Стандартты емес есептер Стандартты емес есеп



бет2/2
Дата09.12.2021
өлшемі46 Kb.
#78644
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
стандартты емес есептер.

    Бұл бет үшін навигация:
  • Шешуі
Міндеті: Есептерді шығаруда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану білу және тиімді, ықшамды жолмен шығаруға ынталандыру, оқушылардың бойында өзбетінше ізденулерін, пәнге қызығушылықтарын, шығармашылық ойлау қабілеттерін, белсенділіктерін, біліктілікке құштарлықтарын, қабілетті балаларды жетілдіруді қалыптастыру.

Стандарты емес есептерді шешу ойлаудың ең биігі мен ұшқырлығын қажет етеді. XXI ғасыр оқушысының мүмкіндігі мол. Әр бала жеке дара және өзінше қабілетті. Ендеше оны байқау және дамытуда математиканың алар орны ерекше.

Мысалдар қарастырып көрейік:


  1. Төрт спортшы: Әлия, Ғалия, Мадина, Динара гимнастикадан –өткен

жарыста алдыңғы 4 орынды алды, бірақ олардың кез келген екеуі бұл орынды бөліскен жоқ.

Кім нешінші орын алды?- деген сұраққа үш жанкүйер былай деп жауап берді.

а) Әлия – ІІ, Динара – ІІІ

ә) Әлия – І, Ғалия – ІІ

б) Мадина – ІІ, Динара – ІV.

Жанкүйерлердің әрқайсысы бір рет қателескенін ескеріп, әр спортшының қандай орын алғанын табу керек.

Шешуі:

Аты

І-орын

ІІ-орын

ІІІ-орын

ІV-орын

Әлия

+

-

-

-

Мадина

-

+

-

-

Динара

-

-

+

-

Ғалия

-

-

-

+

Жауабы: Әлия – І-орын

Мадина – ІІ-орын

Динара – ІІІ-орын

Ғалия – ІV-орын



  1. Қоян тауықтан 3кг-ға ауыр. Егер 2 қоян мен 5 тауықтың салмағы бірдей

болса, онда 1 қоян неше кг болады?

Шешуі: Бұл есепті шешу үшін теңдеу құрамыз.

1. Ол үшін есептің шартын мұқият оқып, түсіну қажет.

2. Есептегі ең аз деген шаманы табу керек және оны белгісіз әріппен жазып өрнектеу керек.

3. Есептің шартынқ ұрып, теңдеуін шешу керек.

Ендеше: ең аз салмақ ол – тауық, ол ке тең.



Жауабы: Қоянның салмағы 5 кг-ға тең.


  1. 2-ге еселік сандар берілген. Егер осы сандардың соңы 32 санымен

аяқталатын болса, осы сандардың қосындысын тап?

Шешуі: Гаусс әдісімен шешеміз.



  1. Сөйлемдегі заңдылықты тауып, келесі сөйлемді тап.

ҚАСЫҚ(АРЫС)ЫРЫС

БОЛАТ(.......)АРАЙ



Шешуі: Бірінші сөйлемнен дауысты дыбыс, ал екінші сөйлемнен дауыссыз дыбыстарды кезектестіріп алу арқылы жасалып тұр. Демек жауабы ОРАЙ болады.

  1. 1∙2∙3∙4∙5∙6∙7∙ . . . ∙99∙100 саны неше нөлмен аяқталады?

Шешуі: 5 цифрын жұп санға көбейткенде санның соңғы цифры нөлмен аяқталады. Сол үшін көбейтіндідегі бестіктердің санын анықтау керек. Әр бесінші сан 5-ке бөлінетіндіктен 100-ді 5-ке бөлгенде 20 бестік, ал 25, 50, 75, 100 сандарында 2 бестік, барлығы 24 бестік болады. Ол сан 24 нөлмен аяқталады.

Жауабы: 24 нөл.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет