Спермий дегеніміз эякуляция кезінде бөлініп шығатын сұйықтық. Спермийлер төрт бөліктен тұрады басы, мойыны, денесі және құйрығы. Спермийлер аналық торша клеткасынан 2 есе кем



бет2/5
Дата20.10.2022
өлшемі179,18 Kb.
#154153
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қуат генетика срс
Репродукция патологиясы каз, 1топ Тәрбие жоспары, Зертханалық сабақ 5, Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеті де, Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, 13-лаборатория
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Спермийлердің ұрықтану қабылеті (фертилдігі) – аталықтардың спермийлерінің ұрықтану қабылетін көрсететін көрсеткіш, анықтаманың шығу жолы «фертильность» ағылшын тіліндегі «fertilization» (ұрықтану) сөзінен алынған. Фертильділік (латынша fertilis – ұрықтылық, тұқымдылық, төлдегіштік) дегеніміз – жыныстық тұрғыдан жетілген ағзаның өмірге ұрпақ әкелуге қабілеттілігі. Аталық малдың фертильділігі дегеніміз өмірге қабілетті ұрпақ қалдыра білу қабіліті. Фертильділік бір жағынан спермалардың саны мен сапасын анықтаса, е кінші жағынан генетикалық материал болып саналады.
Дәл қазіргі уақытта аталық малдардың фертильділігін анықтаудың хроматин структурасынан анализ алу арқылы жасалатын әдәсі бар, бірақ бұл әіс спермилердің фертильділігін анықтауда төмен нәтиже береді. Әдебиеттік мәліметтер сүтті сиырларды қолдан ұрытандыру олардың көбею жағдайына ғана емес аталық малдың ұрықтандыра алу қабілеттіліне де байланысты. Аталық малдардың 40%-ға жуығы төмен фертильділікті көрсетеді, аз бөлігі бедеу. Осыған байланысты спермилердің фертильділін анықтау үлкен экономикалық және биологиялық мәнге ие.
Спермилердің фертильділігін анықтау эксперименті 201 голштинг пародалы бұқаларға қолдан ұрықтандыру орталығы болып саналатын Испанияда 2 әдіспен жасалған, олар спермилердің ДНҚ фрагментациясы (криоконсервіленген сперми анализі – SDF-6, 37°С – та 6 сағаттық инкубация дан кейінгі анализ – SDF -6) және спермилердің хроматин депрессиясия тесті (SCD). Бұқалардың SDF-0 ДНҚ фрагментациясы орташа 3.60, SDF -6 тербеліспен 1-ден – 20.40 орташа есеппен 3.60-ты құраған. Кез келген деформация немесе спермидегі ДНҚ хроматин ауытқуы технологиялық процеске (спермилер криконсервациясы, сексирленген сперми алу технологиясы) кері әсер етуімен ұрықтануға, сиыр төлінің эмбриональдық сатыда өлімге ұшырауына әкеліп соғады. Спермилер криконсервациясы мен сексирленген сперми алу кезіндегі ДНҚ спермиіне қажет емес кері әсерді анықтау үшін TUNEL (terminal deoxynucleotidyl transferasa-mediated dUTP nick and labeling). TUNEL анализіне материал ретінде жаңадан алынған Жапондық породалы 2 қара бұқа және 34 голштинск породалы бұқаның қатырылған шәуеті алынған. Эксперименттен алынған нәтиже Жапондық породалы 2 қара бұқа спермидің орташа TUNEL индексі 4,7% және 55,7%, ал голштинск породасының TUNEL индексі 4,9% және 39,5% Спермилердің TUNEL индексінде әлсіз корреляциялық теріс байланысты голштинск породалары бұқалар көрсетті (Р<0,05), авторлар сондықтан спермилердің сапасын қосымша анықтауы үшін TUNEL индексін қолдануды ұсынады.
Медицинада еркектердің ұрықтандыру қабілеттілігін бағалау үшін ДНҚ фрагментация, спермадағы ақуыз мөлшерін анықтау сияқты молекула-генетикалық әдістер қолданылады. Көрсетілген әдістер еркектердің бедеулігін жетілген спермилердің түзілу процесімен байланысын анықтайды.
2.2. Спермийдегі протамин мен гистон мөлшері. Гистондардың протаминге айналуы спермилердің түзілуінде маңызды қадам екені белгілі. Қалыпты жағдайдажетілген сперми хроматині 85% протамин және 15% гистоннан тұрса, жетілмеген хроматин 15%-данкөп гистонды құрайды. Протамин жоғары қабілетті протеин, ядро көп аргинин мен цистеиннің аз мөлшерде – цистинді құрайды. Спермидегі ақуызды анықтау әдісі аминқышқылдарына бай протеинді, гистонды лизинмен қанық көк түске «AnilineBlue» бояуымен (сперидің басы қанық көк түске боялады), ал жетілген спермилердің ядросы (протамин) аминқышқылдарына, аргенин мен цистинге бай болғандықтан алқызыл (розовый) түске боялады (Сурет – 1). Дәл қазіргі уақытта спермилердің сапасын анықтаудың дәстүрлі әдістері: спермилерің концентрациясын, морфологиясын, спермилердің қозғалғыштығын анықтау спермилердің фертильділігін анықтағанда әрқашанда нақты әдіс болып табылмайды. Заманауи молекула-генетикалық әдістермен ДНҚ-фрагментация (Sperm LNA fragmentation, SDF), хроматин спермиінің депрессия тесті (Sperm chromation dispersion test, SCD) сияқты спермилердің ұрықтандыру қабілетін анықтау әдістері қолдан ұрықтандыру нәтижелілігін көтеруге септігін тигізеді.
Мөлшерде лизин амин қышқылы болатын гистон протеині «Aniline Blue» бояуымен бояғанда (спермийлердің бастары қаныққан көк түске) қаныққан көк түске боялады, ал құрамында аргинин және цистеин аминқышқылдары көп протамин протеині күлгін түске боялады. Аталған әдіс жиі медицинада, ер адамдардың шәуетіндегі спермилер ядросындағы протамин және гистон протеиндерінің мөлшерін анықтауға кең қолданылады. Әдіс жедел жүргізіледі, ер адамға байланысты болған бедеулікке балау жасауда аса маңызды зерттеу тәсілі болып табылады және спермийлер түзілуіне байланысты болған бедеулікті анықтауға мүмкіндік береді. Жапон ғалымдары сиырлардың көбею қызметі мен TNFα (tumor necrosis factor – ісік некрозы факторы) локусы бойынша генетикалық варианттары, аллельдерідің арасындағы байланысты зерттеген және осы ген аллельдерінің сиырлардың репродуктивтік қызметі, иммундық деңгейі арасындағы корреляцияны анықтаған. Зерттеу нәтижесінде тәжірибе тобындағы сиырларда TNFα генінің промоторлық және экзондық бөліктерінде кездесетін, келесі генетикалық варианттардыңсәйкесінше, промоторлық және экзондық бөліктеріндеA/A, A/G, G/G және T/T, T/C, C/C бар екенін дәлелдеген. Сиырларда TNFαлокусы бойынша генетикалық варианттар мен осы ген аллельдерінің арасында сиырлар туғаннан кейін мерзім мен бірінші овуляция аралығында, сиырлардың иммундық жүйесі арасында байланыстар анықталған. ДНҚ полиморфизмі TNFαпромоторлық және экзондық бөліктерінде кездескен. Молекулярлық-генетикалық зерттеулер нәтижесі, аталған геннің экспрессия деңгейі осы локус бойынша сиырларды генотиптеу практикалық тұрғыдан маңызды екенін көрсеткен. Сиырлардың генотипін анықтауға полимераздық тізбек реакциясы (ПТР), рестриктелган фрагменттер ұзындықтарының полиморфизмі (РФҰП) тәсілдері қолданылған. Арнайы әдебиетке жүргізілген шолу көрсеткеніндей, сиырлардың жыныстық қызметін болжау және оңтайлы генотипті төлдер алу үшін ДНҚ маркерлерін, соның ішінде TNFα,GDF 9 локустары бойынша генотип анықтаудың маңызы отандық ғалымдардың зерттеулерінде көрсетілген. Қазіргі таңда, аналық жануарларда репродуктивтік қызметті (фолликулогенез, овуляция, доминатты фолликулдер даму ерекшеліктері) реттейтін гендердің маңызы үлкен. Зерттеу жұмыстарының мақсаты – бұқа шәуетіндегі спермийлердің ұрықтану қабылетін in vitro жағдайында молекулярлық-генетикалық әдістермен балау, асыл тұқымды сиырларды TNFα локусы бойынша генотиптеу арқылы олардың репродуктивтік қызметіне болжау жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет