатқызады. 1-ші категорияның тұқымдары ең жоғарғы сорттық тазалыққа ие болады (өздігімен тозаңданатын астық және астық-бұршақтылар үшін 99,5%-дан кем болмауы керек). Күздік қара бидай, қарақұмықтың егістерін (тұқымдары да) олардың репродукцияларына байланысты категорияларға жатқызады: I – 1-ден үшіншіге дейінгілері; II – төртіншіден жетіншіге дейін ал III - сегізінші және жалпылық репродукциялар болады.

1.4 Екпе дақылдардың тұқым шаруашылығын сорттық және тұқымдық бақылау.

Сорт, ауыл шаруашылығы саласының – өндірісті интенсификациялаудың шешуші факторы есебінде саналады.

Сортты немесе буданды шығару – бұл жұмыстың бірінші сатысы, екіншісі, бұдан артық болмаса кем емес – ол дегеніміз, олардың тұқымдық және сорттық сапаларын жоғарғы деңгейде ұстай білу. Сол үшін біздің елде сорттық егістердің сапасын Мемлекеттік тұрғыда бақылау ұйымдастырылған. Сорттық бакылау - өсімдікті және тұқымның, өсімдіктердің қандай сортына (буданына) тиістілігін және олардың сорттық тазалығын анықтау (типтестігін). Ауыл шаруашылығы дақылдары үшін далалық апробацияны және астық қоймаларында жүгері собықтарын апробациялауды қамбаларда көзбен көріп қарап таңдау және апробацияланған материалдарды сараптау арқылы жүргізіледі. (Апробация, яғни құптау, мойындау).

Кейбір жағдайларда грунттық (жер қыртысын) бақылау қолданылады, яғни тұқымдардың сорттық тазалығын және түрлік тиістілігін бақылау, сондай ақ, мамандырылған грунттық алаңдарда (мөлдектерде) олардың орташалық үлгілерін себу нәтижесінде бедеулік ұқсамаларындағы еркектік ұрпақсыздықтың деңгейін анықтау. Өсімдіктердің барлық тіршілік кезеңінде, сорттық және түрлік қоспалар анықталып отырылылынады.

Кейбір, болмаған жағдайларда зертханалық бақылау, яғни тұқымдарды, олардың өскіндерін зертханаларда физикалық, химиялық және мүшелік, сезімталдық әдістер арқылы анықтайды. Бірақ зертханалық бақылау арқылы тек, кейбір сорттық сапалар ғана анықталады, мысалы:

- жұмсақ бидайдың бірінші жапырағының өсу үшкілдігінен және тақташасының түктілігінен танып, жаздық және күздік формалары екендігі білінеді;

- дәніне қарап, сұлының ақ және қызыл тұқымдарын білеміз;

- күнбағыстыс тұқымшаларының сауыттылығын, типтестігін анықтаймыз;

- ас бұршақ тұқымдарында егістік бұршақ (пелюшка) қоспаларын табамыз.

Бірақ, аталған әдіс өзі дербесті бола алмайды, ол тек далалық апробацияға бәсекелес болуы мүмкін. Қоймаларда сақталған тұқымдарға қарап олардың сорттарын танып ажыратуға болмайды, оған әлі ғылым деңгейі жеткен жоқ, ал өндірістік егістер міндетті түрде сорттық сапалары МСТ-ның талаптарына сай тұқымдармен себілуге тиісті. Сондықтан, тұқымдық егістердің таза сорттылығы, тәнтілігі, оларды өнімдерді жинап алмай тұрып, танаптарда тік тұрған кезінде, олардың піскен өсімдіктерінің морфологиялық нышандарына қарап, негізгі сорттың қоспаларын тез тауып, шектеулі мөлшерлерін анықтай аламыз. Бірак, тағы да бір айтатын жағдай, апробацияның міндетіне, таза сорттылықпен қатар, олардың арамшөптермен ластануы, аурулар және зиянкестермен залалдануын анықтау да кіреді. Сорттық тұқымдық егістердің далалық апробация шешімдері, апробациялық актілерде көрсетіледі. Қалған сорттық егістер сорттық құжаттардың мәліметтеріне қарап тіркеледі. Апробацияланған егістердің тұқымдары, құрастырылған апробация актісінің негізінде, сорттық куәліктермен құжаттанылынады.

Есте сақталатын қағида, егістерді апробациялау, арнайы апробаторлар курстарын бітірген құқықты агрономдарға жүктеледі. Сапалы апробацияны жүргізу және апробациялық бауларды сұрыптауды аудандық ең тәжірибелі агроном – апробаторлар қатарынан алынған аға апробаторларға тапсырылады.

Апробация үшін және егістерді тіркеуде, егістер жергілікті селекциялық сорттық тұқымдар, өздігімен тозаңданатын сорттармақ және будандармен себілгенін растайтын керекті құжаттар – апробация актісі, сорттық куәлік (213 форма), тұқымдық төлқұжат (215 форма), тұқым аттестаты (216 форма) немесе ол сорт бірінші жыл аудандастырылған болса, жергілікті сорт екендігін дәлелдейтін анықтама (201 форма).

Апробатор егістіктерді тіркеуге және апробациялауға дейін 2-3 апта бұрын мынандай шараларды, іске асыруға тиіс:

- шаруашылықта себілген сорттық және будандық тұқымдар құжаттарының барлылығын тексереді, ал құжаттар болмаған жағдайда, оларды қалпына келтіру шараларын қарастырады. Құжаты жоқ сорт қабылданбайды.

- сорт тұқымдары, өздігімен тозаңданатын сорттармақ және будандары сақтау және себу кезінде басқа сорттың тұқымдарымен ластанбағанын анықтау қажет. Себілген егістіктің орны мен аумағын, сол сияқты алғыегісті көрсету керек.

- сорттық егістіктерді натурада қарастырып, ал егер керек болған жағдайда егістердің сорттық сапасын сақтау және жақсарту үшін, келесідей шараларды ұйымдастыру қажет (сорттық және түрлік отау, арамшөптерді құрту және т.б.).

Дәнді, дәнді бұршақ, жармалық және майлылық дақылдардың тұқымдық егістерін сорттық отауды апробацияның алдында жүргіземіз: өздігінен тозаңданатын дақылдарды масақтану мен қамырланып пісу кезеңінде, ал айқастыра тозаңданатындарды – гүлдей және жинап алу алдында. Апробатор егістерді аралап жүргенде көзбен байқап, шамамен егістік өнімділігін анықтап, апробация актілерінде көрсетеді.

4. Апробациялық бауларды сұрыптау кезінде жүру жолдарын есептеу үшін, әрбір учаскенің шекарасын, ұзындығын енін анықтайды, айқас тозаңданатын дақылдар үшін кеңістік оқшауланудың сақталуын анықтайды, оқшауландырылмаған егісті сорттық егістен бөлек жинайды, ал тұқымдық қажеттерге керек болған жағдайларда қосымша аумақтарды бөледі.

Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізгеннен кейін, апробатор апробация актісін толтырып, сорттық егістерді тіркеу актілерін құрастырады.

Сорттық егістердің жарамдылығын анықтағасын апробатор, тұқымдық мақсат үшін, егістік танаптардың әрқайсысынан апробациялық бау (үлгі) алады.

Апробацияның техникасы апробациялық бауды алу, оны талдау және тұқымның сорттық сапасына керекті құжаттарды толтыру. Апробатор егістің ұзын диагоналы бойынша өтіп, біркелкі қашықтықтан таңдамай, өсімдіктердің қажетті санын бау үшін. Собықты, дәнді және атбас бұршақты жинап алады, ал кейбір дақылдарды (көпжылдық бұршақ тұқымдас) сараптауды өсімдіктер тік тұрғанда анықтайды. Кең қатарлы себілуде, дианогал бойынша сатылап жүреді.

ҒЗИ, ТӨШ және жоғарғы оқу орындарының оқу-тәжірибелік шаруашылығында, сондай-ақ элиталық тұқым шаруашылықтарында танаптардың екі көлденеңдіктерінен, екі апробациялық бау алынады. Баулардың әрқайсысын бөлек талдайды. Сорттың тазалылығы және басқа көрсеткіштерін, олардың арифметикалық орта есеппен алады.

Егер егістік танабының көлемі, бір бау алатын көлемнің шегінен асып кетсе, ол көлемді екіге не бірнеше бөліп бау алу керек. Егер шаруашылықта бірнеше кішкентай алаңдар болып, олар біркелкі болса және бір топтық тұқымдармен себілсе, бір бау ғана алынады.

Апробатор алынған бауды байлайды және бір этикетканы ішіне қойып, екіншісін сыртына байлайды. Этикеткаға (192 форма) шаруашылықтың атауын, ауыспалы егістің танабын, көлемін, дақылдың түрін, сорты және бауды алған уақыты жазылады.

Апробатор бауды алумен қатар, көзбен байқап карантиндік арамшөптердің бар жоғын және барлық арамшөптермен ластануды мынандай шкаламен анықтайды: 0-ластанбаған; 1-азғантай ғана ластанған (3-зияндану шегі); 2-орташа ластанған; 3-күшті ластанған.

Бауды алуды (апробацияны) өсімдіктердің сорттық қасиеттері (апробациялық) нақтылы білінген кезде ғана жүргізу керек.

Енді, Солтүстік Қазақстан өнірінде өсетін, керекті ауыл шаруашылық дақылдарын апробациялау ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтсек.

Бидай, арпа, сұлы және тарыны апробациялау. Осы дақылдардың сорттық тазалықтарын олардың дәндерінің қамырланып піскен кезінде анықтайды. Бидай, арпа, сұлы дақылдары үшін апробациялық бау алынатын танаптың көлемі – 450 га, ал тары үшін – 350 га.

Алынған баудағы сабақтар саны 1500-ден кем болмауы керек. Апробатор, егіспен жүріп келе жатып, әрбір 150 орыннан, таңдамай 10-нан кем болмайтындай сабақтарды алып отырады. Бауды сұрыптау, бауды алған күннен кейінгі екі күн ішінде жүргізілуге тиісті.

Бауды талдау кезінде, алынған сабақтарды келесі фракцияларға бөледі:

- негізгі сорттың сабақтары, бұлардың саны көп болады, олардың сабақтарын жүздеп байлайды;

- басқа сорттардың сабақтары, осы дақылдың түрлері мен түршелері;

- апробацияланған дақылдың жетілмеген сабақтары, яғни сорттық нышандары толықтай білінбеген;

- қиын бөлінетін мәдени өсімдіктердің сабақтары;

- жақсы дамыған өсімдіктер ғана есепке алынылады, масақ бермеген жетілмегендер есептелмейді;

- қиынбөлінетін басқа дақылдарға жататындар: жаздық бидайда – арпа және қарақұмық, арпада – бидай және сұлы, сұлыда – арпа және күздік қара бидай, қара бидайда – күздік қара бидай және арпа.

1.5 Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру

Өндірістік тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, оның принциптері

Тұқым шаруашылығын өндірістік негізге ойдағыдай көшіру үшін кешенді шаралар керек, олардың бастылары:

- тұқым шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру;

- тұқым шаруашылықтық аймақтарды анықтау, тұқым шаруашылықтық бірлестіктерді ұйымдастыру, саланы басқара білу;

- шаруашылықтарда тұқым шаруашылығын жоспарлау, ұйымдастыру және тұқым шаруашылығын ұйымдастырудағы басқа елдер мен республикалардың тәжірибелерін пайдалана білу, сондай-ақ оны материалды техникалық қамтамасыздандыру;

1.6 Тұқым шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру

Тұқым өндірісін жоғары шоғырландырғанда тиімді пайдаланатын шаралар:

- жоғары өнімді техникаларды;

- ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін;

- мамандырылған ішкі шаруашылық және саланы дұрыс орналастыра білу,

ол дегеніміз қосалқы салаларды қысқарта алады;

- тұқым шаруашылықтық дұрысты ауыспалы егістіктікті кіргізу;

- келешегі бар қуатүнемдегіш агротехниканы қолдану;

- еңбек өндірісін көтеретін және тұқымның өзіндік құнын азайтуға ат салысатын, басқа да маңызды істерді шешу.

Қазақстанда 1979 жылы – ауылшаруашылық дақылдары үшін тұқым шаруашылығын мамандандыру және шоғырландыру өткізілді.

ҒЗИ-ның өндірісті-тәжірибелік шаруашылықтарында, АШЖОО-ның оқулық-тәжірибелік шаруашылықтарында, элита-тұқымдық шаруашылықтарда элита мен I репродукция, ал тұқым шаруашылықтық және мамандандырылған шаруашылықтардан алып тұратын мамандырылған астық қабылдағыш мекемелерге деп, мемлекеттік қорлар үшін шоғырландырылған тұқым өндірісін дайындау жүргізілді.

Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастырудың өздік ерекшеліктері бар:



  1. Ауылшаруашылық дақылдары байтақ көлемді жерлерді алып жатыр.

  2. Топырақты-климаттық жағдайлардың әр түрлілігі, көктемде кеш және ерте түсетін жаздық-күздік суықтар.

  3. Тұқым шаруашылығының ауыл шаруашылық өндірісінің басқа салаларымен тығыз байланыстығы.

  4. Тұқым шаруашылығы саласының мамандарының жетіспеуі.

Осы аталған жетіспеушіліктерді ескере отырып, мамандандырудың

жаңатүрлері қабылданды:

- аймақтық (жер көлемдік), яғни далалық дақылдардың тұқымдарын өндіру үшін жеке аймақтар мен аудандарды мамандандыру;

- шаруашылықтық (шаруашылық аралық), яғни совхоз-колхоздарды, ТӨШ және оқулық шаруашылықтарды, тұқымның элита болмаса басқа репродукцияларын өндіруге мамандандыру.

- шаруашылықаралықтық, яғни, тұқым өндіретін бригадалар мен бөлімшелер.

- салааралық, яғни кейбір дақылдардың тұқымдарын өндіретін мамандандырылған тұқымдық шаруашылықтар мен бөлімшелерді анықтау.

Осыдан басқа тұқым өндірісін мамандандандырудың жаңа түрлерін қабылдаумен қатар, тұқым шаруашылықтық аймақтарды айшықтау қажет.

Тұқым шаруашылықтық аймақтар – бұл дегеніміз, сорттық тұқымдарды кепілдікпен өндіретін аймақтар.

Тұқымдық аймақтарды анықтау кезеңінде, табиғи факторларды (климат, топырақ, жергілікті жер бедері және экологиялық жағдайларды ескеру керек.



  1. Тұқым шаруашылықтық аудандастыру есебіне – шаруашылық немесе аудан алынылынады.

  2. Тұқым шаруашылықтың тиімді орналасуының көрсеткіші – тұқымның егістік сапасы және жақсы өнімділігі (10 жылдық орташа) (жақсы – I класс, орташа – II класс, төмен – III класс) бойынша сатылынады.

Осы аталған сатылылану арқылы 6 топ шаруашылықтарды айшақтаймыз, осылардан барып шағын аймақтар құрастырылады және олардың құрамына мамандандырылған тұқым шаруашылықтары жинақталынады.

Басқару мекемелері, келесідей бөлімшелерден тұрады – сортсемпром – облыстық сортсемпром – райондық сортсемпромдарды өз қатарларына жатқызады.

Сорттық және будандық тұқымдарды дайындау, өңдеу және сатуды ұйымдастыратын негізгі мекемелер – (главзаготсемфонд – тұқымдық бірлестіктер, ал кейбір жеке дақылдармен – семтравобъединения) айналысады, олардың еліміздегі басаяғының саны 19.

Осы аталған барлық ұйымдар, мамандандырылған және шағын аймақтар, тұқым шаруашылықтарын басқару мен бақылауды тек жобалы түрде жоспарланған бағыттар арқылы ғана іске асырып отырады.

1.7 Тұқым шаруашылығын жоспарлау.

Бұл дегеніміз тұқым шаруашылығын басқарудың негізгі саласы.

Тұқым шаруашылығын жоспарлаудың міндеті – келісімді көлемде сақтандандыру қорларын жасай отырып, шаруашылықтарды жоспарланған егіс көлемдеріне байланысты аудандыстырылған сапалы тұқымдармен қамтамасыздандыру. Сақтандандыру қорына тұқымдық егістерден алынған, іріктелінген, талданған тұқымдар ғана құйылып, сақталылынады. Егер апробациялық деректердің мәліметтері бойынша, егістерден алынатын тұқымдардың сапалары нашар болған жағдайларда, басқы өнімді танаптардан қарастырылып жинау қажет.

Шаруашылықтар, әр бір дақылдарды жинау кезеңінде, бастапқы бір ай ішінде қажетті тұқымдық қорларды жинап, қамбаға үйіп алулары керек.

Сондай-ақ, келесі жылдық егіске керекті (негізгі) тұқымды қамбаға құю мен қатар, сақтандандырулық және ауыспалылық қорларды да қамбаға құю абзал.

Астықтық, майлылық дақылдардың және шөптердің сақтандандыру қорларының көлемі, барлық тұқымның керекті көлемінің 15%-ын құрастырады. Тұқымдарды қамбаға құю басты міндет. Сақтандандыру қорларын – жылда алмастырып отырады.

Ауыспалы тұқымдық қор дегеніміз – күздік дақылдар үшін, өткен жылдың өнімінен, осы жылы себілетін егіске керекті тұқым қорын сақтау. Солтүстік Қазақстан өнірінде ауыспалылық қордың мөлшері - 100%.

Тұқымның сақтандандырулық қоры, тұқымдық егістің өнімінен жиналады. Осы жиналған сақтандандыру қорын - себілетін егістен басқа мұқтаждықтарға пайдалануға қатты түрде тиым салынады.

Болашақтық егістік көлемін жоспарлағанда, келешекте осыған сай дақылдар мен сорттардың тұқымдарының керекті мөлшерлерін жоспарларлау да керек.
Көктемдік егісті тұқыммен қамтамасыздандыру жоспары:


Дақыл

Көлемі

Керекті мөлшері

Барлық дайындалғаны

1 гек-ға

Барлық

егіске


барлығы

соның

ішінде


тұқымдылық

сатып

алынғаны


айырбас-

талғаны


























Шаруашылық бойынша жоспарланған тұқымдық егіс көлемінің мөлшері, болашақта керекті жақсы сапалы, 1000 дәнінің салмағы жоғары, таңдаумен алынған тұқым қорымен қамтамасыздандыра алуы керек.

Тұқымдық егістер көлемін келесідей есептермен анықтаймыз:


Дақыл,

сорт


Келесі жылы себілетін күздік, жаздықтардың керекті тұқымдары

Барлық

керекті


тұқым

т


Тұқым-дық ег-

істердің


өнімдері

т


Тазала-

ғаннан


кейінгі

шыққан


тұқым

т


Тұқ-ымдық

егістер


көлемі

га









































1.8 Тұқым өндірісінің негізгі технологиясы.

Элита өндірісі

Элита өндірісі келесідей кешенді селекция - тұқымдық әдістердің орындалуларына сүйенеді:



  1. Ең өнімді егістердің жоғарғы ұрпақтық түршелерінен нәтижелі заттарды таңдау (масақ, шашақгүл, өсімдіктер).

  2. Тұқымдардың сорттық сапаларын, оларды екі жыл бойы қайталап себу арқылы тексеру.

  3. Осы топырақты-климаттық аймаққа бейімделген технологиямен өсімдіктерді өсіру, олар дегеніміз, жақсы тұқымдық сапалары бар ең жоғарғы өнімділіктерді беретін: жақсы алғыегістер, тыңайтқыштардың барлық түрлерімен тыңайтылған таза сүрі жерлер болып есептелінеді.

  4. Түрлік және сорттық отауларды жүргізу, аурулар және зиянкестермен залалданған жарамсыз өсімдіктер мен тұқымдастарды жою.

  5. Дақылдар және сорттардың басқа сорттармен биологиялық және механикалық ластануларын болдырмау үшін сортаралық арақашықтықтарды сақтай отырып, мамандандырылған тұқымшаруашылықтық ауыспалы егістерде егу қажет.

  6. Жоғары сапалы сорттық тазалықтарды сақтау үшін, егістер, жинап алу,тұқымдарды тазалау және сақтау кезеңдерінде, қатаң бақылау жүргізу басты шарт.

  7. Болашақта, керекті жақсы сапалы, 1000 дәнінің салмағы жоғары, таңдаумен алынған тұқым қорымен қамтамасыздандыра алу үшін тұқымдарды міндетті түрде сорттық сұрыптаудан өткізген абзал.

  8. Тозаңды қаракүйе кеселіне бейімді бидай мен арпаның сорттарының тұқұмдарын міндетті түрде термиялық және химиялық дәрілеулерден өткізіу керек.

  9. Тұқымдардың сақтаулылық қорларын жасау қажет.

Осы аталған, жағдайларды жасауда дұрыс ұйымдастырылған, элиталық тұқымдарды өсіру әдістері мен әдістемелерінің берері мол.

Айқас тозаңданатын дақылдар үшін, сортаралық арақашықтықтарды сақтау керек, олар қарақұмық және күздік қара бидай үшін 200 м., ал құмай үшін 500 м. және т.б. Әлбетте, тұқымдардың механикалық ластануы болмау үшін, бір дақылдың екі сортын қатар сеппеу керек.

Бидай мен арпа, сұлы және арпа сияқты қиынбөлінетін дақылдар егістерінде жалпақтығы 4-5 метрлік арақашықтық жолақ қалтырып, оларды судан шөбі, жүгері сияқты дақылдармен себу дұрыс болады. Сондай-ақ, бір сорттың әртүрлі түршелерінің егістерін де жалпақтығы 50-60 см-лік жолақтар қалтырып себу қажет.

Танаптарды (учаскелерді) таңдау және агротехника

Сапасы жақсы және мол өнімді тұқымдық материалды алу үшін танаптарды таңтаудың алатын орны зор.

Байқасақ, нұсқалық өзгергіштіктің өту деңгейіне, агротехникалық факторлар бірсыпыралық әсерлер етеді, сондықтан туысқандық сынау питомниктері үшін, топырақ құнарлылығы жоғары, тыңайтқыштармен біркелкі тыңайтылған таза немесе ықтырмалық сүрі тапаптар таңдап алынады. Бастапқы тұқым шаруашылығындағы тыңайтқыштар жүйесі, жоғары сапалы тұқымдық астықтың мол өнімдерін алу үшін, өсімдікке керекті барлық элементтермен қамтамасыз етуі керек. Топыраққа минералдық тыңайтқыштарды, топырақ сараптамасының көрсеткіштеріне сәйкестіре отырып, тиісті мөлшерде сіңіру абзал.

Құнарлылық деңгейінің бірден-бір басты көрсеткіштері және өте жақсы қалыптасқан өнімділіктерге жету үшін, топырақта азот, фосфор және калийдің жеңіл сіңірілетін формалары керекті мөлшерде болғаны дұрыс.

Азот – бұл дегеніміз, негізгі және ауыстырылмайтын қоректік зат, егер ол жетіспегенде, өсімдік сарғая бастайды және оның өсуі нашарлайды. Ал, бірақ оның шектен тыс болуы да зиянды, егер оның мөлшері фосфор және калиймен сәйкес болмағанда: өсімдіктердің жатып қалу жағдайына беріктігі азайып, пісіп-жетілуі созбалылынады, осының бәрі айналып келіп, астық сапасының нашарлауына апарып соқтырады.

Фосфор – өсімдіктерге әсіресе, гүлдеу және өнімді құрастырғанда өте керек. Оның жетіспеуі гүлдердің нашар жетілуіне, тозаңдар санының азаюына, тұқымның дамуына және тозаңдандырылуды әлсіретіп, бапсыз жағдайларды тудырады.

Өсімдіктер калийге - жаңа өсе бастағаннан-ақ, сұранысты. Оның жетіспеуінен, астықтық дақылдар өсімдіктері, саңырауқұлақтық аурулармен көп залалданады, нашар түптенеді, сапасыз тұқымдар құрастырылынады.

Қорыта айтқанда, жақсы дамыған өсімдіктер үшін дәннің толуы және пісуі кезінде, оларға қолайлы жағдайлар болған да ғана, жоғары сапалы материалдар алуға қолымыз жетеді. Сондықтан, тұқым шаруашылығының барлық сатысында, өсіріліп жатқан тұқымдардың өнімдік және егістік сапаларын, сорттық қасиеттерін сақтау үшін жақсы агроәлпетті жасауға басты назар аударуымыз қажет. Міне, осы сұраныстарға байланысты бастапқы тұқым шаруашылықтық питомниктерінде агротехникаға қойылатын талаптар жоғары. Бір сорттың бастапқы питомниктері (П-I және П-II) үшін дайындалған учаскені, егісті себер алдында, тұқымды себу тереңдігіне сәйкес жырғалау керек. Жырғалаудан кейін, топырақты ВШ-5,6 тегістегішімен немесе шығыршықты таптауышпен тегістеу және тығыздау қажет. Осылай, дайындалған учаскелерде, тікбұрыштарды құрастырып, оларды қабаттарға бөліп және аралық жүруге керекті жолақтарды орналастырамыз. Бірінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде барлық учаскені таңбалауды, қатарлар мен мөлдектердің қатарлары дәлме-дәл келуі, яғни бір-біріне қарама-қарсы орналасуы үшін, бірақ жүргізеді. Бұл дегеніміз, қатараралық өңдеулерді механикаландыруға көмектеседі, сондай-ақ әсемдік ерекшеліктерді береді.


Бірінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигі. Өсімдіктердің ата-тектілерінен жекелей сұрыптаумен алынған керекті сорттың сау және типтілі, өнімді тұқымдарымен егіледі.

Бұл питомниктегі ұрпақтар саны элитаны өндіру жоспарларына сәйкес сорттың біртектілігіне байланысты және сол немесе басқа дақылдар тұқымдарының көбейу дәрежелерімен анықталынады.

Тұқымдастарды егу аймақ бойынша осы сортты себудің дер кезеңдерінің алғашқы күндері, шаруашылықтағы СР-1, СКС-6-10 (ВИМ) тұқым сепкіштерімен немесе басқаларымен, бірқатарлық ұзындықтары 0,8-2 м мөлдектерде, бір өсімдіктен алынған тұқымдардың санына байланысты себіледі. Себудің қатараралықтары 20 см. Мөлдектерді ұзындығы 20-40 м, қабаттарда орналастырылынады. Қабат аралық жолақтарды дақылдар, сорттарға (жатыпқалатындар, биіктер) байланысты терең қопсытатын ТЦ-4К-14 маркалы қарулармен өңдеп, енділігін шамамен 0,5-1 м деңгейінде қалтырады.

Астық дақылдарының егістік сапаларына және өнімділіктеріне себу мөлшерлері де айтарлықтай әсер етеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында жоғарғы өнімдерді әрдайым сабақ жиілігіне байланысты ғана алуға болады. Селдірленіп шыққан сабақ жиіліктерінен әсіресе ылғалды жылдары, өсіп-жетілу кезеңдері созылып, нашар піскен дәндер алынады. Сондықтан, қоректік аумақты өзгерту арқылы сапалы тұқымдарды құрастыруға болады. Өсімдіктердің қоректік аумақтары кем болғанда, басты сабақтардың саны көбейеді де, өсіп-жетілу кезеңі қысқарып, жақсы сапалы тұқым алуға болатын жағдайлар туындалады. Сондай-ақ, өсімдіктердің жиілігі оны өсіру аймағының табиғи-климаттық жағдайларына, топырақтағы ылғал қорлары мен қоректік заттардың мөлшеріне, сорт және дақылдың биологиялық ерекшеліктеріне, алғыегіске, егіудің мезгілі мен әдістеріне, жылдың метеорологиялық жағдайларына және тағы басқа да факторларға байла- нысты болады.

Қуаңшылық жылдары жақсы өнімділік, егу мөлшерінің аздылылығынан алынады. Дәлелденген жағдай, себу мөлшерінің кемдігі арқасында 1000 дәннің салмағы да жақсы болып, іріленген тұқымдар өсіп шығады. Бірақ, ауа райының бапсыз жылдары, осындай жағдайлар тұқымның өнуіне және өнгіштігіне көп әсерін тигізеді. Сонымен қатар, әсіресе жауын-шәшінді және суықты күз айларына байланысты, селдір шыққан егістердің өсіп-өну кезеңдері, тұқымның тыныштық сақтау мезгілдерінің созылатындылығын байқаймыз.

Егістерді күтіп-бағудағы істелетін жұмыстар: швед масасы және жолақты астық бүргесімен күресу, ол үшін фалькон, децис және каратэ сияқты дәрілермен тиісті мөлшерде, келесідей өсу кезеңдерінде (түптену, түтіктеніп өсу), сондай-ақ арамшөптер пайда болған жағдайларда төзаңдатып бүріккіштермен өңделеді, сонымен қатар отау және топырақты қопсытып өңдеу жұмыстары да қатарластырып жасалады.

Өскіннен қамырланып піскенге шейін, яғни барлық өсіп-жетілу кезеңдері бойынша, кешенді-шаруашылықты бағалы және жақсы қасиеттері ескеріледі, олар: өнімді түптілік, шашылып, жатып қалуға, дестелердің өсіп кетуі, аурулар мен зиянкестерге тұрақтылылығы; масақтың (шашақгүлдің) типтестігі; өсімдіктердің тұқымдастар арасындағы біркелкі өсулері; өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтылылығы.

Масақтану кезеңінде күнде таңертең, өсімдіктерді бір байқап отырамыз. Қаракүйемен залалданған масақтар, шашақгүлдер полиэтиленді қапшыққа жинап алынып, танаптардан шығарылып тасталанады, ал тұқымдастардың шаталарын жұлып алып тастаймыз.

Тұқым шаруашылықтық жұмыстарды дұрыс жүргізу, өсірілген дақылдардың биологиясын жақсы білуге тәлімді.

Сорттардың тегіне сәйкестігін тексеру үшін олардың шығу тектерін білу керек, олар қандай линиядан шыққанын, неге десең олардың өсу ғұмырларында, неше түрлі линиялар бастан өтпеді.



Екінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигі. Ол жақсыларды одан әрі қарай сұрыптан және жаман тұқымдастарды жою үшін керек. Бірінші жылғы ұрпақтардың жақсы тұқымдарын, орта есеппен 50 ұрпақ 100 өсімдікке, және элиталарды екінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде себеді. Ескеретін жағдай, бірінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигі сияқты, осында да, келешекте оларды жыл сайын қайталаламау үшін ұрпақтардың егістік көлемін 2-3 есе көбейткен дұрыс.

Тұқымдарды қатараралығы 15-20 см ССФК-7 немесе қатараралығы 30 см (бір сіңіргіштен аттап) СН-10,СН-16 сияқты, тұқым сепкіштерімен себеді. Ұрпақтың тұқымдарының санына байланысты, мөлдектердің көлемі 3-10 шаршы метр. Ал, сұлы дақылы үшін мөлдектер көлемін 5 шаршы метрден артық қылудын қажеті жоқ, неге десең, олардың жатып қалатын сорттарында фатуоидтардың болуына байланысты, артынан жарамсыздарынан құтылу қиынға соғады. Бірінші жылғы тұқымдардың сандарының көбі екіге бөлінеді, тең бөлінген екі бөлекке де бір нөмір қойылады, содан кейін бөлінгеннің біреуін себеміз, және оны далалық журналға тіркеп қоямыз, ал қалғаны қор есебінде сақталынады. Осы себілген жартының жарамсыз ұрпақтары болса, одан одан әрі себуді тоқтатамыз, яғни екінші бөлек те жарамсызданады.

Осы питомниктегі барлық дақылдар мен сорттар үшін себу мөлшері 2,5-3,5 млн/га, өнгіш тұқым. Мөлдектер арасындағы жолақтардың ені 50 см, ал қатарлар арасысында 1 м жолақ қалтырылады. Әрбір ұрпақ нөмерлінген қазықшамен белгіленеді.

Мөлдектер арасындағы жолақтардағы арамшөптермен күресу және қопсыту үшін, қопсытқыштардың табаншалары мен пышақтары ілінген ССФК-7 сепкіштер қолданылады, ал қатарлар арасындағы жолақтар терең қопсытқыш (ТЦ-4К-14) не-месе қопсытқыштармен (КПН-1,5) жаз бойы, арамшөптердің пайда болуына байланысты өңделініп отырылады. Мөлдектердегі арамшөптер оталады, ал топырақтар шапқылармен өңделеді. Ұрпақтық сынау питомнигінде гербицидтерді қолданудың орны жоқ, неге десеңіз, негізгі сорттан мүлдем ауытқыған өсімдіктердің пайда болып, олар одан әрі жарамсыздандыруды жүргізуге бөгеттік істейді.

Әр ұрпақ бойынша жекешелеп, өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдерінде, жүргізілген фенологиялық бақылау және бағалау, далалық журналға жазылады. Сол сияқты журналда, әр ұрпақтардың барлық нышандары көрсетілінеді, содан кейін ғана барып, жарамсыздандыру жүргізіледі.

Өнім бөлектеп жиналады. Өнімді бастырып алғаннан кейін, дәндері ылғалды ұрпақтар, ауасы қыздырылған белсенді желдеткіштермен кертіргіштерде, кептірілінеді, фухтелелерде тазаланады, өлшенеді, дәндердің нышандары және өнімділіктеріне байланысты жарамсызданады, ал содан кейін қалған жақсылары біріктіріліп, «Петкус-Супер» де сұрыптаймыз. Алынған тұқымның бір бөлегі бірінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде себеді де, ал қалғаны сақтау қорына жібіріледі.



Бірінші жылдық көбейту питомнигіне екінші жылғы ұрпақтық сынау питомнигінің жақсы ұрпақтарының қосылған тұқымдарымен себіледі. Содан кейін олардың сұраныстық мөлшеріне және дақылдардың көбейту бірліктеріне байланысты, көбейту питомниктерінде бір жылдан, төрт жылға дейін себеміз. Бұл питомниктердің атқаратын қызметі – таза сорттылық пен өнімділік сапасын сақтап, жоғалтпайтын тұқымдарды тез арада көбейту. Көбейту питомниктерін минералдық тыңайтқыштар сіңілген жақсы алғы егістерде орналастыру абзал. Осы дақылдарды немесе сорттарды, басқа дақылдық алғы егістерде себуге қатаң түрде тыйым салынады, неге десең олардың кодрендері ластануға жол береді. Механикалық және биологиялық ластануды болдырмау, сорттар мен дақылдарды келістіріп орналастыру үшін, мамандандырылған ауыспалы егістерді қолданамыз және сонымен қатар аурулардан айықтырылған, сорттық тазалығы 100% болатын тұқыммен қамтамасыздандыратын, тұқымдарды дәрілеу, егу, жинап алу, тазалау, сұрыптау және сақтау сияқты жұмыстарды мұқият түрде атқарамыз.

Жаздық бидай, арпа және сұлының себу мезгілін анықтағанда, тұқымдық егістердің жеткілікті түрде жылумен қамтамасыз етілуіне байланысты пісіп-жетілуін ескеруіміз керек. Бірінші екі дақылдың ерте себілген мерзімдерінен, жақсы егістік және өнімділік сапалы тұқымдарды алуға болады. Егу жұмыстары қолайлы себу мөлшерімен қатарлап немесе кең қатарлап себіледі. Оңтүстіктік далалы және орманды далалы аймақтарда, әсіресе қуаңшылылық жылдары, себу мөлшерін 20-25 кг/га кеміткен дұрыс. Бұл дегеніміз, әсіресе егістердің алғашқы 1-2 жылдары, тұқымдардың көбею еселіктерін арттырады.

Жақсы тұқым алудың тағы да бір айтарлықтай жағдайы – бірқалыпты бір кісідей жұмылып көктеудің арқасында, өсімдіктер бір мезгілде пісіп-жетіледі, сондықтан, олар үшін сапалы егістік алдындағы өңдеулер және оларды бірдей тереңдікке себу арқылы, тұқымдарды керекті қоректік аумақтарда орналастыруды істей аламыз.

Көбейту питомниктерінде егістерді баптаудың негізгі жұмыстары, арамшөптермен дер кезінде күресе білу, ол үшін егісді көктеу алдында және соңынан тырмалау және гербицидтермен өңдеу.

Тұқымдардың өнімділік және сорттық тазалығын сақтау және жоғалттырмау үшін, керекті жағдайларда негетивтік сұрыптауды өткізіп тұру керек, яғни сорттық және түрлік қоспаларды, қиынбөлінетін мәдени ауру және неге типтес емес өсімдіктерді, сол сияқты арамшөптерді жою керек. Бұл жұмысты атқару үшін, сепкіштердің әрбір 7-8 дәнсіңіргішінен кейін, бір сепкіш тетікті жауып қояды, сонда жалпақтылығы 30 см-лік жолақ қалады. Осы қалтырылған жолақ жақсы көрінеді және соларды пайдаланып отау және негетивтік сұрыптау кезінде қоспалар, ауру және негетивті өсімдіктер жойылады. Егістердің таза сорттылығы апробация арқылы анықталады.

Көбейту питомниктерін бөлектеп жинау әдісімен атқарған дұрыс. Жаздық бидайдың керекті жығу мезгілі – қамырланып пісудің ортасы, арпаны – қамырланып пісудің аяғы, сұлы мен тарыны – шашақгілдің ортасындағылары қамырланып піскенде. Мезгілен ерте жығу, 1000 дәннің салмағын азайтады, тұқымдардың өнімділік және егістік сапаларын нашарлатады. Дестелерді бастыруға, дәндердің ылғалдылығы 15-16%-ға жеткенде кіріседі. Есте болатын жағдай, дәннің ылғалдылығы 13-тен кем, 20%-дан артық болғанда, дәннің жарақаттануы артады. Сол сияқты, дәннің жарақаттануын болдырмауды, бастырғыш барабанның минуттық айналымын, бидай мен арпада 800-900, сұлы мен тарыда 400-500-ге дейін төмендету арқылы да істеуге болады.

Ылғалдылығы 16%-дан жоғары тұқымдарды, біріншілік тазалаудан кейін, астық кептіргішпен немесе белсенді желдеткіштермен кептіріленеді, содан кейін сортталынады.

Бірінші жылдық көбейту питомнигінен алынған тұқымдар, жоспар-сұранс және көбею еселіктеріне байланысты 2,3 және 4-ші жылғы көбейту питомниктерінде, суперэлита, содан кейін элита үшін себілінеді. Егу, баптау жинап алу, суперэлита және элиталық тұқымдарды өңдеу және сақтау сияқты барлық жұмыстар, көбейту питомниктеріндегідей атқарылынады.

Элитаны мезгілінде және үзбей өндіру жұмыстары, көбінесе сақтаулық қордың мөлшеріне де байланысты. Элиталық тұқым шаруашылығының барлық сатысында, яғни, нәтижелі тұқымнан-элитаға дейін, керекті егістік сұраныстың 100%–ық, ал кейбір сорттардың 200-300% –дық сақтаулық қорлары болуы керек.

Өсімдіктердің ұрпақтылық жұмыстарының барлық түрлері: егу, жарамсыздандыру, тұқымдарды пайдалану және т.б. бастапқылық тұқым шаруашылығының жұмыс есебінің қорытындылық журналында тіркеленеді. Журнал нұсқасы келтірілген.



Тұқымдарды егуге дайындау.

Тұқым шаруашылықтық шаруашылықтар басқа мекемелерден тұқым алғанда, олардан жолдамалық құжаттар: элитаға - «Тұқым аттестаты» және I және II репродукциялар үшін – «Тұқым куәлігі» болуы керек.

Егілетін тұқымдар міндетті түрде нұсқаулықтар бойынша препараттармен дәріленуі керек. Тұқым дәрәлеудің тиімді препараттары – витавакс, фундозол-хшоин, олар тозаңды қаракүйелердің спорларын жақсы құртады. Қазіргі таңда, пайдаланып жатқан дәрілегіш фунгицидтер: - раксил, бүрку нормасы 2-10 л/т-на; юнта – құрамалы жүйемелік препарат, бүрку нормасы 10 л/т-на және басқалары. Соңғы уақытта қолданылып жүрген дәрілегіш машиналар: ПС-10АМ, ПС-10А.

Ас бұршақ тұқымдарын, бұршақтың дән қоңызына қарсы, газ арқылы өңдейміз және кейбір жағдайда тұқымдарды өсімдік өсуін реттеуіштеріменде (физикалық және химиялық) өңдеулерді қарастырған дұрыс.



Себу

Себу жұмыстары, жақсы сапамен реттелген машиналармен қысқа мерзімде дақылдардың талабы мен танаптардың жағдайын ескеру арқылы жүргізілуі керек.



Себу әдістері – жаппай, қатарлап (тар қатарлап және айқастап). Тез көбейтуге сұранысты және тапшы сорттарды, және сол сияқты жармалық дақылдарды, қатар аралықтары 30 немесе 45 см (көпжылдық шөптерді 60 см) кең қатарлап себу әдісі ұсынылады.
Себу мөлшері – тұқым сапасын басқаратын керекті әдіс. Сабақтар жиілігі болашақ тұқымдардың толықтылығын, семгендігін күні бұрын байқау арқылы анықтағыш үдіріс. Мол түптену және қоюлану, тұқым сапасының нашарлауына әкеліп соқтырады. Сондықтан, себіліп жатқан тұқымның сапасын ескеріп, керекті түзетулерді дер кезінде анықтап, орындау керек. Егер негізгі сорттың тұқымдары, орташа тұқымдардан көп болса, онда себу нормасын 5-10% азайтамыз, керісінше болса көбейтеміз. Тұқымдарды себу тереңдігі, жалпы егіске ұсынылған тереңдікпен бірдей.

Себу техникасы:



  1. Егістің себу шекарасы нақтылы анықталған болуы керек.

  2. Дақылға байланысты әр сепкішке, себу мөлшерін қою қажет. Ал қазіргі кезде, жаңа егістік агрегаттарды қолдануға байланысты, себу мөлшері бір агрегатта ғана қойылады.

  3. Тазаланбаған сепкіштермен (егістік агрегаттар) келесі басқа танаптарға көшуге болмайды.

  4. Себуді бітіргеннен кейін әр танаптың шетіне бөлімшенің, танаптың нөмірі, дақылы, сорты, егістің репродукциясы, гектарлық көлемі көрсетілген далалық тақта қойылады.

Егістерді баптау келесідей технологиялық операцияларлан тұрады:

  1. Сепкеннен кейін тығыздау(таптау).

  2. Өскіндер шықпай тұрып және көктегеннен кейін тырмалау.

  3. Қатараралық өңдеу (отамалы дақылдар).

  4. Гербицидтерді қолдану. Браун Э.Э., айтуы бойынша жаздық бидай егістерін Мушкет, Секатор, ВДГ, Секатор Турбо сияқты гербицидтермен өңдеу, 13,2 ц/га-дейін қосымша өнім берді.

Тұқымшаруашылығындағы басты операциялар болып, түрлік және

сорттық отаулар есептеледі. Түрлік – дегеніміз, дәнді дақылдарда, масақтанудан кейін басқа түрлерді жою. Асбұршақта пелюшканы, гүлдену кезеңінде жұлып алып тастайды.Сол дақыл егістері өсімдіктерінен сорттық жұлуды, басқа сорттардың нышандары жақсы білінгенде ғана істеу керек. Бидайда сорттық отауды масақтанудан кейін, олардың қылтықтарына, масақтың түктілігіне; және сол сияқты қамырланып пісу кезеңінде олардың масақтарының түсіне; сұлының сүттеніп пісуінде шашақгүлдің формасына қарап; тарының шашақтануынан кейін, негізгі сорттан формасы және шашақгүлдерінің түрлеріне сәйкес келмейтін басқа өсімдіктердің барлығын да жойады.



Егінді жинау. Оны келесідей тәртіппен жүргіземіз: танаптарды 4-5 м жалпақтықпен айналып шауып алады, сосын осы астықты шаруашылықтық керектік іске қолданады. Күздік қара бидайды, жаздық бидайды және арпаны қамырланып піскен кезінде жинап алады, ал сұлы және тарыны шашақгүлдің орта- сының дәні піскенде, қарақұмықты – дәндерінің 2/3 бөлігі күреңдегенде. Дестелерді бастыруды дәннің ылғалдылығы 15-16%-дың деңгейінде болғанда бастайды. Бұл жерде, өте ескеретін жағдай, комбайндарды бір сорттан келесіне немесе бір дақылдан басқасына көшкенде, тұқымдарды жарақаттандырып алмау үшін, декалардың аралық саңлауларын ұқыпты реттеп және комбайнды жақсылап тазалау керек. Тұқымдық егістерді жаңа комбайндармен жинап алу, олардың технологиялық сапасын 10% арттырады.

Жинап алған тұқымды өңдеу. Жинап алынған тұқымды технологиялық өңдеу дегеніміз: бастапқылық тазалау; кептіру немесе белсенді желдету; екінші рет тазалау; сорттық жіктеу (ірі және орташа ауырсалмақты фракцияларды бөлу). Тірі және өлі қоқыстардан тазарту және астықтың ылғалдылығын кеміту үшін жылжымалы (ОВП-20А), тұрақты агрегаттар ЗВС-20(40) мен бастапқы тазалауды өткіземіз. Ылғалдылығы жоғары тұқымдарды кептіру, тұрақты (СЗСБ-4,0; СЗСБ-8,0) және жылжымалы барабанды түрлі (СЗПБ-2,5) кептіргіштермен; жылытылған ауамен белсенді желдетулер арқылы атқарылады. Екінші рет тазалау. Бұл операцияның міндеті – тұқымдарды тазалығы бойынша 1 кластық егістік стандартқа жет- кізу. Бұл өңдеуде, басқа дақылдардың және арамшөптердің тұқымдары, піспегендер, жарақаттанғандар, ірі және жетіспеген дәндер, қаракүйе қапшықтары мен қастауыштың тілмелері түгелдей арылып кетуі керек. Екінші рет тазалағанда немесе бөлектүрде тұқымдарды ірілік фракцияға және тығыздығына байланысты жіктеуді бірақ өткізеді. Себуге бірінші және екінші ірі және орташа (1000 дәннің салмағына байланысты) тұқымдарды пайдаланған дұрыс.

СМ-4; «Петкус-Гигант» К-531; Ағындылық линия. Мамандандырылған тұқым шаруашылығында, сол сияқты тұқымдық бөлімшелерде сорттық тұқымдарды өндіру шоғырландырылған болса, жинап алынған тұқымды ағындылық линиямен өңдеу қолданылады. Олар дегеніміз: құрғақ аймақта (ЗАР-5); ылғалды аймақ үшін – (КЗР-5)-астықтазалағыш-кептіргіш агрегаттар және КЗС-20 мен КЗС-40, осылар мен топталған тұқымтазалағыш қосымшалар СПЛ-5; СП-10.

Сорттық тұқымды сақтау, ол үшін: егінді жинау алдында, қамбаларды реттеп және дәрілеп дайындап қою; апробацияның мәліметі бойынша, тұқымдарды орналастыру жоспарын құрастыру; кенелер және зиянды жәндіктерді құртулық күрестер аясында, қамбалардың маңайын шөп-шәләмнан және қоқыстан тазалап қою басты міндет.

Тұқымдық материалды орналастыру. Сақтау үшін келген тұқымдарды бөлектеп орналастырады: а) дақылдар бойынша; б) дақылдарды сорттар деңгейі бойынша; в) сорт деңгейімен - репродукцияларға; г) репродукция деңгейі бойынша – сорттық тазалық категорияларға; д) сорттық тазалық категориялар бойынша – егістік стандарттың кластарына, ал егістік стандартқа сәйкес емес тұқымдар – физикалық сапасына байланысты бөлек; е) класстар деңгейінде – ылғалдылық жағдайына байланысты бөлек (элита және I репродукция тұқымдары), ТӨШ және ҒЗИ-нан алынған тұқымдар, ауыздары байланып, бломбыланған қаптарда, егіске дейін сақталынады. Аурумен залалданған тұқымдарды бөлек сақтайды. Бір дақылдың екі сортты бір-бірімен араласпауы үшін, олардың арасында басқа дақылдардың сорттары сақталынады. Егер де, тұқымдар қаптарда болса, қабырғалардан алшақтылығы - 0,7 м болуы керек. Сақталынып жатқан тұқымдарды бақылау және баптау: температурасы, ылғалдылығы, сыртқы ауаның салыстырмалық ылғалдылығы, иісі және тұқымның түсі. Тұқымдардың сақтандандыру және ауыспалылық қорларының мөлшері – 12%.


Бақылаулық сұрақтар:

  1. А/ш өсімдіктерінің отандық селекция мен тұқым шаруашылығының дамуы.

  2. Тұқымдарды себуге дайындау.

  3. Сорт туралы түсінік

  4. Өндірістің сортқа қоятын талаптары

  5. Бидайды апробациялау. Арақашықтылық будандастырудың маңызы және мысалдары.

  6. Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы өндірісінің мамандандырылған саласы

  7. Элита тұқымдарын өсіргенде нені қамтамасыздандырамыз.

  8. Элита тұқымдарын өсіру. Элита тұқымдарын өсіру кескіні.

  9. Сорттардың нашарлауының себептері.

  10. Асбұршақты апробациялау.

  11. Сорт алмастыру және сорт жаңарту. Олардың міндеттері, принциптері және жүргізу мерзімдері.

  12. Жалпылама сұрыптау және оның селекция мен тұқым шаруашылығындағы маңызы.

  13. Сақтандыру және ауыспалық қорлар.

  14. ДМО-ғы тұқым шаруашылығының даму тарихы.

  15. Элита, репродукция, класс және категория туралы түсінік.

  16. Тұқым шаруашылықтық ауыспалы егістер.

  17. Тұқымдарды жинап алғаннан кейін өңдеу. Технологиялық негіздері.

  18. Мәдени дақылдарды эколог-географиялық жүйелеу және оны пайдалану.

  19. Сорттық және тұқымдық бақылау.

  20. Тұқымдық егістерді жинаудың ерекшеліктері.

  21. Тұқым тазалау операцияларының тізбектілігі.

  22. Сорттық егістердің және тұқымдардың құжаттары.

  23. Солтүстік Қазақстандағы селекциялық-тұқым шаруашылықтық жұмыстардың негізгі даму бағыты.

2. Бөлім. Астық және астықбұршақ дақылдарының тұқым шаруашылығы



2. Бастапқылық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, кескіні, әдістемесі және техникасы.

2.1 Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы.

Астық дақылдарының бастапқылық тұқым шаруашылығы деп, элита тұқымдарын өсірудің алғашқы буынын, сондай-ақ, ұрпақтар және көбейуді анықтайтын нәтижелі материалдарды сұрыптауды айтады. Астықтық және басқа да дақылдар үшін, тұқым шаруашылығының алғашқы буыны болатындар: 1 жылғы сынау питомнигі (сұрыптау питомнигі); 2 жылғы сынау питомнигі (тұқымдық); 1 жылғы көбейту питомнигі.

Әртүрлі дақылдардың бастапқылық тұқым шаруашылығы топырақты-климаттық, өсіру ұзақтылығына, дақылдар мен сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне, шығару әдістеріне, тұқым қуалаушылықтың өзгерулеріне және тағыда басқа жағдайларға байланысты әр түрлі кескіндермен жүргізіледі.

Бастапқылық тұқым шаруашылығы осы дақылдың сорттарын басқа немесе сол сияқты селекциялық егістерден алшақтатып орналастырады.

Дақылдар және сорттардың бастапқылық тұқым шаруашылығының әдістері мен кескіндерін, бастапқылық тұқым шаруашылығын жүргізетін ғылыми-зерттеулік мекемелер және ауылшаруашылық оқу орындары – оригинаторлар, атқарып отырады.


    1. Астық дақылдарының бастапқылық тұқым шаруашылығының кескіндері, әдістемелері және техникасы.

Әртүрлі селекция әдісте, сұрыптау, селекциялық жұмыстың негізі болып табылады.

Элита тұқымын өсіру кескіні, келесідей буындардан тұрады.

Жекелей-туыстық сұрыптауда: 1) 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі (сұрыптау питомнигі); 2) 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі (тұқымдық питомник); 3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі; 4) суперэлита, 5) элита.

Жалпыламала сұрыптауда: 1-3 жылғы көбейту питомнигі; 2) суперэлита; 3) элита.

Көп еселік мөлшерде көбейетін дақылдар мен сорттар үшін және элита тұқымдарына сұраныс аз болғанда, көбейту питомниктері және суперэлитаны қысқарту арқылы кескіндерді реттейміз.

Астық дақылдарының элита тұқымдарын өндіру үшін, туысқандардың ұрпақтарын екі рет бағалаумен, жекешелік-туысқандық сұрыптау әдісі қолданылады. Жалпыламалау әдісі тек екі жағдайда ғана қолданылады: жалпылай сұрыптаумен шығарылған өздігімен тозаңданатын дақылдар – сорттар, және айқастозаңданатындар – сорттың оригинаторлардың кепілдіктері болған жағдайда ғана.



Жалпылама сұрыптауды кейбір жағдайларда, жаңадан тіркелген сорттардың элиталарын тездетіп өндіру үшін ғана пайдаланады.

Бастапқылық питомниктерді орналастырудағы нәтижелік материалдар болып, жаңадан тіркелген сорттардың конкурстық сортсынау учаскелерінен алынған сорттық сапалары жоғары, мекемелер – оригинатордан алынған тұқымдар, көбейту питомниктері егістерінен, суперэлита, элита және тіркелген сорттың келесі репродукциялары, таңдап алынған өсімдіктердің тұқымдары, масақтары, шашақгүлдері саналынады.


Питомниктердегі жұмыстардың техникасы.

Жекелей сұрыптау. 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигін, көбейту питомниктерінен, суперэлита, элиталардан таңдап алынған, осы сортқа тәнті өсімдіктерінің тұқымдары, масақтары, шашақгүлдерінен құрастырыланады. Таңдап алынған өсімдіктердің ұрпақтары линиялық деп аталады.

Әрбір масақ, шашақгүл жекеленіп бастырылады. Таңдап алынған өсімдіктердің тұқымдары 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигіне қолданылады. Әр өсімдік 300 ұрпақтан (линия) кем болмайтындай есеппенен, жекей қол сепкішімен себіледі.

Кешенді шаруашылықты-бағалық нышандарды (морфо-биологиялық нышандары, аурулар мен зиянкестерге беріктілігі, сорт типіне лайықтылығы) бақылап отырады. Линияларды әрбір 30-50 номерден кейін сеуіп, оларды стандарттармен салыстырамыз. Стандарт болып, мекемелер-оригинатордан алынған, көбейту питомнигінен және суперэлитаның соңғы шыққан тұқымдары есептелінеді. Ауру және типтес емес линиялар жинап алынғанша алынып тасталады. Қалған жақсы линияларды жинап, әрқайсын бөлек бастырамыз, және оларды зертханалық тексерістен кейін, жеке-жеке пакеттерде сақтаймыз. Іс жүзінде ұрпақтарды далалық жарамсыздандырудың деңгейі 15-25% , ал зертханалықта 50% болады.

2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде, 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінің жақсы линиялары (100-ден кем емес) селекциялық сепкіштермен жеке-жекеден себіледі. Жаман линияларды 1 жылғы ұрпақтық сынау питомнигіндегі сияқты жарамсыздандырамыз, ал жақсыларын жинап алып, әрқайсын бөлек бастырамыз. Жарамсыздандыру және зертханалық бағалаудан кейін, таңдап алынған линиялардың тұқымдарын біріктіреміз, сосын оларды 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде пайдаланамыз. Екі ұрпақтық сынау питомниктерінде, осы аймақ жағдайындағы селекциялық питомниктердегі қолданатын әдістер мен агротехниканы қолданамыз.

Көбейту питомнигі 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінің қоспа тұқымдарымен себіледі. Егу дәріленген тұқымдармен, кәдімгі қатарлап себу әдісімен жүргізіледі. Жиналған, бастырылған тұқымдардың ірілерін таңдап алып, келесі питомниктерде егу үшін пайдаланамыз. Осы көбейту питомниктерінен суперэлита тұқымдары алынып, содан кейін олардан элита тұқымдары шығарылады. Осылай көбейту питомнигін қайталап себу төрт ретке дейін жүргізіледі. Бірақ, кейде осы себу кестесі бұрмаланады. Мысалы, көбейуі мол дақылдарда (тары), көбейту және суперэлита питомниктерін қысқартып, 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигінің тұқымдары бірден элита егістеріне қолданылады. Осындай жағдайда кесте үш бөлімшеден – 1-ші және 2 жылғы ұрпақтық сынау питомнигі және элитадан тұрады.

Тұқымдарының көбею еселіктері аз дақылдарда, элитаны екі жыл бойы жасайды. Яғни, көбейту питомниктерінен алынған 1-ші жылдың тұқымдары, суперэлита деп аталады. Осы суперэлитаның өнімдері, элита тұқымдарын береді. Көбейту питомниктерінде өсімдіктерді күтіп бағу, арамшөптер, аурулар және зиянкестермен күресу, түрлілік және сорттық отаулар дер кезінде, сапалы түрде жүргізілінеді.



Жалпылама сұрыптау. Бұл сұрыптауда көбейту питомнигі, суперэлита және элита егістерінен көп қылып (2-3 мыңнан кем емес), өнімділіктері жақсы, ауырмайтын өсімдіктер (масақтар, гүлшоғырлары) таңдалынып алынады. Бірақ, жалпылама сұрыптаудың тиімділігі, жеке сұрыптауға қарағанда кем болады, неге десең бұл әдісте ұрпақтық сұрыптау жүргізілмейді. Таңдап алынған (түр басы) өсімдіктер (масақтар, шашақгүлдер) әуелі типтестікке тексерілінеді, содан кейін жекеленіп бастырылынады. Қарап тексерілгеннен және жарамсыздандырылғаннан кейін, оларды жинақтап көбейту питомнигіне себеді, осы тұқымдарды жеке сұрыптаудікі сияқты суперэлита, содан кейін элита өсіру үшін пайдаланады. Көбейту питомнигі, суперэлита және элита егістерінде керек болса, басқа өсімдік түрлерін немесе түршелері мен сорттарын алып тастайды. Тұқым өнімдерін тиянақты түрде жіктейді.

Тапшы сорттардың элиталарын тездету әдісімен өндіруге болады. Ол үшін ғылыми-зерттеу мекемелерінде элита тұқымдарын өндіретін кескін бойынша, бір репродукцияны (жоғарғысы болса жақсы) жақсылап дайындалған агроәлпетте, кемітілген себу мөлшерінде себіледі және түрлілік пен сорттық отауды жүргізіп, ауру, нашар дамыған, типтілес еместерді және басқаларды алып тастаймыз, өсірілген тұқымды элита тұқымы деп құжаттандырамыз.

Элита тұқымдары, тездету тәсілімен шығарылғанда элита тұқымдарының нормалы-техникалық құжаттарының сұраныстарына сай болулары керек.

Тұқымдардың сақтандандыру және ауыспалылық қорлары. Элиталық тұқым шаруашылығында өсімдіктердің ұрпақ бастамасы тұқымдарынан бастап барлық бөлімдерінде, өнімділіктің болмай қалатын жағдайларын ескеріп, сақтандандыру қорлары жасалынады: бірінші бөлімде 100% мөлшерінде, суперэлитаны сұраныстың 50% , элита және бірінші репродукцияны жоспардың – 25-30% есебінде.

Тұқымдарды сақтандандыру қорына жақсы, жайлы жылдары құйылынады, ал одан кейін тек жаңартылынып ғана отырылынады.

Күздік дақылдардың ауыспалық тұқымдық қорлары, егістік үшін өткен жылдың өнімдерінен жасалып және пайдаланып отырылынады. Еліміздің Солтүстік облыстары мен таулы-қыратты аудандары үшін жасаланатын қордың мөлшері 100% болуға тиіс.

Жұмыс сапасын бақылау. Бастапқылық тұқым шаруашылығы үдістерінде жұмыс сапалары әрдайым бақыланып отырылынады. 1-ші және 2-ші жылғы ұрпақтық сынау питомнигінде, егу, жарамсыздандыру және линияларды жинау, сол сияқты, жарамсыздандырылған және жиналған линиялардың санын көрсетіп, сонымен қатар өсірілген тұқымдардың сапасы мен санын анықтайтын егістік актілер жасалынады. Тұқымдарды өсіру этаптарындағы барлық жасалынған, атқарылған жұмыстар « Астық дақылдары үшін элиталық тұқымдарды өндіру жұмыстарын есептеу жорналында» көрсетілінеді.

Бастапқылық тұқым шаруашылығының барлық сатыларында, егістердің сорттық тазалықтарын, далалық апробация арқылы анықталынады. Апробацияға көбейту питомнигінен бастап барлық тұқымдық егістер қамтылынады.


Бақылаулық сұрақтар:


  1. Бастапқылық тұқым шаруашылығына анықтамалар беру.

  2. Бастапқылық тұқым шаруашылығының әдістері мен кескіндерін кім жасайды.

  3. Дәнді дақылдардың бастапқылық тұқым шаруашылығының бөлімдерін атаңыз.

  4. Жалпылама сұрыптау дегеніміз не

  5. Алғашқы питомниктерді орналастыру үшін нелер бастапқа материал болады.

  6. Жалпылама сұрыптаудағы элита тұқымдарын өсіретін бөлімдерін атаңыз.

  7. Жекелей-туыстық сұрыптаудағы элита тұқымдарын өсіретін бөлімдерін атаңыз.

  8. Жекелей сұрыптау дегеніміз не.

  9. Сақтандыру және ауыспалық тұқымдық қорлар дегеніміз не.

  10. Тұқым шаруашылықтық егістерді далалық апрорбациялағанда нені анықтайды.


2.3 Сорттардың морфологиялық ерекшеліктері және астық

дақылдарының тұқымдарын өсіру.

Астық дақылдары халықтық-шаруашылықтық маңыздары бар, өсімдіктердің үлкен топтарын құрастырады. Астық дақылдарының дәндері керекті қоректілік заттарды – ақуыз, көмірсуы, майлар, витаминдер, минералдық заттарды сақтайды және нан пісіру өндірісінде қолданылынады. Астық дақылдары мал шаруашылығында құрама жем, құрама азық және кебек есебінде пайдалылынады. Қазақстанда астық дақылдарының ішінде, негізгі ең бастысы – бидай дақылы.

Жаздық бидай – жер шарының ең ертеден келе жатқан, негізгі астықты дақылы болып есептелінеді. Бидай дәні орташа есеппен 16,8% ақуыз, 2% клетчатка, 63,8% АЭЗ, 2% май, 1,8% күл, 13,6% судан тұрады. Дәмі, қоректілігі және сінімділігі бойынша бидай наны, басқа астықтық дәнділердің ұндарынан көп есе жақсы. Протеиннің мөлшері және ұнның күшіне байланысты, Қазақстанда өскен бидайдың дәндәлігі басқа жерлерде өскендерден, әлдеқайда басым. Сондай-ақ, Қазақстанның күшті бидайының байытушылық қасеті бар: осал бидайдың ұнына аздап күшті бидайдың ұнын қосқанда одан шығатын нанның сапасы анағұрлым жақсарады, сондықтан да ол өте жоғары бағаланады.

Биологиялық ерекшеліктері. Жаздық бидай дақылдың өсу жағдайларына сұранысты. Олар үшін ең қолайлы топырақтар: қара, қоңыр және күрең-қоңыр топырақтар деп есептелінеді. Қатты бидай топырақ құнарлылығына ерекше талғамды болып саналынады. Көп сортаңданған, ауырсаздауыт, және сол сияқты жеңіл құмды топырақтарда олар беретін өнімділіктерін азайтады. Жаздық бидайдың екінші даму кезеңінде, өсіп-жетілуі шабандылық көрсетеді, міне сондықтан осы кезенінде арамшөптер, аурулар мен зиянкестерден залалдануына мүмкіндік туғызады. Егіс кезіндегі топырақтың төмен температурасы, өскіндердің шығуын тежейді. Тұқымдар топырақтың 1-2˚С жылылықтарында өне бастайды, бірақ себуден бастап көктегенше, тұқымдардың тез және ынтымақты өсіп шығуына +12+20˚С температура қажет, бұл дегеніміз жақсы өнімнің құрастырылуына ең керекті жағдай болып есептелінеді. Осыдан барып өскіндердің толықтылығы және бірлікті аумақтағы өсімдіктердің саны осыған байланысты. Түптену, көктенуден кейін 2-3 жұмадан кейін басталынады. Бидайдың түптенуі арпа және сұлыға қарағанда аздау болады. Түптенудің қарқындылығы топырақтың құнарлылығы және ылғалмен қамтамасыздануына және дәндегі қоректілік заттардың қорларына байланысты болады. Өнім негізінде басты сабақтан құрастырылынады. Түптену кезеңінде өркендердің құрылымен бірге түйіндік тамырлар да пайда бола бастайды.

Жаз айлары ылғалды болған жылдары шабан өркендер де шығады. Өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыздануы (суарғанда) жақсы болғанда түйнек тамырлардың өсуі ұрықтық тамырлармен бірдей болады. Ал, құрғақшылықты аудандарда, топырақтың жоғарғы қабаттары әбден кеуіп кеткен жағдайларда, түйнекті тамырлардың өсуі нашар болады және жер бетіне қарай орналасады (20-40 см), сондықтан, бірінші тамырлардың өсуіне суарудың да пайдасы шамалы болады. Түптену кезеңінде өсімдіктердің қалыптастыру мүшелері пайда бола бастайды. Осы кезде 4-6 жапырақ пайда бола бастағанда төменгі буынаралықтар ұзара бастайды, олардың ұзындығы 3-5 см-ге жеткенде, түтіктеніп өсу кезеңінің басы екендігі анықталынады.

Бидай түтіктеніп өсу кезеңінен масақтануға дейін тез өседі. Олар осы кезеңінде қоректік заттар мен судың да мол мөлшерін пайдаланады. Сабақтың өсуі масақтардың туша жапырақ қынаптарынан шыққанан кейін де жалғасады. Олардың жатып қалуға төзімділігі сабағының биіктілігімен ғана анықталмайды, оған сабақтың төменгі бөлігінің мықтылығы да әсерін тигізеді. Күтілмеген егістерде азоттық қоректің мөлшері мол болса, олардың сабан сабақтары әлсіз және жатып қалуға бейім болады. Ал, калийлік тыңайтқыштар жаздық бидайдың жатып қалуға беріктілігін арттырады.

Гүлдену, масақтанудан кейін бірнеше күннен соң басталады, ал егер, осы кезде күн тым ыстық болса, олар бірден масақтануға көшеді. Бидай – өздігімен тозаңданатын дақыл, бірак гүлденуі ашық түрде болған жағдайда, олардың айқас тозаңдануы да болып тұрады.



Жаздық арпа – азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл. Арпаны әртүрлі өндірісте яғни, тамақтық, мал азықтық, сонымен бірге сыра қайнату өндірісінде шикізат есебінде пайдаланады, еліміздің астықтық балансында арпаның алатын орнымен (23%) ерекшелендіреді. Қазақстандағы жаздық арпа егісінің көлемі 6,6 млн. га.

Арпаның дәнінде болатындар (%): ақуыз 7-15, АЭЗ-65, клетчаткалар-5,0-5,5, майлар-2,1, күлдер-2,5-2,8, сулар-13.

Сыраның солодын дайындау үшін әсіресе қосқатарлы арпа ерекше бағаланады, олардың дәндері ірі және толымды, сонымен қатар олардың қауыздылығы төмен (8-10% ) және өну қуаты 95% кем емес.

Ірідәнді жылтырлыларынан арпалық жармаларды дайындайды.



Арпа сабаны – қайнатылып бергенде, жақсы мал азығы болып есептелінеді. Арпаны сондай-ақ көк азық және астық бұршақты дақылдармен қосып шөпке пайдаланады. Сонымен қатар, арпа көпжылдық шөптер үшін жақсы бүркемелі дақыл болып саналады.

Биологиялық ерекшеліктері. Астық дақылдар арасында арпа өте тез пісетін және икемі дақыл. Өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 60-110 күн. Ұзақ күнділік өсімдік, тәнтілі өздігінентозаңдатқыш, гүлдену және ұрықтануы жиі түрде масақ жапырақ қабатында тұрғанда байқалды.

Астық дақылдар арасында арпа тұрақты және жақсы өнім құрастырады, неге десең олар басқаларға қарағанда күзгі-қыстық және ертекөктемгі ылғалдарды дұрыс пайдаланады. Айтарлықтай жағдай, арпаның осы артықшылықтары, әсіресе республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында кездеседі.

Жылуға азсұранысты. Арпаның тұқымы 1-2˚ жылылықта өне бастайды, көгінің пайда болуына қажетті ең қолайлы температура 15-20˚.

Арпа көктегенде 4-5˚ бозқырауды зиянсыз көтереді, гүлдену кезеңінде -1,5-2˚ бозқырауды көтереді. Арпа бидай мен сұлыға қарағанда ыстыққа төзімді.

Жаздық арпа Қазақстанның барлық жерлерінде өседі. Арпа топырақ құнарлылығына айтарлықтай жоғары талап қояды. Басқа астық дақылдарына қарағанда арпаның тамыр жүйесі біршама әлсіз дамиды. Арпа тамырының сіңіру қабілеті де әлсіздеу, сондықтан ол сіңімді қоректік заттарды қажетсінеді. Арпа қышқыл топырақтарда (рН 6,5-7,5) нашар өседі, алайда тұзды ортада айтарлықтай төзімділігінің нәтижесінде сортаңдау топырақтарда бидайға қарағанда жақсы өнім береді.

Арпа бидай мен сұлыға қарағанда жақсы түптенеді. Көктегеннен кейін 18-20 күн аралығында түптену басталады.



Жаздық сұлы - бағалы мал азықтық және азық-түліктік дақыл. Сұлының дәнінде 12-13% ақуыз, 67-68% көмірсуы, 4-4,5% май болады. Астығы, бүтіндей өсімдіктері көптеген жануарларға, әсіресе жылқылар үшін құнды мал азығы болып табылады. Сұлы астығының диэтикалық маңызы бар, әсіресе балалар үшін жарма, талқан т.б. тағамдар өндірілінеді. Сұлы жармасы қарақұмық жармасы және басқа да жармаларға қарағанда қоректілігі мол, оның құрамында кальций және фосфор да молырақ болады.

Биологиялық ерекшеліктері. Сұлы – өздігінен төзаңданатын өсімдік. Тамырлары шашақ тамырлы, жақсы дамыған, қиын еритін қоректілік заттарды тауып, сіңіре алатын қабылеті мол. Сұлы – жылуға талғамы аз дақыл, тұқымы 1-2˚С өне бастайды, вегетативті органдарыңың қалыптасуына қолайлы температура 16-18˚С, ал генеративті органдар үшін – 18-20˚С. Егін көгі көктемгі -6- -8˚С боз- қырауды, гүлдену кезінде -1-2˚С, дәннің сүттене пісуі кезінде сұлы -4-5˚С бозқырауды көтереді. Себуден пісуге дейінгі кезеңде орта есеппен ерте пісетін сорттарға 1000-1500˚С, орташа пісетіндерге 1350-1650˚С, және кеш пісетіндерге 1500- 1800˚С белсенді температура жиынтығы қажет.

Сұлы бидай және арпамен салыстырғанда ылғал сүйгіш өсімдік. Қарқынды өскенде түтікке шығудан шашақтануға дейін барлық қажет ылғалдың 60% дейінгі мөлшерін сіңіреді. Сұлы жақсы өнімді, жауын жаздың бірінші жартысында жауғанда береді, ал егер жауын кеш жауса шабан өркендер шығады және өнімнің пісіуі кешеуілденіп, астық дәндері күзгі суыққа ұрынады.

Сұлының түптену қуаты арпадан төмен, бірақ бидайдан жоғары.

Топырақтан қиын еритін заттарды сіңіре алатын қабілетіне байланысты сұлының қоректену режіміне талғамы арпаға қарағанда жоғары емес. Ол әртүрлі топырақта өсе алады, алайда құмдақ және сазданған топырақта өсе алмайды, сортаң жерлерде нашар өседі.



Тары – біздің республикамыз сияқты, шет елдерде де, көп тараған маңызды жармалық дақыл. Оның астығын өңдеуден алынған жарма дәмдік және тағамдық сапасы жөнінен көптеген жармалардан асып түседі. Тарының мал азық маңызы да зор, оның сабаны таптырмаймын шөп, дәні бітеудей, болмасы жармадай құстар және шошқалар үшін жақсы мал азық, сондай-ақ солод өндірісіне керекті шикі зат.

Республикамыз бойынша тары дақылы 780 мың.га, алқапқа себіледі, соның ішінде негізгілері: Орал, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе және Ақмола облыстары.

Тарының дәнінде орта есеппен 12% ақуыз, 3,5% май, 81% крахмал, 1,04% клетчатка болады.

Тарының шықпай қалған кұздік және жаздық дақылдар үшін, сақтандырғыш дақыл есебінде қолданылатындылық қасиеті де бар.

Биологиялық ерекшеліктері. Тары тұқымының өне бастауына қажетті ең төменгі температура +8+10˚С, бірақ өскіндер 18-20 күнде ғана пайда бола бастайды. Ал, температура деңгейі 20-25˚С болса, өскіндер үш-төрт күнде көктей бастайды. Егін көгі -1-2˚С қысқа мерзімді бозқырауды көтереді, ал -3-4˚С-да оның негізгі массасы опат болады.

Бидай мен сұлыға қарағанда тары жоғары температураға айтарлықтай төзімді. Әсіресе гүлдегеннен кейін тары өсімдігі аптап ыстыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Басқа астық дақылдарына қарағанда тары ылғалға төмен талап қояды: тарының өнуіне тұқым салмағының 25% –дай ғана су қажет, транспирациялық коэффициенті орта есеппен 200-250, сонымен қатар, топырақ ылғалдылығының жоғары болуына өте мұқтаж.

Тары қысқа күннің өсімдігі, оны өсіруге әр түрлі топырақ жарамды. Дәнді астық дақылдары ішінде ол – сортаңдау топыраққа ең төзімді өсімдік, алайда оған барынша оңтайлысы қара және қоңыр топырақтар, бейтараптылығы (рН 6,5-7,5).

Тары – факультативті өздігінен тозаңданатын өсімдік, кейде айқас тозаңдану да болып тұрады. Оның тозаң түйірлерінің ұшу қашықтығы – 500-700 м, осы жағдайды тұқымдық егістерді орналастырғанда ескеру өте қажат. Тарының түптену кезеңі астық дақылдарының бірінші тобына қарағанда айтарлықтай ұзақ, ал алғашқы кезеңде баяу өседі және бұл егістіктің арамшөптермен ластануына мүмкіндік жасайды, сондықтан мұны өсіру технологиясын да ескеруге тура келеді.

Тары дықылы өсуінің бастапқы кезеңінде фосфордың жетіспеуіне сезімтал, түптенуге дейін азотты сіңіреді, содан арман қарай төмендеу бойынша – калий, кальций, фосфор. Түптену кезеңіне дейін тары 10%-ға дейінгі қоректік заттарды пайдаланады, ал түптену – дәннің құрылу кезеңінде қарқынды түрде сіңіре бастайды. Ал азот пен калийді шашақтану, фосфорды дән толысу кезеңінде іздейді.
2.4. Астық дақылдарының сорттық ерекшеліктері.
Жаздық бидайдың ботаникалық және сорттық нышандары.

Бидайдың сорттық пішендеріне сипаттама бергенде, келесідей тәртіпте әрбір сортты суреттеу қажет:


  1. Масақтың пішіні 8. Дәннің пішіні

  2. Масақтың ұзындығы 9. Иығы

  3. Масақтың тығыздығы 10. Қыры

  4. Қылтықтың сипаты 11. Тісшесі

  5. Масақшалардың пішіні 12. Сабаны

  6. Масақшалардың білігі 13. Жапырақтары

  7. Дәннің түсі 14. Өскіндері


Масақтың пішені. Масақтың үш пішінін ажыратады: ұршық тәріздес,

целиндр және түйреуіш тәріздес. Ұршық тәріздес масақтың басы мен түп жағы сопақ; целиндрлікте – масақтың бар ұзындығы бірдей жалпақ, үстіңгілері мен төменгілерінен басқалары; түйреуіш тәріздесте – масақтың басы төменгі жағына қарағанда жалпақтау және тығыз.


Масақтың ұзындығы – агротехникалық жағдайларға және сортына,

ауданына, өсу жылына байланысты тез өзгеріп отыратын өлшем. Жаздық бидай сорттарының масақтарының ұзындықтары 3 тен 18 см-ге, қатты бидай сорттарінікі 3,5 тан17 см-ге дейін, ал аудандастырылған сорттар үшін ең ұзын шама 15 см, ең азы – 6 см болады. Жұмсақ бидай сорттарында болатын-дар, ірі масақ – 10 см, ал қатты бидайдың масақтары қысқа – 6 см, орташа 7-8 см, ұзартылған 8-9 см және ұзын 10 см болып келеді.



Масақтың тығыздығы – масақша білігінің ұзындығы мен масақтағы

масақ санына байланысты. Масақтың тығыздығын анықтау үшін формуланы қолданамыз: Д= (А-1)*10

В

мұндағы, А – масақша саны,



В – білік ұзындығы, см.

Д – масақ тығыздығының индексі.

Жұмсақ бидайдың 10 см білігіне 16 масақша сәйкес келетін болса – масақ бор-пылдақ, 17-22 масақша болса – орташа тығыз, 23-28 масақша болса – тығыз, 28 масақшадан көп болса – өте тығыз болып саналады.

Масақтың тығыздығы, басқа да нышандары агроклиматтық жағдайларға және агротехникалық өсіру әдістерінің ерекшеліктеріне байланысты тез өзгеріп отырады.


Қылтық сипаттары. Сипатына қарай бидай қылтықтары дөрекі (қалың, қатты), нәзік (жұқа), аралық (орташа) күйде болады. Өсімдік ылғалға қаныққан сайын қылтығы нәзіктене бастайды, немесе керісінше процесс жүреді.

Бидай тісшеленуіне қарай ірі немесе ұсақ тісшелі болады.

Қылтықтарды сынуына байланысты бөледі: дөрекі қылтықтар онша иілмейді, жеңіл бастырылады.

Жұмсақ бидайдың қылтықсыз сорттарында масақ гүлдерінің жоғарғы бөлігінде қылтық тәрізді, ұзындығы 2-3 см болатын, өскіншелер болады.


Масақша пішіні. Бидайда масақша пішіні түрімен сорттың тобына байланысты болады. Кең тараған жұмсақ бидай сорттарының көпшілігінде масақшасы ұзынша, яғни ұзындығы енінен ұзын болады.
Масақшалардың білігі. Масақшалардың біліктері мүшелерінің жалпақтылығынан сорттарды тез айыруға болады.
Дәні. Бидай дәнін мөлшері, пішіні, ірілігі, түсінің қарқындылығы, шынылығы, айдаршасының бар-жоқтығына және фенолмен реакцияға түсуіне байланысты ажыратады.

Дәннің пішіні сопақша – ортаңғы бөлігі жалпақ және ұшы мен негізіне қарай сүйірлене біткен; жұмыртқа тәрізді – төменгі бөлігінен немесе жалпақ жоғарғы жағы – сүйір; бөшке тәрізді – қысқа, дөңгеленуге икем, ұзындығы енінен сәл ұзын. Жұмсақ бидай дәнінің ұзындығы сортына байланысты 3,8-ден 11,1 мм-ге дейін ауытқып отырады, қатты бидайда 5-тен 12,2 мм-ге дейін мөлшері бойынша: ұсақ (5-6 мм), орташа (7-8 мм) және ірі (8 мм-ден көп)



Ірілігі (мың) 1000 дән массасына байланысты болады. Ірі дәнділер сортына 1000 дәннің массасы 30 г-нан асатындар жатады, орташаға 25-30 г., ұсақ дәнділерге 25 г-нан төмендегілер жатады.
Дәннің консистенциясы (құрылымы). Консистенциясы бойынша бидай дәні ұнды, жартылай ұнды, жартылай шынылы және шынылы болады.
Масқша қабықшасының қыры (киль) анық немесе аздап көрінеді. Қабықша негізіне дейін жетіп тұрады, немесе төменгі бөлігінде мүлдем болмайды, ал қатты би дай сорттарында – жалпақ, өте анық көрініп тұрады. Түйіннің тістілігі де сорттың жақсы бір белгісі, бірақ оны үлкейткіш шынымен (лупамен) ғана көруге болады.
Масақша қабықшасының, қырының тісшесі. Мұны ұзындығы мен пішініне байланысты ажыратады. 2 мм-ге дейінгі ұзындықта болса – тісше қысқа, 3-5 мм – орташа ұзын, 6-10 мм – ұзын, және 10 мм-ден көп болса, қылтық тәрізді. Пішіні бойынша тік және бүгілген, еңкіш. Иықша жақ бетіне бүгілген тісшені, күршек тәрізді деп атайды. Мұндай тісшелер қатты бидайдың кейбір сорттарында кездеседі. Қысқа тісшілердің көпшілігі төменгі масақшаларда, ұзындары - жоғарғы масақшаларда болады.
Масақша қабықшасының иығы – бұл қабықшаның түйін тісшесі, негізі мен қабықша сыртқы аралығындағы жоғарғы кескіні. Иықша ені бойынша түйір қыр былай бөлінеді: жіңішке - 1 мм-ден аз болса, орташа 1-2 мм, енді немесе жалпақ 2 мм-ден көп. Әдетте масақтың төменгі масақшаларында иықша болмайды, ортаңғыларында - тік, жоғарғысында – көтеріңкі болады. (1 сурет).

Айдарша мөлшері және оның түктілігі. Бидай сорттарын олардың айдаршаларының пішіні, мөлшері және оның түктілігінен ажыраталады. Көпшілік жағдайда қатты бидай дәндері сәл ғана дамыған айдаршасымен ерекшелінеді. Ал жұмсақ бидайда айдарша жақсы дамыған.
Вегетативті нышандар (сабан, жапырақ, өскіндер) – қосымша айырмашылықтар есебінде пайдалылынады. Өсімдіктердің биіктігі (сабан) әр түрлі нышандармен қарым-қатынасты, әсіресе өсіп-жетілу кезеңінде түскен жауын-шашынның көлеміне де байланысты. Өсімдіктің биіктігін оның масақтарының ұшына дейін сабағының ұзындығын (қылтықтарды қоспай) өлшеп айқындайды. Егістің піскен кезіндегі сабанның көгілдір түсі, кейбір сорттарды анықтайтын қосымша айрықша болып есептеледі. Бидай жапырақтарының көлемдері, түстері, түктерінің жағдайлары, балауыз өңездері әр түрлі болып келеді.
Түптің пішіні (түптену кезеңінде) бойынша күздік сорттар, жаздықтардан ерекше айқындалынады, біріншілердің түптері жайылған түрлі, ал екіншілердікі – тіктұратын болады.
Егін көгі сорттардың жақсы белгілері болып есептеледі. Бірінші жапырақтардың түстеріне қарап, ұқсас сорттарды бір-бірінен айқындауға болады. Өскіндердің түктілігі, сорттық айырмашылықтарды жақсы көрсетеді. Биологиялық және шаруашылықтық нышандар (вегетациялық кезең, қуаңшылыққа төзімділік, аурулармен залалдануы т.б.) сорттық тәнтілікті қосымша морфологиялық анықтауға көмектеседі.
Пайдалануға рұқсат етілген жаздық бидай сорттары

Казахстанская раннеспелая. Қазақ егіншілік ҒЗИ мен Қарабалық ауылшаруа шылық тәжірибе станциясында, Новосибирская 67* Омская 9-тің будандық қиыстыруларынан, жекелей сұрыптау арқылы шығарылған.

Лютесценс түршесі. Орташа ерте пісетін, Саратовская 29-тен, 4 күн, Омский 9-тен 9-13 күн ерте піседі. Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары. Өсімдіктің биіктігі 89 см. Жатып қалуға төзімдігі 4,7 балл, стандартта 2,5.Тозаңды қаракүйемен аз, бурыл татпен орташа, кейбір жылдары күшті залалданады. 1000 дән массасы 32-38 гр.

Биологиялық ерекшеліктері: жақсы түктенген, балауызды өңездері анық көрінетін жапырақтары бар. Жапырақтары аздап бұратылып өседі. Масақтары тығыздылау, пішіні целиндрлікке жақын, үстіңгі түйін аралықтары піскен кезде аздап көгілдірленеді, ал толық піскенде қоңыр түске ауыса қоятын сипаттамалы түстілігі болады. Дәнінде 14,8-16,7% ақуыз, 32-34% дәннің шикі ұлпасы, альвоограф бойынша ұнның күші – 634, Саратовская 29-да 441.

Казахстанская раннеспелая сорты ауа райы жағдайларының өзгеруін және күннің ұзақтылығын аз ескеріп, онтогенездің ерте кездерінде өсуін және дәннің толығуын тоқтатпастан дами береді. Ақмола және Қостанай облыстарында аудандастырылған.


Целинная 24. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да сатылық будандастыру әдісімен, кейіннен жекелей сұрыптау арқылы шығарылған. Ақмола облысында 1993 жылдан бері аудандастырылған. Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл).

Масағы призма пішіндес, тығыздығы орташа, 10 см ұзындығына 17 масақша келеді. Масақша қабықшасы дөрекі, жұмыртқа – қандауыр пішінді, ұзындығы орташа 8-10 мм, жалпақтылығы орташа 4 мм. Иық сипаты тік пен көтеріңкі арасында. Қабықша қыры анық көрінеді, тістілі. Жүйкешелері (нервация) орташа көрінеді, масақша қабығының тісшесі қысқа, тік. Дәні домалақтау, жұмыртқа тәріздес. Дәні шыны тәрізді, қызыл, ірілігі орташа (1000 дән массасы 30-34 гр.). Дәннің етек жағы жалаңаш, жоғарғы жағы аздап түктеленген. Түптену кезеңінде түптің пішіні тік тұратын болады. Жапырақтары жасыл балаузды өңездері аздап көрінеді және түктілі, масақтың түсі піскен кезде ақ. Сабағының қалыңдығы орташа, қуыс, жатып қалуға беріктігі де орташа. Вегетациялық кезеңдерінің ұзақтылығы бойынша, ерте пісетін сорттар топтарына жатады, Саратовская 29-тен 3-4 күн ерте піседі. Тозаңды қаракүйемен тозаңдануы орташа деңгейде, стандарттан аз, бурыл және сабақтық татпен, септориозбен залалдануы стандарт сияқты тез-қабылдағыш. Күшті бидай тізіміне кіргізілген. Нақтылы топырақты-климаттық аймақта, ерте пісетін сорттарға ұсынылғандай, өсіру агротехникасы кәдімгідей. Себу мезгілі майдың 20-нан 25-не дейін.


Саратовская 29. Юго-Восток ауылшаруашылық ғылыми зерттеу институтында сатылық будандастыру әдісімен Альбидум 24*Лютесценс55/11 будандық сорттарын будандастыру арқылы шығарылған. Авторлары: А.П.Шехурдин, В.Н.Мамонтова, Н.Н.Куликов. 1957 жылдан аудандастырылған. Лютесценс түршесі. Масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Волжск далалық экологиялық тобына жатады. Масағы призма пішіндес, тығыздығы орташа, 10 см ұзындығына 18-20 масақша келеді, ең ұшында 1,5 см-лік ұшқырланған құрылымы болады. Масақша қабықшасы дөрекі, жұмыртқа – қандауыр пішінді, ұзындығы орташа( 8-9 мм, жалпақтылығы орташа 3,5-4,0 мм). Қабықша қыры анық көрінеді, тістілі. Жүйкешелері (нервация) анық көрінеді, масақша қабығының тісшесі қысқа, тік. Иық сипаты тік және көтеріңкі, негізгі жағы жалпақ, қысқа (0,5-1,0 мм). Дәні шыны немесе жартылай шыны тәрізді, қызыл, ірі. 1000 дән массасы 32-42 гр. Сабақтары орташа биік немесе биікті (75-120 см), жатыпқалуға бейімділігі орташа, ақшыл-сары түсті, жапырақтарының ұзындығы мен жалпақтылығы орташа, жашылып қалуға берік. Тозаңды қаракүйемен аз, бурыл татпен және қатты қаракүйемен залалдануы - күшті. Швед масасы және сабақ бүргесіне беріктілігі орташа. Нанпісірерлік сапасы жақсы және өте жақсы. Ақмола облысында бастапқылық тұқым шаруашылылықсыз аудандастырылған.
Алтайская 50. Алтайлық селекция және егіншілік ҒЗИ-да будандастыру әдісімен, кейіннен жекелей сұрыптау арқылы шығарылған. Лютесценс түршесі. Масағы ұршық тәріздес, ұзындығы және тығыздығы орташа. Масақша қабықшасы сопақша, жүйкешелері (нервация) аздап көрінеді. Тісшесі тік, қысқа, иықтары тік. Дәндері жартылай ұзынша, түпкі жағы түкті, қарықшасы терең емес. Масақтың ең ұшында 1,5 см-лік ұшқырланған құрылымы болады. Орташа пісетін, Саратовская 29-дан 1-2 күн кеш піседі. Жатып қалуға бейімді, бірақ Саратовская 29-дан аздау (4,5 балл, стандартта – 3,5), шашылып қалуға және қуаңшылыққа да төзімді. Тозаңды қаракүйемен, бурыл және сабақтық татпен тозаңдануы күшті, тамыр шірігіне орташа бейімді, швед шыбынымен күшті залалданады. Күшті бидайлар қатарына жатады. Ақмола облыстарында 1994 жылдан бері аудандастырылған.
Казахстанская 19. В.А.Вильямс атындағы Қазақ ҒЗИ-да кұздік бидайдың Чайка сортының буданын, Саратовская 29-бен будандастырып, содан кейін жекелей сұрыптау арқылы шығарылған.

Қостанай облысында 1994 жылдан бері аудандастырылған. Эритросперум түршесі. Масағы қылтықты, ақ, қабықшасы түксіз, дәні қызыл. Масағы ұршық тәріздес, ұзындығы 6,6 – 8,1 см, тығыздығы орташа. Масақша қабықшасы сопақша- жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 10,6 мм, жалпақтығы 4,4 мм, жүйкешелері (нервация) аздап көрінеді. Масақша қабықшасының тісшесі өткір 3 мм-ге дейін,иықтары шабылған, жалпақ, масақша қабықшасының қыры (килі) анық көрінеді. Қылтықтары шашыраңқы, төменгі жағында ерекшелікті бүгілісі бар, орташа дөрекілеу, ұсақтісшесі бар, ақ болады. Дәндері ірі, қызыл-қоңыр, қарықшасы терең емес. Фенолмен байқағанда, дәннің түсі қара. Сабақтарында жасырынды зиянкестермен залалдануы орташа (стандарт сияқты), қоңыр дән көбелегімен стандарттан артық залалданады. Күшті бидай. Орташа пісетін топқа жатады.


Целинная 60. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен, АҚШ-ның ГК-25 және Шортандинская 25 (жергілікті селекция) сорттарын тозаңдандыру арқылы алынған. Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Масақтың сабаққа орналасуы тік, ал тым кепкенде аздап майысады.

Масағы пирамидалы-ұзынша пішіндес. Тығыздығы орташа, 10 см ұзындығына 17-19 масақша келеді. Масақша қабықшасы дөрекі, сопақша пішінді, ұзындығы орташа 8-10 мм, жалпақтылығы орташа 3-4 мм. Масақша қабықшасының жүйкешелері (нервация) және бүйірлік жүйкелері өте жақсы көрінеді. Масақша қабықшасының тісшесі өткір, тік қысқа. Иық сипаты тіктен, көтеріңкіге қарай бейімделген. Масақша қабықшасының қыры (килі) тістілі, қабықшаның ортасына дейін орташа, ал үстіңгі жағында анық көрінеді. Дәндерінің пішіні жұмыртқаша-ұзынша, ірілігі орташа (1000 дән массасы 31,8-32,9 г), ашық-қызыл түсті, қарықшасы орташа, жіңішке. Дәннің етек жағы жалаңаш, жоғарғы жағы аздап түктеленген – селдір шаштар.

Түптену кезеңінде түптің пішіні тік тұратын болады. Жапырақтары жасыл, аралықты, балаузды өңездері аздап көрінеді және түктілі орташа. Сабағының қалыңдығы орташа, қуыс, жатып қалуға беріктігі де орташа.

Целинная 60 сортын, басқа өзіне ұқсас сорттардан айрықшалайтын морфологиялық ерекшеліктері: өсіп-өнудің барлық кезеңдерінде де, жапырақтарының ашық-жасыл түсі, балаузды өңездері аздап көрінеді және жапырақтарының түктілі аз, масақша және гүлдік қабықшаларының өлшемі орташа, олар қысқа және тік.

Вегетациялық кезеңдерінің ұзақтылығы 95-99 күн, орташа пісетін сорттар топтарына жатады, пісуі Саратовская 29-бен бірдей немесе 1-2 күн кеш піседі.

Таза сүрі жерде, 1978-1985 ж ж. сынақтық сортсынауда, алынған өнімділігі 19,4 ц/га болып, Саратовская 29 сортынан гектарына 2,1 ц асып түсті, яғни 12,1%. Целинная 60 сорты дәнінің негізгі сапалық көрсеткіштері: натура, ақуыз және дәннің шикі ұлпасы, ұнның күші және нанның көлемі бойынша, үлгілі Саратовская 29 сортынан кем емес.

Нақтылы топырақты-климаттық аймақта өсірудің агротехникасы кәдімгідей, орташа кеш пісетін сорттарға ұсынылғандай.

Целинная 60 сорты дәнінің сапасын зертеу қорытындысы бойынша анықтағанымыз, бұл сорттың жақсы сапалы дәнділігі, сортты сүрі жерде 15-25 майда, ал сүдігер жерлерде 25 майда сепкенде құрастырылынады.


Целинная 3с. Авторлары: В.К.Мовчан, В.Г.Кривобочек, А.А.Степанов. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да сатылы будандастыру әдісімен, (Лл*Кения) және Шортандинская 25 (жергілікті селекция) сорттарын тозаңдандыру арқылы алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Орташа пісетін сорт, Саратовская 29 сортымен бірдей піседі. Целинная 3с сортының жақсы өнімділігі, негізінде оның жинап алардағы жиілігі мен масақшалардың дәнділігінде.

Жаңа сорттың негізгі көп тараған аурулар және зиянкестермен залалдануы, Саратовская 29 сортының деңгейімен бірдей. Целинная 3с сорты, дәндерінің ұндынан пісірерлік сапасымен ерекшелінеді. Дәндегі ақуыз мөлшері 15,8% , дәннің шикі ұлпасы 31,0% , дәннің натурасы 765 г/л, 1000 дән массасы 32 г, ұнның нанпісірерлік күші 292 джоуль, шығатын нанның көлемі 100 г ұннан 600 мл, жалпы нанпісірерлік бағасы 4,0 балл; әлбетте Саратовская 29 сортындағындай 15,8% , 29-32%, 754 г/л, 32,6 г, 338 джоуль, 615 мл, 4,4 балл. Целинная 3с сортын, сортаңды жерлерде еккенде, оның Саратовская 29 сортынан: дәннің натурасы, дәннің шикі ұлпасының сапасы, ұнның күші, қамырдың қоюлануы сияқты нақтылы көсеткіштерімен артықшылығы байқалынады. Целинная 3с сортының күшті дән параметрлерін құрастырудағы орташа тезділігі 79% , ал Саратовская 29-да 62%-ақ .

Сорт Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1996 жылдан бері аудандастырылған.


Ақмола 2. Авторлары: В.К.Мовчан, О.М.Малютин, А.А.Степанов. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен, күздік пішінді жаздыққа ауыстыру (линия Лютесценс М-808* Целинная 60) арқылы алынған. Ал, Лютесценс М-808 жаздық линиясы, күздік бидайдың Мироновская 808 сортынан алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Орташа пісетін сорт, Саратовская 29 сортымен бірдей немесе 1-2 күн ерте піседі. Жаңа сорттың негізгі аурулар және зиянкестермен залалдануға беріктілігі Саратовская 29 сортымен бірдей.

Ақмола 2 сорты жоғары физикалық, технологиялық және ұнды-нанпісірушілік дәннің сапаларымен ерекшеленеді. Дәндегі ақуыз мөлшері 15,6% , дәннің шикі ұлпасы 30,0% , дәннің натурасы 793 г/л, 1000 дән массасы 37 г, ұнның нанпісірерлік күші 404 джоуль, 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 630 мл, жалпы нанпісірерлік бағасы 4,1 балл; салыстырмалы Саратовская 29 сортындағындай 15,8% , 29-30%, 774 г/л, 35,1 г, 405 джоуль, 597 мл, 3,7 балл.

Ақмола 2 сортының жылдың әртүрлі метеорологиялық жағдайында, күшті бидайды құрастыру тезділігі, Саратовская 29 сортымен салыстырғанда 2 есе артық. Сонымен қатар бұл жаңа сорттың Саратовская 29 сортынан негізгі айырмашылығы; жатып қалуға беріктілігі, тұрақты өнімділік және дәннің сапасы. Сорт Ақмола облысында 1998 жылдан бері аудандастырылған.


Целинная юбилейная. Авторлары: В.К.Мовчан, В.Г.Кривобочек, Т.О.Шек, О.И.Рудь және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен, Мироновская 808 күздік бидай сортын нақтылы өзгертіп (бір беккросс), жергілікті селекциялық жаздық бидай Целинная 21 сортымен будандастырудан алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Саратовская 29 сортымен салыстырғанда 2-5 күн кеш піседі.

Целинная юбилейная сортының мол өнімділігі, негізінен оның жақсы түптену және масақтың дәнділігіне байланысты.

Табиғи жағдайда Саратовская 29 сортымен салыстырғанда тозаңды қаракүйемен және сабақтарында жасырынды зиянкестермен залалдануы біршама кем.

Целинная юбилейная сорты дәнінің ұнды-нанпісірушілік сапасы жоғары, сондықтан күшті бидайлар тізіміне еңгізілген. Дәндегі ақуыз мөлшері 16,5%, дәннің шикі ұлпасы 33,2% , дәннің натурасы 806 г/л, 1000 дән массасы 33,2 г, ұнның нанпісірерлік күші 481 джоуль, 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 738 мл, жалпы нанпісірерлік бағасы 4,9 балл; ал салыстырмалы Саратовская 29 сортында15,3% , 29-31%, 806 г/л, 35,6 г, 501 джоуль, 718 мл, 4,7 балл.

Нақтылы топырақты-климаттық аймақта өсірудің агротехникасы кәдімгідей, орташа кеш пісетін сорттарға ұсынылғандай.

Жоғары сапалы астық алу мәселесінен қарағанда, онтайлы себу мерзімі болып 15 мен 20 май аралығы есептелінеді. Сорт Ақмола және Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында аудандастырылған.
Казахстанская 15. Сорт Егіншіліктік Қазақ ҒЗИ және Павлодар облысының мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында, жекелей сұрыптау әдісімен Ғ4-де, Прибой* Лютесценс 49-71-62-ін будандық тіркестіруден алынған. Сорт Ақмола және Павлодар облыстарында аудандастырылған.

Лютесценс түршесі. Масағы ұршық тәрәздес, ақ, қылтықсыз, тығыздылығы орташа (10 см ұзындығына 21-23 масақша келеді). Масақша қабықшасы жұмыртқа пішінді, ұзындығы 8,7 мм, жалпақтылығы 3,8 мм. Масақша қабықшасының жүйкешелері (нервация) және бүйірлік жүйкелері өте жақсы көрінеді. Масақша қабықшасының тісшесі доғал, қысқа. Иық сипаты тіктен, көтеріңкіге қарай бейімделген, жалпақтылығы орташа, бүкіл ұзындығында жақсы көрінеді. Дәні қызыл, жұмыртқа тәрізді, қарықшасы терең емес. Масақтың ең ұшында 0,8-ден 1,9 см-лік ұшқырланған құрылымы болады. Сорт орташа кеш пісетін, қуаңшылыққа төзімді, жатып қалуға да төзімді. Тозаңды қаракүйемен, тамыр шірігімен залалдануға беріктілігі орташа, бурыл және сабақтық татпен залалдануы st Саратовская 29 сортындай. Күшті бидайлар қатарына жатады. Сорт жартылай қарқынды түріне жатады. Павлодар облысының сорт сынау учаскесінің деректері бойынша 1989-1992 жылдары Казақстанская 15 сортының орташа өнімділігі 10,0 ц/га болды, бұл дегеніміз st Саратовская 29-дың көрсеткішінен артық. Көкшетау МСУ-де Казахстанская 15 сүрі жерде 2,3 ц/га, ал сүдегерде 2,0 ц/га артық өнімділік көрсетті.


Кенжегали. Авторлары: В.К.Швидченко, А.М.Тысленко, А.С.Еремилов, және т.б. Сортты А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-ты және Ақмоланың аграрлық университері Целиноград сортының ұрпақтық өсімдіктерін жекелей сұрыптау әдісімен алған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Орташа кеш пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 83-100 күн. Жатып қалу және шашылуға беріктілігі жоғары. Өсімдіктің биіктігі 60-77 см. Дәніңің ірілігі орташа, 1000 дән массасы 25,6-36,0 г. Нанпісірерлік және технологиялық сапалары жақсы. Дәндегі ақуыз мөлшері 15,7%, дәннің шикі ұлпасы 28,4% , дәннің натурасы 745 г/л, 1000 дән массасы 33,2 г, ұнның нанпісірерлік күші 481 джоуль, 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 568 мл, жалпы нанпісірерлік бағасы 4,0 балл; ал салыстырмалы Саратовская 29 сортында16,5% , 29-31%, 742 г/л, 35,6 г, 501 джоуль, 593 мл, 3,7 балл.

Ерекшеліктері: морфологиялық нышандары бойынша Саратовская 29 сортына жақын, бірақ, масақтары олардан ірілеу, вегетация кезеңі 2-3 күн ұзақтау. Жоғары өнімді сорт. Үш жыл бойы сынақтылық зерттеуде стандарт Саратовская 29 сортынан (14,4 ц/га) болып, 3,3 ц/га артық, ал өндірістік сынақтауда өнімділігі 15,7 ц/га-2,1 ц/га артықшылығын көрсетті.

Нақтылы топырақты-климаттық аймақта өсірудің агротехникасы кәдімгідей, орташа кеш пісетін сорттарға ұсынылғандай. Осы сорт үшін жақсы алғы егіс – таза сүрі жер.

Сорт Ақмола облысында 1998 жылдан бері аудандастырылған.
Омская 18. Сібірлік АШҒЗИ-да, будандастыру әдісімен, соңынан жекелей сұрыптаумен алынған.

Лютесценс түршесі. Масағы ұршық тәріздес, ақ, ұзындығы орташа, борпылдау. Масақша қабықшасы қандауыр пішінді, жүйкешелері (нервация) аз білінеді. Масақша қабықшасының тісшілері доғал, қысқа, иықтары тар, шабылғандай, килі бүкіл ұзындығында жақсы көрінеді. Түптену кезінде жапырақтарының түктенуі күшті. Балауызды өңездері қарқынды. Дәні қызыл, жұмыртқа тәрізді, қарықшасы жіңішке терең емес.

Орташа кеш пісетін сорт, өсетін аймағына және ауа райының жағдайларына байланысты вегетациялық кезеңі 72-102 күн, Омская 9 сортынан 2-4 күн ерте піседі. Жатып қалуға беріктілігі ортадан жоғары, жоғары, қуаңшылыққа төзімдігі орташа. Кейбір сорт учаскелердің мәліметтері бойынша Омская 18 сорты шашылып қалуға бейімділеу, сондықтан егісті жинау кезеңінде көп уақыт тұрып қалмауын болдырмау керек. Дәнінің ірілігі орташа. 1000 дән массасы 30-40 гр, Омская 9 сортынан ұсақтау. Нанпісірерлік сапалары жақсы, күшті бидайлар қатарына жатады. Тозаңды қаракүйеге бейімділігі орташадан жоғары, бірақ st Омская 9 дан кемдеу, бурыл және сабақтық татпен залалдануы стандарт сияқты.

Сорт Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.


Эритросперум 35. Қостанай АШҒЗИ-да шығарылған. Эритросперум түршесі (масағы ақ, қылтықты, қабықшасы түксіз, дәні қызыл).

Масағы ұршық тәріздес, тығыздылығы және ұзындығы орташа.Масақша қабықшасы ұзындау-сопақша пішінді, жүйкешелері (нервация) және бүйірлік жүйкелері жақсы көрінеді. Масақша қабықшасының тісшесі тік және өткір. Иық сипаты тіктен, көтеріңкіге қарай бейімделген, жалпақтылығы орташа. Килі жақсы көрінеді. Қылтықтарының ұзындығы орташа және олардың тісшелері де орташа. Дәні қызыл, жартылай ұзынша пішінді, төменгі жағы түктілі, қарықшасы орташа.

Орташа кеш пісетін сорт вегетациялық кезеңі 70-96 күн. Жатып қалуға беріктілігі орташа st Омская 9-нан кемдеу, қуаңшылыққа төзімдігі жоғары. Дәнінің ірілігі орташа. 1000 дән массасы 30-38 гр. Нанпісірерлік сапалары жақсы және өте жақсы, күшті бидайлар қатарына жатады. Тозаңды қаракүйеге бейімділігі аздау-орташа, бірақ st Омская 9 дан кемдеу, бурыл және сабақтық татпен залалдануы орташадан жоғарырақ, көптеу.

Сорт Қостанай және Ақмола облыстарында аудандастырылған.


Омская 19. Сібірлік АШҒЗИ-да, будандастыру әдісімен, (Лютесценс 1138-70*Лютесценс 1210-70-10) соңынан екінші ұрпағын жекелей сұрыптаудан алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Масағы целиндр тәрәздес, ұзынша, орташа тығызды. Масақша қабықшасы сопақтау пішінді, жүйкешелері (нервация) және бүйірлік жүйкелері аздап білінеді: масақша қабықшасының тісшесі доғал, қысқа. иықтары тік, кейде шабылған тәріздес. Килі бүкіл ұзындығында жақсы көрінеді. Дәнінің қарықшасы терең.

Орташа кеш пісетін сорт, Саратовская 29 сортынан 2-4 күн кеш піседі, бірақ аудандастырылған Омская 9 сортынан 3-4 күн ерте піседі. Қуаңшылыққа төзімді сорт, жатып қалуға Саратовская 29 сортына қарағанда (1-2 балдай) төзімді, күшті бидайлар түзіміне еңгізілген. Тозаңды қаракүйеге тым бейімді, бурыл және сабақтық татпен залалдануы стандарт сияқты, орташадан жоғарылау, септориозбен залалдануы стандарттан төмендеу.

Омская 19 бидайы, барлық көрсеткіштері бойынша Саратовская 29 артықшылығын көрсетті. Жалпы шынылығы 85% болса, оныкі 69% , дәндегі ақуыз мөлшері 17,9% - 15,7%, дәннің шикі ұлпасы 37,2% - 35,9%, ұнның нанпісірерлік күші 505 - 417 джоуль, қамырдың қоюлануы 18 – 78 ф.к., валометрлік бағасы 82% - 60%, 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 1550 - 1360 мл. Осының бәрі, Омская 19 сортының жақсы нышандарының белгісі, күшті бидай қатарындағысын тағы да дәлелдейді. Дәндері ірі. 1000 дән массасы 34,7-38 гр.

Сорт Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында аудандастырылған.
Целинная 21. Авторлары: В.П.Кузьмин, В.И.Кандоуров, В.К.Мовчан және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен, Ласточка (жергілікті селекция) сортын, Саратовская 29 сортымен шағылыстыру арқылы алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл). Орташа кеш пісетін сорт, Саратовская 29 сортынан 5-6 күн кеш піседі. Жаз ортасында жауған жауындардың әсерлерін пайдалана біледі.

Сорт шашылып қалуға және сондай ақ сабақтарда жасырынды зиянкестермен зақымдануға берік. Тозаңды қаракүйе, бурыл және сабақтық татпен залалдануы стандарт сияқты, Саратовская 29 сортымен бірдей. Қазақ технологиялық зертханасының мәліметтері бойынша, Целинная 21 сортын аудандастырылған аймақтарда өсіргенде, дәндегі ақуыз мөлшері салыстырмалы Саратовская 29 сортындай, 15,8-15,9%, дәннің шикі ұлпасы 39,6%, ұнның нанпісірерлік күші 402 джоуль, 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 1070 мл. Нанпісірерлік бағасы 4,3 балл. Сорт күшті бидайлар қатарына жатады.

Сорт 1980 жылдан бері аудандастырылған, Қостанай және Шығыс-Қазақстан облыстарында өсіріледі.


Астана. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен, күздік пішінді жаздыққа ауыстыру (линия Лютесценс И-2959 * Целинная 90) арқылы алынған. Ал, Лютесценс И-2959 жаздық линиясы, күздік бидайдың Ильичевка сортынан алынған.

Лютесценс түршесі ( масағы ақ, қылтықсыз, қабықшасы түксіз, дәні қызыл).

Масағы сабағында тік орналасқан. Масақ пішіні призма тәріздес, жоғарғы жағы қысыңқы, ақ түсті. Тығыздылығы орташа, біліктің ұзындығы 8,2 см.

Масақша қабықшасы дөрекі, қандауыр пішінді, ұзындығы орташа 9-10 мм, жалпақтылығы орташа 4-5 мм, жүйкешелері (нервация) анық білінеді. Масақша қабықшасының тісшілері тік, қысқа. Иықтары тік, шабылғандай, килі бүкіл ұзындығында жақсы көрінеді. Түптену кезінде жапырақтарының пішіндері - тікқалыпты. Жапырақтарының түстері күрең-жасыл, балауызды өңездері қарқынды, аздап түктенген.

Дәні қызыл түсті, жартылай дөңгелек тәрізді, шынылы, төмеңгі жағы жалаңаштанған, қарықшасы терең, дәндері орташа (1000 дән массасы 30,0-35,1г).

Сабақтарының жуандығы орташа, қуыс, мықты. Астана сортын басқа өзге сорттардан морфологиялық айрықша ерекшелігі, оның масағы пішіні призма тәріздес, жоғарғы жағы қысыңқы.

Вегетациялық кезеңімен салыстырсақ, сорт орташа пісетін типті, стандартпен бірдей мезгілде, немесе 1-3 күн ерте піседі.

Конкурстық 1997-1999 жж. сортсынаудың мәліметтері бойынша жаңа сорттың сүрі жердегі өнімділігі орташа есеппен 15,8 ц/га болды, бұл дегеніміз стандарт Саратовская 29 деңгейінде деген сөз. ҚазАШҒЗИ-ның тәжірибелік 1,5 га танабында 1999 жылы стандарт Саратовская 29 өнімділігі 29,4 ц/га болғанда, Астана сорты 1,1 ц/га артық берді. Бұл Астана сортының Саратовская 29 сортымен салыстырмалы жоғары өнімділігі, оның қуаңшылыққа төзімділігі және ылғалды үнемді пайдалана білуінде.

Сортың негізгі аурулар мен зиянкестерге беріктілігі (тозаңды қаракүйе, бурыл және сабақтық татпен, септориозбен, сабақтарда жасырынды зиянкестермен, астық кенелері және швед масасымен) зақымдануы стандарт Саратовская 29 көп есе артық.

Астана сортының нанпісірерлік және физикалық сапалары жақсы. Дәндегі ақуыз мөлшері 16,1%, дәннің шикі ұлпасы 35,9% , дәннің натурасы 792 г/л, 1000 дән массасы 31,9 г, шынылығы 62%, ұнның нанпісірерлік күші 438 джоуль, валориметрлік бағасы 67ф.ө., 100 г ұннан шығатын нанның көлемі 723 мл, жалпы нанпісірерлік бағасы 4,3 балл; ал салыстырмалы Саратовская 29 сортында 15,9% , 29-33%, 785 г/л, 35,4 г, 53%, 400 джоуль, 65ф.ө., 728 мл, 4,4 балл. Әр түрлі метерологиялық жағдайларда Астана сортының күшті бидай дәнін (орнықтылығы) құрастыруы, стандарт Саратовская 29 сортынан 3 есе артық.

Түйіндеп айтқанда, бұл сорттың стандарт Саратовская 29 сортынан негізгі айрықша ерекшелігі: сабақ жиілігінің өте бірқалыптылығы, біркелкі пісіп жетілуі және аурулар мен зиякестерге беріктілігі.

Нақтылы топырақты-климаттық аймақта өсірудің агротехникасы кәдімгідей, орташа пісетін сорттарға ұсынылғандай. Осы сорт үшін жақсы алғы егіс – таза сүрі жер.

Осы сортты еңгізудің экономикалық тиімділігі, оның өнімділігі мен сапасына тығыз байланысты және ол 1гектардан 450 ден 1500 теңгені құрастыра алады.

Жаңа Астана сорты 1999 жылдан бастап, мемлекеттік сортсынауға кірістірілген. Ақмола облысында 2001 жылдан бері аудандастырылған.


Росинка 3. Сібірлік АШҒЗИ-да, будандастыру әдісімен шығарылған. Лютесценс түршесі, орташа пісетін (Ақмола облысында) және орташа кеш пісетін (Солтүстік Қазақстан облысы) сорт. Алғыегістерге байланысты 25-28 ц/га өнімділікті құрастырады. Есіл МСУ мәліметтері бойынша сүрі танаптағы орташа өнімділігі 34,6, ал, бидайда 21,7 ц/га болған. Сорт қуаңшылыққа төзімді, жатып қалмайды, және шашылмайды, пісіп жетілуі бірқалыпты, сабақтарының биіктілігі орташа біртектес. Тозаңды қаракүйеге беріктілігі орташа, бурыл және сабақтық татпен залалданады. Күшті сорт, нанпісірерлік сапасы жақсы. Солтүстік Қазақстанның екі облысында 2004 жылдан бері аудандастырылған.
Лютесценс 90. Авторлары: В.В.Новохатин, Р.А.Уразалиев, С.Г.Абугалиев, И.А.Саумельх. Б.Т.Надиров. Оригинаторлары – Қазақ ЕҒЗИ және Жезқазған АШТС-мен бірігіп шығарған. Жница*Старт будандық популяцияларын шағылыстырып, жекелей сұрыптаудан алынған. Қарқынды өсетін сорттар түрлеріне жатады. Әлеуетті өнімділігі – 55,5 ц/га. Жылда болатын, қысқа мерзімдік қуаңшылықтарға шыдамды, кұшті бидай астығын құрастырады. Стандартқа қарағанда, аздап дәндердің егінді жинап алғанша өсуіне бейімділеу. Сортты Ақмола облысында пайдалануға 1996 жылдан бері рұқсат берілген, және күшті бидайлар тізіміне кіреді.
Пайдалануға рұқсат етілген жаздық қатты бидай сорттары

Дамсинская 90. Авторлары: С.Е.Давыдов, Н.А.Логунов и др. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен – Гибрид 491*Алмаз арқылы алынған.

Түршесі – леукурум. Масақшалары ақ, қылтықты, түксіз. Қылтықтары және дәні ақ түсті. Масақтары призма пішінді.

Дәндері сопақша – ұзынша, ірі. Құрғақ жылдары 1000 дән массасы 39-42гр, ал ылғалды жылдары 45-56,9гр. Шынылығы 85-97%, натурасы 790-813 г/л, дәннің шикі ұлпасы 32,0-35,3%.

Макарондары янтарлы-сары түсті, беріктігі өте жоғары. Орташа пісетін сорт. Пісіп жетілуі стандарт Безенчукская 139 сортындай. Жауынды жылдары стандарттан 2-3 күн кеш піседі. Конкурстық сортсынауда өнімділігі стандарттан орташа есеппен 3,6 ц/га дейін артық болды. Ал, өндірістік сортсынауда артықшылық 4,1 ц/га деңгейінде болды.

Жоғары сапалы тұқымдық материал алу үшін, сүрі жерлерде егісті 20 майға дейін жүргізу керек, ал тауарлық мақсаттағы кондициялы астық алу үшін – егісті май айының 20 нан 25 аралығында жүргізген дұрыс болады.

Дамсинская 90 сорты Қазақстанның Солтүстік және Шығыс, Орал, Батыс Сібір облыстарында өнімділікті жоғарлату және астықтың сапасын жақсарту үшін тәжірибелік мақсаттарға пайдалы сорт болып есептеледі.

Сорт 1995 жылдан Ақмола облысында, 1996 жылдан Солтүстік Қазақстан облысында, ал 1997 жылдан бастап Ресейдің Челябі облысында аудандастырылған.
Дамсинская 40. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған. Авторлары: О.Ш.Шегебаев, Р.Н.Оковитая, Р.Н.Сулейменов, Н.Н.Слепкова және т.б. Сорт Альбер*К 37096 арқылы алынған.

Түршесі гордейформе (масақтары қылтықты, қызыл, масақшалары түксіз, дәні ақ).

Масақтары толықтай піскенде целиндр тіріздес. Түптің формасы тіктұрған. Сабағының қалыңдылығы орташа, мықты, масақ түбіндегі буынаралығы бітеу болып келеді. Жапырағы аздап салбыраулы, аралылықты түрлі. Масақша қабықшасы сопақша-ұзындау, орташа көлемді, масақша қабықшасының тісшелері аздап мүкжидек тәрізді. Иықтары орташа көлемді, тікше, аздап көтеріңкі. Килі жақсы көрінеді. Қылтықтары ұзын, масаққа паралелді орналасқан, қызыл түсті. Дәндері орташа ірі, ақ түсті, сопақша-ұзындау, қарықшасы орташалау.

Орташа пісетін сорт. Көктеуден толық піскенше, яғни вегетациялық кезеңі 82 күн, стандарт Безенчукская 139 сортынан 3 күн ерте піседі. Механикаландырылған жинауға жарамды. Бурыл және сабақтық татпен (жасанды түрде болғанда) залалдануға беріктілігі стандартпен бірдей. Тозаңды қаракүйемен залалдануы, стандарттан кем (7,7 оныкі 12,0). Табиғилық жағдайда татпен және қаракүйемен залалданбайды.

Технологиялық және биохимиялық көрсеткіштері бойынша сорт стандартың деңгейінде. Дамсинская 40 сорты, орташа пісетін сорт есебінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан облыстарында егістердің өнімділіктерін арттыратын және олардың вегетациялық кезеңдерін қысқарту үшін қолданылатын сорт болып есептелінеді.

Оренбургская 10. Оренбург АШҒЗИ-да, Оренбургская 2 сортынан жекелей сұрыптау арқылы алынған сорт.

Түршесі гордейформе. Масақтары целиндр тіріздес, бас жағы аздап қысылған, ұзындығы орташа, болбырлы. Масақша қабықшасы сопақша-қандауыр тәрізді, жүйкешелері (нервациясы) анық көрінеді. Масақша қабықшасының тісшелері қысқа, доғал, иықтары тік. Килі күшті көрінеді. Қылтықтары ұзын, дөрекі, масаққа паралелді орналасқан. Дәндері сопақша-ұзындау пішінді, янтарлы түсті, қарықшасы терең емес.

Орташа пісетін сорт, вегетациялық кезеңі 71-90 күн, стандарт Безенчукская 139 сортымен бірдей піседі. Қуаңшылыққа төзімділігі жоғары, жатып қалуға бейімділеу (3-4 балл). Дәні ірі, 1000 дән массасы 37-53 гр. Макарондылық сапасы жақсы. Тозаңды қаракүйемен залалдануы ортадан жоғары, күшті, бурыл татпен орташа бейімді және сабақтылық татпен залалдануы өте жоғары.

Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарында аудандастырылған.


Омский рубин. Сібір АШҒЗИ-да будандастыру әдісімен алынған сорт.

Түршесі гордейформе. Масақтары қылтықты, қызыл, целиндрлі пішінді, ұзындығы орташа, болбырлы. Масақша қабықшасы сопақша-ұзындау, жүйкешелері (нервациясы) орташа көрінеді. Масақша қабықшасының тісшелері ұзын, иықтары жіңішке, шабылғандау. Килі жақсы көрінеді. Қылтықтары ұзын, жайылыңқыраған, қызыл түсті. Дәндері сопақша-ұзындау пішінді, негізі жағы түктенген, ақ-янтарлы түсті, қарықшасы орташалау. Жатып қалуға беріктілігі жоғары, құрғақшылыққа орташа берікті. Орташа ірі дәндерді құрастырады. 1000 дән массасы 28-35 гр., Алтайка сортынан 5-10гр ұсақтау. Макарондылық сапасы қанағаттанарлық. Тозаңды қаракүйе, сабақтылық татқа тым бейімді.

Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.
Сид-88. Авторлары: И.А.Саумильх, К.А.Искаков, С.Е.Давыдов және т.б. А.И.Бараев атындағы Қазақ АШҒЗИ-ты мен Қарабалық АШТС-сы бірігіп шығарған.

Түршесі гордейформе - масақтары және қылтықтары қызыл түсті, түксіз, дәндері ақ түсті.

Орташа пісетін сорт, жатып қалуға, қуаңшылыққа төзімді, жартылай қарқындылау түрлі сорт. Ылғалды жылдары Безенчукская 139 сортынан 2-7 күн кеш піседі.

Дәннің сапасы стандартың деңгейімен бірдей. 1000 дән массасы 35-тен 37гр аралығында.

Сорт жоғары қорлы өңгіштілікті. Өнімділігі бойынша st Безенчукская 139 сортынан 12,0 -15,6%-ды артықшылығы бар. Тозаңды қаракүйемен залалдануы стандартпен бірдей, тамыр шіріндісімен және таттармен залалдануы аздау (стандарт – орташа), сабақтылық татпен күшті (стандарт – өте күшті), септориозбен залалдануы – орташа (стандарт – күшті).

Масақтары призма тіріздес, ұзындығы мен тығыздығы орташа. Масақша қабықшасы ұзындау, дөңесше келген, жалпақтылығы орташа, жүйкешелері (нервациясы) аздап көрінеді. Масақша қабықшасының тісшелері өткір, қысқа, иықтары орташа көлемді, тікше, аздап көтеріңкі, килі жақсы көрінеді. Қылтықтарының ұзындығы орташа, қысыңқы, тісшілері бар, дөрекілеу келген. Дәндері ірі, сопақша-ұзындау пішінді, шынылы, дәннің төменгі жағы түктілі, қарықшасы орташалау.

Тауарлы-техникалық және астықтылық сапасы стандарт Безенчукская 139 бен бірдей, жақсы және өте жақсы.

Сид 88 сортының жетіспейтін бір кемшілігі, сортың құрамында ақуыз және дәннің шикі ұлпасы көлемінің аздылығы.

Сорт себу кезеңдеріне тәнтілес, оңтайлы кезең 22-25 май болып есептеледі.

Сорт Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола (Көкшетау өңірі) облыстарында 1993 жылдан бері аудандастырылған.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет