Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру



бет9/17
Дата07.02.2022
өлшемі283,7 Kb.
#90475
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
f07af020-dc95-11e4-b960-f6d299da70eeдидактика каз лекциялары, 1513532572, 1513532572
Матрица рангі (ранг матрицы), сайтан сатысы (чертова лестница), ST шкаласы (шкала SТ), алидада, вронскиан, интеграл терминдері ұғымның негізгі қасиеттері туралы ешбір мәлімет бермейді. Сондай-ақ, терминдереліп отырылған ұғым мен терминнің ешбір байланысы білінбейді. Терминдердің мұндай тобын Д.С. Лотте ізімен бейтарап терминдер дейміз. Әрине , мұндай терминдер математиктерден басқаға бейтарап болғанымен, олардың қасиетін білетіндерге бейтарап бола алмайды. Өйткені, термин еске түссе, оның қасиеті, ал қасиеті айтылса, терминнің өзі еске түседі. Немесе оның басқа ұғымдармен байланысы еске түседі.

Этимологиялық жағынан бізге белгісіз және тілімізде жоқ терминоэлементтерден құралған шетел термині көптеген жағдайда Д.С. Лотте көзқарасынша бейтарап терминдер болады. Этимологиялық жағынан белгісіз терминоэлементтерден тұратын басқа тілден келген терминдермен қатар, метафоралық негізде құрылған, сондай-ақ таңба терминдерді, есімдік терминдерді де осы топқа жатқызуға болады. Әрине этимологиялық жағынан белгісіздік салыстырмалы ұғым. Ол біреуге осылай болғанымен, басқаға аналитикалық жағынан танымал болуы мүмкін.
Терминнің ұғымдық реляциясының дәлдігін және сәйкестігін бағалағанда бастапқы мағынасын жойған этимологиядан шықпай, іздемей, осы терминнің қазіргі мағынасымен байланысты сөз қолданыспен санасудың қажеттігін В.С. Кулебакин, Я.А. Климовицкий (Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. Изд-во «Наука», М., 1970, 10-бет) ескерткен-ді.
Мәселен, матрица атауы латынның matrix, ілік жалғауындағы matricis сөзінен туған. Мағынасы жануар аналығы, тудырушы дегенді білдіреді. Ал қазіргі мағынасы – элементтер деп аталатын объектілерден құрылған тік төртбұрышты таблица. Айырмашылығы көрініп-ақ тұр. Матрицаның математикалық мағынасына бастапқы тұрмыстық мағынасы дәл келмейді деу орынсыз өкпе болар еді. Кей жағдайда математикалық термин жасағанда төл сөзді бұлжытпай қолдану арқылы ұғымның негізгі қасиеттерін, белгілерін сипаттайтын балама табу қиын, себебі кейде тіліміздің мүмкіндігі оған жете бермейді. Мәселен, математиканы оқыту әдісіне қатысты запасной материал, методическая разработка тіркестерін аудару қиын. Немесе ұлттық көзқарастан туған синонимдік терминдерден құтылу керек-ақ. Сондықтан да бейтарап терминдерді қабылдау керек. Осы мағынада ол пайдалы.

  1. Қазіргі қолданылып жүрген оқулықтарымызда, сөздіктерімізде, математикалық әдебиетіміз бен ғылыми-методикалық журналымызда жорымал сан (мнимое число), қиялдағы геометрия (воображаемая геометрия), бөлгіш группа (подгруппа), қозғалмалы бегун (бегунок) терминдері кездеседі. Бұл топтағы терминдердің элементі артық немесе терминнің өзі терминделіп отырған ұғым мазмұнына қайшы болып келетіндіктен, немесе ұғым реляциясын сипаттамайтындықтан бұрыс терминдер дейміз. Ғылыми және техникалық терминологияда мұндай терминдердің кездесуін ұғымды баста дұрыс атамау мен термин элементін жүйесіз құрудан әрі дұрыс, қысқа терминдерді құру қиындығынан көруге болады. Бұрыс терминдердің оқу үдісінде қолданылу оқушыларда бұлыңғыр және теріс түсінік тудырып, оларға әсер етеді. Әрі терминнің тұрақсыздығына әкеп соқтырады. Математика ғылымына деген оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру мақсатында бұрыс терминдерді жетілдіру немесе алмастыру қажет. Ғылым үшін де, педагогикаға да мұндай терминдерден пайда шамалы.

Терминнің тұрақты, берік болуының бір принципі жазуға ықшам, айтуға жеңіл, шұбалыңқы емес, жинақы, орамды болып келуі. Осындай терминдер мағыналы болып өміршең келеді. Қазіргі мағынасын бере алмайтын, түсінікті болсын деп көп сөзбен берілген шұбалаңқы терминдерді практикалық пайдалануда қысқартып айтуға – эллипсистеуге тура келеді. Осыдан қосалқы көп мәнді терминдер пайда болады. Әрі шұбалаңқы терминдермен оқушының, мұғалімнің жұмыс істеуі де қиын. Оның шатастырғаннан басқа пайдасы аз. Терминнің қанағаттандыруға тиіс бұл принципін жинақылық принципі дейміз.
1.4. Термин этимологиясын сабақта пайдалану.

Математиканың методикасындағы аз зерттелген мәселелердің бірі – басқа ұлт тілдерінен енген терминдерді оқыту. Олардың көпшілігінің мағынасы оқушыларға түсініксіз. Себебі ондай терминдердің көбісі шетел тілдерінен енген және орысша термин болып келеді. Әрі бұлар мектептегі математика курсында көп кездеседі. Оқушы термин сөздердің қай тілден енгендігін, оның ана тіліндегі ғылыми және практикалық мағыналарын, математикалық мазмұнын жақсы меңгерсе, оларды есептерді шешуде, теоремаларды дәлелдеуде т.б. математикалық сөйлемдерді тұжырымдауда еркін пайдалана алады. Қажетіне қарай терминді оның анықтамасымен алмастыру – алға қойған мақсатқа жетудің қозғаушы күші. Бұған кезінде Б.Паскаль, Ж.Адамар және Д.Пойа баса көңіл бөлген болатын.


Математикалық терминдердің мағынасын жете ұғындыру методика талаптарының бірі – басқа ел тілдерінен енген терминдерге этимологиялық талдау жасау. Белгілі бір ұғым беретін терминдер қалай болса, солай құрыла салмайды. Қайта ұғым мен оның атауының арасында себепті байланыс болады. Терминге этимологиялық талдау жасау сол ұғымның терминде сипатталған негізгі қасиеттерін ашуға себепші болады. Терминнің этимологиясын пайдалану сабақта оның тарихи мәселелеріне назар аударудың бірі болып табылады. Қашан да математика терминдері оның даму тарихымен тікелей байланысты. Терминдердің шығу себептерін ашып беру негізгі математикалық ұғымдарды меңгеруге өз себін тигізеді. Бұл – математиканы оқытудағы басты мәселелердің бірі.
Кейбір қазақ мектептерінде оқушылардың терминологиялық білімдері жеткіліксіз келеді.
Шынында, оқушылардың математикалық терминологияны біле бермеуінің түрліше себептері бар. Солардың бірі – математика терминдеріне этимологиялық түсінік берілген көмекші құралдың жоқтығы, сондықтан мұғалімдердің өздері де қайсыбір терминдердің шығу тарихын және олардың мағынасын біле бермейді, мектеп оқу құралы мен оқулықтарында олар жайлы мағлұматтар да аз. Сол себепті де мұл мәселені әркім өзінше шешеді.
Төменде біз осы мәселенің кейбір жақтарын сөз етпекпіз.
Алдымен терминге этимологиялық талдау жасау деген не? Этимология сөзі гректің этимон – шын, сөздің негізгі мағынасы және логос – ілім деген екі сөздің кірігуінен жасалған. Сонда этимология дегенді дәлме-дәл аударсақ, сөздің шын мағынасы туралы ілім болып шығады. Терминге этимологиялық талдау жасауда оның айтылуы мен жазылуына, сөздің түпкі шығу төркініне, оның қалай пайда болғанына, термин элементтерінің ана тіліміздегі, сол сияқты шетел тілдеріндегі мағыналарына тоқталып өткен жөн.
Терминді талдау оның этимологиялық мағынасына түсінік беру барысында жасалады. Кейде ретіне қарай оқушылардың белгілі бір мәселеге назарын аудару үшін қайсыбір терминге байланысты тарихи фактілерді немесе оқиғаларды айтып берудің өзі оқушыларды сергітіп, оларды сабаққа жұмылдырады.
Кейбір математикалық бақылауларды этимологиялық талдаумен ұштастыруға болады. Әрине, мұндай талдауға көбіне төменгі кластарда, бұрын өтіп кеткен терминдер алынады. Шетел тілдерінен енген терминдерді талдауға сабақ кезінде мүмкіндік болмаса, оны сыныптан тыс жұмысқа да ауыстыруға болады. Ол үшін факультативтік шұғылданыстарды, кештерді, газеттер мен арнайы бюлетеньдерді де пайдаланады.
Қазіргі кезде оқытудың небір жаңа, тиімді тәсілдері бар. Соларды тиімді қолдану оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, пәнге қызығушылығын оятуға әсерін тигізеді. Сондықтан да оқыту үрдісінде озық тәсілдерді әр сабақта қолдану керек.
Мұғалім оқу жылының басында оқытудағы өзекті мәселесін анықтайды. Және жыл бойы оқушыларға соған сай оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Соның негізінде «Терминдерге этимологиялық талдау жасауды қолдану арқылы оқушыларға қажетті математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгерту» - деп өзекті мәселені алуға болады.
Үлгі үшін этимология элементін пайдаланып жүргізген бірнеше сабақтан үзінді келтірейік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет