Сондықтан, орта мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, қоғамды құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі283,7 Kb.
#90475
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
f07af020-dc95-11e4-b960-f6d299da70eeдидактика каз лекциялары, 1513532572, 1513532572
Тақырыптың өзектілігі: Советтік Қазақстандағы математикалық білімнің дамуын сипаттауға, математикалық терминалогияның қазақ тіліндегі кезеңдерін саралай отырып, қазақ білімпаздарының ой-пікірлерінен, ғалымдардың зерттеу нәтижелерінен қорытынды шығару. Математикалық ұғымдар мен фактілердің мән - мағынасын ашып көрсету. Осы таңда дүниетанымдықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда математикалық модульдеу идеяларын сезінуде, математикалық тілді жалпы әлемдік тіл ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сөйлеу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтардың баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет.
Зерттеудің мақсаты орта мектепте математиканы оқыту үрдісінде терминдер мен символдарды пайдалану мәселесін, шешу жолдарының ғылыми-әдістемелік жүйесін айқындау және қолданысын жүйелеуді жүзеге асыру.


Міндеттері:

  • оқыту процесіндегі символдар мен белгілердің маңызы;

  • математикалық терминалогия мен символиканы таныстыру әдістемесінің негіздері;

  • математиканы үйрету мен сабаққа қызықтыруда терминологиясы мен даму тарихы;

  • күрделі математикалық символдарды меңгерту жолдары мәселелерін айқындау;

  • тақырыптағы, тексттегі басты ойды бөліп көрсете білу және оған жоспар құра білу;

  • математикалық терминалогияларды түсіне, қолдана және негіздей білу;

  • ауызша және жазбаша математикалық тілде сөйлеуді меңгерту;

  • математикалық символдар мен белгілеулерді дұрыс қолдана білу;

  • математикалық тілдің дамуын, графикалық сауаттылығын қалыптастыру;

  • анықтама, теорема мен сөйлемдерді қайта тұжырымдай білу, ойын көрнекілей білу және т.с.с.

Проблема: Оқушы мектеп табалдырығын аттағаннан бастап дұрыс оқи, жаза, сөйлей, сыза білуге машықтанады да, оның алғашқы баспалдағы кәдімгі әліппе. Бұл бәрімізге таныс құралды меңгерген бала оқиды, әрі сұлу жаза біледі. Сынып жоғарылаған сайын сауаттылықтың басқа қырлары көрінеді. Соның ішінде «Математикалық сауаттылық» деген өзіндік ерекшелігі бар бір дүние қарастырылады. Ауызша оқуды математикалық тілде өрнектей білуді және номинальдық алгебраны сауатты жазу.
Проблемадан бөлініп алынған мәселе: Оқушылар сандық өрнектер мен арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе, алгебра, геометрия, тригонометрия әлеміне сүңгіген сайын басқа жаңа талаптар қойылады. Математиканың абстрактылығы жайлы Энгельс былай деп жазды: «Сан және фигура ұғымдары басқа ешқандай емес, тек шындық дүниеден алынған. Адамдар санауға үйренген, яғни алғашқы арифметикалық есеп шығаруға үйренген он саусағын не десеңіз, ол деңіз, тек әйтеуір ол ақыл-ойдың еркін шығармашылық жемісі емес».
Математиканың логикалық құрылымы оның объектісі, арақатынасы, аксиомалар, анықтамалар, теоремалардың біртұтастығы.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер орта мектепте математикалық терминдер мен символдарды қолданбалылық және кәсіптік бағдар бағытында оқытудың әдістемелік жүйесін жасап, оларды оқыту үрдісіне қолдансақ, онда математиканы оқытудың тиімділігі артады, ойлау қабілетін қалыптастыруға мол мүмкіндіктер туады, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеудің негізі қаланады, себебі оқушылардың математикалық білім деңгейі көтеріледі, өмірге бейімділігі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет