Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру



бет10/17
Дата07.02.2022
өлшемі283,7 Kb.
#90475
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
f07af020-dc95-11e4-b960-f6d299da70eeдидактика каз лекциялары, 1513532572, 1513532572
Сабақ тақырыбы: Теріс және оң сандар. Сандық ось.
Сабақ мақсаты:Теріс және оң сандармен таныстыру, сандық осьте рационал санды кескіндеуді үйрету.
Сабақ басында оқушы теріс санның даму тарихынан бес-алты минуттық хабар жасады. (Оны мұғалім алдын ала даярлаған). Үйге бөлме термометрін қарап келу тапсырылғандығын ескеріп, мұғалім:

    • Бөлмедегі температураның қандай екенін кім айтады? – деген сұрақ қойды. Әр жерден қолдар көтерілді. Тақтаға бес оқушының 18 бен 25 градус арасындағы жауаптары жазылды, ал сынып кезекшілері үзіліс кезінде қарап келген дала термометрінің көрсетуін айтты. Ол 19 градусты көрсетіп тұр екен.

    • Олай болса, бөлме мен даланың температурасы қатар болғаны ма? - деді мұғалім. Оған оқушылар: «Жоқ, бірдей емес» деп, бір ауыздан жуап берді.

    • Демек қазіргі жағдайдағы үйдегі 19 градус пен даладағы 19 градус дегендегі саны бірдей түсінік бере ме? – деп мұғалім тағы да анықтай түсті. «Жоқ, бірдей емес» – деген жауап іле-шала алынды. 19 градус мағынасын анықтау үшін, ол қосымша сұрақ қойды. Сонда қалай? Осындағы 19 саны әрі бөлме әрі даладағы температураны көрсете ме? Оқушылар: олар әр түрлі сандар оның біреуі суықтықты, ал екіншісі жылылықты көрсетеді, деді. Осы кезде магнитафон іске қосылды. Одан диктордың: «планетамыздың ауа рай туралы мәлімет тыңдаңыздар. Бүгін жергілікті уақытпен сағат тоғызда отанымызың астанасы Астана қаласында 18 градус суық, Алматыда 11 градус нөлден төмен, Ташкентте 23 градус аяз, Мәскеуде 20 градус суық, Делиде 16 градус жылы, Шанхайда 7 градус нөлден жоғары, ең жылы жер Эквадорда 31 градус ыстық, Нью Йоркте 24 градус суық…», деген сөздері тыңдалды. Осы жерде мұғалім: суық, жылы, аяз, нөлден төмен, нөлден жоғары, сөздерінің мағыналарын түсіндіріп, қай кезде қолданылатын айтты. Осыдан кейін ғана оң, теріс, ноль терминдерінің мағынасын түсіндірді. Minus – латын сөзі. Ол жетіспеушілікті, кемістікті білдіреді. Plus те латынның сөзі. Артықтықты білдіреді. Математика тарихын зерттеушілер, саудаға тиістісінен жетіспеушілікті, кем шығушылықты “–” символымен таңбаласа, артық шығушылықты “+” деп белгілеген. Алғаш рет бұл таңбалар XV ғасырдағы оқымыстылар Леонардо да Винчи, И. Видиман және басқалардың кітаптарында жиі ұшырасады. «+,-» символдарын пайдаланып есептеу әдістері бар математикаға арналған құралды неміс авторы Грамматеус ( 1496 жылы туылған) 1518 жылы жазды. 1880жылы Уилкинс «+» және «–» таңбасын оң және теріс сан үшін қолданумен бірге, оны қосу мен азайту үшін де пайдаланды. Қазіргі – 6 – ны деп жазды. Магницкий орыс тілінде алғаш рет өз «Арифметикасында» «+» пен « - » таңбасын қосу мен азайту үшін қолданғаны айғақ.

Қазақ халқы оң және теріс санмен және олардың символдарымен Ұлы Қазан социалистік революциасынан кейін ғана танысты.
Мұнан әрі оқушылар практикалық сабаққа көшті. Одан соң сынып нұсқалық өздік жұмысқа кірісті. Келесі сабақтар оқушылардың үйретілген мәселелерден білімдерінің нақты әрі тұрақты екендігін көрсетті.
Терминге этимологиялық талдау жасау кейде символдардың пайда болу сырын ашуға мүмкіндік береді.
Терминдерді түсіндіру және сыни тұрғысынан ойлау технологиясының бөлімін пайдаланып өтілетін сабақтың жоспарын ұсынып отырмын. Ертегіні студент кезімде «Математиканы оқытудың инновациялық әдістері» сабағында шығарған болатынмын.
Сабақтың тақырыбы: Шеңбер. Дөңгелек
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Шеңбер және дөңгелек және олардың элементтерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ө-3, суреттер, ертегі.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық
Сабақтың барысы:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет