Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?



бет10/10
Дата09.04.2022
өлшемі153,43 Kb.
#138527
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
tpUAlQSjnP9JFVtFRGDvwjRIwIIcKIGyaguCA3ao
stud.kz 1574, 1547541808 (2), аутогендік жаттығу гипербелсенділерге, L5CaB2yHCuEktft1EWO8oma5oBpTONWn8HA97Li8, 7кл 4 тоқсан ХИМИЯ, Декретке миллионмен 2022
Баяндауыш: Етістік жіктеліп келіп, баяндауыш болады. (Глагол с личными окончаниями является сказуемым) Мысалы: Мен бүгін мектепке бармаймын. Алма мен Мұрат ертең қалаға кетеді. Сен жұмысты өзін бітірерсін.
 
Толықтауыш: Есімше және тұйық етістік атау және ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады.(Причастие и инфинитив находится во всех падежах кроме именительного и родительного, являются дополнением)
Мысалы: Сыйлағанды сыйлау керек. Біз енді жарысуға кірістік.
 
Анықтауыш: Есімшелер және ілік септігіндегі тұйық етістік анықтауыш болады. (Причастие. Инфинитив в родительном падеже является определением) Мысалы:Оқудың шегі жоқ.Ақыл-тозбайтын тон, білім-таусылмайтын кен.
 
Пысықтауыш: Қимылдың әр түрлі қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады. (Глагол выражает способы действия и является обстоятельством) Мысалы: Ол күлімсіреп қарады. Ол өтініш айтқалы келді.
 
ЕТІСТІКТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ (Основные формы глагола)
Етістіктің үш негізгі түрі бар: 1. тұйық етістік. 2. көсемше. 3. есімше. Олардан етістіктің барлық грамматикалық түрлері пайда болады. (У глагола есть три основные формы: 1. неопределенная форма.
2.деепричастие. 3. причастие. От них образуются все грамматические формы глагола)
Етістікке байланысты тест тапсырмалары № 2
1. Тұйық етістікті табыңыз.
А) оқып
В) көрген
С) айтпақ
Д) білгелі
Е) сарғаю
2. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.
А) Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет.
В) Денсаулықты сақтау керек.
С) Темекі шегу денсаулыққа зиян.
Д) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылады.
2. Туынды етістікті табыңыз.
А) жатырқа
В) жамыра
С) ойла
Д) айт
Е) көр
3. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті тап.
А) жүре бер
В) жазып отыр
С) келе жатыр
Д) ән салды
Е) тыңдады
4. Сабақты етістікті табыңыз.
А) кетті
В) келді
С) ұйықтады
Д) оқыды
Е) жатты
5. Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) биледі
В) билер
С) билеген
Д) билепті
Е) билейді
6. Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
А) көріп отыр
В) көреді
С) көрді
Д) көрген
Е) көріпті
7. Қалау райда тұрған етістікті табыңыз.
А) барамын
В) барғым келеді
С) барсам
Д) барсын
Е) бармақ
8. Бұйрық райда тұрған етістікті табыңыз.
А) күрескен
В) күрескім келеді
С) күресіп
Д) күрес
Е) күрессек
9. Шартты райда тұрған етістікті табыңыз.
А) айтамын
В) айтқым келеді
С) айтсын Д
) айтсақ
Е) айт
10. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) тасыу
В) кепу
С) жуу
Д) жайу
Е) суыу

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет