Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет30/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация
141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, Демография
Кірпігі жастан тыйылды
Қамкөңіл болған аспанның.
Жауқазын гүлдей киінді
Жетімдік көрген жас балғын.
Жүрегін жаспен улаған
Жетіммен бірге түн қатса.
Бір жерге сосын жинап ап
Жесірдің бәрін тыңдатса. (С. Ж. Сенбеймін, 38)
Бұл шумақтағы қамкөңіл аспан тіркесінің мағынасы – уайымы, қайғы-шері мол деген мағына. Бұл сөзді аспан сөзіне тіркестіру арқылы күңіренген аспанның суретін беріп, оны жетім халімен теңестіреді. Жаңадан өсіп келе жатқан жас буынды, оның әлсіздігін теңеу арқылы «жауқазын гүлдей киінді, жетімдік көрген жас балғын» деп суреттейді.
Жетіммен сырласу, ой бөлісу, оның жанын түсіну деген мағынаны бір ғана тұрақты тіркеспен суреттеген: «жүрегін жаспен улаған, жетіммен бірге түн қатса». Түн қату сөзінің мағынасы – түнімен ояу отыру. (Ф.С.704)
Біз талдаған ақындар жетімдік мәселесін үшінші жақтан баяндаса, келесі ақындар бұл тақырыпты бірінші жақтан баяндап, суреттейді, өзге жетімдердің жанын ұғуға тырысады. Лирикада мұндай стильдік тәсіл өлеңнің әсерлілігін арттыра түседі. Мысалы:
Қызық-ау, шіркін, жайсаң өмір деген,
Жетім ем жалбыр шашы желбіреген.
Сай-сайдан тезек теріп, зыр жүгіріп,
Жапанда жалғыз жылап егілген ем.
Ата-ана, алты қанат жығылды үйім,
Кім ұқсын жетім қыздың көңіл күйін.
Паналар бұта іздедім балапандай
Жоқтықтың шырмауынан шығу қиын. (М.С. Мұнайшы мәртебесі. 1-97)
Ақ көңілім үшін де күйем енді,
Аңқаулыңым шекеме тие берді.
Ешкім менің басымды әкем өліп,
Еңіреген кезде де сүйемеді. (А.Б. Анаға хат. 2-148)
Бірінші шумақтағы шіркін одағайымен өлең бейнелігі арттыра түскен, бұл жерден ақынның көңіл-күйін бірден аңғаруға болады. Ақын шіркін сөзін таңдану мәнінде емес, керісінше мұңаю, шарасыздық секілді сезімді беру үшін қолданған. Жетім суретін берудегі жалбыр шашы желбіреген, паналар бұта іздеген балапандай деген тармақтағы жалбыр сөзінің мағынасы – ұйысып сабаластанған, дудырап қобырлаған деген мағынаны береді. (Т.С.) Бұл сөз арқылы ақын жетімнің қараусыздығын, қиын күйін суреттейді. Сонымен қатар «жоқтықтың шырмауынан шығу қиын» деген жолда шырмау сөзін ауыспалы мағынасында, жоқтықтың азабынан құтылу қиын деген мағынада қолданған.
Ал келесі ақын өзінің алданғандығын, кедергіге ұшырағанын аңқаулығым шекеме тие берді деген тұрақты тіркес арқылы жеткізеді. Бұл жерде шекеге тию тіркесінің мағынасы – беті қайтты деген мағына береді. (Ф.С.758)
Алайда бұл дәуір лирикасында соғыс, жетім-жесірлік туралы қайғылы өлеңдер емес, батырлықты, ерлікті, қайсарлықты жыр ететін, ол батырлардың жанын, мұң-қайғысын суреттеу арқылы жас ұрпаққа жігер беретін өлеңдер де кездеседі.
Ажалыңа көнер емес әлі де,
Жанарынан сөнер емес бір үміт.
Қол, аяқтар сыздаса да сырқырап,
Қайта ұшардай қанаттарын сілкіп ап.
Бір-біріне сездірмейді сырқатын
Үстерінен оқтың иісі бұрқырап. (С.Ж. Адамдар. 1-72)
Шалып жық, жатып жық, атып жық,
Қайтсең де дұшпанның басын жұт.
Кеп-кеше соғыста бұйрықты
Осылай беретін батырлық. (М.С. Батырлық. 1-16)
Ел үшін өр кеудесін отқа төсеп,
Әлде ол құмарта ма ертеңіне. (М.С. Мұнайшы мәртебесі. 1-103)
Елге атқан жау оғының жарықшағы
Кейбіріңнің әлі жүр денеңізде. (А.Б. Әкемнің құрдастары. 2 – 302)
Батыр боп іштен тумайды, сірә, әр адам,
Батырлық, мүмкін, туады биік санадан. (А.Б. Батырмен жүздесу. 2 – 275)
Осы өлең жолдарындағы жанарынан үміті сөнбеу – әлі де үміттену, қанаттарын қайта сілкіп ұшу – талпыну, алға ұмтылу, кеудесін отқа төсеу – қиындыққа қарсы келу деген тіркестер өлеңдерде көп қолданылатын тіркестер болса, үстерінен оқтың иісі бұрқырап деген тіркес – окказионал сөз қолданысы. Ақын бұл тіркесті пайдалану арқылы соғыстың әлі естен кетпегендігін астарлап жеткізеді.
ХХ ғасыр лирикасында соғыс тақырыбымен қатар жүретін ауқымды, мәңгілік тақырыптардың бірі – жеңіс, бейбіт күн тақырыбы.
Мөлдір тамшы!
Бейбіт күннің белгісі.
Берекенің белгісі. (Ж.Н. Тамшы. 4-135)
Жер, адам, мұңын шағып бір-біріне,
Армансыз алғаш рет күлді міне.
Бәріміз сағындық қой осы күнді
Еңсеңді көтерші енді, гүл-дүние. (С.Ж.Көктемгі көкшіл жазық. 1-130)
Жеңістің алып ұшып жетегінде,
Сездім мен қуаныштың не екенін де. (С.Ж. Дүние. 1-122)
Кеңістік, еркіндік
Көгінде келеді төмендеп ұшпағым. (М.С. Қысқа жол. 1-26)
Оңайға соқсын қайдан бірден алу
Кең дала, жас ұрпақтың еркіндігін. (А.Б. Даланың жөндемедік жолын әлі. 2 – 265)
Жеңістің тұңғыш таңы бұл,
Жауынгерлердің жоқ есі.
Жойды ғой көзін жауының
Жетті ғой көкке төбесі. (С.Ж. Жеңіс. 1-128)
Қиналған ауыр жылдардың
Өтеуі – Жеңіс көктемі. (А.Б. Қайша құдық. 2 – 279)
Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,
Жоқтық, аштық дегенге сенбейсіңдер. (А.Б. Болашақ бойжеткендермен сырласу. 2-81)
Аспаны бейбіт ақ таңмен
Ұқсасын бізге сол ғасыр. (А.Б. От іші. 2-88)
Бұл шумақтардағы ейбітшілік лексика-семантикалық тобын құрайтын сөздер мен сөз тіркестері: бейбіт күн, береке, армансыз күлу, сағынған күн, дүниенің еңсесін көтеруі, қуаныш, кеңістік, еркіндік, кең дала, жас ұрпақтың еркіндігі, жеңістің тұңғыш таңы, төбесі көкке жету, жеңіс көктемі, жоқтық пен аштықты ұмыту, бейбіт ақ таң аспаны.
Өлең жолдарындағы тұрақты сөз тіркестері: мұңын шақты – көрген қиыншылығын, қайғы-қасіретін айтып, көңіліндегі шерін кетірді (Ф.С.520); еңсесін көтерді – көңілі жайланды, бойы жазылды, үстін басқан батпандай ойдан, уайым-қайғыдан құтылды, көңілденді (Ф.С.211); көзін жойды – біржола құртты, жоқ қылды (Ф.С. 333); төбесі көкке жетті – қатты қуанды (Ф.С. 687).
Соғыс – бейбітшілік тақырыбындағы өлеңдер ХХ ғасыр лирикасындағы басты тақырыптардың бірі және ол қазіргі стилистикада зерттеліп жүрген мәселелердің қатарында.
Белгілі бір дәуірдегі лириканы талдау арқылы, олардың тілін жан-жақты қарастыру арқылы ақындарға тән ортақ ұқсастықтарды және олардың бір-бірінен ерекше тұстарын табу арқылы бейнелілік құралдарының стильдік қызметін, олардың дәуір бейнесін жасаудағы орнын анықтауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет