Стратегиялық және бағдарламалық құжаттамалардың мониторингі бойынша әдістемелік нұсқаулыққа


Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талдамасы



бет3/3
Дата21.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#14197
1   2   3

3-кесте


Ведомствоаралық өзара іс-қимыл талдамасы


Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін міндеттердің көрсеткіштері

Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асырылатын мемлекеттік орган

Ведомствоаралық өзара байланыстар орнату үшін көзделіп отырған шаралар

Есептік кезеңде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізу, іс-шаралардың нақты орындалуы


Есептік кезеңде қол жетпеген мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері


1

2

3

4

5

1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру

1-мақсат. Елде бұқаралық спортты дамыту

1.1.1-міндет. Адамдарды күн сайынғы дене шынықтыру-сауықтыру жаттығуларына тарту

1. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын ауыл халқының ауыл халқының жалпы санындағы үлесі

2. Дене шынықтырумен және спортпен тұрақты түрде шұғылданатын мүгедектердің мүгедектердің жалпы санындағы үлесі



Жоспарланған іс-шаралардың жалпы санынан үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ) тартумен өткізілген спорттық-бұқаралық іс-шаралар үлесі

Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері



1. Тұрғылықты жері бойынша балалар жасөспірімдер аула клубтары мен спорт клубтары желісін құру;

2. Ведомстволық (салалық) спорт қоғамдарын (клубтарды) құру бойынша бағытталған шараларды іске асыру;

3. Жергілікті деңгейде мемлекеттік спорт ұйымдарын спорттық мүкәммалмен және жабдықпен жарақтандыру;

4. Қарапайым спорт құрылыстарын салу;



5. Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорт инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейту туралы шараларды іске асыру


Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында бұқаралық спорттың 5 798 іс-шарасы, оның ішінде 3 390 іс-шара ауылдық жерлерде өткізілді, оған 403 мың адам қатысты.
Есептік кезеңде Маңғыстау облысында тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің 32 аула клубтары бар, оның 11 ауылдық жерлерде орналасқан, ал, Қызылорда облысы бойынша 79 аула клубтары жұмыс істейді. 2012 жылы Талдықорған қаласында футбол алаңы және жағажай волейболы үшін жазғы алаңы, Жамбыл ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Талдықорған қаласында жасанды жабық қосалқы алаң, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері, Үштөбе қаласында орталық стадион жаңартылды.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрғылықты жері бойынша 30 балалар аула клубтары тіркелді. Оның ішінде: 10 – жасөспірімдер аула клубтары, 4 – балалар мен жасөспірімдердің аула клубтары, 16 – сауықтыру клубтары.

Алматы облысының шешімі бойынша 5 кәсіби клубтар: «Барыс» шөпте хоккей бойынша кәсіби клубтар, «Мүмкіндігі шектеулі спортшылар үшін спорт клубы», Талдықорған қаласында «Олимп» регби бойынша кәсіби клуб, Қапшағай қаласында «Қапшағай» кәсіби баскетбол клубы, Жамбыл ауданында Ұлттық спорт түрлері бойынша спорт клубы ашылды.

Ауылдық жерде дене шынықтыру және спортты дамыту мақсатында «Ел Қайраты» атты республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамының филиалы құрылды. Штаттық саны 7 адамнан тұрады. Спорт қоғамының мүшелері ауыл халқы арасында жарыстарға шығады.

Маңғыстау облысында Білім басқармасымен «Жастар», Ауылдық спорт бөлімдерімен «Ел Қайраты» атты ведомстволық спорт қоғамдарын құру жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр.

Жамбыл облысында кәсіби және техникалық білім үшін «Жас сұңқар» спорт клубын және Ауыл тұрғындары үшін «Ел Қайраты» спорт бірлестігін құру жөнінде жұмыстар атқаралып жатыр.

Астана қаласында мүгедектерге арналған «Қайсар»-атты клуб жұмыс істеп жатыр. Клуб 9 спорт түрін насихаттайды. Сонымен қатар, 2012 жылы қаңтарда «Жігер» спорт клубы ашылды. Клуб әуесқой командалар арасында әртүрлі спорт түрінен: шайбымен хоккей, волейбол, баскетбол, кіші футбол сияқты қалалық турнирлер өткізіліп тұрады. әр турнирлерге 12 командадан 24 командаға дейін қатысады, ойындарды өткізу үшін клуб спорт залдарымен және ареналармен, медициналық көмектермен, төрешілермен және т.б. қажетті барлық заттар қамсыздандырады. Дене шынықтырумен және спортпен жиі айналысуы

мақсатында Астана қаласында және Қызылорда облысында «Ұлттық спорт және дене шынықтыру бұқаралық сауықтыру түрлерінің клубы» МКҚК, сонымен қатар, Қызылорда облысының Жалағаш ауданында «Наркескен» спорт клубы» МКҚК құрылды.

Спорт мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында Алматы облысында спорт мүкәмәлдары мен жабдықтары және басқада негізгі құралдар (татам, тренажер, күрес кілемдері, бокс рингтері, велосипедтер) сатып алынды. Оңтүстік Қазақстан облысында спорт мекемелері арқылы 25,9 млн. теңгеге мүкәмәлдар, сонымен қатар, 168,6 млн. теңгеге жабдықтар сатып алынды. Осы мақсатта Маңғыстау облысында 20 000,0 мың. теңге сомасында қаржы қаражаттары бөлінген. Атырау облысында жылдың соңына дейін 4200,0 мың теңге сомасында спорт киімдерін сатып алу көзделіп отыр. Ақмола облысының ақпараты бойынша Білім беру бағыты бойынша

2011 – 2012 оқу жылдарына арналған шаңғы мүкәммалдары мыанадай ауданадар мен қалаларда сатып алынды.

- Ақкөл ауданындағы Ақкөл қаласында 2 ОМ (30 пар), 4 ОМ – (30 пар);

- Бұланды ауданындағы Макинка қаласында (90 пар), Никольск орта мектебінде (33 пар), Сандыктау ауданында 1 орта мектебінде (90 пар), Балқаш және Каменская ауылыдарының орта мектептерінде (30 пар);

- Зеренді ауданындағы Зеренді ауылында 1 орта мектепте (50 пар) және 3 орта мектепте (40 пар)

- Бурабай ауданындағы Щучие қаласындағы №1 ШГ (75 пар), №4 ОМ (60 пар), №6 ОМ (60 пар), №8 ШГ (75 пар);

- Көкшетау қаласы № 3 ОМ, № 13 ОМ, №19 және № 21 ОМ (30 пардан).

Барлығы 723 шаңғы жинағы сатып алынды.

Қазіргі кезде Алматы облысында 1424 дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді. Спортпен және дене шынықтырумен жүйелі шұғылданатындардың саны 392720 адамды құрайды. Облыста 3153 спорт ғимараттары бар. 2012 жылы Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында - 5 және Маңғыстау облысының Ақтау қаласында – 1 спорт алаңы салынды.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының деңгейінде жергілікті атқарушы органдарының және демеушілердің есебінен спорт ғимараттары салынады. Ү.ж. мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында баскетбол алаңы пайдалануға берілді. Ү.ж. тамыз айында Сарағаш ауданында жергілікті бюджет есебінен футбол алаңын салу және ү.ж. қыркүйекте Ордабасы ауданында баскетбол, волейбол және ашық футбол алаңын құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Қызылорда облысында 1635, оның ішінде: ауылдық жерлерде 1259 спорт объектілері орналасқан.

Қызылорда облысында халықтың бұқаралы дене шынықтыру мен спортпен айналысу үшін 8 стадион, 9 спорт кешені және 304 спорт залдары бар. Осы тармақты іске асыру үшін облыста 238 спорт алаңдары салынып, бүгінгі күні 158 алаң пайдалануға берілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында жиі бұқаралық спорт іс-шаралары өткізіліп тұрады. Облыстың мемлекеттік және жеке спорт мекемелерінде Ашық есік күндері өткізіліп тұрады. Шымкент қаласындағы «Мұз сарайы», «Ақ арыс», «Тұмар», «Марс», «Қасиет» спорт кешендеріне жеңілдік күндері жарияланды.

.




1. Оқушылардың жалпы санынан білім беру ұйымдарындағы спорт секциялары қызметімен қамтылған орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлесі

2. Оқушылардың жалпы санынан спорт секциялары қызметімен ЖОО-дағы оқитындардың қамтылуы



БҒМ

  1. Білім беру ұйымдарында спорттық секциялар мен спорт клубтарын ашу жөніндегі шараларды іске асыру;

2. Білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттерінің президенттік көпсайысты тапсыру бойынша нормаларды орындауы жөніндегі шараларды іске асыру

Статистикалық деректер ү.ж. соңында белгілі болады.




2-стратегиялық бағыт. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2.1-мақсат. Жоғары жетістіктер спортын дамыту

2.1.1-міндет. Қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды күшейту

1. Республикалық кешенді спорттық іс-шараларда, республиканың чемпионаттарында, біріншілігінде және кубоктарында иеленген медальдар саны

2. Білікті спортшылардың жалпы санынан халықаралық дәрежедегі (спорт шеберлері) спорт шеберлері санының үлесі




Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдіктері

1. Спорт объектілерін салу және спорт объектілерін қайта жаңғырту;


Алматы облысында 24 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі спорт мектебімен айналысады, онда 34 спорт түрінен 19450 спортшы шұғылданады. Облыстақ дарынды балаларға арналған мектеп интернаттарында 10 спорт түрі бойынша баулайды, оның контингенті 334 адамды құрайды. Алматы облысындағы Олимпиадалық резервті дайындау орталықтарында 8 спорт түрі бойынша 69 спортшы айналысады. 2012 жылдың басынан 12 халықаралық сыныпты спорт шебері, 38 спорт шебері, 229 спорт шеберіне үміткер, 1 спорт разряды бар 198 спортшы даярланды.

Халықаралық және республикалық жарыстарда спортшылар 545 медальді иеленді (185 алтын, 170 күміс және 190 қола) медальдары.

Бірінші жарты жылдықта Ақмола облысы бойынша 761 спортшы және жаттықтырушылар республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты.

Ресми республикалық және халықаралық жарыстарда спортшылар облыс бойынша

Қазақстан Республикасының чемпионаттарда және кубоктарында

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша: 39 алтын, 59 күміс және 57 қола медальдарын иеленді.



Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша: 58 алтын, 56 күміс және 37 қола медальдарын иеленді.

Халықаралық турнирлерде:

Олтипиадалық спорт түрлері бойынша 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальдары иеленді.

Азия чемпионаттарында: олимпиадалық спорт түрлері бойынша 3 алтын медальді иеленді.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттар мен біріншіліктерінде 48 алтын, 57 күміс, 72 қола медальдарына, Азия чемпионаттарында – 1 алтын, 2 күміс медальдарға ие болды.

Маңғыстау облысының Ақтау қаласында теннис корты құрылысы жалғасып жатыр, Спорт сарайының ТЭН дайындалуда (ЖСҚ-сы бар, мемлекеттік сараптамасынан өткізілді), Мұнайлы ауданындағы Қызылтөбе және Бас құдық ауылдарында спорт залдарының құрылысы басталды. Спорт қалашығының құрылысына ЖСҚ дайындау жөнінде жұмыстар басталып кетті. 2012 жылы мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында жабық жүзу хауызы пайдалануға беріледі, бұл объект облыстың есебінен салынады. Үстіміздегі жылы Шымкент қаласында 615 млн. теңге сомасында оқу-жаттығу базасының әкімшілік ғимаратын салу жоспарлап отыр, сонымен қатар Шымкент қаласындағы Абай саябағында Халықаралық теннис орталығының құрылысы жүріп жатыр. Қосымша 2012 жылы 2 жабық корттардың, 1 үш қабатты сервис орталығының құрылысы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ү.ж. мамыр айында облыс Ипподромын жаңарту жөнінде жұмыстар басталды.













2. Білікті және біліктілігі жоғары спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізу;


2012 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес өңірлерде үнемі спортшылардың біліктілігі және жоғары біліктілігінің дайындық сапасын арттыру үшін оқу-жаттығу жиындары өткізіліп тұрады. Маңғыстау облысы бойынша оқу-жаттығу жиындарына 116 адам қатысты.










3. Астана және Алматы қалаларындағы 7-қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу.

Ү.ж. 30 қаңтардан 6 ақпанға дейінгі аралықта Астана және Алматы қалаларында бүгінгі күнге дейін Азия елдерінің тек үш елінде – Жапонияда, Қытайда, Кореяда өткен 7-ші қысқы Азия ойындары өткізілді.

Қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын иеленген Азия континентінде Қазақстан Республикасы төртінші ел болып саналады.

7-ші қысқы Азия ойындарында Азия континентіндегі жиырма жеті елден 1000 спортшы қатысты, он бір спорт түрі бойынша алпыс тоғыз медаль жиынтығы ойнатылды. Командалық есепте Қазақстан құрама командасы 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медаль ұтып алып, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Жапония, үшінші орынды Корея, төртінші орынды Қытай, бесінші орынды Моңғолия иеленді, соңынан Иран, Қырғызстан және Солтүстік Корея командалары орналасты.






4 кесте
6-бөлім. Тәуекелдерді басқару



Ықтимал тәуекел атауы

Тәуекелдерді басқару жөнінде шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдар

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс- шаралар

Тәуекелдерді басқару жөнінде факті бойынша орындалған іс-шаралар

Орындалмаған іс-шаралардың себептері

1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдер

Көмірсутектің әлемдік бағасының өзгеруі немесе әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы


1. Қызмет көрсету саласында халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуі

2. Спорт инфрақұрылымын дамытуға тартылатын инвестициялардың қымбаттауы




Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жағдайларын жасау


-

-

Инфляцияның өсуіне байланысты бағаның өсуі

Спорт объектілерін салу қарқынының төмендеуі

Қолайлы инвестициялық климат үшін және инвесторларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру жағдайларын жасау


-

-

Эпидемияның пайда болуы (құс тұмауы және т.б.)

Халықаралық жарыстардың нәтижелерінің төмендеуі

ДСМ бірлесіп алдын алу және жедел ден қою шаралары жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу

Жыл сайын мүгедек спортшылар арасында республикалық және халықаралық деңгейде 70-тен астам бұқаралық спорт іс-шаралы ұйымдастырып және өткізіліп тұрады, онда 1,5 мыңнан астам адамдар қатысады.

Есептік кезеңде спортшыларды диспансеризациялау, оқу-жаттығу прцесстерімен қамсыздандыру, спортпен айналысқан кезде жарақаттануды алдын алу, спортшыларды емдеу және қалпына келтіру, оларды медико-биологиялық дәрумендермен және қалпына келтіру препараттарымен қамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады.

Есептік кезеңде 54810 спортшы дәрігерлердің бақылауынан өтті, оның ішінде: 44483 спортшы медициналық байқаудан өткізілді. Медицина қызметкерлері 56 жарыстарға қызмет көрсетті, онда 8265 спортшы байқаудан өткізілді.





Ішкі тәуекелдер

Елдің стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарын сапасыз іске асыру

Салалық және өңірлік дамудың тапсырылған параметрлеріне қол жеткізбеу

Тиісті мемлекеттік органдар басшыларының стратегиялық жоспар міндеттерін іске асыруға және олар бойынша барабар шараларды уақтылы қабылдауға дербес жауапкершілігін арттыру

-

-

Жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу шеңберінде серпінді жобаларды сапасыз іске асыру

Агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестірудің болмауы себебінен теріс нәтижелер алу

Барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жасау және бағалау жүйесін құру және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында олардың қорытындылары бойынша тұрақты түрде кеңестер өткізу

Тоқсан сайын 6 бағыт бойынша Агенттіктің қызметіне мониторинг жасалды және бағаланады

-

Министрліктен білікті мамандардың кетуі

Агенттіктің кәсіптік мүмкіндіктерінің күрт төмендеуі және оның туризм мен спортты дамытудың негізгі міндеттерін орындауға қабілетсіздігі

Мыналар жөніндегі шараларды қамтамасыз ету:

(1) жұмыс күнінің ұзақтығын қалыпына келтіру

(2) қызметкерлердің еңбекақысы деңгейін кәсіптік шеберлігіне қарай арттыру

(3) қызметтік мақсаттарда көлікпен қамтамасыз ету

(4) біліктілігін арттыру

(5) моральдық тұрғыдан ынталандыру



(2) Қызметкерлердің еңбекақысы белгіленген заңнама тәртібінде белгіленеді.

(3) Агенттікте қызмет корреспонденциясын жеткізетін қызмет автокөліктері бар



(4) Есептік кезеңде 10 қызметкер біліктілігін арттыру курсынан өтті, 2 қызметкер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курсынан өтті.







Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова жоспар
2012 -> Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) Қаһарман қазақ қызы
2012 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2012 -> Альберт эйнштейн
2012 -> Л. Г. Матвеенкова
2012 -> Абылай хан
2012 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2012 -> Ыбырай Алтынсарин Мақсаты: ақынның өмірі мен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет