Syllabus пәннің атауы Психологияны оқыту әдістемесі 6B01101 «Педагогика және психология»


Тақырып: Бағдарламалы оқытудың әдістері Сағат саны: 1 Мақсаты



бет11/43
Дата20.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#150052
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
Психологияны окыту адистемеси (1)
СРС-ОЗ-2курс-2014-каз, Сборник стартовых диктантов (1), Дәріс 11, Жексенов Нурберген 6 апта, ФИЗИКА кантекст
Тақырып: Бағдарламалы оқытудың әдістері
Сағат саны: 1
Мақсаты: Бағдарламалы оқытудың әдістерінің теориялық тұжырымдамаларымен, әдістемелік ерекшеліктерімен таныстыру
Дәрістің мазмұны
1.Ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру теориясы бағдарламалы оқытудың негізі ретінде.
2.Бағдарламалы оқытудың әдістемелік шаралары.
Бағдарламалап оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.
Оқытудың компьютерік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты “ақпараттық қоғамға” даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетінсіз алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керек, сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: “мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер” деуіне жету. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі – оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады. Онда оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді. Мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады. Жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады. Баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ен бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.
Дамыта оқыту технологиясы. Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелелегі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар болу керек.
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау. Жобалаңған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру. Бұл мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістерді жоспарлануына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі объект – оқу тақырыптары, дидактикалық модуль.
Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың бңлңмдң қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан қушылардың жас ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған технологияларды тиімді пайдалануды схема түрінде көрсеттік (схема 2).













Ойын


арқылы
оқыту технологиясы







Білім


беруді ізгілендіру технологиясы







Модульдік


оқыту технологиясы

Оқытудың компьютерлік технологиясы

Дамыта
оқыту технологиясы


Жоғарыдағы схемаға түсініктемелер




Жоғарғы сынып.қолдануға тиімді педагогикалық технология


О рта сыныпта қолдануға тиімді педагогикалық технология

Бастауыш сыныпта қолдануға тиімді педагогикалық технология




Екі сатыда да қолдануға тиімді педагогикалық технологиялар


1.Модульдік оқыту технологиясы


Қазіргі кезде модульдік оқыту кеңінен қолдануда. Модульдік оқыту технологиясында оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Оқушыларды өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға, кітаппен жұмыс жасауға, қосымша әдебиеттен білім алуға дағдыландырады.
Модуль деп дидактикалық жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін атайды. Модульдік оқытудың мақсаты: оқушының өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып табылады. Бұл технологияда мұғалім кеңесші хабарлаушы рөлін атқарады да, шәкірттің іске белсене араласуына жағдай жасайды. Оқушы өзіне оқу әдісін таңдап ала алады. Модульдік оқыту технологиясының мынадай қағидалары бар: модульдік, жүйелілік, өзгермелілік, түсініктілік, іс-әрекет әдістері, жан-жақты әдістемелік нұсқаулар беру. Яғни, бұл технология бойынша тақырыптың мазмұны арқылы оқытуды ұйымдастырудың формасы мен әдістері белгіленеді. Сонымен қатар жүйелілігінде әлеуметтік сұранысқа қарай мазмұнына өзгерістер енгізе алады. Мәселен, Н. Нечаев оқыту іс-әрекетіндегі мәселеледі шешуді қарастыру барысында нәтижесін көру жұмыстың іс-әрекет әдістеріне байланысты екеніне тоқтала келіп, модульдік оқытудың мақсаты тәжірибелік, дамытушылық және ойлауды қалыптастыратын іс-әрекет әдістері деп түйіндейді. Тәжірибелі педагогтер Ш. Амонашвили, Л. Рубенштейн тәжірибелерінен әр оқушының қабылдауы әр түлі болатыны белгілі. Ендеше бұл технология жеке тұлғаның ерекшелігіне байланысты оқыту үрдісіндегі әдістерді қолдануды көздейді. [6]
Мұнда оқушы өтіліп отырған курстың модульдік бағдарламасымен тиянақты танысып шығып, өзіне маңыздылығын, алдыңғы уақытта күтілетін нәтижесін түсіне білуі қажет. Модульдік оқытудың бағдарламасында күтілген нәтижеге байланысты жақын, орта, алшақ уақыттарда қолының жету жолдары көрсетіледі.
Модульдік оқытуды құрастыру ережелері мынаған саяды:

  • ақпарат материалының мақсаттылығы;

  • жеке модульдегі оқыту материалының толық қамтылуы;

  • модуль элементтерінің жеке даралығы;

  • ақпараттық және әдістемелік материалын оңтайлы берілуі.

Мұғалім бағдарлама жасағанда егер оқу материалы топтық жұмысты қажет етсе, топта оқытудың формасы мен әдісін көрсетеді. Тәжірибелік жұмыстарға түсініктеме беріп, теориялық және тәжірибелік тапсырмалар, оқушылардың білімін тереңдету үшін қосымша әдебиеттер береді. Мерзімдік бақылаулар арқылы оқушылардың игере алмаған тақырыптары айқындалып, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Модульде әр элемент бөлек-бөлек параққа жасалады да, ақпарат өзгерген жағдайда өзгертіліп отырылады.
Модульдік оқыту технологиясының әдістерін көптеген ғалым-педагогтер зерттеп келеді. Л. Йоваиша модульдік оқытудың мынадай әдістерін қарастырған:

  1. Ақпараттық оқыту әдісі (әңгімелесу, топтық оқыту, демонстрациялау, ақыл-кеңес, дәріс, емтихан).

  2. Операциялық оқыту әдісі (алгоритм, зертханалық жаттығулар, өзара сын).

  3. Ізденпаздық оқыту әдісі (мәселені талдау, тыңда да ойлан, шығармашылық диолог, іс-әрекет шытырманы, миға шабуыл, іскер себет).

  4. Өздігінше оқу әдісі (тыңдау, оқу). [7]

Ақпараттық оқыту әдісін мұғалім оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіргенде қолданады. Мысалы, сабақ барысында жоғары білімді мамандар тақырыпқа байланысты баяндама жасайды да, міндетті түрде эксперттің пікірімен толықтырылады. Сабаққа оқушылар сұрақ қою арқылы қатысып отырады.
Операциялық оқыту әдісі оқушылардың дағдысы мен іс-әрекетін дамытуға арналады. Мысалы, «видеоконфрантация» әдісі өзіне басқа адамның көзімен қарауға үйретеді. Мұнда оқушылардың әрекеттері сырттай камераға түсіріліп, өздеріне қайталап көрсетіледі және өзінің талдауына жағдай жасайды. Мұғалім әр уақытта нұсқаушы ретінде көмекке келе алады.
Ізденпаздық оқу әдісі оқушылардың белсенділігін, қабілетін дамытады. «Іскер себет» әдісіне оқушылар себеттен жеке-жеке тапсырма алып, жеке орындайды. Тапсырма орындалып болған соң оқушылар барлық сұрақтарды бірігіп талдайды.
Модульдік оқыту баланың шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндіктер жасайды. Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өздігінше тапсырманы орындап, мәселені шеше алуына, өз пікірін қорғай білуіне, алға қойған мақсатқа жету үшін белсенділігін, қабілетін арттыруға септігін тигізеді.
Әр мұғалімнің алдындағы мұраты, ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру және өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың мүмкіндігін ашу, оны шығармашылық тұлғаға жетелеу. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері ешқандай “науқандықты” көтере алмайтыны белгілі.
“Инновация” түсінігін ағылшын тілінен аударғанда “жаңалық енгізу”, “жаңашылдық” ұғымды білдірген. Ал тамыры ретеңде жатқан термин латын тілінің “жаңару”, “өзгеру” сөздерімен баламаланы, “бұдан бұрын болмаған жаңалық”, “қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі” деген түсініктерді білдіреді. Ол ең алғаш рет XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуілерінде пайда болған. (Бір мәдениеттен екінші мәдениетке өту элементтерінің даңашалануы). Одан кейін инновациялық процестің толық түсінігін ХХ ғасырдың басында экономист И.Шумпетер ұсынды. Ғалым экономикалық жүйенің дамуындағы өзгерудің “жаңа комбинациясын” талдады. 30-шы жылдары И.Шумпетер, Г.Менш “инновация” терминін ғалымға енгізді. [11] Себебі жаңа технологияның және заттың ғылыми тұтас жаңалығын ашты. Осы кезден бастап “инновация”, “инновациялық процесс”, “инновациялық потенциал” терминдері жалпы ғылымдардың терминологиялық жүйесін байытты. Инновацияның жалпы ғылыми түсінігі жүйе қызметінің тұтастай өзгеруін анықтайды. Ол жүйе элементтерінің және әртүрлі сфералардың сапалық пен сандық өзгеруі.
Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде теориялық және практикалық жұмыстарда әртүрлі педагогикалық инновация технологияларының нұсқалары қолдануда. Ауқымды инновациялық технология нақтылы жүйе мен жіктелуді керек етеді. Осы мәселемен А.Я.Савельев, В.М.Максимов, Г.К.Селенко, т.с.с. ғалымдар айналысты.
В.М.Максимов өзінің зерттеулері бойынша келесі жіктелулерді ұсынады: құрылымдық логикалық технололгия, интеграциялық технология (әртүрлі пәндік білімдердің бір-бірімен байланысы), ойындар технологиясы, тренинттік технология, ақпараттық технология, диалогтық технология.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Бағдарламалық оқыту әдістерін сипаттаңыз?

  2. Бағдарламалық оқыту шарттары қандай?

7 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет